Ілмек бізбен тоқу

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Ілмек бізбен тоқу

Автор: Сабиева Гульнар Кадыровна

Бағыты: Технология Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 7 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-03


Материал туралы қысқаша түсінік

ашық сабақ өткізетін ұстаздарға көмек




Сабақтың тақырыбы: Ілмек бізбен тоқуСабақтың мақсаты:Білімділік: оқушыларға ілмекпен тоқу туралы толық мағлұмат беру, ілмекпен тоқу түрлерін, әдіс-тәсілдерін үйрету;Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту;Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: араласСабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақжауап , өз бетінше сарамандық жұмыс.Сабақтың көрнекілігі:  Ілмекпен тоқылған дайын бұйымдар түрлері, жіп, ілмек біз, А-4, А-3.Оқытудың түрлері: Жұптық, топтық, өзіндік жұмыстары.Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих.САБАҚТЫҢ БАРЫСЫІ.Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин

  • Оқушылармен сәлемдесу;
  • Оқушыларды түгендеу;
  • Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу;

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу: 1 мин Оқушылар сурет маңайына өзінің көніл-күйін сипаттайтын смайлик жабыстырады.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 5-6 минӨткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою. Сұрақтар суреттің артында жазылған, сұраққа дұрыс жауап беріп суретті жинау керек. (Суретте ілмек бізбен тоқылған маймыл шығу керек)

  • Тоқу өнері деген не?

Тоқу өнері — қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен ұй жабдығының негізі болған өнер. Қолмен тоқыма тоқудың өте кеңінен таралған. Оның мыңдаған жылдық тарихы бар.

  • Біз дегеніміз не?

Біз — ісмерлеретікшілерершілер тұтынатын темірден соғылған сайман. Кейде біздішаншар” деп те атайды.

  • Бізді неден жасайды?

Біз ежелгі заманда мүйізден, сүйектен, жабайы жиденің, бұтаның үшкір, қатты, салалы тікенектерінен жасалған деген деректер бар. Оған дәлел қазақ шеберлерінің қайсыбірі күні бүгінге дейін кәрі жіліктің құрығынан жасалған бізді пайдаланады. Сақ дәуірінен бері қарай бізді қоладан, мыстан, жезден жасаса, қазір болаттан соғылған бізді тұтынады. Біздің тебенін ағаш, мүйіз сапқа бекітеді. Сабы жарылып кетпеу үшін, сағақ тұсын мыс немесе жез сақинамен құрсаулайды. Оны “мойнағы” деп атайды.

  • Біздің қандай түрлері бар?

Жұмыс ыңғайына қарай тігіс Біз, шеге Біз, таспа Біз, ілмек Біз, кесте Біз, үскі Біз, т.б. атайды.

  • Ілмекті бізбен тоқылған бұйымдардың ерекшеліктері қандай?

Ілмекті бізбен тоқылған бұйымдар әсемділігімен, беріктігімен ерекшеленеді.

  • Ілмекті бізді неден жасайды?

Ілмекті біз материалдары сүйек, ағаш, металл.Ұшы ілмек болып келеді. Ілмекпен тоқу үшін жақсы ширатылған кез келген жіпті пайдалануға болады.  ІІІ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын белгілеу: 1 мин Сұрақтар суреттің артында жазылған, сұраққа дұрыс жауап беріп суретті жинау керек. (Суретте ілмек бізбен тоқылған маймыл шығады)

  • Иә, балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы ілмекпен тоқу әдістері.
  • Сабақтың мақсатын белгілейік, сабақта не істейміз?

IV. Жаңа сабаққа кіріспе: 1 мин Қолмен тоқылған заттар баяғыдан сәнді және жоғары бағаланады. Ең қымбат заттар-ол қолмен тоқылған заттар. Тоқылған заттың сапасы иірімжіптің дұрыс таңдалуына да байланысты болады. Бүгінде тоқыма сәнге айналған әлемде алуын түрлі иірімжіптер бар.Іліптоқуға арналған иірімжіп түрлері: зығыр, мақта иірімжібі, мохер, жүн иірімжібі, ангор, кашемир, альпак, вискоза, фасонды иірімжіп.

  • Енді, балалар қауіпсіздік ережесін еске түсірейік: 1 мин

1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.4. Ілмекбіздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.7. Ілмекбізді қорабымен алып жүру қажет.V. Негізгі кезең: 15-20 мин Тапсырма:Өткен сабақтағы мысалға келтірілген тоқу элементтерін пайдаланып, тоқыңдар. Оқушылардың берілген үлгі бойынша маймылды тоқуы, ол бұйымды бірізділік етіп жинау. VІ. Тақтамен жұмыс: 2 минБос орынға қажетті сөздерді жазып сөйлемді толықтырЖауабы: Қолөнер, тоқу, қолөнері, тоқуА) ————— – өз халқыңның дәстүрлі көркемдік мұрасы.Ә) Қолөнердің ерекшелігінің бірі – ————Б) Қолөнер дегеніміз – қазақ ——————, өз халқыңның дәстүрлі көркемдік мұрасы.В) Қолөнердің орындау технологиясында түрлі жіптермен ————- түрлерін орындау.VІІ. Сабақты қорытындылау: 3 минВенн диаграммасы:

VІІ. Бекіту: 1 мин1. Тоқылған заттардың сапасы неге байланысты?2. Тоқуға арналған иірім жіптер түрлерін атаңдар?3. Тоқыма өнерінің адам өміріндегі орны қандай?4. Қолөнердің тіршіліктегі пайдасы қандай? 5. Қолөнер туралы не білесіңдер?6. Қолөнерде тоқудың ерекшелігі қандай?VІІІ. Оқушы білімін бағалау: 1 мин Әрбір оқушының жасаған жұмысын қабылдап, баға қойып, жіберілген қатерлерін қайта түсіндіру.ХІ. Үйге тапсырма беру: 1 минОсыған ұқсас чайник астына шеңберлеп бұйым тоқу.

ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫҰЛАН АУДАНЫЖАҢА – ҚАНАЙ АУЫЛЫ

Сабақтың тақырыбы: Ілмек бізбен шеңберлеп тоқу, селбір тоқыма

Мұғалімі: Сабиева Гулнар Пәні: технологияЖаңа – Қанай орта мектебі

Өскемен2016ж.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.