Инвестицияны қысқа мерзімді қаржыландыру тәсілі ретіндегі факторинг пен форфейтинг

0
300

Инвестицияны қысқа мерзімді қаржыландыру тәсілі ретіндегі факторинг пен форфейтинг

МАЗМҰНЫ

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 3
1 Инвестицияны қысқа мерзімді қаржыландырутәсілдерінің жетілдірілген нысандары … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 5
1.1 Қысқа мерзімді банктік несиелеу – ивстициялық жобаларды қаржыландыру әдісі ретінде … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..5
1.2 Факторинг және форфейтинг операцияларының пайда болуы мен әлемдік нарықтағы рөлі және түрлері … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..7
1.3ҚР-да факторинг және форфейтингтік несиелеуінің мәселелері мен шешу жолдары … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .8

2 ҚР-да факторинг және форфейтинг нарығының қызметтеріне талдау … … … … … … … . … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …10
2.1 Экспорттық-импорттық операцияларды факторинг және форфейтинг несиелеулерінің қатысушылары мен жұмыс істеу механизмдері … … … … ..10
2.2 Факторинг және форфейтинг операциялары туралы жаңа түсініктер мен көзқарастардың өзгерісі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..13
2.3 Факторинг пен форфейтингтің артықшылықтары мен кемшіліктері … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..15

3 Бизнес-жоспар Ағаш бұйымдар жасау шеберханасы … … … … … .. … …18
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … .31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … 33

Кіріспе

Факторинг – банкілердің тапсырыскерге көрсететін қызметтерінің түрі; жеткізуші-клиенттің мамандандырылған мекемеге (факторингілік компанияға, банкінің факторингілік бөліміне) жеткізілген тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактураларды) ұсынуына байланысты сауда-комиссиялық операциялардың бір түрі, яки жеткізуші-кәсіпорынның айналым капиталын несиелендіруі. Мұнда несиелендіру сатып алушы төлемеген борышқорлық талаптарды (жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төлем құжаттарын) басқа тұлғаға (факторға) берумен және факторға ол бойынша төлем алу құқығын табыстаумен байланысты болады. Факторинг рөлін банкілер, несие, қаржы мекемелері, банк операцияларымен айналысатын басқа да мекемелер атқарады. Факторинг қызметімен айналысу үшін фактор ұлттық (орталық) банкіге жазбаша өтініш жасап, оның келісімін алуы тиіс. Факторинг қызметінде банк талаптан шегіну шарты бойынша тапсырыскердің борышқорларынан борышты өндіріп алу құқығын тапсырыскерден сатып алады және тапсырыскерге өзінің қаражатынан сатып алынған борыштың 90%-ына дейінгісін төлеп‚ өзінде сыйақы ретінде әлдебір пайызын қалдырады. Факторингілік қызмет көрсетудің мақсаты – алашақты (дебиторлық берешекті) дер кезінде инкассолау, төлемнің мерзімі өтуінен болатын шығасыны қысқарту, күмәнді борыштың пайда болуына жол бермеу, несиені басқаруда және бухгалтерлік есепті жүргізуде көмек беру, жеткізушінің өндірістік қызметінің ойдағыдай болуы үшін жақсы жағдай жасау, мұның өзі кәсіпорынның айналым мен пайданы молайтуына септігін тигізеді. Факторингілік компания төленбеген шот-фактуралардың меншіктенушісіне айналады және олардың төленбеуі қатерін өз мойнына алады[14].
Форфейтинг сөзі француз тілінде a forfait аударғанда құқықтан бас тарту дегенді білдіреді. Форфейтинг- тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білідіру үшін пайдаланылатын термин.
Форфейтинг – қызметі халықаралық сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.
Форфейтинг – бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабына сатып алуы.
Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны – импортерды іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель берушінің беделі немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мән берілетіні мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.
Курстық жұмыстың мақсаты – ҚР коммерциялық банктері жүзеге асыратын факторинг және форфейтинг операцияларының экономикалық мәнін түсіну және тәжірибедегі ерекшеліктері мен мәселелерін анықтау болып табылады. Аталған мақсаттарға сәйкес, келесі міндеттерді алға қойдым:
oo Қысқа мерзімді банктік несиелеу – ивстициялық жобаларды қаржыландыру әдісі ретінде;
oo Форфейтинг коммерциялық несиенің қайта қаржыландыру құралы ретіндегі пайда болуы мен болашағы;
oo Факторинг операциясының пайда болуы мен әлемдік нарықтағы рөлі және түрлері;
oo Экспорттық-импорттық операцияларды факторинг және форфейтинг несиелеулерінің қатысушылары мен жұмыс істеу механизмдері;
oo Коммерциялық банктердің активті операцияларының жаңа бағыты – факторинг пен форфейтинг ерекшеліктері;
oo Факторинг пен форфейтингтің артықшылықтары мен кемшіліктері;
oo ҚР коммерциялық банктерінің факторинг және форфейтингтік операцияларына талдау;
oo ҚР-да факторинг және форфейтингтік несиелеуінің мәселелері мен шешу жолдары.
Курстық жұмыста отандық және шетелдік авторлардың ғылыми еңбектері қолданылды.

1 Факторинг пен форфейтинг инвестициялық жобаларды қаржыландыруда банктік несиелердің жетілдірілген нысаны ретінде

0.1 Қысқа мерзімді банктік несиелеу – ивстициялық жобаларды қаржыландыру әдісі ретінде

Инвестицияны қаржыландырудың ерекше формалары-ипотекалық,вексельдік несиелеу,лизингтік,факторинттік,фор фейторингтік операциялар болып табылады. Вексельдік несиелеу – қысқа мерзімді несиелеу. Вексельдік несиелеу екі нұсқада болуы мүмкін – төлемді ұзартумен вексельді сату және вексельдік заем. Бірінші жағдайда банк клиентке вексельді оның төлемін ұзартумен белгілі мерзімге сатады.Екінші жағдайда клиентке белгіленген мерзімде банкке беру арқылы клиенттің банкке қайтаратын векселіберіледі. Вексельдік неселер келесі себептер бойынша жақсы:
oo біріншіден,төлемді ұзарту үшін төлем несие бойынша ставкадан төмен болуы мүмкін,себебі ақша қаражаттарының қозғалысы қажет етілмейді;
oo екіншіден вексельдік несиелеу кезінде несие беру кезінде белгіленген бірқатар шектеулерден бас тартуға болады,мысалы,клиенттің балансы бойынша несиені материалдық қамтамассыз ету.
Төлем мерзімін ұзарту белгіленетін мерзім ешөандай нормативтік құжаттармен шектелмейді. Сондықтан мерзімдер банктің өзімен бекітіледі.
Қысқа мерзімді несиелеудің негізгі түрлері:
– айналым қаражаттарын толықтыруға алынатын несиелер;
– сауда-сатып алу қызметіне алынатын несиелер;
– келісім-шарттарды жүзеге асыруға алынатын несиелер.
Несие бойынша проценттік қойылым қарыз алушының қаржылық жағдайын,несиенің қамтамассыз етілу өтімділігінің деңгейін,клиеттің банкке ашылған шоттары бойынша айналымдардың көлемі мен тұрақтылығын,несиелік тарихы және басқа шарттарды есепке алғанда бекітіледі.
Қысқа мерзімді несиелеудің негізгі түрлері.
:: айналым қаражаттарын толықтыруға алынатын несиелер;
:: сауда – сатып алу қызметіне алынатын несиелер;
:: келісім шарттарды жүзеге асыруға алынатын несиелер.
Несие бойынша проценттік қойылым қарыз алушының қаржылық жағдайын, несиенің қамтамасыз етілу өтімділігінің деңгейін,клиенттің банкте ашылған шоттары бойынша айналымдардың көлемі мен тұрақтылығын,несиелік тарихы және басқа шарттарды есепке алғанда бекітіледі.
Төменде несиені беру бойынша мүмкіндікті қарастыру мақсатында банкке ұсынылатын құжаттар тізімі :
1)Несиелік тапсырыс.Несиенің мөлшері,мерзімі,мақсатты пайдалануы,ұсынылатын несиенің қамтамасыз етілуі және жоспарланатын өтеу көздерін міндетті көрсетумен еркін формада құрылады.
2)Құрылтайшылық және тіркеу құжаттары,олар белгіленген тәртіпте расталады:
:: құрылтайшылық келісім шарт;
:: жарғы;
:: мемлекеттік тіркеу туралы құжат;
:: лицензиялауды талап ететін жузеге асырылатын қызметтің түріне арнайы рұқсат (лицензия);
:: бас директорларды және бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрық;
:: ұйымның қолдары мен мөрінің үлгілері бар карточка (ол нотариалды және қызмет көрсететін банкпен расталады).
3)Бухгалтерлік есеп:
:: жылдық қаржылық есеп;
:: бухгалтерлік баланс;
:: аудиторлық қорытындылар.
4)Қызмет көрсететін банктен анықтама ,ол жерде шоттар бойынша әр ай сайынғы айналымдар және міндетті әр ай сайынғы төлемдер туралы ақпарат болады.
5)Техникалық-экономикалық негіздеме,бұл жерде өтелу мерзімі және несиені қайтару ақпараттары беріледі,ол келесілерді көрсетуі қажет:
:: клиент қызметінің негізгі түрлері;
:: ұсынылатын несиенің мақсаты;
:: есептік мерзімдер және өндірістінің құны;
:: өткізу нарығын талдау;
:: несиелеуге қарастырылатын мәміленің толық қаржылық есебі;
:: несиелік жобаны жузеге асырудан кутілетін пайданың және барлық төленетін салықтардың есебі.
6)Келісімшарттар ,ол несиеленетін мәміледен шығады:
:: несиеленетін тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу және өткізу бойынша кесісімшарттар;
::тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау,тасымалдау сақтандыру және т.б. мақсаттарда қарыз алушымен жасасқан келісімшарттар;
:: белігілі тауар топтамаларына және жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін құжаттар.
7)Несиенің қамтамасыз етілуі. Несиені қамтамасыз етумен (кепілдеме,банктік кепілдеме) байланысты құжаттардың толық жиындығын ұсыну кажет. Клиенттің (қарыз алушының)өзі,сонымен бірге клиенттің міндеттемелері бойынша жауап бере алатын үшінші тұлға кепіл беруші бола алады[7].
8)Клиенттің несиелік тарихын сипаттайтын құжаттар – есептелген пайыздарды есепке алғандағы бұрын берілген несиеледі өтеу және ұсынуды растайтын құжаттардың көшірмелерін беру.
9)Басқа ақпараттар банктің немесе клиенттің көзкарасы бойынша қысқа мерзімді несиені беру туралы мәселелерді қарастыру үшін қажетті ақпарат болып табылады.

1.2 Факторинг және форфейтинг операцияларының пайда болуы мен әлемдік нарықтағы рөлі және түрлері

Факторинг 80-жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экономикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90 жылдардың басында факторингтік компаниялар 3,6 есе өсті. Факторинг операциялардың бүгінгі көлемі (ішкі және халықаралық факторингті қосқанда) мынадай: Еуропа – 56%, Америка – 30%, Азия және Тынық мұхит жағалауындағы елдер – 13%, Африка -1%.Шетелде факторинг бұл ұсақ және орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.
Факторинг сатушылаардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің ьолуын сипаттайды.
Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеу мен ұштасатын, сауда комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттерің шотын 90% -ға дейін төлеу шартымен сатып алады.
Факторинг тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты- кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарық эконоикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзімдеріне басты көңіл аударылады. Ендеше факторинг компаниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдермен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.
Фактор сөзі ағыошын тілінен factor, аударғанда «маклер, делдал деген мағынаны білдіреді. Экономкалық жағынан алғанда – бұл делдалдық операция.
Факторинг – жабдықтаушы – клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген талабын (шот – фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық – делдалдық операция.Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.
Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторинг – компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды [8].
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1. Факторинг компания (банктің факторинг бөлімі)- өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші)- факторинг компаниясымен келісім – шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
3. Кәсіпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алушы – фирма.
Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы – форфорейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді. Сондай – ақ экспортердің форфейтингтік қызметі орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелеумен байланысты болса, ал факторингте несие беру мерзімі небары алты айды құрайды.

1.3 ҚР-да факторинг және форфейтингтік несиелеуінің мәселелері мен шешу жолдары

Бүгінгі таңда, көптеген экономистердің пікірлері бойынша, факторингтік операциялардың кең экспансиясын тежеп тұрған фактор – факторингтің экономикалық мәні бойынша заңнамалық құжаттарда анық түсіндірменің жоқтығы, факторингтік операцияларды лицензиялау бойынша заңнамалық құқықтық құжаттарда қарама-қайшылықтардың кездесуі болып отыр. Халықаралық дәрежеде факторингтік операцияларды факторингтік қаржылық ұйымдар да жүзеге асыра алатын болса, біздің елімізде тек коммерциялық банктер ғана құқылы.
Клиент жайындағы ақпараттардың жеткіліксіздігі. Дамыған елдерде факторин бойынша өтінішпен келген клиенттердің несиелік тарихтары банктің Несиелік бюроға үндеуімен жүзеге асырылады. Яғни барлық қажет болған мәліметтер: басқа банктердегі несиелік тарих, ағымдағы және алдыңғы қаржылық есептіліктер, мүлік жайында және мүлік ауыртпалығы жайлы ақпараттар, заемшыда меншіктің болуы, бюджет алдындағы міндеттері, банк шоттарындағы Картотека №2 болуы және басқа да клиент туралы маңызды мәліметтер. Ал біздің елде Несиелік бюроның банктерге заңды тұлғалар туралы ақпараттар ұсыну қарастырылмаған.
ҚР ақтандыру туралы заңында факторинг және форфейтинг операциялары бойынша сақтандыру іс-әрекеттері жүргізілмейді, сондықтан коммерциялық банктер аталған операцияларды жүргізу барысында үлкен қор жинауға мәжбүр болады, ал бұл қаржылық шешім басқа пайдалырақ жобаларға ақшаны азайтуға әкеп соғады. Яғни барлық тәуекел осы фактордың жауапкершілігінде. Шетелдегі факторинг ұйымдары, осы операцияны сақтандыру бойынша сақтандыру компанияларына жүгінеді, өз кезегінде сақтандыру компаниялары мүмкін болған лимит шегінде сақтандыра алатынын хабарлап, екі тарап келіссе, келісім шартқа отырады.
Факторингтік операйиялардың дамуына кедергі келтіретін факторлардың тағы бірі – қаржылық сауаттылықтың төмендігі, факторингтік операциялардың мәнін толық түсінбеу [13].
Қазақстанда форфейтинг барынша баяу дамуда. Сонымен бірге көптеген банктер қызмет тізімінде бұл операцияны көрсеткенімен, шарттары қандай деген сауалдарға, мұндай қызмет көрсетпейтіндігін жариялайды.
Қазақстандық нарықта форфейтингтің дамуына барьер болып – қазақстандық импорттың өзіндік географиясы болып табылады. Негізінен Қазақстан үшін шетелдік компанияларға гаранттарды табудың қиындылығы.
Десек те, форфейтингтік операцияларды ұйымдастыру факторингке қарағанда күрделірек болып келеді. Тәжірибе көрсеткендей, егер кәсіпорында факторинг және форфейтинг операцияларының екеуін де жасау мүмкіншілігі болса, таңдау бірінші болып факторингке өтеді.

1 ҚР-да факторинг және форфейтинг нарығының қызметтеріне талдау

0.1 Экспорттық-импорттық операцияларды факторинг және форфейтинг несиелеулерінің қатысушылары мен жұмыс істеу механизмдері

Форфейтинг және факторинг – бұл айналым активтерінің берілген түрін қайта қаржыландыру құралдары. Қайта қаржыландыру дебиторлық берешектің ақша қаражаттары және бағалы қағаздар секілді айналым активтерінің басқа түрлеріне айналуын білдіреді [1].
Форфейтинг – импортермен акцептелген аккредитивпен немесе векселмен рәсімделген қарыздарды экспортерден форфейтердің сатып алуын көрсететін дебиторлық берешекті басқару құралы. Берілген қаржылық құрал сондай-ақ ішкі саудалық операцияларды қайта қаржыландыру үшін қолданылады, орта мерзімді (180 күн және одан көп) сипатқа ие болады және тауарлардың (машиналардың, құралдардың) экспортерлері және күрделі (инвестициялық) бағыттағы (мысалы, шетелдегі өнеркәсіптік объектілердің құрылысы) қызметтері үшін арналады.
Форфейтингтік келісім объектісі болып төлемді кейінге шегеру шарттарында ипмортерге экспортермен іске асырлатын тауарлар мен қызметтер болып табылады. Келісім субъектілері болып экспортер (кәсіпорын-жабдықтаушы), импортер (кәсіпорын-сатып алушы) және форфейтер (коммерциялық банк) және басқа да қаржылық делдалдар табылады.
Форфейтингтік келісім-шарт 5 этапта жүргізіледі:
1. Форфейтермен келіссөздер.
2. Экспортер мен импортер арасында саудалық келісім жасау.
3. Форфейтинг келісімін жасау.
4. Экспорттық келісімді жүзеге асыру.
5. Форфейтинг келісімді атқару [18].
Форфейтингтік келісім құнына келесілер кіреді:
oo қарыздық ресурстарды қолданғаны үшін төлем;
oo тәуекелге сыйақы;
oo аккредитивке қызмет көрсетуге комиссия.
Форфейтинг артықшылықтары.
Экспортер үшін:
oo экспорттық келісімді жүзеге асыру барысында туындайтын
oo дебиторлық берешекті басқарумен байланысты шығындарды азайту;
oo тәуекелді, соның ішінде төлемеу тәуекелін форфейтерге беру;
oo осындай келісімдердің құпиялылығы.
Форфейтер үшін:
oo классикалық банктік несиелеуге қарағанда жоғарырақ табыс
oo алу;
oo банктік қызметті әртараптандыру;
oo екінші нарықта алынған активтерді сату мүмкіндігі;
oo жаңа клиенттерді тарту.
Импортер үшін:
oo қажетті, соның ішінде бірегейлі өнімге ие болу;
oo экспорттық келісім бойынша төлеумен қиындықтар туындаған
oo жағдайда несиелеу мерзімін ұзарту мүмкіндігінің бар болуы;
oo банкте несиелік желіні қолдану [20].
Факторинг – қаржылық агенттікпен жабдықтаушыға қаржыландыруды ұсыну жолымен, қолдануда берілген айналым активі ақша қаражаттарына айналатын дебиторлық берешекті қайта қаржыландыру құралы.
Халықаралық факторингтік қызмет 1998 жылдың 28 мамырында Оттава қаласында қабылданған Халықаралық факторинг туралы UNIDROIT Конвенциясымен реттелген. UNIDROIT Конвенциясы талаптарына сәйкес факторинг болып келісіммен рәсімделген негізінде келесілер болатын келісім- шарт танылады:
1. Жабдықтаушы жеке, отбасы және үй-шаруашылығы үшін қолдануға алынған тауарларға қатысты келісім-шарттарды қоспағанда, жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасында бектіліген тауарларды сатып алу-сату келісім-шартынан туындайтын ақшалай талаптарды қаржылық агенттікке беру қажет немесе мүмкін.
2. Қаржылық агент кем дегенде келесі екі қызметтердің бірін орындайды:
oo қарыз және алдын ала төлемді қоса алғанда жабдықтаушыны
oo қаржыландыру;
oo тиісті ақшалар бойынша есеп жүргізу;
oo ақшалай талаптарды төлеуге талап ету;
oo төлемге қаблетсіз қарызгерлерден қорғау [23].
3. Қарызгерлер талаптың орын алған шегінуі жөнінде хабардар болуы қажет.
Факторингтік келісімнің объектісі болып қаржылық агентке берілген төлемді кейінге шегеру шартында өнімді жіберілген сатып аулшының жабдықтаушы алдында туындаған ақшалай талаптары табылады.
Субъектісі ретінде келесілер танылады: тауар жабдықтаушысы, тауар сатып алушысы және қаржылық агент (несиелік кәсіпорын немесе фактор- кәсіпорын). Факторингті іске асыру механизмі келесіден тұрады.
Жабдықтаушы іске асырылған жеткізілім сәтінен бастап 24-48 сағат ішінде қаржылық агентке дебиторлық берешекті жеңілдете отырып, қаржылық агенттен қарыз сомасының 60- 90% алады, ал қалған 10-40% тәуекел өтімі ретінде арнайы шотқа депозиттейді. Жіберілген өнімдер үшін жабдықтаушы дебиторына төлемді төлегеннен кейін қаржылық агент факторингтік қызмет құнын шегере отырып қалған соманы қайтарады [24].
Өз кезегінде факторингтік қызмет құнына келесілер кіреді:
oo құжаттарды қайта өңдеуге комиссия;
oo сәйкес қызметтерді көрсетуге комиссия;
oo қарыздық қаражаттарды қолдауға төлем;
oo несиелік тәуекелге (регрестік емес факторинг жағдайында) төлем.
Осылайша, төлемді кейінге шегеру төлемді тезірек жеткізуге айналады және бұл дебиторлық берешекті басқарумен байланысты қосымша шығындардан жабдықтаушыны босатады.
Факторинг артықшылықтары:
Жабдықтаушы үшін:
a) дебиторлық берешектің айналымдылығын жылдамдату;
b) дебиторлық берешекті әкімшілік басқарумен байланысты
шығындарды қысқарту;
c) қаржылық жағдайдың жақсаруы;
d) нарықта бәсекелестік позициясын күшейту;
e) жоғалған пайда тәуекелін төмендеу;
f) кепілдің болмауы;
g) пайдаға салықтан үнемдеу.
Қаржылық агент үшін:
a) жаңа клиенттерді тарту;
b) табыс алу;
c) қызметті әртараптандыру;
Сатып алушы үшін:
oo төлемді кейінге қалдыру шартында тауарларды алу;
oo сапасыз өнімді алу тәуекелін төмендету;
oo сатып алулар көлемін арттыру.
Осылайша, қазіргі нарықтық жағдайда шаруашылық субъектілер дебиторлық берешекті басқару мәселесіне аса көңіл бөлу қажет. Берілген актив айналымын басқару саясатын қалыптастыру кезінде кәсіпорын дәстүрлі ғана емес инновациялық әдістерді және басқару құралдарын,соның ішінде форфейтинг пен факторингті қолдануына болады [24].
Ал енді Қазақстанда факторингтік қызметтің дамуына тоқтала кетсем. Факторинг бизнес үшін қаржылық құрал ретінде Қазақстанда енді қолданып келе жатыр. International Factors Group сараптаушыларының бағалаулары бойынша Қазақстандық нарықтағы факторингті 2 млрд $-ға бағалауға болады. Бүгінгі күнге Қазақстан нарығындағы факторингтік қызметтердің барлық спектрін ұсынатын маманданған кәсіпорындар ретінде келесілерді
бөліп көрсетуге болады: KazCommerce Factor ЖШС, Несиелік серіктестік
Ұлттық Факторингтік Компания ЖШС және First Factoring Company ЖШС, БТА, АТФБанк, Банк ЦентрКредит, Темiрбанк, Альянс Банк секілді отандық банктер қатары да несиелік операциялар желісі бойынша ұжымдық клиенттерге факторингтік қызметтерді ұсынады.
Бірінші факторингтік компания ЖШС 2007 ж құрылды, бірақ өзінің белсенді операцияларын 2009 ж бастады. Қазіргі таңда Қазақстандағы бірінші маманданған факторингтік компания болып табылады. Таяу арада
Атырау қаласында филиалы ашылды. 2012 ж мәліметтерге сүйенсек, компания 2,6 млрд. тенгеге 1300 тауарлар мен қызметтердің жеткізілімін қаржыландырды.
Қорытындылайтын болсам, дебиторлық берешекті басқару қандай елде, қандай компанияда болмасын өзекті мәселе. Олар барынша осы салада түрлі тәсілдерді қолдана отырып жетістікке жетуге талпынады. Ал жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін дебиторлық берешекті басқарудың факторинг және форфейтинг секілді инновациялық құралдарын қолдану қажет. Және де осы мәселені Қазақстанда да дамыту керек деп ойлаймын [15].

1.2 Факторинг және форфейтинг операциялары туралы жаңа түсініктер мен көзқарастардың өзгерісі

Факторинг-компаниясы экспортерге, яғни тауарды сатушыға несие шартымен бірқатар қызметтер көрсететін, оның ішінде қарызды іздестіру экспорттық операцияларды есепке алу, несиелік бақылау және т.б. өзіне экспортер алдында өз міндеттемесіне алатын мамандандырылған және көпқырлы қаржы мекемесі болып табылады. Өз клиентінің берешектерге деген талабын қанағаттандыру мақсатында, фирма клиентке берешектерден алған сайын ақша беруге немесе оған мәмілені жасасу барысында қолма-қол ақшамен тез арада төлеуге міндеттеме алады. Сатып алушының қарызды қайтаруына қол жеткізуі және несие бойынша тәуекелді өзіне қабылдай отырып факторинг-компания өнеркәсіптік фирманың, коммерциялық банктің және сақтандыру компаниясының экспорттық бөлімінің қызметін атқарады. Өзінің көрсететін қызметтерінің факторинг құны банктік қарызға қарағанда қымбат болып келеді. Факторинг-компанияның беретін қаражаттарының үлес салмағы 20%-ға жетеді. Оған алынған несие ақысымен қатар басқа да қызметтер бағасы қосылады. Факторинг жүйесі экспортерлардың қысқа мерзімді несие берудегі мүмкіндігін ұлғайтады, ал форфейтинг нарығындағы мәмілелер орта мерзімді коммерциялық несиелеуге арналған қаражаттар көзі болып табылады. Форфейтингке байланысты операциялар айналымсыз қаржыландыру деген атпен дамыды, оның мәніне келсек, ол экспортердің импортерге қоятын талаптары бойынша қүқығын форфейтер-банкіге беруін, яғни соңғысының құқықты өзіне ұстап немесе халықаралық нарықта сата алуымен сипатталады. Сатып алынған бағалы қағаздардың орнына экспортерге оның құнын қолма-қол ақшамен есеп мөлшерілемесін шегере отырып, сондай-ақ міндеттемені төлемеу тәуекелін өзіне алғаны үшін сыйақыны және экспортердің векселін сатып алуға міндеттемесі үшін бір мәрте алымды ұстай отырып төлейді. Факторинг бойынша пайдаланылатын құралдар сауда векселін банктердің, есепке алу барысында қолданылады. Мүндағы айырмашылық мынада, вексель беруші, яғни экс-портер форфейтингтен ешқандай тәуекелді басынан кешпесе, ал жай ғана есепке алу несиесінде борышқор векселін төлемегені үшін жауапкершілік көптеген елдердің вексель зандылығына сәйкес, қай жағдайда болмасын оның мойнында болады. Форфейтинг бойынша операциялар экспортердің сатып алушыға вексельдік несие шартындағы несиелеу мерзімін созуына, оларды 5 жылға дейін, кейде 8, одан да көп жылдарға дейін созуға мүмкіндік береді, себебі ірі форфейтер-банктің өзіне тәуекелді алуы, инвесторлардың өз қаражаттарын ұзақ уақытқа орналастыруға ынтасын арттырады. Форфейтингтік операцияларға қатысушы банктерге ресурс ретінде еуровалюталар нарығы қызмет етеді. Сондықтан да форфейтинг бойынша есеп мөлшерлемесі сол нарықтағы орта мерзімді несие бойынша пайыз деңгейімен тығыз байланысты. Негізгі мәміле валютасына неміс маркасы, американ доллары және швейцария франкі жатады [19].
Экспортты ынталандырудың маңызды көзіне, сондай-ақ машиналар мен құрал-жабдықтардың халықаралық саудасының біршама маңызды формасына – лизинг операциялары жатады. Лизинг тауарды тұтынушыға меншіктің заңдық құқығы берілмейтін арендалық (жал) қатынастарының бір түрі. Арендаға берушіге аударылатын қаражаттар есебінен, ол тауарды уақытша пайдалану кұқығын төлейді. Стандартты лизинг тауарды жалға беру барысындағы оны тұтынушысы мен тікелей қатынасқа түсетін арнайы несие-қаржы институтгардың және лизингтік компаниялардың құрал-жабдықты сатып алуын білдіреді. Бұл операциялар объектісіне әр алуан жабдықтар, көлік құралдары, ЭЕМ және т.б. жатады. Лизингтік операцияларды сақгандыруға байланысты барлық шығысты жалға алушы көтереді. Лизинг өзінше бір несие алу формасы ретінде бола оты-рып, көптеген жағдайда сыртқы нарықта экспортердің өнімдерінің қозғалысын жеңілдетеді. Тауарлай несие мен лизинг жалгерлік операцияларды жүргізу шарты жағынан ұқсас. Лизинг беруші ақшалай қаражаттар тарту қажеттігінен босайды. Лизинг төлемі бөлек жабдықты пайдаланудың барлық кезеңі ішінде бөлек-бөлек төленеді. Бірак лизингтің мақсаты тауарға деген меншік құқығын алу емес, сондай-ақ оның тұтыну сапасын пайдалану құқығын сатып алу болып табылады. Халықаралық қатынастардағы лизинг операцияларының көлемінің өсуі көп мөлшерде қаржы қаражаттарын тартуды талап етеді. Сондықтан да көптеген елдердің ірі банктерінің лизингтік компанияларды қаржыландыруға қатысуы да кездейсоктық емес. Халықаралық сауда қатынастарында экспортты қаржыландырудың ұлттық жүйесінің интернационалдануын жаңа нәрсе деп санауға тұрады, себебі ол форфейтингтік нарығындағы фирмалық несиелеу сферасында және банктік несиелеу шеңберінде байқалады. Әр түрлі елдің фирмаларының дербес мердігерлер ретінде қатысуымен жүзеге асырлатын үлкен салаға жасалатын мультинационалдық контарктілер де маңызды дами бастады. Бұл контрактілер оған қатысушы елдердегі банктер мен экспортты несиелеумен айналысатын ұлттық сақтандыру институттарымен сақтандырылады әрі қаржыландырылады. Бұл жерде бірнеше елдің фирмалары атқаратын белгілі бір контрактілерді қаржыландыруға арналған уақытша халықаралық банктік консорциумдарды бөліп айтуға болады. Қаржыландыруға байланысты барлық сұрақтар сол консорциум ішінде шешіледі. Бұл қаржыландыру формасының экспорттық несиелеулер жақындығын, оның тек қана мақсаттылығынан және бұл операцияларға кепілдеме беруде оған мүдделі елдердің үкіметінің институттарының қатынасуынан көруге болады. Экспортты қаржыландыру жүйесінің кейіннен интернационалдануы әр түрлі кредитор-елдердегі экспортгы қаржыландыру әдістерінің ұлттық валютада емес, сондай-ақ басқа елдер валютасы мен шетелдік көздерден жүзеге асырылатындығынан байқалады. Мұндай интернационалданудың дамуында евровалюта нарығының ролі жоғары. Экспорттық несиелерді сақтандыру және каржыландыру жүйелерінің интернационалдануына сол сияқгы банктік сфераның интернационалдануы да ықпал етеді. Экспортер-елдердің ұлттық нарығындағы шетел банктерінің ролінің өсуін, несиелік және депозиттік операциялардағы банктердің үлесінің жоғарлауынан көруге болады. Экспортер-елдердің жарғылары есебінен экспортқа кететін шығындарды өтей отырып, олар ұлттық банктерге күшті бәсеке тудырады. Мұндай тәжірибе өз уақытында Ұлыбританияда байқалған болатын, себебі онда ағылшын үкіметі … жалғасы