Ибраимов Ермахан Сағиұлы, боксер, қазақ спортшылары

0

Ибраимов Ермахан Сағиұлы. 1972 жылдың 1 — қаңтарында Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданында (бұрынғы Луговой) дүниеге келген.

Әкесі: Ибраимов Сағи
Анасы: Ибраимова Жәмила
1979 жылы А. С. Макаренко атындағы мектеп — интернатына барып, 1984 жылы алғаш рет бокс әліппесімен танысады.
Алғашқы бапкері: Бахшар Қарсыбаев
Жеткен жетістіктері:
— 1986 жылы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігінің чемпионы.
— 1987 жылы Алматы қаласындағы Қ. Мұңайтпасов атындағы арнайы спорт — интернатының түлегі.
— 1988 жылы Ростов – на – Дону қаласындағы КСРО чемпионатында КСРО чемпионы атанып, КСРО спорт шебері атағын иеленді.
— 1990 жылы Иркутск қаласында жастар арасындағы КСРО чемпионатында тағы да КСРО чемпионы атанып, КСРО құрама командасының сапына қабылданады.
— 1991 жылы ересектер арасындағы КСРО кубогының қола жүлдегері. (Украина, Семфиропаль қаласы)
— 1994 — 2000 жылдар арасында Қазақстанның қатарынан жеті дүркін чемпионы.
— 1995 жылы І — Бүкіләлемдік әскери ойындардың чемпионы. (Италия, Рим қаласы), Азия чемпионы (Өзбекстан, Ташкент қаласы)
— 1996 жылы Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері.
— 1997 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. ( Венгрия, Будапешт қаласы)
— 1998 жылы Азия ойындарының чемпионы. (Тайланд, Бангкок қаласы)
— 1999 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері. (АҚШ, Хьюстон қаласы), Азия чемпионы (Өзбекстан, Ташкент қаласы)
— 1994 — 2000 жылдар аралығында Өзбекстан, Ресей, Түркия, Тайланд, Германия, Швеция елдерінде өткен көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
— 2000 жылы Сидней Олимпиадасының чемпионы. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері.
2000 — 2002 жылдары Ақтөбе қаласында бокс мектебін ашып, өзі алғашқы директоры болды.
2002 — 2004 жылдары бокстан Қазақстан ұрама командасының бас бапкері.
2004 — 2007 жылдары Қазақстан республикасы бокс федерациясының вице — президенті.
2007 жылдан бастап республикалық бокстан Олимпиадаға даярлау орталығының директоры.
Жанұялық жағдайы: Үйленген, 5 ұл, 1 қыздың әкесі.