Ірі қара мал бруцеллезінің санитариялық бағасы

0

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Жігер Камила

Ірі қара мал бруцеллезінің ет сапасына әсері,
ұша мен органдарының ветеринариялық санитариялық көрсеткіштері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В120200 — Ветеринариялық санитария мамандығы

Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Ветеринария факультеті

Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ірі қара мал бруцеллезінің ет сапасына әсері,
ұша мен органдарының ветеринариялық санитариялық көрсеткіштері

Беттер саны 42 Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны 5 Қосымшалар

Орындаған: күндізгі оқу бөлімі 5В120200 — Ветеринариялық санитария мамандығының 513-топ студенті Жігер Камила

2018 ж.6 маусым қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі: PhD Қ.Д.Алиханов
Жетекші: в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев
Норма бақылау: в.ғ.к., профессор А.С.Ибажанова
Сарапшы:___________________________ __________Б.Н.Ибрагимова

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті

5В120200 — Ветеринариялық санитария мамандығы

Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент Жігер Камила

Жұмыс тақырыбы: Ірі қара мал бруцеллезінің ет сапасына әсері,
ұша мен органдарының ветеринариялық санитариялық көрсеткіштері

Университет бойынша 2017 жылы 14 қараша №550-К бұйрығымен бекітілген.

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2018 13 маусым.

Жұмыстың бастапқы деректері
Бруцеллез — Brucellosis — ауыл шаруашылығы малдары мен жабайы жануарларды және адамды зақымдайтын созылмалы жұқпалы ауру. Ауырған мал iш тастайды, шуы түспейдi, жатыры қабынады, қысыр қалады, қынабы мен буындары iрiңдеп қабынады, енi iсiп шамадан тыс үлкейедi. Бұл ауру сойыс малдарының арасында жиi кездеседi. Ауру қоздырушысының бiрнеше түрi бар; iрi қара бруцеллезiнiң қоздырушысы — Br. abortus, қой мен ешкiде — Br. melitensis, адам бруцеллезінің негізгі қоздыршысы шошқада — Br. suis, итте — Br.canis, (басқа түрлерiнiң болуы да мүмкiн). Бұл түрлерiнiң өздерi бiрнеше жiктерге бөлiнедi. Бруцелланың әр түрi бiр малдан, екiншi малға ауысуы ықтимал. Қой мен ешкi Br. melitensis сиыр мен буйволға, шошқаның Br. suis қой мен ешкiге ауысқаны дәлелденген. Адам үшiн бруцеллез қоздырушыларының барлығы да қауiптi.

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тізімі:
1. Аурудың таралу аймағы және басқа қандай мал түліктері ауырады ?
2. Ірі қара мал бруцеллезіне сипаттама, аурудың алдын алу.
3. Еттің қышқылды сілтілік ортасы реакциясының мәні және нәтижесі
қандай болды ?
4. Ірі қара мал бруцеллезінің санитариялық бағасы.
5. Аурудың ұша мен мүшелерге әсері.

Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Дипломдық жұмыста 5 кесте пайдаланылды
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. С. Қырықбайұлы, Т.М.Телеуғали, А.Жұмагелдиев. Ветеринариялық санитариялық сараптау практикумы. Алматы, 2013ж. 128-136 б.
2. Шуклин Н.Ф., Телеугалиев Т.М., Жумагелдиев А.А. Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов. Их стандартизация и сертификация. В 1-3 том. Алматы, 2011. 283-296 с.
3. М.С.Сабаншиев. Паразитология және жануарлардың инвазиялық ауру
2011 ж., Алматы, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. 139 б.
4. Позняковский В.М. Экспертиза мяса и мясопродуктов, качество и
безопасность. Новосибирск, 2005. 236-249 с.

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Кіріспе
в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев
15.01.2018

Ғылыми әдебиеттерге шолу
в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев
15.03.2018

Негізгі бөлім
в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев
05.04.2018

Еңбек қорғау және экологиялық мәселелер
К.К.Сансызбаев
10.04.2018

Экономикалық тиімділікті есептеу
Б.Ж.Утеев
PhD доктор

13.04.2018

Қорытынды
в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев
15.04.2018

Тәжірибелік ұсыныс
в.ғ.к.,қауымдастық профессоры А.Манкибаев
17.04.2018

Әдебиеттер тізімі
в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев

10.05.2018

Кафедра меңгерушісі:PhD ___________ Қ.Д.Алиханов

Жетекші: в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев

Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент: К.Жігер
Дипломдық жұмысты орындау
ГРАФИГІ

Рет саны
Тараулар және қарастырылатын
сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
1
Кіріспе

15.01.2018
Орындалды
2
Әдебиетке шолу

10.02.2018
Орындалды
3
Ірі қара шаруашылығының дамуы және ет сапасын жоғарылату анықтау
15.02.2018
Орындалды
4
Бруцеллез ауруына сипаттама

20.02.2018
Орындалды
5
Ірі қара етінің морфологиялық құрамы және қоңдылығын

25.02.2018
Орындалды
6
Зерттеу нәтижелері

05.03.2018
Орындалды
7
Қорытынды

10.04.2018

Орындалды
8
Ұсыныстар

15.04.2018
Орындалды
9
Тәжірибелік ұсыныс

17.04.2018
Орындалды
10
Әдебиеттер тізімі

19.04.2018
Орындалды

Кафедра меңгерушісі: PhD ___________ Қ.Д.Алиханов

Жетекші: в.ғ.к., профессор А.А.Жумагелдиев

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент: К.Жігер

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … ..7
АНЫҚТАМАЛАР … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 8
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР … … … … … … … … … … … … … … … … … ..9
1 КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …10
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы … … … … … … … . … … … … … … … . ..10
1.2 Зерттеу объектілері,базасы және мақсаты мен міндеттері … … … … … … . … … … … … . 10
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..12
2.1 Еліміздің ірі қара шаруашылығының дамуы … … … … … … … … … … … … … … … … … ..1 2
2.2 Бруцеллез ауруына сипаттама. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..13
2.3 Ірі қара етінің морфологиялық құрамы және қоңдылығын анықтау … … … … … … … 17
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …20
3.1 Зерттеу материалы мен әдістемелері … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .. 20
3.2 Алтын Орда ішкі сауда объектісінің ветеринарлық санитарлық сараптама зертхана-
сына сипаттама … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 21
3.3 Зерттеулер нәтижесі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .23
3.3.1 Өзіндік зерттеулер нәтижесін талдау … … … … … … … . … … … … … … … … … … … .30
3.3.2 Экономикалық тиімділікті есептеу … … … … … … … … … … … … … … … … … ..3 1
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ … … … … … … . … … … … … …35
5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 40
6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .41
7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … … . … … … … … … … … … …43

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының 27.07.2007 жылғы № 389-1 Білім туралы заңына ҚР МЖМБС 3.08.448 — 2006 жоғары кәсіптік білім; 051202 — Ветеринариялық санитария мамандығына арналған стандарт және ҚР МЖМБС Дипломдық жұмысын орындау стандарттарының талаптары, Сойыс малдарын сояр алдында қарап тексеру, ет және ет өнімдерін малдәрігерлік санитариялық сараптау 2002 жылғы ережесі және Ветеринария туралы заң, Малдарды сою алдында тексеру және ұша мен ағзаларды санитариялық бағалаудың халықаралық заңдылықтары ҒАОWНО 1992 ж. Тағамдық өнімдердің сапасы және қауіпсіздігі туралы 2004 ж. заң талаптары ескерілді және келесі стандарттарға сілтемелер жасалынды:
МЕМСТ 16020 — 90 Союға арналған мал.
МЕМСТ 7269-94 Ет. Сынама алу тәсілдері және балаусалықты анықтаудың сезімдік тәсілдері.
ИСО 2917-94 Еттің қышқылды сілтілі ортасы немесе ет құрамына сутек иондарының шоғырлануы.
МЕМСТ 23392-91 Сорпадағы ақзаттың алғашқы ыдырауынан пайда болған өнімдердің мыс иондарымен әсерлесіп, кешенді мыс сульфатының тұнбаға түсуі.
МЕМСТ 18157 — 92 Сойылған малдан алынған өнімдер.
МЕМСТ 23392 — 92 Ет. Балаусалығын химиялық және микроскопиялық талдау.
МС ИСО 2917 — 94 Ет және ет өнімдері. Сутек иондары концентрациясын (рН) анықтаудың бақылау тәсілі.
МС ИСО 3100 — 1 — 91 Ет және ет өнімдері. Сынама сұрыптаудың тәсілдері.
Алғашқы сынама сұрыптау.
МЕМСТ 7269 — 92 Ет. Балаусалығын анықтау әдісі және сезімдік сынама алу әдісі.
МЕМСТ 9959 — 91 Ет өнімдері. Сезімдік бағалаудың жалпы шарттары.

АНЫҚТАМАЛАР
Жұмысты Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына және ҚР МЖМБС 3.08.448 — 2006 жылғы жоғары арнайы білім, негізгі ережелеріне сәйкес төмендегідей анықтамалар қолданылды.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық тексерудің мақсаты қалыпты жағдайдан өзгешеліктерін, зақымдалуын анықтау және ұша мен басқа да сойыс өнімдерін пайдалану мүмкіншіліктерін шешу.
Ветеринариялық санитариялық тексеруден соң сойыс өнімдерін:
Шексіз- тағам ретінде пайдалану;
Кәдеге жарату — ет өнімдерінен басқаша өнім жасауға (ет-сүйек ұны) өндіріс орындарына, зақымданған сойыс өнімдерін зарарсыздандырғаннан соң тағамдық мақсатқа, өтелдеуге
Жоюға.
Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі — қолданыстағы нормаланған құжаттармен рәсімделген, ветеринариялық санитариялық ережелермен негізделген, қауіпсіздіктің басқа да талаптарына сай өнімдер.
Ветеринариялық санитариялық сараптау — ветеринариялық қызметтің қолданыстағы ережелер мен басқа да нормалық құжаттарына сәйкес, қауіпсіздік көрсеткіштеріне сай жүргізілетін кешенді зерттелер.
Лажсыздан (амалсыздан) сою — аурудың ауыр өтуіне немесе басқа да себептерге байланысты мал өміріне қауіп төнгенде ветеринариялық қызметтің бақылауымен жүргізілетін шара (сою түрі).
Еттің қызу (загар) — балауса ұшаны салқындатудың дұрыс жүргізілмеуінен ферменттердің әсерінен жағымсыз (қышқылтым) иіспен, ұлпа тығыздығы босап, түсі өзгеруімен сипатталатын еттің микроб әсерінсіз бұзылуы.
Ұшаны тазарту — ұшаның ішінен және сыртынан ішкі ағзалардың қалдықтарын, қан ұйындысын, көк ет, әр түрлі жарақаттар, өсінділер, ісіктерді, ластағыштарды алып тастау.
Конфискаттар — ветеринариялық санитариялық қадағалау қызметімен тағам үшін жарамсыз деп танылып, азық өндірісіне және техникалық өнім ретінде пайдалануға жарамды болып табылған мал ұшасы, ұша бөлктері немесе мал мүшелері.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Жұмысты Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына және ҚР МЖМБС 3.08.448 — 2006 жылғы жоғары арнайы білім, негізгі ережелеріне сәйкес белгілеулер мен қысқартулар пайдаланылды:
ҰМҚ — ұшпа май қышқылдары
ИИ — инвазияның интенсивтілігі
ИЭ — инвазияның экстенсивтілігі
ААА — амминді-аммиакты азот
рН — қышқылды-сілтілік орта
ҰМҚ — ұшпа май қышқылдары
АТФ — адинозинтрифосфат
АДФ — адинезиндифосфат
% — пайыз
мг — миллиграм
мкг — микрограмм
мкн — микрон
ккал — килокалорий
кДж — килоДжоуль
°С — Цельсии бойынша градус
мм — миллиметр

1 КІРІСПЕ
1.1.Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы. Жаңа бағыттарды дамыту Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуіне мүмкіншілік береді. Инновациялық дамудың негізінде ғылымды өндіріспен ұштастыру арқылы технологиялық кеңістік қалыптасыру өзекті мәселеле болып табылады. Қазақстан Республикасының ғылым саласын индустриалдық-инновациялық дамудағы қазіргі ұстанып отырған саясатының маңызы зор. Онда отандық ғылымның саяси-құқықтық, әлеуметтік, экономикалық даму динамикасына ерекше назар аударылған. Дүние жүзілік ғылымның даму тенденцияларына сай Қазақстанда да ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттары (нанотехнология, биотехнология, ғарыштық қызмет салалары, агроөндірістік кешен) қалыптасып келеді [1].
Көптеген елдерде, сонымен қатар Қазақстанда жас мал еті, ежелден-ақ үлкен сұранысқа ие. Жас мал етінің жұғымдылық және тағамдық сапасы өте жоғары, дәмді, жұмсақ — шырынды, әуес тағам тағам болып табылады. Олардың майы аз, жұғымды. Бұл мәселенің маңызы біздің еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге ұмтылу кезеңінде ерекше арта түсуде. Солай бола тұрса да, бізде көптеген шаруашылықтар көбінесе ірі қара мал етін негізінен ары қарай өсіруге жарамсыз мал басынан және еркек малды етке өткізу арқылы өндіреді.
Қарыштап өркендеуімізге қосатын үлесі мол салалардың бірі мал шаруашылығы. Ет өндіруде ірі қараның етті тұқымдары тез жетілуімен, етінің дәмділігімен ерекшеленеді. Мұндай малдың майы негізінде ет талшықтарының арасында орналасқандықтан, еттің дәмі және қуаттылығы жоғары болады және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бұл саланың орны ерекше [2].
Халықтың жас мал етіне деген сұранысын қанағаттандыруда, саны мен сапасын арттыруда әр-түрлі аурулар едергі келтіруде. Сондай кедергілердің бірі ірі қара мал бруцеллезі. Ол Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ауруға ірі қара жылдың барлық мезгілдерінде шалдығады. Оған әсіресе жас мал бейім [3].
1.2 Зерттеу объектілері,базасы және мақсат,міндеттері.Дипломдық жұмыс ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Республикалық ветеринариялық зертхана ШЖҚ РМК Алматы қалалық өңірлік филиалында, Алматы қаласы, Алтын Орда ішкі сауда объектісіне және ҚазҰАУ ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасының сапа, қауіпсіздік және ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасында 2016-2018 оқу жылдарында орындалды.
Зeрттeудiң мaқсaты мeн мiндeттeрi.
Малдәрігерлік санитариялық бақылау жұмыстары адамды малдан, олардың өнімдерінен жұғатын аурулардан сақтайды және биологиялық құндылығы жоғары, сапалы тағамдық өнімдердің шығарылуын қамтамасыз етеді. Осыған орай, біз бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал етін ветеринариялық санитариялық сараптауды ішкі сауда объектісі жағдайында сатуға түскен кезде анықтауды, осыған байланысты шаруашылықтарда аурудың алдын-алу мүмкіншілігін қарастыруды мақсат етіп қойдық. Осы мақсатты орындау үшін біз алдымызға Алматы қаласы, Алтын Орда ішкі сауда объектісіне түскен ірі қара мал етінің сапасын анықтауда мынадай міндеттерді қойдық:
1. Бруцеллез ауруына оң әсер берген ірі қара мал етіне сезімдік зерттеулер жүргізу;
2. Бруцеллез ауруына оң әсер берген ірі қара мал етіне биохимиялық зерттеулер жүргізу.
3. Бруцеллез ауруына оң әсер берген ірі қара мал ұшасын және ішкі мүшелерін малдәрігерлік санитариялық сараптау.

2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Еліміздің ірі қара шаруашылығының дамуы. Қазақстан саяси-әлеуметтік-экономикалық дамуда әлемдік стандартқа сәйкес инновациялық негізде дамуы тиіс. Қоғамның дамуына, халықтың әл-ауқатының көтерілуіне оның әсері зор деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Жолдауында. Өркениет көшіне ілесу үшін елімізде аграрлық кешенді инновациялық дамытуды жеделдету, маңызды стратегиялық міндеттердің бірі- деген еді [3].
Оңтүстік шығыс аймағында тау алқабына орналасқан шаруашылықтарда, негізінен сүтті ірі қара өсіріледі. Ірі сүт өндіру кешендерін сүтті сиыр шоғырланған көлемді шаруашылықтарда мал негізінен табиғи жайылымдарды мүмкіндігінше ұзағырақ және кеңірек пайдалануға саяды. Малды жайып бағудың биологиялық, экономикалық, шаруашылықтық маңызы өте зор. Мал жайылымда үнемі қозғалыста болады. Күн сәулесінің ағзаны сауықтыру әсерін алады, таңдаған шөбін жейді. Ол денедегі зат алмасу үрдісін, қоректік заттардың қорытылуын, сіңімділігін жақсартады. Өнімі мол, әрі сапалы болуына ықпал етеді.
Жайылымда еркін жайылу организмнің физиологиялық қызметтерін жақсартады, төл ауырмайды, тез жетіледі. Малдың күйлеуі, ұрықтануы, іштегі төлдің жетілуі, өміршең болып туылуы және т.б. жақсарады. Сонымен қатар малды 7-8 ай бойы жайылымда ұстау еңбек шығынын 2-3 есе азайтады. Өнімнің өзіндік құны арзандайды [4].
Етті ірі қара шаруашылығының тиімділігі жас малды өсіру мен негізгі табынды күтіп-бағуға жұмсалатын шығын дәрежесіне байланысты. Етті ірі қара өсірудің көп жылдық тарихына қарамастан, бұл салада кейбір технологиялық мәселелер әлі жетілдірілмеген. Бұл мәселе, әсіресе жас малды, оның ішінде жас бұзауларды 6-8 айлығында енесінен бөлу технологиясына байланысты. Енесінің қасында емін-еркін еміп өсіп жүрген жас бұзауларды бөлу өте жауапты кезең, өйткені бұл уақытта оларды өсіру, азықтандыру мен күтіп-бағу жағдайлары күрт өзгереді. ажырату. Күтіп-бағу мен азықтандырудың осындай жаңа жағдайында бұзаулар организміне стресс фактордың (ішкі және сыртқы) әсері аз болмайды [5].
Енесінен бөлінген жас бұзаулардың өсуінің тоқтауы, қосымша салмақ қоспауы олардың жаңа жағдайға бейімделуіне байланысты. Бұл кезеңде жас бұзаулар ене сүтінен және жайылым шөбінен айрылып, шөпті-сүрлемді және жем беріп өсіретін қолда ұстайтын жағдайға көшіріледі. Бұл жағдайда орталық жүйке жүйесінің де үлкен әсері бар. Енесінен бөлгеннен кейін дербес тіршілік етуге тура келетіндіктен жас бұзауларға, әсіресе алғашқы айда қиындау соғып, жаңа жағдай олардың өсу интенсивтілігіне әсерін тигізеді. Етті ірі қара шаруашылығында бұл заңды құбылыс.
Черекаев А.В. етті ірі қара шаруашылығында бұзауларды енесінен бөлгеннен ейінгі 40-60 күнді өсу және жетілу кезеңі деп есептеуді ұсынады. Өйткені бұл кезеңде жас бұзаулар организмінің жағдайы, бөлгенге дейінгі жағдайға сәйкес келмейді, бұрынғы азықтандыру мен күтіп-бағу жағдайы
бөлгеннен кейінгі жағдайға ұқсамайды. Осының барлығы жас бұзаудың өсу интенсивтілігін төмендетеді. Әрбір шаруашылықта сауын сиырларының сүтін 2010 жылға дейін 4000-5000 кг-ға дейін көтеру көзделініп отыр, ол үшін: мал азығын молайту және селекциялық асылдандыру жұмыстарын жақсарту қажет, ал ірі қарадан алынатын ет өнімін, әр түрлі есептегенде 30-40 пайызға көбейту межеленуде.
Америка құрама штаттарынан алдырылған голштин-фриз ірі қарасын кейінгі уақытта жергілікті ірі қара малымен будандастырудың нәтижесінде көптеген сиыр табындары қалыптасты. Осы жұмыстың арқасында кейбір асыл тұқымды мал зауыттарында сиырлардан 8-10 мың кг-ға дейін сүт алу межеленуде, ал бордақыланатын малдардың тәуліктік қосатын салмағы 1000-1500 граммға жетуі тиіс. 20-дай сүтті, сүтті-етті және 8 сүтті ірі қарасының асыл тұқымды малдары Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында өсірілуде, айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қараларының көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан, кейінгі уақытта будандастыру және гибридизациялау арқылы ірі қараның жаңа асыл тұқымдарын қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Ірі қара шаруашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен қарқынды технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады. Ірі қара мал шаруашылығынан алынатын өнім жалпы мал шаруашылығының ішінде 60 % асса, ал Ресейдің солтүстік батыс облыстарында, Балтық теңізі бойындағы республикаларда және ауыр өнеркәсіпті тәуелсіз мемлекеттер достастығының аймақтарында бұл өнім 65-70 % дейін жетеді. Ірі қара мал сүт өнімі жағынан басқа ауыл шаруашылығы малдарына қарағанда көп алда. Көптеген алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда әр сиырдан жылына 7000 кг-нан артық сүт сауса, аса сүтті сиырлардан бір маусымда (305 тәулік ішінде) 27600 кг дейін сүт сауған, ал Кубаның Убре-Бланки атты сиыры тәулігіне 110,9 кг сүт берген. Бордақыланған малдардың тәулігіне қосатын салмағы 1500 г-нан да асуда. Өте төзімді және өмір сүретін орталығына тез бейімделгіш ірі қара малы, сондықтан да әлемнің барлық аймақтарында өсіріледі. Сонымен ТМД-ның 45-500С ыстықты аймақтарында және -600С қысы өте аязды аймақтарда да өсіріледі.
Ірі қара жаз айларында жайылымды жақсы пайдаланып, өнім өндіріп, шаруашылыққа көп пайда келтіре алады.
Кейбір етті асыл тұқымды ірі қара малының бұқалары 20 жасқа дейін де шаруашылықтарда пайдаланады. Ал, сүтті сиырлар одан да көп пайдаланылып, 23 жасқа дейін өмір сүре алады. Ғылыми деректер бойынша 35-40 жасқа дейін өмір сүрген сиырлар бар. Ал, орташа шаруашылықтарда сиырларды 10-12 жасқа, бұқаларды 7-8 жасқа дейін ұстайды, себебі бұл малдардың жасы ұлғайған сайын өнімі азайып, төлдеуі кеми бастайды [6].

2.2 Бруцеллез ауруына сипаттама. Бруцеллез — Brucellosis — ауыл шаруашылығы малдары мен жабайы жануарларды және адамды зақымдайтын созылмалы жұқпалы ауру. Ауырған мал iш тастайды, шуы түспейдi, жатыры қабынады, қысыр қалады, қынабы мен буындары iрiңдеп қабынады, енi iсiп шамадан тыс үлкейедi. Бұл ауру сойыс малдарының арасында жиi кездеседi. Ауру қоздырушысының бiрнеше түрi бар; iрi қара бруцеллезiнiң қоздырушысы — Br. abortus, қой мен ешкiде — Br. melitensis, адам бруцеллезінің негізгі қоздыршысы шошқада — Br. suis, итте — Br.canis, (басқа түрлерiнiң болуы да мүмкiн). Бұл түрлерiнiң өздерi бiрнеше жiктерге бөлiнедi. Бруцелланың әр түрi бiр малдан, екiншi малға ауысуы ықтимал. Қой мен ешкi Br. melitensis сиыр мен буйволға, шошқаның Br. suis қой мен ешкiге ауысқаны дәлелденген. Адам үшiн бруцеллез қоздырушыларының барлығы да қауiптi.
Бруцелла микроскоппен қарағанда шар, тырнақша, қысқа таяқша тәрiздес, былайша айтқанда микрококктар мен таяқшалардың арасынан орын алатын микроб (0,6-1,5 х 0,4-0,6 микрон). Олар көбiнде ретсiз, кейде бiр-бiрiмен тiзбектелiп немесе қосарланып жатады, спора мен капсула түзбейдi, қозғалмайды, әдеттегi бояулармен жақсы боялады, Грам бойынша боялмайды. Бруцеллез ауруының қоздыруышысы сыртқы ортаның әсерiне бiршама төзiмдi келедi, салқындықта ұзақ уақыт сақталады. Жер бетiнде 40 тәулiк, 5-8 см тереңдiкте 60 тәулік, ылғалды жерде 90 тәулiкке дейiн тiршiлiк етедi. Тiкелей түскен күн сәулесi бiрнеше минуттен 3-4 сағат аралығында, ал шашырап түскен күн сәулесi 7-8 тәулiкте өлтiредi. Бруцелла 70С ыстықта 10 минут, 80-85С 5 мин кейiн, қайнатқанда лезде өледi, ал 56С ыстықта 15-90 минутке шыдайды. Бруцеллез микробы 25-35 рет тоңазытып және жiбiткенге шыдайды. Салқын жерде сақталған залалданған етте ұзақ сақталады, 23С мұздатылған етте 47 тәулiк бойы тiршiлiк ету қабiлетiн сақтаған. Тұздалған етте де ұзақ уақыт сақталады, тiптi 182 тәулiк бойы өзiнiң уыттылығын жоймаған. Iшiнде бруцелласы бар еттен шикiлей ыстап дайындалған шұжықта қоздырушысы тез (3 аптада) өледi. Бруцеллез малдың етiнен дайындалған пiсiрілген шұжықта аурудың қоздырушысы табылмайды [7].
Малдың техникалық шикiзатында, (терiсi мен жүнiнде) әсiресе қой мен ешкiден алынғандарында, бруцеллалар ұзақ уақыт тiршiлiгiн сақтайды (жүнде 1,5-4 ай). Сүт пен сүт тағамдарында да бiршама ұзақ сақталады, салқындатылған сүтте 4-7 тәулiк, iрiмшiк, май, брынзада (тұзды iрiмшiк) 67 тәулiкке дейiн тiршiлiк қабiлетiн сақтайды.
Ал, ендi бруцелланың химиялық заттарға шыдамдылығына келетiн болсақ, фенолдың 2 % ерiтiндiсi, креолиннiң 2 %, лизолдың 0,5 %, формалиннiң 2 %, хлораминнiң 0,01 %, карбол қышқылының -2-3 %, соданың 5 % және хлорлы әктiң 1 % ерiтiндiлерi ауру қоздырғышын тез өлтiредi.
Бұл ауру Орта Азия, Закавказье және Қазақстанда, Поволжье мен Батыс Сiбiрде көбiрек орын алып келедi. Қазақстан республикасының солтүстiк және орталық облыстары шаруашылықтарындағы iрi қараның арасында ауру жиi кездесуде.
Сояр алдындағы диагностика. Сойыс малдарында бруцеллезге тән клиникалық белгiлерi, аса бiлiнбейдi. Сондықтан да, бруцеллезге күдiктi малдар серологиялық және аллергиялық тәсiлдермен тексерiледi.
Ауру малда бурсит, гигрома, артрит, тендовагинит, абцесс, ал қошқар мен бұқа және қабанда орхит және эпидимит байқалады.
Бруцеллезбен ауырған жылқының шоқтығында бурсит, тiзесiнде артрит (тiзедегi iсiктiң үлкендiгi жұдырықтай болып, бұлтиып шығып тұрады) болады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Бруцеллезбен ауырған малдың органдарында кездесетiн патологиялық анатомиялық өзгерiстерi ауруға аса тән болмайды. Iрi қара желiнiнiң паренхимасында қатты фиброзды желiнсау, бүйректерiнде нефрит байқалады. Лимфа түйiндерi үлкейген, тiлiп қарағанда шырышты келедi, көмескiлеу келген нүктелер немесе сары түстi ойдым-ойдым некроздар (өлi еттену) кездеседi. Көбіне бауыры, бүйректерi, көк бауыры және басқа паренхиматоздық органдарынан бiтеу жаралар (абцесс) табылады. Қойдың лимфа түйiндерi мен көк бауырында қарақұмықтың үлкендiгiндей түйiндер болады, өкпесiнде пневмонияға тән өзгерiстер кездеседi.
Шошқаның сирақтары мен мойын бұлшықеттерiнде өзгерiстер байқалады, қабынған өкпелерi суланып iрiңдейдi. Жатырдың шырышты қабықтары қабынады, үлкендiгi қара қурай дәнiндей, тiптi бұршақтай қатты түйiндер пайда болады, бiрақ-та олар әктенбейдi. Еркек малдың қабынған енi мен ен қалқасынан абцесс пен некрозды ошақтар табылады (орхит). Қой мен ешкi, шошқа, сiбiр бұғысы т.б. малдардың осы ауруға тән патологиялық анатомиялық белгiлерi болып олардың артқы жiлiншiк, тұсамыс тағы басқа буындарының шорбуындауы (артрит) саналады.
Малдың тiрi кезiнде жаппай жүргiзiлетiн диагностикалық тексерулер бруцеллездiң сойғаннан кейiнгi диагностикасын едәуiр жеңiлдетедi.
Жылқыда бруцеллез астыртын түрiнде өтедi. Ауру жылқының шоқтығы, шүйдесi және шемiршегi iрiңдеп қабынады, тендовагинит, артрит, синовит және бурсит пайда болады, кейде омырау мен құрсақ тұстарының терiсiнiң астынан күмпиген iсiк байқалады [8].
Ветеринариялық санитариялық бағалау. Бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал мен шошқаның, түйенің, жылқының еті ұшасы мен мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерістер болмаған кезде ет 12 сағат тұрғаннан кейін шектеусіз шығарыла береді. Ұша мен мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерістер анықталған жағдайда, шұжық және консерві өнімдеріне шығарылады.
Бруцеллезге оң әсер берген қой мен ешкіні санитариялық союдан алынған ет Қағидаларды сақтай отырып, пісірілген шұжықтарға немесе консервілерге қайта өңделеді.
Аурудың клиникалық белгiлерi мен патологиялық анатомиялық өзгерiстерi байқалған малдың барлық түрлерiнiң (уақ малдан басқа) еттерiн пiсiргеннен соң шығарады. Оң реакция бергенмен аурудың клиникалық белгiлерi мен патологиялық анатомиялық өзгерiстерi болмаған iрi қара мен шошқа ұшаларын тежеусiз шығарады. Егер де, бұл мал Br. melitensis қоздырушысы бар ошақтан шыққан болса, олардың еттерiнен, шұжық, (85-90 0С батон ортасына 750С кем емес) консервi, ет нанын дайындайды.
Бруцеллезге оң реакция берген сиыр желiнiн тиiстi ережеге сай пiсiрiп зарарсыздандырады, ал аурудың клиникалық белгiлерi мен патологиялық анатомиялық өзгерiстерi болған жағдайда — ет ұнын дайындауға жiбередi немесе пiсiргеннен кейiн мал азығы үшiн пайдаланады.
Бруцеллездiң клиникалық белгiлерi мен патологиялық өзгерiстер табылған малдың барлық түрлерiнiң, сондай-ақ бруцеллезге (қой мен ешкiден басқа) ұшаларын, еттерiн сылып алып, сүйектерiн тағамдық май алуға немесе малдың құрғақ азығын дайындауға жiбередi.
Бруцеллезге оң реакция берген немесе аурудың клиникалық белгiсi болған малдың (уақ малдан басқа) басын, бауырын, жүрегiн, өкпесiн, бүйректерiн, қарындарын және басқа органдарын залалсыздандырғаннан кейiн шығарады.
Iрi қара мен шошқаның құлақтары мен сирақтарын, iрi қараның ерiндерi мен шошқаның құйрықтарын пiсiрместен бұрын, алдын-ала, ыстық суға салып жидiтедi немесе үйтедi, шошқа басын үйітедi, қарынын жидiтедi.
Бруцеллезге оң реакция берген малдардың iшектерiн, өңештерi мен қуықтарын құрамына 0,5 % тұз қышқылы бар тұз ерiтiндiсiнде 15-20С температурада 48 сағат ұстайды, сұйықтық коэффициентi 1:2. Аурудың клиникалық белгiсi бар малдан алынған iшектер, өңештер мен қуықтарды пiсiрген соң мал азығына пайдаланады немесе құрғақ мал азығын дайындайды.
Аурудың клиникалық белгiсi бар және бруцеллезге оң реакция берген малдардың қанынан құрғақ мал азығын немесе техникалық өнiмдер дайындауға рұқсат етiледi [9].
Бруцеллезге шалдыққан малды сойғанда сақтық шаралары қатаң сақталуға тиіс. Мал союшылардың арнайы киiмдерiн суға қайнатады (30минут) немесе хлораминнiң 1% ерiтiндiсiне 3 сағат салып қояды, ол үшiн киiмнiң 1 кг 4-5 литр ерiтiндi қажет.
Ауру мал сойылған бөлме ең алдымен механикалық жолмен тазаланады. Содан соң, дезинфекцияланады. Ол үшiн әктiң 25% мөлдiр ерiтiндiсi, күйдiргiш натрдың 2 % ыстық ерiтiндiсi т.б. дезинфекциялаушы заттар пайдаланылады.
Жануарларға бруцеллезге жаппай диагностикалық зерттеулер жүргізген кезде Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйым (бұдан әрі — ХЭБ) ресми түрде ұсынған серологиялық тестілер қолданылады: комплементті байланыстыру реакциясы CF (КБРКҰБР), Бруцелланың буферден тыс антигенімен тест — ВВАТ (ПРАРБС), иммундық ферментті талдау — Elisa (ИФТ) және флюоресцентті поляризация — FPA (ФПА). Бруцеллез бойынша табынның (отардың) мәртебесін анықтау үшін бактериологиялық (биосынама қоя отырып) әдіс немесе ПТР қолданылады.
Жануарлардың жеке түрлерін зерттеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында бруцеллез диагностикасының мынадай әдістері қолданылады:
Ірі қара мал — серологиялық: агглютинация реакциясы (бұдан әрі — АР), комплиментті байланыстыру реакциясы (бұдан әрі — КБР) немесе комплиментті ұзақ байланыстыру реакциясы (КҰБР), Роз-бенгал сынамасы (бұдан әрі — РБС), сүтпен шығыршық реакциясы (бұдан әрі — ШР), О-ПС антигенімен иммунды диффузиялық реакциясы (бұдан әрі — ИДР), иммунды ферментті талдау (бұдан әрі — ИФТ). Табынның (отардың) мәртебесін растау үшін биологиялық материалды, іш тастаған жағдайда — іш тасталған төлдерді биологиялық сынама (бұдан әрі — биосынама) қоя отырып бактериологиялық немесе ПТР зерттейді [10].

2.3 Ірі қара етінің морфологиялық құрылымы және қоңдылығын анықтау
Ет ақшыл қызыл түсті болып келеді, бірақ, ол мал түрін, жасына, қоңдылығына байланысты ерекшеліктер болады. Сиыр еті — ақшыл қызыл. Көлденең жолақты еттердің қызыл түсі миоглобин нәруызына байланысты. Ет түсіне әсер ететін факторлар: жасы, жынысы, қоңдылығы, аз немесе көп жұмыс істеуі, еттің термиялық жағдайы, қансыздану дәрежесі, балаусалығы.
Жаңа сойылған мал етінің консистенциясы тығыз, ал салқындаған етте серпімді. Мұндай етті саусақпен басып байқағанда пайда болған шұңқыр тез түзеледі. Ал мұздатып ерітілген етте шұңқыр өте жай түзеледі [11].
Еттің иісі — өзіндік әр мал түріне сәйкес. Ол жаңа сойылған мал етінде жақсы сезіледі. Ет жетілгеннен кейін онда өзіндік жағымды иіс пайда болады. Сиыр және қой ұшаларының желінге жақын жатқан жерлерінен сүт иісі білінеді. Салқындаған етте сүйкімді, етке тән иіс сезіледі. Мұздатылған еттің иісі болмайды.
Аспаздық өңдеуден өткен еттің дәмі көптеген себептерге байланысты өзгереді. Пісірілген немесе қуырылған сапалы еттің иісі жағымды, дәмі сүйкімді. Пішілмеген және кәрі малдың, сондай жұмыс көлігіне көп пайдаланылған малдың еттері сапасыз [12].
Ірі қара мал ет талшықтарының арасында майдың жұқа қабаттары бар (мәрмәрға ұқсайды), дәнекер ұлпалары жақсы жетілген, майы қатты, қолға уқалағанда үгіледі, түсі ақ-сары, өзіне тән иісі бар. Қайнатқанда иісі сүйкімді, аздап дәмді көрінеді.
МС 779-91 бойынша ірі қара мал етін қоңына қарай екі деңгейге бөледі.
Сиыр, өгіз және үш жастан асқан сиыр етінің 1-деңгейдегі қоңдылыққа (1 категория) мына көрсеткіштер бойынша жатқызады:
oo еті жақсы жетілген, арқа, бел омыртқаларының жоталық өсінділері, шоңданайдың басы, жамбас сүйектің сербегі байқалмайды, 8-ші қабырғадан бастап, шоңданайдың басына дейін шел май басқан, бірақ майсыз аралықтар да болуы мүмкін;
oo шабында, мойны мен жауырынында, алдыңғы қабырғалары мен санында және жамбас қуысында майы бар.
2-ші категориялы қоңдылықты мал ұшасының жоталық өсінділері, шоңданайдың басы және жамбастың сербегі көрініп тұрады. Шоңданайдың басы, белдегі мен соңғы қабырғалардың үстінде ғана майы бар [13].
1-ші категориялық қоңдылықты бұқа ұшасының еті жақсы жетілген, мойын, жауырын, жамбас, сан еттері толық, омыртқалардың жоталық өсінділері байқалмайды. Ал, 2-ші деңгейдегі қоңдылықты ұша етінің жетілуі қанағаттанарлық, жауырын — мойын және жамбас сан еттері толмаған, жауырыны білініп тұрады.
Бір тума сиыр етін оның семіздігіне және массасына байланысты қоңдылықтың екі категориясын ажыратады. 1-категориялық қоңдылыққа, массасы 165 кг артық, еті жақсы жетілген, жауырын сан еттері толық, омыртқалардың жоталық өсінділері, шоңданай басы, жамбас сербегі байқалмайтын және құйрық түбінде, санның ішкі бетінде шел майы бар ұшаны жатқызады [14].
2-ші категориялы қоңдылықтағы ұшаның массасы 165 кг артық, етінің жетілуі қанағаттанарлық, сан еті толмаған, омыртқалардың жоталық өсінділері, шоңданай басы, жамбас сербегі жақсы білінеді, шел майы болмауы да мүмкін. Егер ұшаның массасы 165 кг кем болса, оның қоңдылық дәрежесі сақа мал қоңдылығына сәйкес анықталады.
Жас мал еті (өгізше, тана-торпақ үш айдан үш жасқа дейін) массасына және қоңдылығына байланысты 2 категорияға бөлінеді:
1-категориялы жас мал етіне — ұшаның еті жақсы дамыған, жауырын, сан еті толық, ал омыртқаның жоталық өсіндісі, щоңданай басы, жамбас сербегі аздап қана байқалатын және ұшаның массасы 230 кг артық таңдаулы малдан алынған (тірідей массасы 450 кг жоғары), массасы 195-230 кг
1-ші классты жас малдан (тірідей массасы 400-450 кг) массасы 168-195 кг дейін;
екінші классты (тірідей массасы 350-400 кг) массасы 168 дейін;
3-ші классты (тірідей массасы 300-350 кг) жас малдан алынған еттерді жатқызады.
2-ші категориялы жас мал етіне еті қанағаттанарлық дәрежеде дамыған, сан еті толмаған, омыртқалардың жоталық өсінділері, шоңданай басы, жамбас сербегі айқын көрініп тұрған ұшаларды жатқызады.
1-ші категориялы бұзау етінің (сүт еміп жүрген бұзау) еті қанағаттанарлық жетілген, түсі ақшыл-қызғылт, сан еті толық, бүйрек айналасында, жамбас қуысында, қабырғасында және сан етінің әр жерінде майы бар. Омыртқалардың жоталық өсінділері байқалмайды [15].
2-ші категориялы бұзау етіне (қосымша азық алатын) қаңқа еті аса қанағаттанарлық жетілмеген, түсі қызғылт, аздаған май бүйрек айналасында, жамбас қуысында және белдемеде кездеседі. Омыртқа өсінділері байқалады.
Бұзау еті ішкі сауда объектілеріне бүтін немесе ұшаны ұзыннан екіге бөлінген түрінде шығарылады. Сонымен қатар ұшада ішкі белдеме еттері, бүйрек, бүйрек айналасындағы және жамбас қуысындағы май қалдырылады.
Ал, сиыр еті ұзыннан бөлінген жарты ұша немесе төртке бөлінген түрінде және ішкі белдеме етсіз шығарылады. Ұшада ішкі мүшелер қалдықтары, ұйыған қан, қанталаған еттер, салпыншақ қалдықтар болмауы тиіс.
Арық мал еті, бұқа еті, стандартқа сай өңделмеген ұша (жарты ұша немесе ұшаның төрттен бірінің 15 пайыздан астамы тазаланған, шел майы жырымдалған, омыртқа арқылы ұшаны бөлу дұрыс жүргізілмеген, мойын еті қарайған және бір реттен артық мұздатылған) сатуға жіберілмейді. Мұндай еттерді тағамдық, өндірістік өңдеуге жібереді [16].

3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Зерттеу материалдары мен әдістемесі. Дипломдық жұмыс сатылуға әкелінген, бруцеллезге оң әсер берген малдың сойыс өнімдерінің сапасын анықтауға арналған. Жұмыс барысында ірі қара мал ұшасын сезімдік және биохимиялық тәсілдер арқылы ветеринариялық санитариялық сараптаудан өткізіп, тексеруге бағытталған. Жұмыс ветеринариялық санитариялық сараптаудың негізі болып саналатын, сезімдік зерттеулер жүргізуден басталды. Сезімдік зерттеулерде ұша, мүшелердің көрсеткіштері: пішіні, түсі, консистенциясы немесе тығыздығы, ұшаның қансыздану дәрежесі, бауыздық жағдайы және лимфа түйіндерінің өзгерістері тексерілді.
Дипломдық жұмысты жүргізген және практикадан өткен Алматы қаласы, Алтын Орда ішкі сауда объектісіндегі ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасының мал дәрігерлерімен бірге ірі қара мал бруцеллезіне сезімдік зерттеулер жүргізілді. Етте жүретін өзгерістерді тексеру арқылы мал етінің балаусалығы немесе күдікті мал еті екендігі тексерілді және ауру мал еті мен өнімдерінің пайдалану жолдары, яғни тағамға жарамдылығы Ветеринариялық қағидалар ережесіне сәйкес шешілді.
Дипломдық жұмысты орындау кезінде 7 ірі қара мал ұшасы пайдаланылып, 39 сезімдік, 20 физикалық, 17 химиялық зерттеулер жүргізілді.
Ұша және мүшелерді ветеринариялық санитариялық сараптау кезінде: бауыздықтың жағдайы, қансыздану дәрежесі, ұша бетіне қабықшаның (фасция) түзілуі, сезімдік тексерулер: бұлшықеттерінің жетілуі, ұша етінің тілік бетіндегі және сыртқы түсі, иісі және концистенциясы немесе тығыздығы зерттелді. Жылқы ұшасынан, етінен сынамалар алынып, ветеринариялық санитариялық сараптаулар жүргізіліп, ветеринариялық санитариялық сараптауда жалпылама қолданылатын тәсілдер арқылы зерттелді.
Еттің сезімдік және биохимиялық көрсеткіштері 7269-91 (Ет. Сынама алу тәсілдері және балаусалықты анықтаудың сезімдік тәсілдері) Мемлекеттік стандартына сәйкес 7 ірі қара малы ұшасынан сынамалар алынып, зерттелінді.
Парахинондиимид ферментінің белсенділігі пероксидаза реакциясымен, бензидин ертіндісімен сутегінің асқын тотығы арқылы анықталды.
Еттің қышқылды-сілтілік ортасы немесе ет құрамына сутек иондарының шоғырлануы рН-340 иономерінің көмегімен анықталды. Жұмыс ИСО 2917-94 сәйкес жасалды.
Аминді-аммиакты азоттың мөлшері Сафронов А.М. әдісімен, пептидтер мен полипептидтер Лубянецкий тәсілімен жасалды.
Сорпадағы ақзаттың алғашқы ыдырауынан пайда болған өнімдердің мыс иондарымен әсерлесіп, кешенді мыс сульфатының тұнбаға түсуі 23392-91 стандарт талаптарына сәйкес жүргізілді.
Ірі қара малы етінің микробтармен ластануын 21237-91 Ет. Бактериологиялық талдау әдістері стандартына сәйкес бактериоскопиялық әдіспен микробтарының саны анықталды.
Дипломдық жұмыста Ветеринария туралы заң талаптарын негізге ала отырып, Ветеринариялық санитариялық қағидалар (2015 жылғы) ережелеріне және Н.Ф.Шуклин, Т.Телеуғали, А.Ә.Жұмагелдиевтің редакциялауымен шығарылған Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов. Их стандартизация и сертификация Алматы, 2011, С.Қырықбайұлы, Т.М.Телеуғали Малдәрігерлік санитариялық сараптау практикумы Алматы, 2013 және В.С.Макаровтың Ветеринарно-санитарная экспертиза, практикум М.: 1988. және А.Н.Журавская, С.В.Отряженкова Контроль и качества мяса М.:1996, Позняковский В.М. Экспертиза мяса и мясопродуктов качество и безопасность. — Новосибирск, — 2005. оқулықтарының талаптарына сәйкес жүргізілді.

3.2 Алтын Орда ішкі сауда объектісінің ветеринарлық санитарлық сараптама зертханасына сипаттама
Алтын Орда әмбебап сауда кешені Алматы облысы, Қарасай ауданында, Алматы Самара трассасының бойында орналасқан. Алтын Орда жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2003 жылғы қазаннан бастап ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасы жұмыс жүргізуде. Зертханада 4 қызметкер жұмыс жасайды. Зертхана меңгерушісі — Б.Ибрагимова, мал дәрігері — Ж.Омаров, лаборант Ж.Сапарова, мал дәрігерлік инспектор Д.Масимов. Зертхана меңгерушісінің мал дәрігерлік жұмыспен айналысуға құқығы бар лицензиясы Алматы облыстық аумақтық басқармасының, ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімінде және салық инспекциясында тіркелген.
Ішкі сауда объектісінің арнаулы мал соятын орны бар. Жұмыс механикаландырылған, ток күшінің көмегімен жүргізіледі. Малдың қаны ағатын орын, ішек-қарын т.б. қалдықтарды жинайтын орындар ұйымдастырылған. Ішкі сауда объектісінің ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасы: халықты таза, санитарлық сапасы жоғары өніммен қамтамассыз ету үшін, ашыған, көгерген, бұзылған сапасы күмәнді өнімдерді сатуға жібермей, пайдалануға жарамсыз деп табылған өнімдерді жойып, мал өнімдерінен адамға жұғатын ауруларды анықтап, сапалы сараптау жұмыстарын жүргізеді. Ішкі сауда объектісінің үлкен ет сататын павильон бөлек орналасқан. Онда ветеринариялық санитариялық сараптау бөлмесі, ет шабатын орын, ұшаларды өлшейтін үлкен таразы бар. Бөлмелер желдеткішпен қамтамасыз етілген. Ет сақтайтын тоңазытқыш камералар орналасқан. Сүт және сүт өнімдерін тексеру бөлімдерінде серіктестікке келіп түскен қымыз, шұбат, айран, қаймақ, сүзбе, сүт зерттеледі және сонымен қоса жеміс-жидектердің құрамындағы нитрат-нитриттердің мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізіледі. Тағамдық өнімдерді сататын сатушылардың медициналық куәліктері — санитариялық кітапшасы бар және олар жарты жылда бір рет медициналық тексеруден өтіп тұрады.
Алтын Орда ішкі сауда объектісінің ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасының мақсаты: Ішкі сауда объектісіне сату үшін әкелінген өнімдерді ветеринариялық санитариялық сараптап, ет және ет өнімдерін, құс және құс шаруашылығы өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін, балауса балық, бал және ара шаруашылығы өнімдері, жеміс-жидектер, көкөністерге т.б. өнімдерге биохимиялық, бактериоскопиялық, токсикологиялық және т.б. тексерулер үшін сынама алу және тексеру.
Алтын Орда ішкі сауда объектісінің малдәрігерлік санитариялық сараптау зертханасы өнімдердің сапасын анықтау үшін жүргізілетін реакцияларға қажетті әр түрлі реактивтер және рН-метр немесе иономер рН-340, ЕВ-74, таразы ВЛКТ-500, ДРГ-03м, лактан, центрифуга, термостат, кептіргіш шкаф, проекционды компрессориум, лактоденциметр, ареометр, жиромермен зертханалық ыдыстармен және құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, базарда сатып алушыларға арналған бақылау таразысы, өнімдерге арналған таразы, ет шабуға арналған құрылғылар, жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке гигиеналық киімдері — қолғап, алжапқыш, пышақтар, қайрақтар бар. Әр дүйсенбі сайын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.
Реактивтер белгілі мөлшерде пайдаланылады. Техникалық қауіпсіздік шаралары да сақталынуда. Сынама алу ережелерімен орташа сынама алу мөлшері өнімнің түріне және зерттеу сипатына байланысты арнайы нұсқаулықта жазулы тұр. Ішкі сауда объектісіне келіп түскен өнімдерді тексерген … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz