Эссе фольклор

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Эссе фольклор

Автор: Баянбеков Кайратбек Алжапарович

Бағыты: Қазақ әдебиеті Бөлімі: Эссе, шығарма, мазмұндама Сыныбы: 9 сынып

Жарияланған уақыты: 2018-12-30


Материал туралы қысқаша түсінік

оқушыларға




Тұрмыс-салт жырларындағы әдет-ғұрыпқа байланысты жазылған жырлар қазіргі таңда көрініс таба ма? Өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз

Қазақ халқының ұлттық салт дәстүріндегі әдет-ғұрыптар, оларда айтылатын жырлар көптеп табылады. Халық ауыз әдебиетіндегі тұрмыстық жырлар қазіргі күнге дейін салт-дәстүрімізде қолданалып ұлттық кодымыз ретінде сақталған. Сол дәстүрімізді ұмыт қалдырмай, болашақ ұрпақтың жадына сіңдіру мақсатында елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласы жарық көрді. Қазіргі таңда өзіміздің ата-әжелеріміз жиын тойларда, мерекелерде салт-дәстүрімізді берік ұстанып бір-екі ауыз жырларын айтады. Мысалы: Сәбидің алғаш қадам басқан кезінде «Тұсаукесер» тойында тұсаукесер жырын айтады: Қаз, қаз балам, қаз балам, Қадам бассаң мәз болам. Тұсауыңды кесейін, Күрмеуіңді шешейін. Қадамыңды баса ғой, Шашуыңды шаша ғой деп кете береді. Қазақ фольклористикасында әлпештеу поэзиясының да орны ерекше. В.П.Аникин, М.Н.Мельников сынды ғалымдар бұл поэзияны: бесік жырлары, мәпелеу жырлары, уату-алдарқату жырлары деп бөледі. Біздің ақылгөй, дана халқымыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Соның бірі сәби шыр етіп дүниеге келгенде тынышсызданып жатқан баланы сергіту мақсатында уату-алдарқату жырын қолданған. Мысалы, ұл балаға:Құрығыңды майырып,Түнде жылқы қайырып,Жаудан жылқы айырып,Жігіт болар ма екенсің?Айыр қалпақ киісіп,Ақырып жауға тиісіп,Батыр болар ма екенсің?

Мысалға жақында ғана менің әпкем қызды болған болатын. Сіңілім , дүниеге келген кезде оған әпкем мынадай бесік жырын арнады:Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем,Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып, Шебер болар ма екенсің?! Сонымен қатар, қазіргі таңда шаңырақ көтерген жас отауларға міндетті түрде беташар, жар-жар жырлары айтылады. Мысалға: Келеді әне екі жас Топты жарып жар-жар. Жас келінді көруге асығуда жар-жар. Ұялмаңдар келіңдер, Құтты болсын жар-жар. Жас келінді көруге асығуда жар-жар. Үлкені мен ауылдың, Жасы мұнда жар-жар. Жас келінді көруге асығуда жар-жар. Осы сынды қазақтың этнографиясы жыр-термелерге өте бай келеді.Алайда, бұл жырлардың авторлары халық болғаннан кейін әркім өз жадынан тың сөздер қосып, мақамын да ерекшелеп айтады. Мұны ұрпақтар сабақтастығы ретінде төл өнерімізге қосып одан әрі дамыта беру керек, дамыта беру керек.>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.