Экономикалық ілімдер тарихы | Скачать Реферат

0

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Кейнстің экономикалық ілімі

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013ж.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Кейнстің экономикалық ілімі

2. Неокенсиандық және кейнсиандық дамудың екі үрдес.

3. Кейнсиандықтың эволюциясы және поскейнсиандықтың пайда болуы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Сыртқы экономикалық саясатты талдауда бүкіл әлемдік шаруашылық
ауқымындағы елдер қарастырылды. Дегенмен белгілі бір ұлттық ерекшеліктің
мәнін ескергенде бәріне ортақ шараларды қабылдау қиынға түседі. Өйткені,
бір типті мемлекеттердің өзінде – қолданылатын құралдарда да, алынатын
нәтижелерде де айтарлықтай айырмашылықтардың бары көрініс тапқан. Бұл
жағдайда, сөзсіз екінші жолмен, яғни жүргізілетін саясат типтеріне қарай
елдерді топтау әдісімен жүру мүмкіндігі туындайды. Мұндайда бір бағыттың
өзіне экономикалық саясат мәселелері бойынша бірнеше әдістер қолданылуы
мүмкін. Атап айтқанда: ақша саясатын қатаң жүргізу, мемлекеттің рөлі, жалпы
ішкі өнімді бөлу, протекционизм немесе еркін нарық. Бұл көзқарасты
мемлекеттің өзара араласуының маңыздылығын құптайтын экономистер қолдайды.
Ал экономистердің басқа бағыты –либералдарды, реформаларды, монетаристерді
біріктіреді.
Солардың бірі ( Батыс экономикалық теориясын терең дағдарыстан алып
шыққан, экономикалық жүйені қалыптастырумен әйгілі болған ағылшындық
экономист, мемлекеттік қайраткер Джон Мейнард Кейнс (1883-1946). Ол, 1930
жылдардағы ұлы тоқырау уақиғаларымен байланысты сәтсіздікке ұшыраған
батыстық экономика ғылымының мәртебесін көтеруге көп жағдайда оңды ықпал
етті. Сол кезеңнен бірнеше ондаған жылдар бойына дамыған капиталистік
мемлекеттердің үкіметтерінің басқаруды дұрыс жүргізудің нұсқасы болды. Ол
атақты ағылшын профессорының отбасында дүниеге келген. А.Маршал, А.Пигу
сияқты атақты оқымыстылардан дәріс алып Кембридж универститетінің корольдық
колледжін тәмамдаған.
Кейнсті көп жағдайда дара тұлға деуге болады. Оның көрнекті
математикалық қабілеті Ұлыбританиядағы мәртебелі конкурстарда бірнеше рет
жүлделерді жеңіп алуға қол жеткізді.
Экономика саласынан тыс Кейнс басқа да бағыттарды жан-жақты игерген
дарынды адам болатын. Музыка, балет, көркемсурет оның әуесі болып саналып,
сонымен қатар биржада да өте сәтті ойнап өзіне ауқымды дәулет те жинай
білген.
Кейнс өзінің Жұмыспен қамтылу, пайыз және ақшаның жалпы теориясы
кітабында нарықтық экономияда автоматты түрде толық жұмыспен қамтылудың
механизмі жоқ екендігін жазған. Мемлекет өндіріс және жұмыспен қамтуды
көбейту үшін шығынды көбейтуі және белсенді инвестициялық саясат жүргізуі
қажет: Кейнстің неоклассиктерден айырмашылығы халық шаруашылығына талдау
жасады. Бұл макроэкономикалық деген атау, ал Жұмыспен қамту, пайыз және
ақшаның теориясы кітабындағы ол ұсынған бағыт кейнисиандық деп аталады.
Кейнисиандық- нарықтық экономикаға мемлекеттік реттеудің мәні мен
қажеттілігін негіздейтін және мойындайтын теория. Кейнс экономика ғылымының
күнделікті, бірқаты тұрмыс теориясына байқаудағы ауыспалы азғантай санның
арақатынасына, ал экономикалық жалпы тепе-теңдігі тауар нарығының тепе-
теңдігіне, ақша нарығына макроэкономика моделін енгізді. Экономиканың
мүмкін болған тұрақсыздығының себебі инвестиция көлемінің күтпеген жерде
өзгеруіне байланысты табыс деңгейінің тұрақсыздығы. Соңғысы қауіпті шегіне
жеткенде тек қана нарықтың өзін-өзі реттеу күшімен түзете алмайды және
қосымша мемлекеттің араласуын талап етеді.
Кейнстің ең үлкен еңбегі экономикалық теорияның жаңа тілін
құрағандығы болып табылады. Бұл тіл біріккен шамалардың қысқа мерзімді аз
өзгерткен аз сандарды түсіндіреді. Бұл барлық экономиканы бір-біріне қатысы
бар төрт нарықтың: тауар мен қызмет көрсету нарығы, еңбек нарығы, ақша
нарығы және құнды қағаз нарығының есептесуіне мүмкіндік берді.

Негізгі бөлім

1. Кейнстің экономикалық ілімі

1929-1933 жылдары болған экономикалық дағдырыстан және одан кейін ұзақ
жылдарға созылған экономикалық тоқырауды зерттеп отырып, Дж. М. Кейнс,
өзінің “Қамтылу, процен және ақшаның жалпы теориясы” кітабында
статистикалық үлгіні (моделді) жасап шығарды (1936). Ол бүкіл экономикалық
процестердің, негізгі параметрлерін (бәрінен бұрын өндіріс көлемін)
уақытпен өзгермеген, қысқа мерзім шеңберінде қарастырды. Бұл кезде
экономиканың ұзақ мерзімді өсу мәселері оқымыстының алдында тұрмаған. Дж.
Кейнс одан неғұрлым маңызды сұрақтарға “Толық емес жұмыспен қамтудан толық
жұмыспен қамтушылыққа қалай көшуге болады?”, “Жаппай жұмыссыздықты қалай
жоюға болады?”. “Өндіріс қуаттарының толық өспе қосымшалығын қалай
пайдаланып тауарларды артық өндіруге болады?” деген өзекті сұрақтарға
жауап беруді маңызды көрді.
Кейнс ұлттық табыстар, жинақтар, инвестициялар мен сұраныстар
арасындағы экономикалық пропорцияларға қол жеткізу міндеттерін алға қойды.
Кейнсиандықтың басты экономикалық идеясы инвестициялар мен жинақтар
арақатынасын талдаумен, “Тиімді сұраныс” (кейнсиандықтардың негізгі
категориясы) сияқты макроэкономикалық категорияларды зерттеумен байланысты.
Дж. Кейнс, Бреттон – Вуд конференциясында қабылданған, соғыстан
кейінгі қаржы қатынастарының негізі және Халықаралық Валюта қоры (ХВҚ) мен
Халықаралық қайта құру және Даму Банкісін (ХҚДБ) құруға себеп болды. Оның
бастамасы бойынша бір елдің тауарларын өткізуден түскен ақшаны, кез —
келген басқа елдің тауарларын сатып алу үшін пайдалануды қамтамасыз ететін,
мемлекетаралық клирынгелікті одақ құрылды. Бұл халықаралық квазивалюта
құру идеясы, өзінің сыртқы тапшылығын жою үшін, одақтас — елдердің барлық
Орталық банкілеріне есеп- шоттар ашуды қамтамасыз етті.
Дж. М. Кейнс теориясының мағынасы, дәстүрлі келістердің экономикалық
даму процестерін жайғана қарастыру емес ол, агрегирленген (агрегированный)
категориялар ретінде, нақты экономикалық дамудың өзара байланыстары мен
функционалдарының тәуелділіктерін зерттеудің жалпы теориялық негіздерін
қалап, олардың экономикалық даму тенденцияларына тиетін әсерін көрсетті.
Кейнсиан теориясы мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты
жағдайындағы әлеуметтік, психологиялық, ұйымдастыру факторларының есебін
жүргізуді болжады. Сондықтан қазіргі экономикалық теория Дж. М. Кейнстің
экономикалық дүние таныуы және методологиясымен тікелей байланысты. Ол
экономикалық даму процестеріне әсер еткен алуан түрлі жағдайлар мен
факторларды кең түрде түсіндіріп, ғылыми пәнінде пайдаланды.
Кейнс жаңа экономикалық категория – “инвестициялар
мультипликаторларын” ұсынды. Кез келген саладағы инвестициялардың мәні
өндірістің дамуына және осы салаларда көптеген адамдарды жұмыспен
қамтушылықты тұдырады, ал ол, тұтыну заттарына деген сұраныстың қосымша
көбейуне әкеледі. Бұл салалар өндіріс құралдарына деген қосымша сұранысты
білдіреді. Сөйтіп, инвестиция арқасында, жиынтық сұранысты, жұмыспен
қамтуды және табыстың көбеюін тұдырады.
Сонымен Кейнстің зерттеу методологиясының ерекшеліктері мыналар:
– қысқа мерзімдік макроэкономикалық талдаудың негізгі өлшемінің екі
бірлігі – ақша бірлігі мен еңбек бірлігін құру;
– экономикалық ғылымдар теориясына өзгермелі (переменных) басым
көпшілік санымен өзара байланыста негізделген, математикалық
үлгілерін (модельдерін) енгізу.
– экономикалық теорияның жаңа тілін құру – агрегатты шамалар
уақытының қысқа мерзім аралығында аса аз өзгеретін санының тілі,
содан соң осының көмегімен бүкіл экономикада өзара байланысты төрт
рыноктардың (тауарлар мен қызметтер рыногы, енбек рыногы, ақша
рыногы және бағалы қағаздар рыногы) қызметіне келіп тоғысуы;
– экономикалық процесте ұсыныстың негізгі ролін анықтау яғни
бағаның көтерілуін күткен кезде, шаруашылық өмірі соған
бейімделеді, ал содан соң бағаның одан да жоғары көтеруілін мүлде
сезбейді;
– капиталдың шекті тиімділігі түсіндігін енгізу – ол қалпына
кетірілетін қайыра өндіріске енгізілетін негізгі капиталдың
бірлігіне шаққанда келетін пайда қатынасының түсініктерін
көрсетеді.
Кейнстің пікірі бойынша жинақтардың өсуі инвестициялардың өсуіне мүлде
тең емес, тіпті белгілі бір жағдайларда, жинақтардың өсуі инвестициялардың
көлемін көбейтуге емес, азайтуға әкелуі мүмкін. Осының нәтижесінде, рынок
“автоматизмі”, А. Смиттін “көрінбейтін қолдың” жұмыс істемейтіндігін, тепе
– теңдік қалпына келтірмейтіндігін анықтады. Осыдан шығарған оның басты
тұжырымы: рыноктың негізгі параметрлері арасындағы сәйкестікке қол жеткізу
үшін сыртқы факторлардың қатысуы яғни мемлекеттің араласуы қажет деді. Ол
жұмыспен қамту мен өндірісті реттеудің жаңа теориясын жасады, мемлекеттік
макрореттеудің көмегімен рыноктық механизімді түзеудің тәсілдерін болжап
берді.
Ұлттық табыс пен жұмыспен қамтудың деңгейі өзара тәуелді өзгермелі
екендігі Кейнстің ілімінен туындайды. Ұлттық табыстың өсуі жұмыспен
қамтудың өсе түсуіне және керісінше әсерін тигізеді. Көзделгендей, ұлттық
табыс тұтынушылықтың өсу факторы ретінде қатысады және өз кезегінде, ұлттық
табыстың өсуі инвестицияларға тәуелді болады. Ол бүкіл тұтыну және
инвестициялық шығындардың жиынып қалыптасуының бүкіл қоғамдық (жиынтық)
сұраныс – тұтынуын және инвестициялық тауарларға сұраныстың дамуын анықтау
әдістерін – жасады.
Кейнсиандық теорияда “сұраныс тимділігі” деп аталған тұтыну шығындары
мен инвестициялар саласы, маңызды орын алады. Яғни ұлттық табыс өндіру
динамикасы мен жұмыспен қамту деңгейі, өз ресурстарын өсіруді қамтамасыз
етуші сұраныс факторларымен анықталады. Тұтынудың, инвестициялар мен
мемлекеттік шығындардан тұратын жиынтық сұраныстарын дамытып және
жетілдірілдіре отырып, тұтынушылық бейімділігін, капитал жұмсаудаң
күтілетің кіріс келтірілушілікті, және өтімділікті (ликвидтілікті)
арттырады.
Кейнстің ұсыныстарын іске асыру үшін ХХ ғ. 30- шы жылдары Англияда
“Елді экономикалық дамытудың ұлттық кеңесі құрылды”. Мақсаты, экономикалық
және әлеуметтік бағдарлама жасап, қандай өндіріс салалары мемлекеттік
қолдауды керек етеді деген сұраққа жауап беру, 1944 жылы Англияда “Жұмыс
пен қамту саясатының Ақ кітабы”- жарық көрді. Осы еңбек шығысы мен Батыс
елдердің көп үкімет басшылары еңбекпен ұзақ, толық қамту үкіметтің міндеті
деді. Мемлекеттің осындай бағытта іске араласуы экономиканың шынында
дағдарыстан шығудың нағыз революциялық жолы еді.

2. Неокенсиандық және кейнсиандық дамудың екі үрдес.
Дж. М. Кейнстің “Қамтылу, процент және ақшаның жалпы теориясы” атты
басты еңбегінің жарыққа шығуы тек қана көптеген жақтастары мен саясый —
экономикалық әдебиеттердін пайда болуына себеп болу мен қатар, сондай – ақ
әртүрлі теориялық бағыттарды, мектептер мен экономикалық ағындарды туғызды.
Дж. М. Кейнстің осы еңбегі жарыққа шыққаннан соң бірнеше жылдан кейін, ең
алғыр байқағыш экономистер, тек-қана бірнеше синтездік көзқарастарды
пайдаланып экономикадағы тепе-теңдікті сақтаудың рецептерін табуға
болатындығын түсіне бастады. Соғыстан кейінгі жылдары кейнсиандық бағытта
біршама өзгерістер болды, яғни жаңа бағыт – неокейнсиандық жүйе
қалыптасты.
Неокейнсеандықтың Кейнс ілімінен өзгешелігі, ол экономикалық өсу және
циклдік даму теориясын құрастырды. Неоклассиктер мен Кейнс позицияларының
айдын қайшылықтарына қарамастан, олар бір – біріне өте қажетті. Логикалы
байланысты және ұсақ – түйегіне дейін жасалған неокласикалық жүйе дағдарыс
пен жұмыссыздық сияқты айрықша құбылыстарды түсіндіре алмады. Кейнстің
“Жалпы теориясы” керісінше, экономикада тепе – теңдік жағдайды шығарушы
факторларға талдау жасап және нақты іс – қыймыл бағдарламасын ұсына отырып,
шын мәниесінде ортақ, түгел қамтушы теориялық жүйені бере алмады.
Сондықтан экономикалық ғылымда, пен көрнекті экономистер Дж. Хикс, Р.
Харрод, Э. Хансен, П.Самуэльсон және т.б. Кейнстің позицияларын
неоклассиктермен біріктіру мақсатында интенсивті аналитикалық талдау
жұмыстарын кең түрде жүргізді. Осының арқасында “неоклассикалық немесе
кейнсианды — неокласикалық синтез” деп аталған теориялық жүйе қалыптасты.
“Неоклассикалық синтезді құрушылар”, “Жалпы теорияда” берілген
кейнсиандық тұжырымдаманы интеграциялаудан бұрын, оны түбегейлі түрде екі
себеп бойынша қайыра өңдеу керектігін шешті.
Бірінші себеп, соғысқа дайындалу негізінде дамыған капиталистік
экономика (өсудің жоғары қарқыны, жеңген халықтың қайыра жұмыссыздыққа
қарсы күресі, капитализм мен социализм сияқты әлемнің екі жүйесінің
сайысы және т.б.) экономистердің алдына 1929-1933 жылдардағы Ұлы тоқыраудың
суымаған ізі бойынша жазылған “Жалпы теорияға” қарағанда басқа
проблемаларды тартты. Ендігі жерде ең басты проблема болып сұраныс емес,
экономиканың өсуімен байланысты инфляция және ресурстарды жинақтау болды.
Бұл тек қана сұраныс үшін ғана емес, сонымен бірге өсу үшін де пайдалы
болып саналатын реттеудің жалпы тұжырымдамасына қажет еді.
“Жалпы теорияны” қайта қараудың екінші себебі, өзінің күрделігімен
карама-қайшылықтарына байланысты, бұл жұмыста бір-бірін жоққа шығарушы
пайымдаулар мен түсініктерге жол берілген еді. Америка экономисі
М. Блауг, Кейнстің “Жалпы теориясы” – Рикардоның “Принципі”, Маркстың
“Капиталы”, Бем — Баверктің “Позитивті теориясына” ұқсас, қарапайым түрде
жазылған жайғана кітап деп баяандады. Бірақ онда қазіргі экономика
қызметінің төрт үлгісі болатын, оның кейбір идеялары неоклассикалық үлгіге
(моделге) жеңіл кірсе (встраиваются), басқалары оның бүкіл логикасын бұзды.
Кейнстің дана маңызды тұжырымдамасын зерттеу процессінде оның кей бір
бағыттарын аз мәнді деп умытылды, ал басқалары одан әріқарай дамыды. Әр
түрлі коментаторлар өздерінің түсінігі бойынша оның ілімінің мәнін
өздерінше, оны “неоклассикалық синтез” деп “неокенсиандық”, “ортодоксалды
кейнсиандық”, яғний “хиксиандық” кейнсиандық немесе “заңсыз тұған”
кейнсиандық деп атады.
Харродтың методологиясы Кейнс методологиясына жақын – агрегирленген
макроэкономикалық көрсеткіштер – жиынтық сұраныс пен табысты, жиынтық
жинақтар, инвестициялар және тағы басқаларды зерттеді. Оның еңбектеріңде,
бәрінен бұрын, капиталистік ұдайы өндірістің сандық түрлерін көрсету мен
бірге олардың сапалық айқындамалары мен әлеуметтік салаларын еске алуы. Ол
ұзақ мерзімдік жоспардағы динамикалық процесстерге талдау жасады. Ұзақ
мерзімдік өсу проблемаларының … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz