52 адам өртенген автобус ісі: Сот үкімімен келіспегендер апелляциялық шағым түсірмек

0

Автобус өртіне қатысты көшпелі сот отырысына төрағалық еткен Ырғыз аудандық сотының судьясы Серік Махамбетов шулы іске нүкте қойды. Алайда зардап шегуші тарап сот үкіммен келіспейтіндерін айқан деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сот залынан фото NUR.KZ

Сот залынан фото NUR.KZ

Ақтөбеде қаралаған сот процесіне Өзбекстан азаматтары Сарыағаш аудандық сотынан тікелей эфирмен қатысқан болатын. Үкімді естігендер жәбірленушілер «Адамның құны екі миллион теңге ме?» деп шулап қоя берген.

Енді марқұмдардың туыстары апелляциялық шағым түсірмек. Үкімді естігенде жоқтау айтып жылаған жәбірленушілердің туыстарын сот төрағасы тыныштандыра алған жоқ. Судья Серік Махамбетов істің аяқталғанын айтып, сот залынан шығып кетті.

Айта кетейік бүгін Ақтөбеде 52 өзбек азаматының өлімі үшін айыпталғандарға сот үкімі шықты.

Сот шешімі бойынша, моральдық өтемақы сұрап, талап арыз түсірген 43 отбасының әрқайсысына бес сотталушы бірігіп, екі млн теңгеден төлейді. Сотталушылардан жалпы сомасы 86 млн теңге өндіру міндеттелді.