ИСЛАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АҒЫМДАР: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

0

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

АБЛАЕВ АДАЙБЕК АЛДАКУАТОВИЧ

ИСЛАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АҒЫМДАР: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B020600 — Дінтану

Алматы 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Дінтану кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Kафедра меңгерушісі
PhD доктор Ержан Қ.С.
________________
__ ___________2016 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Исламдағы алғашқы ағымдар: Салыстырмалы талдау

5B020600 — Дінтану мамандығы бойынша

Норма бақылаушы
п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. ___________ С.Н.Исабаева
__ ___________2016 ж.

Диплом жұмысының жетекшісі
п.ғ.к. доцент Б. Хамзеева
________________________
__ ______________2016 ж.

Диплом жұмысының кеңесшісі Дінтану магистрі М. Махмет
________________________
__ __________________2016 ж.

Алматы 2016

Орындаған
_______________ А. Аблаев

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану мамандығының студенті Сәрсенқұл Айбектің Қазақстандағы протестантизм атты дипломдық жұмысына

CЫН ПІКІР

Қазіргі кезде Иегова куәгерлері христиан дінінің бір тармағы және әлемге таралған діни топтарының ең көп болуымен қоғамдық өмірде жұртшылықтың назарын өзіне ерекше аударуда. Қалыптасқан көзқарастарға мүлде қайшы келетін діни көзқарасты қабылдаушылардың күннен-күнге көбейіп келе жатқаны айқын көрініс.
Қазақстандағы протестантизм тарихы ғасырларға кететін конфессиялар (лютерандар, меннониттер, баптисттер және т.б.) мен жаңадан пайда болған дәстүрлі емес ағымдардан (пятидесятниктер, пресвитеряндар, харизматтар) құралған. Осы ағымдар әлем жұртшылығымен қатар қазақ елінің де назарын аудартып, бұлар кімдер, қайдан келген, мақсаттары не? деген сұрақ төңірегінде зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңдағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Студент өз жұмысында протестанттық ағымдардың шығу себептері мен олардың діни ұстанымдарын, ерекшеліктерін зерттеп, тарихи кезеңі бойынша пайда болған бұл ағымдардың елімізге келу тарихы мен алға қойған мақсаттарын ашып көрсете білген. Сондай-ақ зайырлы Қазақстан елі үшін мұндай ағымдардың ел бірлігі мен ынтымағына қаншалықты зиянын тигізетіндіктерін басты назарда ұстаған.
Бұл дипломдық жұмыс — еліміз және шет ел ғалымдарының әдебиеттерді пайдаланып, әрбір тақырыбын жан-жақты қамтыған, сандық мәліметтерді нақты дәлдерге сүйене отырып келтірген. Дипломдық жұмыс көрсетілген талаптарға сай жатық тілмен жазылған. Ізденушінің қабілетімен жасаған еңбегі көрініп тұр. Осыны ескере отырып, Сәрсенқұл Айбек Қазақстандағы протестантизм атты дипломдық жұмысын өте жақсы деп бағаладым

Сын-пікір беруші:
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
с.ғ.к доцент П. Сүлейменов

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 5

1 ИСЛАМДА АҒЫМҒА БӨЛІНУШІЛІКТІҢ БАСТАЛУ СЕБЕПТЕРІ … .
1.1 Құран Кәрім мен пайғамбар хадистеріндегі ағым ұғымы … … … … … … … … 8
1.2 Исламда ағымға бөлінуге діни үкімдер мен әлеуметтік өзгерістің әсері … 18

2 ИСЛАМ ТАРИХЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДІНИ-САЯСИ АҒЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ … … … … … … … … … … … … … …
2.1 Діни ағымдардың пайда болуына әсер еткен саяси оқиғалар … … … … … … .23
2.2 Харижиттердің пайда болуы және оның ерекшеліктері … … … … … .. … … … 29
2.3 Шииттердің тарих сахнасына шығуы мен негізігі ағымдары … … … … … … .44
2.4 Исламда алғашқы философиялық мектеп Муғтазила ағымы … … … … … … 54

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … … … … … … … … … .66
КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері ата-баба дініміз болған исламға қайта қауыштық. Кеңес үкіметі кезінде ислам діні де өзге діндер секілді аты аңызға айналуға жақын қалған-ды. Құдайға шүкір дінімізге қайта қауышқалы ішкі жан дүниеміздің рухани болмысы күн санап артып келуде. Қазақ халқы көнеден бері ислам дінін ұстанып келгендіктен қазіргі кезде еліміздің 70 % мұсылман.
Соңғы кездері әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының күн тәртібінде мұсылман экстремизмі, терроризмі сөз болуда. Ал елімізге сырттан келген діни секталар мен қатар түрлі саяси, діни сенімдегі мұсылман ағымдары да көптеп келіп жатыр. Ол аздай қазақ жастары да шетелдерде діни сауатын жетілдіріп, елге келген соң ел арасына әр түрлі кереғар тудыратын пікір айтып, ел тыныштығы мен дін ынтымағына зиянын тигізуде.
Әлем діндерін зерделей қарасақ олардың ішінде түрлі ағымдар мен ұйымдардың бар екендігіне куә боламыз. Сол секілді әлемдік діндердің бірі 1,5 милиард ұстанушысы бар ислам діні де ғасырлар бойы түрлі ағымдарға бөлініп келді. Мұсылман әлемінің басым көпшілігін құрайтын әһли сунна уә әл-жамағат жолы ғана шынайы исламды ұстанады. Десекте әһли сунна жамағаты да өз арасында төрт мәзһабқа бөлініп, кей мәселелерде түсінісе алмай жатады.
Менің қарастырып отырған тақырыбым ислам дінінде пайда болған ағымдар мен олардың діни түсініктерін ашып көрсету болғандықтан басқа ағымдар мен өзге діни ұйымдардың жамағаттарына тоқталмадым.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ислам ағымдарының ішінде дәстүрлі исламнан ауытқып кетуші ағымдар өте көп. Олардың кейбірі уақыт өте келе жойылып кетсе, кейбірі ғасырымызда өз жалғасын тауып келеді. Кейбір ағымдар әлем жұртшылығымен қатар қазақ елінің де назарын аудартып, бұлар кімдер, қайдан келген, мақсаттары не? деген сұрақ төңірегінде зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бахаи, Ахмадия және Уаһаби секілді ағымдар әліде болса дұрыс жолға қойылмай жатыр. Мұндай ағымдар еліміздің бірлігі мен ынтымағына, өсіп өркендеуіне өз зияндарын тигізері сөзсіз. Сонымен қатар мұндай исламға қайшы келетін ағымдарды өзге мұсылман елдері де өз елдерінде үгіт насихат жасауға тыйым салып, ресми тіркеуге алмаған. Сол себепті мұндай ағымдарды жанжақты тексеріп, ел болашағы, ұлт мүддесі үшін алдын алу керек.
Тақырыпты зерттеудің нысаны. Қазақ даласына сонау VII-VIII ғасырдан бастап ене бастаған ислам діні қазіргі таңда қазақ халқының, соның ішінде өзге ұлттардың да төл діні деңгейіне жетті. Егемендігімізді алғанға дейін ел ішінде ислам дінінің ешқандай ағымдары мен ұйымдарының аты шықпағандығы белгілі. Сондықтан ислам ағымдарына байланысты ешқандай ғылыми еңбек жоқ. Тіпті орыс шығыстанушылары да бұл мәселеге қатысты ауқымды ешқандай еңбек жазбаған. Жазылған еңбектерде суннизм мен шиизм ағымдары ғана кеңінен қаралып, өзге ағымдар жайында өте аз мағлұмат берілген.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Ислам ағымдарының шығу тарихы мен діни сенімдерін жүйелі түрде зерттеуде араб және түрік ғалымдары көптеген еңбек жазған. Солардың ішінен араб ғалымы Мухаммед Әбу Захраның Мәзһабтар тарихы атты еңбегі мен түрік ғалымы Әтхам Рухи Фығлалының Чағымызда итикади Ислам мезхеплери, (Ғасырымыздағы ислам ағымдары) Сабри Хизметлидің Орта Азия Түрік республикаларындағы зиянды ағымдар және миссионерлік атты еңбегін ерекше атауға болады. Бұл еңбектерде ислам тарихында ортаға шыққан ағымдардың барлығын қамти отырып, олардың шығу себебін, діни ұстанымдарын, өзгелерден айырмашылығын және қазіргі таңдағы жағдайларын кеңінен қарастырған.
Елімізде жарыққа шыққан Сабри Хизметлидің Орта Азия Түрік республикаларындағы зиянды ағымдар және миссионерлік атты еңбегімен Гүлбахрам Жебесіннің ХХ ғасырдың Ұлы имамы Сондай-ақ жаңа ғасырда пайда болған ислам ағымдарына байланысты Ғ. Есімнің, В. Иванов, Я. Трофимовтың еңбектерін атап өтуге болады. Бұл еңбектерде жаңа ғасырдағы ағымдар діндер тарихы тұрғысынан қарастырылған. Ал энциклопедияларда болса, ағымдарға байланысты өте аз мағлұмат берілген. Дегенмен еліміздегі басылымдарда бұл тақырып кеңінен қарастырылмағандықтан бұл мәселе зерттелудің қажет екендігін көрсетеді.
Сондай-ақ ислам ағымдарына байланысты деректерді көбіне шетел ғалымдарының еңбектерінен алдым.
Зерттеудің мақсаты.
* Ислам тарихында ағымдардың шығу себептері мен олардың діни
ұстанымдарын, ерекшеліктерін зерттеу.
* Тарихи кезең бойынша пайда болған бұл ағымдардың дәстүрлі исламмен қаншалықты үйлесетіндіктерін олардың мақсаттары мен өзгелерден айырмашылығын ашып көрсету.
* Зайырлы Қазақстан елі үшін мұндай ағымдардың ел бірлігі мен
ынтымағына қаншалықты зиянын тигізетіндіктерін басты назарда ұстау.
Зерттеудің міндеті.
* Елімізге сырт елдерден түрлі діндер мен секталар және діни ұйымдар келіп, өз әрекеттерінің қамын жасап жатыр. Соңғы деректерге сүйенсек 2500-дей діни ұйымның тіркелгенін білеміз. Сол себепті дін мәселесі өзекті болып отыр. Басты мақсат елімізде тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігін сақтап отыру.
* Ислам дінінің тарихындағы пайда болған ағымдардың кейбірі Қазақстан еліне келіп, ресми түрде өздерінің миссионерлік әрекеттерін ашықтан ашық жасап жатыр. Мысалы, өздерін жаңа дін өкілдері ретінде таныстырып жүрген Бахаилік, Ахмадия секілді ағымдар мен бейресми түрдегі уаһһабилік пен шииттік ұйымдардың шығу тарихы мен діни сенімдерін салыстырмалы түрде ашып көрсету.
* Әлемдегі сунни мұсылмандардың діни ахуалы мен және олардың
мәзһабтарын, бір-бірінен айырмашылықтарын объективті тұрғыдан
көрсету.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы.
* Ислам тарихында пайда болған басты ағымдарды жүйелі түрде зерттеу. Сонымен қатар, олардың шығу тарихы, діни ұстанымдары көрсетілді және осы күнге дейін жеткен ағымдар мен өз сенімдері аясында шоғырланған мекендері қоса көрсетілді.
* Әһли сунна мен өзге ағымдардың арасындағы басты айырмашылықтар нақты көрсетілді.
* Ислам ағымдарын түбегейлі зерттеген араб және түрік дінтанушылары мен исламтанушы ғалымдарының еңбектеріндегі мағлұматтарға тарихи талдау жасалынды.
Диплом жұмысының маңыздылығы. Ғылыми зерттеу жұмысы өз деңгейінде қарастырылғандықтан мұндағы келтірілген ғылыми деректер діндер тарихы мен ислам тарихының дамуына өз үлесін қосары сөзсіз.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан, бірінші тарауында екі тақырыпша, екінші тарауында төрт тақырыпша, қорытынды, және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған. Көлемі — 67 бет.

1 ИСЛАМДА АҒЫМҒА БӨЛІНУШІЛІКТІҢ БАСТАЛУ СЕБЕПТЕРІ

0.1 Құран Кәрім мен пайғамбар хадистеріндегі ағым ұғымы

а) Мәзһаб (ағым) ұғымына түсінік:
Ислам діні 610 жылдан бастап күні бүгінге дейін өз болмысын жоғалтпады. Дегенмен, өзге діндердегі секілді мұсылмандар да өзара түсініспеушілікке барып, түрлі-түрлі ағымға бөлінді. Ислам дінінде мұндай ағымдарға мәзһаб деп атады. Мәзһаб сөзінің ұғымы араб тілінде зәһәбә етістігінің өткен шақ формасында жүрілген жол, баратын жер деген мағынаны білдіреді. Терминдік мағынасы ислам дінінің сенімі мен фиқһ саласындағы көзқарастарды қолдайтын ағым немесе бір кісіге бағынып, оның саяси бағытын ұстанып, ислам дінінің негізгі қағидалары Құран Кәрім мен Пайғамбар сүннетін түсінуде түрлі жолдарды ұстанатын ағымдар мәзһаб яки фирқа деп аталады[1, 15 б.].
Мұсылман ғалымдары ақида, фиқһ, хадис салаларында кейбір мәселелердің дәлелін табу үшін әсіресе үкім шығаруда түрлі пікірлерде болды. Міне осындай көзқарастардың жиынтығына да мәзһаб деп атайды. Бұл мәзһабтар кейде сол идеяның негізін салушы ғалымның есімімен аталған. Мысалы, фиқһ мәзһабтары Ханафи — Әбу Ханифаның, Шафи — Имам Шафидің, Малики — Имам Малик ибн Әнәстің атымен аталған. Кейде ұстанған бағыты мен қозғаған діни мәселесі бойынша аталған. Мысалы, харижиттер Хазіреті Алидің әскерлерінен бөлініп шығып кеткендіктен шығушылар деген мағынаны білдіретін Хауарижу деп аталса, Алидің жақтаушылары мағынасын білдіретін шиа сөзімен Шииттер деген топ пайда болған. Демек, Ислам тарихында пайда болған ағымдардың бәрі дерлік осы тектес мәселелер үшін түрлі есімдерде аталып келеді.
Ислам дініндегі ағымдар Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар мен оның ізбасарлары әділетті халифалар тұсында болмады. Бұл мәселелерді зерттеп, зер салып қарағанда айтарлықтай маңызды болып табылмағанымен, уақыт өте келе осындай мәселелер ұлғайып, нәтижеде төртінші халифа Хазіреті Алидің (656-661) халифалық кезеңіндегі саяси оқиғалардан кейін жалындай түсті. Әсіресе Умеяттардың билік кезеңіндегі (661-750) саяси-әлеуметтік өзгерістер ағымдардың санын арттырды. Сонымен қатар, Ислам діні тек арабтармен ғана шектелмейді басқа да ұлт өкілдері Ислам дінін қабылдады. Мұсылман қауымы түрлі ұлттан болғандықтан ислам дінінің қағидаларын түгел ұстанып түсіну мүмкін емес еді. Осындай себептерге байланысты мұсылмандар түрлі ағымға бөлінуге мәжбүр болды. Сол бөлінушілік ХХ ғасырға дейін өз жалғасын тауып отырды. Тарихи кезең бойынша пайда болған бұл ағымдардың көпшілігі тарих сахнасынан жойылғанымен, қазіргі таңда біразы әліде болса дүниенің төрт бұрышында жалғасын тауып келеді.
ә) Құран Кәрім ағымға бөлінушілік жайында не айтады?
Ислам дінінде ең алдымен жүгінетін заң қасиетті Құран Кәрім. Құран мұсылмандар үшін ең дұрыс жол болып табылады. Мұсылмандар әрбір істе Құран үкіміне жүгінгендіктен олар ағым мәселесінде де Құран аяттарына құлақ салып отырды. Ал, Құран аяттарында ағымға бөлінушілік немесе Әй мүминдер! Бөлініңдер! деген мағынада айтылған ешқандай аятты кездестіру мүмкін емес. Керісінше Құран аяттары мұсылмандарды бірлікке, ынтымаққа, бауырмашылдыққа шақыра отырып, тек бір кісіге яғни, басшыға бағынуымызды үндейді. Бұл жайында аятта былай дейді: Әй мүминдер! Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар[2, Ниса:59].
Дегенмен Алла Тағала өзі жаратқан адамзаттың психологиясы мен ішкі жан-дүниесін жақсы біледі. Адамдар ерте ме, кеш пе бәрібір жік-жікке бөлінетіндігін, бір-бірімен қақтығысатынын да жақсы біледі. Мысалы Хазіреті Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) көзі тірісінде мұсылмандар өзара соғысады десе ешкім сенбес еді. Бірақ мұсылмандардың келешекте соғысатындығын Алла Тағала мына аятта алдын ала ескерткен: Егер мүминдерден екі топ бір-бірімен соғысатын болса, дереу араларын жарастырыңдар[2, Хужрат:9]. Осындай келеңсіз жағдайға душар болған мұсылман қауымына Алла шығар жол ретінде Құранды нұсқап: Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер — деп әмір етеді[2, Ал-имран:103]. Яғни мұсылмандар әртүрлі көзқарасты ұстанып, жанжалдасып түсініспеушілікке баратын болса, Құранға сүйенсе, сонда ғана бір мәмілеге келетіндігін білдіреді.
Сондықтан Құран Кәрім ағымға бөлінушілікті құптамайды керісінше бөлінбей, ынтымақты болуға шақырады.
б) Хазіреті Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) ағымға бөліну туралы айтқан хадистері.
Мұсылмандарды әу бастан бері толғандырып жүрген мәселенің бірі Пайғамбарымыздың (с.а.у.): Мұсылмандар 73 бөлікке бөлінеді деп алдын ала айтқан хадисі еді. Осы мәселеге байланысты риуаят етілген хадисті түрлі варианттармен алып қарайтын болсақ:
1.Әбу Хурайра (р.а) келтірген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: Яхудилер 71 бөлікке бөлінеді. Христиандар 72 бөлікке бөлінеді. Менің үмметім 73 бөлікке бөлінеді[3, 18 б.].
2.Абдуллаһ ибн Амрдың (р.а.) айтуынша Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: Израйыл ұлдарының басына келген нәрселері үмметімнің де басына келеді. Израйыл ұлдары 72 бөлікке айрылды. Үмметімнің олардан біреуі артық болып, 73 бөлікке бөлінеді және біреуінен басқа өзгелері жәһәннамға кіреді. Сонда Әй Алланың елшісі! Оттан құтылатыны қайсы? — деп сұрағанда; Пайғамбарымыз (с.а.у.): Менің және асхабымның жолында болғандар деген екен.
3.Хазіреті Әнәс (р.а.) келтірген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: Израйыл ұлдары 71 бөлікке бөлінеді. Үмметім болса 72 бөлікке айрылады, біреуінен басқасының барлығы жәһәннамда болады. Бұл бір бөлік жамағат[3, 96 б.].
Осы айтылған хадистерге зер салып қарайтын болсақ, яхудилер мен христиандар және мұсылмандар жетпістен аса бөлікке бөлінетіндігі айтылған. Демек бөлінушілік тек мұсылмандардың маңдайына жазылған індет емес. Бұл басқа дін өкілдерінде де бар. Дегенмен хадисте айтылғандай Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін мұсылман қауымы өзара түсініспеушілік пен түрлі себептерге байланысты көптеген ағымдарға бөлінді. Әрбір ағым өзінің ұстанған жолын хақ жол деп, аят пен хадистен дәлелдер келтіріп, бұхара халықты соңынан ертуге тырысты. Ислам шариғаты бойынша әрбір істің үкімін ол дұрыс па әлде бұрыс па, бұларды Құран аятынан одан кейін Пайғамбар (с.а.у.) хадисінен алу керек. Яғни әрбір жаңадан шыққан ағым өздерінің жолын, ұстанатын бағытын дұрыс деп көрсету үшін аяттан яки хадистен дәлел келтіруі тиіс. Ал жоғарыдағы хадисте исламнан ауытқымайтын топ екендігі айтылған. Сондықтан әрбір ағым өздерінің жолын дұрыс деп көрсетіп, әрі тозақтан құтылатын ағым ретінде жариялап, өзге ағымдарды адасқандарға теңеп, оларды тозаққа баратын ағым ретінде кінәлауды үрдіске айналдырды. Мұндай бақталастықтан қаншама соғыстар шығып, көптеген бейкүнә мұсылмандардың қаны төгіліп жатты.
Негізінде осы ағымдарды зерттеп қарайтын болсақ, басым көпшілігі жеке бастың қамы немесе белгілі бір топтың билікке келу жолындағы саяси, әрі дүниелік пайда мен мүдденің арқасында пайда болғандығы байқалады. Олар өз болмыс тіршілігін жалғастыра отырып, көздеген мақсаттарына жету үшін Құран мен сүннеттен дәлел келтіріп соны бет перде етіп ұстанды.
Жаратушы ұлық тәңiр Алла Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн нағыз бiртәңiрлi (монотеист) тәухид нанымы негiзiнде пайғамбарымыз Мұхаммед Абдұллаһұлы (с.а.у.) (569-632) тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа түсiндiрiлген әлемдiк дiн. Ислам барлық болмыс пен фәни адам өмiрiндегi ең маңызды ұғымдардың бiрi. Ислами ұғымда бұл дiн абсолюттi құдiрет иесi Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейiнгi барлық адамзатқа және заманаға жiберiлген дiн. Ислам — ақыл иелерi мен күллi махлұқаттың (жаратылыстың) ұлық Жаратушының құдiретiне тәслiм болуының, мойынсұнуының және дүниедегi өмiрдi белгiлi бiр тәртiпке келтiретiн құдайы жүйенiң, яғни пенде мен Алланың арасындағы байланыстың аты. Ислам сөзiнiң түбiрi арабшадағы сәлиме, силм етiстiгi. Бұлар және осы түбiрден жасалған сәлм, сәлам, әслеме сөздерi сөздiкте бейбiтшiлiк, тыныштық, амандық, татулық, келiсiм, мойынсұну, тәслiм болу, берiлу, сәлеметтiлiк, сенiмдiлiк дегендi бiлдiредi. Қысқаша айтқанда, сәлиме етiстiгi бейбiтшiлiктi қалайтын бiр биiк күшке, билiкке бағынып, оны құрметпен қабылдай отырып, оған бас июдi, тыныштық һәм амандыққа берiлудi және осы мәртебенi жалғастыру үшiн қажеттi iстердi жүзеге асыруды бiлдiредi.
Мұсылмандардың қасиеттi кiтабы Құран Кәрiмде жәннат туралы дар әс-сәлам, яғни тыныштық өлкесi делiнген[2, Юнус:25]. Себебi, мұсылман ұғымындағы жәннет әр түрлi қауiп-қатерден ада, толық бақыт пен қуаныштың мекенi. Құран Кәрiмдегi Алла Тағаланың есiмдерiнiң бiрi әл-Сәлам, яғни әр түрлi кемшiлiктерден ада, толық бейбiтшiлiктi ұсынушы һәм өзiне мойынсұнылатын дегенді бiлдiредi. Исламның не екенiн толықтай түсiну үшiн осы сөзбен түбiрлес сөздердiң мағыналарын әбден бiлiп алған жөн.
Ислам сөзi сенiм мен ұжданды да қамти отырып, бұларға қоса бейбiтшiлiк пен татулықты, жүгiну мен тепе-теңдiктi, әсiлi, тұтастай өмiр сүру салтын бiлдiредi. Ислам Құран Кәрiмде есiмдерi аталған барлық пайғамбарларға жiберiлген иләһи (тәңiрлiк, құдайы) дiндердiң ортақ аты. Себебi, тәңiрлiк уахидың (Жаратушының сөздерінің елшіге жеткізілуі, откровение) бастаушысы һәм әлемдердiң жаратушысы бiр Алла ғана. Сондықтан, Алла Тағала тарапынан ислам деп аталған бұл дiн пайғамбарлар арқылы түрлi ғасырларда түрлi қауымдарға баян етiлген. Ең соңғы формасы Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) бiлдiрiлген.
Құранның бiлдiруiнше, Алла Тағаланың алдындағы бiрегей хақ дiн ислам ғана және бұл дiнге сенушiлерге мұслим (мұсылман, бағынған) есiмiн Жаратушының өзi берген Аяттарда өткен пайғамбарлар мен оларға иман еткендердiң барлығы да мұсылмандар едi делiнедi. Ал, мұмин (иман еткен, қазақшада — момын) сөзi әр түрлi қорқыныштан және күмәннан амандықта болу дегендi бiлдiретiн әмн сөзiнен жасалған.
Демек, мұмин өзiне аманат етiлген иман және құлшылық ету мiндетiн лайығынша атқарушы, Иесiне тәслiм болушы және қуанышқа жетушi адам. Ислам күллi ғаламдағы барлық махлұқтар мен заттар бағынатын өмiр сүру, тiршiлiк ету формасы. Сондықтан, барлық субстанциялар мен жәндiктердiң табиғи өмiрi ислам халiнде болады. Олардың iс-әрекеттерi мен тiршiлiгiнде бас көтерушiлiк, хаос, асылық байқалмайды. Барлығы да тәңiрлiк заң шеңберiнде өмiр сүредi. Ал, ақыл иесi адам баласы өз еркiмен исламды ұстанатын болса, онда оның өмiрiнде де табиғаттың өмiрiнде де ислам, яғни бейбiтшiлiк,тепе-теңдiк болады.
Исламдағы дiн ұғымының мағынасын анықтап алғанымыз жөн болар. Араб тiлiндегi дiн сөзi дәйн түбiрiнен шыққан, үстемдiк, егемендiк, бас ию, қарыздану, тапсырылу, бiреудiң бұйрықтарын орындау, оның билiгiн мойындау, заң, жол, әдет, жауапқа тарту, жаза беру, сыйлыққа бөлеу, үкiм, мүлiк, дағды сияқты көптеген мағыналарды бiлдiредi. Осы түбiрден жасалған және Алла Тағаланың есiмдерiнiң бiрi болып табылатын әл-Дәййан абсолюттi құдiрет иесi, әр iстiң бодауын беретiн, хикметпен басқаратын, егемен күш иесi дегендi бiлдiредi. Ал, осы түбiрден жасалған мәдин — құл; мәдине — қала; тәмәддүн — дiндi яки қалалық, тәдаййұн — қарыздану; дийанат — дiн және милләт; мұтәдәййин — дiндар һәм мойынсұнғыш дегендi бiлдiредi. Демек, дiн дегенiмiз аса биiк билiк иесiне мойынсұнып, оған бағыну және оның бұйрықтарын орындау дегендi бiлдiредi. Дiннiң тек Алла Тағалаға тән болуының себебi билiк иесi Жаратушының бiрегей үкiм қоюшы және құлшылық етуге лайықты бiрегей тәңiр болуына байланысты. Ислам ұғымында дiннiң мазмұнында көрсетiлген мағыналарды лайығынша түсiнiп, орындағандарға әжiр-сыйлықтар, ал орындамағандарға тиісті жаза берiлмек.
Ислам дiнiнiң негiзгi қағидасы Жаратушының бiрлiгi сенiмi болып табылатын тәухид нанымында. Құран Кәрiмде бұл қағида көптеген аяттарда лә илаһа иллАлла, яғни Алладан басқа тәңiр жоқ, құлшылық етуге лайықты тек Алла ғана деп түсiндiрiлген. Жер мен көктердегi нәрселердiң барлығын Алла жаратқан. Ол — барлық нығметтердi жаратушы, әр нәрсенiң мөлшерiн (әл-қадар) белгiлеушi, өмiр берушi, өмiрдi жоюшы, шексiз күш-құдiрет иесi, толық үкiм қоюшы, билеушi, теңдесi, ұқсасы яки сыңары жоқ, тумаған һәм туылмаған, кем сипаттардан ада, еш нәрсеге мұқтаж емес, шаршамайтын, ұйықтамайтын, бiрегей көмек берушi, жасаушы, шексiз ғылым иесi Жаратушыны бiлдiредi. Мiне, осындай қасиеттерi бар тәңiрдi Құран Кәрiм көптеген есiмдерi және сипаттарымен бiлдiредi. Жаратушының ең көп кезiгетiн есiмi Алла. Құран Кәрiмде екі мыңнан астам жерде аталады.
Ал, жоғарыда аталған және тек Аллаға тән сипаттардың бәрiн яки бiрнешеуiн басқа бiреуге артқан адам Алла Тағалаға шiрк келтiрген, яғни ортақ қосқан болады. Бұл мұсылмандық иманды зақымдайды. Мұсылмандар Алла Тағаланың мәлектерiне, барлық хақ кiтаптарға (сахифалар мен Тәурат, Забұр, Iнжiл және Құран), Құранда есiмдерi аталған пайғамбарлардың барлығына (Нұх, Идрис, Ибраһим, Мұса, Дәуiт, Иса, Мұхаммед т.б.), ахирет күнiне, өлгеннен соң тiрiлуге иман етедi. Құран Кәрiм өзiнен бұрынғы хақ кiтаптардың растаушысы және Жаратушының ең соңғы үкiмi болып табылады.
Құран Кәрiм араб тiлiнде 114 сүре және алты мыңнан астам аят болып түсiрiлген. Мұнда Жаратушының сипаттары, әлем мен адамның жаратылуы, құқық қалыптары, бұрынғы қауымдардың ғибратты қиссалары, ғибадаттар сияқты көптеген мәселелер туралы айтылады. Әлемдегi барлық мұсылмандар Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарға түсiрiлген Құран Кәрiмдi өзгерiссiз күйiнде оқиды. Ал, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар да өзiнен бұрынғы елшілерді растаушы ең соңғы елші. Ислам дiнi өзiнен бұрынғы хақ дiндердi мойындау жағынан бiрегей мысал ретiнде әлемдiк универсалды дiн сипатына ие.
Ислам пайғамбары Хз. Мұхаммед (с.а.у.) 569 жылы шамасында Мекке қаласында дүниеге келген. Әкесi — Абдұллаһ Абдұлмұтталибұлы, шешесi — Әмина Уәһбқызы. Әкесi туар алдында, ал шешесi кiшкентай кезiнде қайтыс болғандықтан, немере ағасы Әбу Тәлiб Абдұлмұтталибұлының (өл. 619) үйiнде өскен. Мұхаммед (с.а.у.) және Меккенi мекендейтiн құрайыш руының басым көпшiлiгi ұмми, яғни сауатсыз немесе кітап оқи алатын дәрежеде сауаты жоқ адамдар болатын. Басқа мәдениеттермен етене қатынаста болмаған Хижаз өлкесі арабтарының көпшiлiгi көшпелi өмiр сүрiп, өз қолдарымен жасаған пұттарға табынушы едi.
Дәстүрлі ислами деректер бойынша Мұхаммед (с.а.у.) өзi өскен қоғамдағы жаман әдеттерге ұрынбаған, пұттарға табынбаған. Оның адал және тура сөздi болғаны соншалық, Меккелiктер оны Мұхаммед әл-Әмин, яғни Сенiмдi Мұхаммед деп шақыратын. Қырық жасқа келгенде Алла Тағаладан Құранның алғашқы аяттары уахи етiлiп, нәбилік (елшілік) мiндетi тапсырылады. Әйелi Хадиша Хуайлидқызы (өл. 619), досы Әбу Бәкiр Әбу Кұхафаұлы (571-634), немере iнiсi Әли Әбу Тәлiбұлы (өл. 661) сияқты адамдар оған бірден иман етiп, исламды қабылдайды. Күн өткен сайын иман етушілердің саны көбейедi. Олар Мекке қаласын билеушi топтың және дәулеттi рубасыларының аяусыз қарсылығына тап болады. Мұсылмандар мен Рәсұлұллаһ 622 жылы Меккенiң солтүстiгiндегi Ясриб қаласына көшуге мәжбүр болады. Һижрат деп аталатын осы елеулі уақиға Омар әл-Хаттабұлының билігі тұсында (634-644) мұсылмандардың жыл санауының басталуы болып бекітіледі.
Хазіретi Мұхаммед (с.а.у.) Мәдинеде (Ясриб кейін Медине аталған) ислам дiнiн насихаттап, қала-мемлекеттi орнатады, мұсылмандардың саны күрт көбейедi. Сөйтiп, 630 жылы Мекке азат етiледi. Пайғамбарымыз қасиеттi Кәғбаның iшiндегi пұттардың барлығын жояды. Хақ елші 632 жылы қайтыс болғанда Арабыстан жерiнiң басым көпшiлiгi ислам дiнiн қабылдаған едi.
Ислам дiнiндегi ең маңызды ғибадаттардың бағзылары мыналар: Құран Кәрiмдi оқу және түсiну, ғылыммен шұғылдану, жиһад ету, намаз оқу, дұға ету, Рамазан айында ораза ұстау, зекет беру, Меккеге қажылыққа бару, iзгi амалдар iстеу, ізгілікті уағыздау, адал жолмен ризық табу т.б.. Ислам дiнiнде бәййине, яғни дәйектi дәлел болмайынша бiреудi кiналауға, айып тағуға болмайды. Иман ету нақты дәлелдерге сүйене отырып сенудi, ал имансыздық, шiрк (Жаратушыға ортақ қосу) және керi қағу — дәлелсiздiк пен бiлiмсiздiктi бiлдiредi. Олай болатын себебi Жаратушының барлығы мен бiрлiгiн дәлелдейтiн он мыңдаған айғақтарды көрмеу яки мойындамау тек дәлелсiздiктiң, махрұмияттың белгiсi ғана бола алады.
Құран Кәрiм аяттары бойынша мұсылмандар Алла Тағалаға, Оның елшiсi Мұхаммедке (с.а.у.) және мұсылман әміршілерге бағынуға мiндеттi. Тек, Жаратушыға асылыққа болысуға болмайды. Мұсылмандардың iстерiн реттеушi басшы еркiн сайлау арқылы қызметке келедi. Ислам құқығында биат деп аталатын дауыс беру азаматтардың ерiктi түрде ризашылық бiлдiруiмен болады. Қоқан-лоққымен яки күшпен жасалған биат жарамсыз болып табылады. Басышының мiндетi аяттарда көрсетiлген қағидалар негiзiнде және кеңесе отырып елдi басқару. Кеңесе отырып басқару (шура) исламдағы мемлекет басқару жүйесінің басым сипаты болып табылады Бұл басқару жүйесiнде өктемдiк бiр адамның яки бiр таптың немесе бiр рудың ғана қолында болуы мүмкiн емес. Шура деп отырғанымыз мемлекет басшысы мен әміршілердің, әкiмдердiң сала мамандары мен халықтың кеңес-ұсыныстарын ескеруi, санасуы, көпшіліктің бақылауында болуы.
Ислам қоғамының мүшелерi ағайындар болып табылады. Адамдардың нәсiл, тiл, әлеуметтiк мәртебе, шыққан тегi жағынан үстемдiгi болмайды, барлық адамдар тең дәрежелi, үстемдiк тек имандылықта, рухани қасиеттерде, тақуада яғни Алланың бұйрықтарын орындап, тыйғандарынан аулақ болып, кәмiл мұмин болуда. Ислам дiнi қоғамдық өмірді — жамағатты, яғни адамдардың ұйымдасып, бiрлiкте болуын уағыздайды. Бұл бiрлiктелiк құр масса болып бiрiгу емес, саналы һәм үйлесiмдi бiрлiктi бiлдiредi.
Ислам дiнiнiң қағидалары тек дұрыс ұйымдасқан жамағат болғанда ғана толыққанды жүзеге асырылады. Жамағат болып ұйымдасқан мұсылмандар бiрiн-бiрi әбден танып, бiрiн-бiрi жақсы көрiп, бiрiне-бiрi көмек берiп ынтымақтастықта болады. Олар бiр-бiрiнiң кем-кетiгiн түгендеп тұрады. Намаз, қажылық, зекет сияқты көптеген ғибадаттар ылғи да көпшiлiктi, жамағатты талап етедi. Ислам нанымы бойынша жәннет расұлдардың (пайғамбарлардың) дағуатына мойынсұнып, Алладан келген хақ дiндi ұстанып, iзгi iс iстеп, жақсылық жасаған адамдарға сыйлықтары берiлетiн құтты мекен. Адам баласы Алла Тағалаға құлшылық ету және қайырлы амалдар iстеу үшiн жаратылған. Бұл оның бұ дүниеге келу себебi. Жаратылыс заңдары да осыны дәлелдейдi. Әлемдегi нәрселердiң барлығы да Алланiкi және адамдардың пайдалануына берiлген. Бұған шүкiршiлiк етiп, өзiне берiлген сансыз нығметтер мен iзгiлiктер үшiн Жаратушыға мойынсұну, бағыну адамның парызы болып табылады.
Ислам дiнi барлық қатынастар мен iс-әрекеттерде орта жолды уағыздайтын дiн. Әсiре сiлтеушiлiктi, әдден асуды, ысырапшылықты, шектен шыққан азғындықты хоштамайды, дүниелiктi жексұрын санамайды. Құран Кәрiмдегi көптеген аяттарда мұсылмандардың тек ахиретте ғана емес, сонымен қатар дүниеде де iзгi нығметтерге бөленетiнi бiлдiрiлген Сол себептi, ахиреттегi бақытқа ие болу үшiн дүниедегi бақытты тәрк ету талап етiлмейдi.
Ислам құқығына фиқһ, басқаша айтқанда шариғат делiнедi. Шариғат сөздiкте жүрiлетiн жол дегендi бiлдiредi. Шариғат ғибадаттар, сауда-саттық қатынастары, мирас құқығы, қылмыс құқығы, экономикалық мәмiлелер, адам құқықтары, азаматтық қатынастар, мемлекет құқығы сияқты көптеген ғибадат және мұғамалат мәселелерiн, яғни дiннiң көбiнесе амали яки дүнияуи жағын қамтиды. Ислам ең биiк құдiрет иесi және барлық болмыс пен заттар әлемiн жаратушы Алла Тағаланың дiнi болғандықтан, адамдардың өмiрiнде де белгiлi бiр тәртiптiң, низамның болғанын қалайды. Сол себептi, ислам өмiрдiң барлық қырын қоршайды. Адамның барлық заттық және рухани проблемаларына шешiмдер келтiредi, сұрақтарына жауаптар бередi.
Дiннiң Құран Кәрiм аяттары арқылы белгiленген негiзгi қағидалары өзгермейдi. Алайда, ислам дiнi iжтиһад деп аталатын, дiннiң негiзгi бұлағы Құранға сәйкестiктi сақтай отырып, басқару, құқық, үкiмдердiң жүзеге асырылуы, экономика саласы сияқты мәселелер бойынша пайда болған проблемалардың шешiмiн табу үшiн ой жүгiртудi шектемейдi. Бұл жағынан алғанда да ислам дiнi қатып қалған кертартпа догматтар мен табулардың жыйынтығы емес, қайта өзiнiң өмiрлiк динамикаларын жаңартып, дамытып тұрады.
Исламда әркiм өзiнiң күнәсы мен қылмысына жауап бередi. Бiреудiң күнәсiн басқа бiреу көтермейдi. Христиандықтағы тұңғыш күнә нанымы мұсылмандықта жоқ. Адамдар туғаннан таза, күнәсыз һәм мұсылман (Алланың заңдарына берілген) болып туады. Ол, алған тәрбиесi мен өскен ортасына байланысты я басқа дiн бойынша қалыптасады, яки жақсы ғамалдар iстейдi, немесе күнәһарлыққа барып, адасады. Күнә iстеу фәни адамның жаратылысында бар нәрсе. Бұл емтихан үшiн жаратылудың хикметi һәм кей жағдайларда адамның иманын күшейтетiн нәрсе. Өйткенi, иманды адам жасаған қателiгiне өкiнiп, Алладан ғафу сұрайды. Сондықтан, күнә мұмин үшiн бiр ескерту және сананы оятатын құрал тәрізді. Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың мына сөзi исламның күнә мәселесiне деген көзқарасын айқындайды: Егер сендер еш күнә iстемегендерiңде, Алла сендердi түгелдей жоқ қылып, орындарыңа күнә iстеп, соңыра тәубе ететiн (кешiрiм сұрайтын) бiр топты жаратып, олар ғафу сұрағанда, оларды ғафу етер едi Демек, күнә iстеуден гөрi күнәдан аулақ болу және тәубе ету маңыздырақ ұғымдар. Исламда Алла Тағалаға ортақ қосудан басқа кешiрiлмейтiн күнә жоқ Жаратушының рахметi, мәрхаматы шексiз. Сондықтан, күнә істеуден аулақ болу үшін барлық мүмкіндікті жұмсау және тек Жаратушыдан ғана тәубе сұрау керек. Адамның күнәсін фәни адам кешіре алмайды, бір Алла ғана кешіреді.
Ислам құқығында 3 түрлi хақы (ақы, хақ) бар:
1-Алла хақысы (Құдай ақысы, хұқұқұллаһ): адамдардың құлшылық мiндеттердi, Алла Тағаланың үкiмдерi, бұйрықтары мен шектеулерi.
2-Адам хақысы: адамдардың құқықтарын қорғайтын хақылардың барлығы.
3-Алла және адам хақысы: адамның мүддесiне Алла тарапынан белгiленген құқықтар бұзылғанда бұл һәм адам хақысына һәм Құдай хақысына қарсы келгендік болады. Мәселен, әр адамның дiни сенiм, жеке меншiк, өмiр сүру, ұрпағын жалғастыру сияқты құқықтары бар. Осы құқықтар тапталған жағдайда, тиесiлi адамның хақысына қол сұғылады және аталмыш құқықтарды орнатқан Алла Тағаланың әмiрiне қарсы келгендiк болады. Сөйтіп, екі жақты құқық бұзушылық орнайды. Тыйым салынған нәрселер харам, ал рұқсат етiлгендер халал болып табылады. Исламда негiзiнен халалдық үстем тұрады, ал харамдар аяттар мен Құранға сәйкес хадистерде бiлдiрiлген. Халал нәрселер адамзатқа пайдалы, зиянсыз және толық бостандық берiлген iс-әрекеттер мен заттарды бiлдiредi. Ал, харамдар, яғни тыйым салынған нәрселер, негiзiнен адамзатқа зиянды, жиiркенiштi қылықтар мен басқалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн амалдарды қамтиды. Харамдар қатарынан шiрк келтiру, жала жабу, ғайбатшылық, өсекшілік, фитнәшілік, жемтiктiң және доңыздың етiн жеу, зинақорлық, ұрлық жасау, естен тандыратын нәрселердi пайдалану, өтiрiк айту, адам хақысын жеу, бүлiк шығару, бұзақылық жасау сияқтыларды мисал етуге болады.
Ислам тарихында Пайғамбарымыздан кейiнгi дәуiрлерде мұсылмандар арасындағы саяси, фиқһи (құқықтық), иғтиқади (ақидаға, иманның шарттарына қатысты) мәселелерге байланысты пайда болған ағымдар мен мектептерге мәзһәб делiнген. Әсiресе, үшiншi әмірші Осман Ғаффанұлы (573-656) және одан кейiн билiкке келген Әли Әбу Тәлiбұлы (өл. 661) тұсында кейбiр мәселелер бойынша өзгеше ұстанымдар мен көзқарастар пайда бола бастаған. Кiмнiң әмірші (басшы) болатыны, Осман Ғаффанұлын өлтiргендердiң ұсталуы және жазаға тартылуы, биат ету және оның шарттарын бұзудың мәнi, Әли Әбу Тәлiбұлы мен Мұғауия Әбу Сұфйанұлы (өл. 680) арасындағы қақтығыстар және төрелiк айтушылардың үкiмдерi сияқты мәселелер бойынша түрлi пiкiр бiлдiрушiлер пайда болған.
Бастапқыда саяси айырмашылықтармен басталған мәзһәбтарға (жолдарға) кейiнгi дәуiрлерде фиқһ және ақида мәзһәбтары да қосылған. Саяси мақсаттарға ие топтар өздерiнiң жақтаушыларын көбейту үшiн фиқһ және ақида салаларында да жаңа пiкiрлер бiлдiрiп, белгiлi топтарды өздерiне қаратқан. Мәзһабтар негізінен дiннiң өзегi болып табылатын маңызды мәселелер бойынша емес, діннің төңірегіндегі, яғни екiншi дәрежедегi мәселер бойынша қалыптасқан. Яғни, Алланың барлығы, бiрлiгi, пайғамбарларға иман, ахирет күнiне иман, жиһад, намаз, ораза, зекет, қажылық қатарлы ғибадаттардың фарыз болуы сияқты көптеген басты мәселелер бойынша дау-дамай жоқ. Кейбiр ғұламалар дiннiң шарттарының орындалуы және аяттар мен хадистердегi үкiмдердi түсiндiруде өзiнiң қолындағы дәлелдерге сүйене отырып пiкiр бiлдiрген, фәтуа жасаған. Мәзһәб имамдары мен ғалымдардың қорытындыларын ең ақырғы және мәңгілік өзгермейтін қағидаларға айналдыру Құранның рухына сәйкес келмейді. Бұған кейбір мәзһәб имамдарының өзгерген жағдайларға байланысты түрліше қорытынды жасауы және олардың шәкірттерінің басқаша пікір баяндауы дәлел бола алады.
Саяси айырмашылықтардың пайда болуының басты себебi — ислам дiнiнiң рушылдық пен нәсiлшiлдiктi шектегенiне қарамастан, саяси билiктен дәмелi кейбiр топтардың рушылдыққа, ұлтшылдыққа, қиқарлыққа және қиянаттыққа баруы. Ислам дiнi 634-750 жылдары аралығындағы қысқа мерзiмде батыстағы Испаниядан шығыстағы Қытайға дейiнгi ұлан-ғайыр аймақта таралған. Аталған мерзiмде мұсылман билiгiне қосылған елдердiң тұрғындарынан көптеген адамдар исламды қабылдаған. Бұлардың iшiнде исламды iштен бөлу яки өзiнiң лауазымын, дәулетiн сақтап қалу мақсатымен қабылдағандар да кезiгедi. Мiне, көпшiлiгi йаһұди, христиан және мәжусилiктi (отқақұлдық, зороастризм) ұстанған осындай адамдар мұсылмандар арасында өз нанымдары мен аңыздарын таратып, көптеген зиянды ағымдардың пайда болуына себеп болған.
Фиқһ саласында қалыптасқан Ханафи, Шафиғи, Мәлiки және Ханбали мектептерi ең көп таралғандар. Дәстүрлi әдебиеттерде бұлар әһли сүннет уә-л жамағат, яғни Пайғамбардың сүннетi мен көпшiлiктiң ымырасын басшылыққа алушылар деп аталады. Бұлардың негiзiн қалаған адамдарды мәзһәб имамы (жол бастаушы) яки мүжтәһид (iжтиһад жасаушы ғалым) дейдi.
Бүгiнгi күнi ислам дiнi жершарының барлық құрлықтарында азды-көптi таралған. Мұсылмандардың саны 2 миллиард адам мөлшерiнде есептелуде. Әсiресе, Батыс халықтарынан исламды қабылдаушылардың саны тұрақты түрде өсуде. ХХ-ғасырда мұсылмандардың саны 7 есе көбейген. Халқының басым көпшiлiгi мұсылмандардан құралатын мемлекеттердiң саны 60 шамасында. Қазақстан халқының да 70 пайызы мұсылмандар. Елiмiз Ислам конференциясы ұйымының толық мүшесi.
Ислам тарихында жоғарыда айтқанымыздай саяси және сенімдік ағымдар маңызды орын алады. Хз.Мұхаммед (с.а.у) қайтыс болғаннан жарты ғасырдан кейін мұсылмандар арасында саясат және ел басқару мәселесінде келіспеушіліктер шыға бастады. Билікке ұмтылған кейбір саяси топтар діннен дәлел іздеп, дінге саясаттың құралы ретінде қарау қалыптаса бастады, бұл түсініктің жақтаушылары харижилер мен шиалар еді. Ислам ағымдарының пайда болуына ықпал еткен факторларға саяси билік,теологиялық мәселелер және сыртқы мәдени факторлар жатады.
Сүнниттік исламның ең үлкен бағыты, әлемнің 90 % мұсылмандары сүнниттік исламды ұстанады. Суннизм арапша сунна сөзінен шыққан. Оның тілдік мағынасы жол дегенді білдірсе, кең мағынада Аллатың жолын немесе адамның әдетке айналдырған жақсы, жаман қылықтары мен әрекеттерін білдіреді. Сүннет сөзі Мұхаммед (с.а.у) дәуірінен бастап пайғамбардың үйреткен немесе насихаттаған барлық қағидалары ретінде қолданыла бастады. Пайғамбардың соңғы сапарына шығар алдында мұсылмандарға мынадай дегені айтылады: Сіздерге екі нәрсе қалдырып жатырмын. Оларды қолдансаңыз қателікке бой алдырмайсыздар. Олар: Алланың кітабы және менің сүннетім.
Ал суннизм бағытына келсек оны Мұхаммед (с.а.у) тұсынан бастау алған және пайғамбардың кезінде жасалған амал — әрекеттердің жалғасы деуге болады. Сунниттер дегеніміз болса суннизм өкілдері, яғни шариғатқа негізделген Ислам сеніміндегілер. Бұл бағыт өкілдерінің ұстанымы — Мұхаммед(с.а.с) және сахабаларына, имам Әбу — Мансұр, Әбу — Хасан әл — Ашари, т.б. хазіреттерінің шәкірттеріне, Ұлы және Қасиетті Алланың жалғыз және мәңгілік екендігіне, өмір, құдірет, қалау, есту, көру, сөйлеу, жарату секілді танымдардың Алланың сипаттары екендігіне, Алланың құлдары періштелерге, жіберілген кітаптарға, Құранның Алланың сөзі екендігіне және оның туралығына, барлық елшілермен бірге Мұхаммед Мұстафа (с.а.у) хазіретінің пайғамбар екендігіне, өлгеннен соң тірілуге, амалдарының есебіне, сауалға, әлемнің кейіннен жаратылғанына және оны жаратушы ұлы Алла екендігіне сенеді.

1.2 Исламда ағымға бөлінуге діни үкімдер мен әлеуметтік өзгерістің әсері

а) Ағымға бөлінуге діни үкімдердің рөлі:
Ағымға бөлінуде Ислам дінінің әкелген діни үкімдерінің де рөлі болды. Айталық Құран Кәрім 23 жылда белгілі бір оқиғаға немесе мәселеге байланысты аят-аят болып түскендіктен мұсылмандар үшін сәбәбі нузулді аяттың түсу себебін жақсы білу керек болды. Сондықтан табиғиндер (пайғамбар көзін көрмеген, сахабалардың көзін көргендер) және әтбағуттабиғиндер (сахаба көзін көрмеген, табиғин көзін көргендер) кезеңінде Құран аяттарының түсу себептері мәселелер туғызды. Ал сахабалар дәуірінде Құран аяттарының мағынасын, тәпсірін түсіну қиынға соқпады. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) олармен бірге еді. Сахабаларда фиқһ, сенім, ғибадат секілді мәселелерде түсініспеушілік болмады. Керек десеңіз осы айтылған мәселелерді тереңірек зерттеуге де мұқтаждық болмады.
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) дүниеден өткеннен кейін мұсылмандардың саны артып, сахабалардың ішіндегі ғұламалар азайып, Исламның алғы шебіне табиғиндер мен әтбағуттабиғиндер өтті. Бұлардың кезеңінде кейбір аяттардың түсу себебін жетік білмегендіктен үкім шығаруда мәселелер туды. Сол үшін Ислам ғұламалары Құран аяттарының түсу себебін дұрыс білуді қатты қолға алды. Бұл әдістің маңызды екендігін мына кісілердің сөзінен байқауға болады:
Әл-Уахиди: Бір аяттың сәбәбі нузулін білмегенше оның шынайы мағынасын түсіну мүмкін емес. Ибн Тәймия: Құранның түсу себебін білу, аяттардың түсінікті болуын жеңілдетеді. Ибн Дақиқ … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz