Интеллектуалдық олимпиада

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Математика Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 9 сынып

Мектеп мұғалімдеріне тәжірибе жинақтауға көмегі бар

Интеллектуалдық олимпиада.Мақсаты:Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.Түрі: Топтық сайыс сағаты.Көрнекіліктер: Интерактивті тақта. Әр түрлі тақырыптағы деңгейлік есептер. Ойыншылар көтеретін номерлер. Топтардың аты жазылған алдарына қоятын қағаздар. Барысы:1. Сайыстың мақсатымен таныстыру.2. Сайыстың шартымен таныстыру.3. Топтармен таныстыру.4. Жеңімпазды анықтау.5. Жеңімпазды марапаттау.

Ұйымдастыру. Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек», — деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет. Математикалық сайыс бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн. Енді бүгінгі сайысымызды бастаймыз.

Сайыстың шарты:Топтарға тапсырмалар беріледі. Әр тапсырманың белгілі кілт сөздері және үш деңгейде болады. Әр деңгейге 100, 200, 300 ұпайдан беріледі. Топ мүшелері кілт сөзге қарап тапсырманың деңгейін таңдайды. Дұрыс жауапқа тиісті ұпай беріледі. Жауап дұрыс болмаса басқа топ жауап беруіне болады. Сайыс соңында көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Интеллектуалдық олимпиада тапсырмалары.

Кілт сөздер: Оқушы.Сандар.Қанша?Сыныптағы әр оқушы сыныптағы өз жолдастарын мейраммен құттықтауды ойлады. 1332 құттықтау ашық хат жолдаған болса, сыныпта қанша оқушы болғаны? Жауабы: 37Математикадан бақылау жұмысын жазған сынып оқушыларының 12%-і есептерді мүлде шығара алмады, 32%-і шығарған есептерде қателер жіберді, ал қалған 14 оқушы дұрыс шығарды. Сыныпта қанша оқушы болды? Жауабы: 25Оқушылардың екі тобы әрқайсысы 24 теңгеден төлеп, театрға билет алды. Бірінші топтың әр билеті екінші топтың әр билетінен 20 тиын қымбат болғандықтан, олар екінші топқа қарағанда 10 билет кем алды. Бірінші топ қанша билет сатып алды? Жауабы: 30 билет Кілт сөздер: Алдаркөсе.Бай.Сандар.

Алдаркөсе әр ауылдың ақылгөй ақсақалдарының жиындарына қалмай, қатысатын. Бір күні ол сондай бір жиынға кездейсоқ келіп қалған кейіп танытады. Барлық ақсақалдар бір-бірімен амандық-саулық сұрасып, қол алысып жатқанда, Алдаркөсе олардың 66 қол алысуын санапты. Қанша ақсақал жиынға келген?/12 ақсақал/.

Алдаркөсе байға жалданып,отынын аралап, суын тасып күн көріпті. Ол ағаш аралап 72 бөлікке бөледі.Ал барлық ағашты 53 рет аралап кескен. Алдаркөсе сонда неше ағашты аралап кескен?/19 ағаш/.

Бір ерігіп отырған бай Алдаркөсені мазақ ету үшін үйіне қонаққа шақырыпты. Тамақ ішіп болған соң,бай жұрт көзінше ;

  • Алдаркөсе сені «жақсы есеп біледі» деп жүр. Менің жасым 26 да. Ал ұлым 6 жаста. Мен неше жылдан кейін мен ұлымнан үш есе жас үлкен боламын?

/4 жыл/.Кілт сөздер: Жоңғар.Қазақ. Соғыс.

1635 жылы Жоңғар хандығы құрылып, содан олардың қазақ жеріне басқыншылық жорықтары басталды. 1723 жылы тұтқиылдан Қазақ жеріне басып кіріп, еліміздің көптеген бөлігін басып алды. Жоңғарлар ел ретінде жойылып кеткенінше, басқыншылық тоқтаған жоқ. Осы басқыншылық қанша жылға созылды?/88 жыл/.

Жоңғарлардың қазақ даласына басқыншылығы жүз жылға жуық созылды. 70 мың жоңғар әскері қазақтармен соғысып, нәтижесінде 2/3 әскерінен айырылды. Осы жылдары қанша жоңғар әскері өлген?/46700 әскер/.Кілт сөздер: Жүзім.Пайыз.Салмағы.Кептірілген жүзім алғашқы салмағының 32% құрайды. кептірілген мейізді алу үшін қанша кептірілмеген жүзім керек? Жауабы: Жүзім кептірілген кезде өзінің массасының 65%-н жоғалтады. таза жүзімнен қанша килограмм кептірілген жүзім алуға болады? Жауабы: Жүзім егілген жердің бір бөлігінің ауданы екіншісіне қарағанда артық. Бірінші бөліктен 748 тонна, екіншісінен 720 тонна жүзім жинады. Егер екінші бөліктің 1 гектарынан жиналған жүзім бірінші бөліктің 1 гектарынан жиналған жүзімнен 4 тоннаға көп болса, онда әр бөліктің 1 гектарынан қанша жүзім жиналды? Жауабы: 44; 48Кілт сөздер: Үшбұрыш.Периметр.Қабырғасы.Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі , ал бүйір қабырғасы . Үшбұрыштың табанының ұзындығын табыңыз. Жауабы: Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны , бүйір қабырғасы . Осы үшбұрыштың периметрін табыңыз. Жауабы: Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі , бүйір қабырғасы табанынан екі есе ұзын. Оның қабырғаларының ұзындығын табыңыз. Жауабы: 8; 8; 4Кілт сөздер: Параллелограмм.Бұрыш. Қабырғасы.Параллелограммның бір бұрышы 400. бұған тең емес келесі бұрышын табыңыз. Жауабы: 1400

Параллелограммның бір қабырғасы 4 дм, екіншісі одан 3 есе артық. Параллелограммның периметрін табыңыз. Жауабы: 32 дм Параллелограммның доғал бұрышы 1300. сүйір бұрыштың сыртқы бұрышын табыңыз. Жауабы: 1300 Кілт сөздер: Тіктөртбұрыш.Аудан.Қабырғасы.Тік төртбұрыштың периметрі , ал ауданы 42 см2. Тік төртбұрыш қабырғаларын табыңыз. Жауабы: ; Ауданы 56 см2, периметрі тік бұрышты төртбұрыш қабырғаларын табыңыз. Жауабы: және Тік төртбұрыш ұзындығы енінен артық, ал ауданы 65 см2. Қабырғаларын табыңыз. Жауабы: және

Қорытынды. Сайыс соңында қазылар алқасы жеңімпаз топты анықтап, белсене қатысқан оқушылар марапатталады.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.