Химия сабақтарында сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолданып оқытудың әдістемесі

0
449

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстандағы білім берудің негізгі мақсаты –
мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қазіргі заман талаптары мен
оның дамуының негізгі бағыттарына сай келетін жаңа сапаға жету. Ал
экономика мен қоғамдық өмірдегі өзгерістердің дамуы білім беру жүйесінің
мәнісі мен негізі болып табылатын тұлғаға жаңа талаптар қояды. Осы
талаптардың негізгілеріне талапкерлік, жауапкершілік, өзгеріп жатқан
жағдайларға бейімделушілік, болашақ мамандықты түсіну мен таңдау
қабілетінің болуы және оған дайын болу жатады.
Бүгінгі күні орта білім берудің негізгі қозғаушы күштері деп жалпы
білім беретін мектептерде жаңа инновациялық оқыту технологияларын жаппайы
енгізуді айтуға болады.
Орта мектеп курсында пәндерді оқыту кезінде оқушылардың танымдық
қабілеттерін арттыру мақсатында жаңашыл инновациялық технологияларды
қолдану мәселесімен отандық педагог-ғалымдарымыз М.Ж. Жадрина, Е.А. Ушуров,
Р.С. Омарова, К.У. Қонақова, С.Д. Мұқанова, М.Р. Көпжасарова, С.А.
Тәжібаева және т.б. айналысуда.
Оқыту үрдісінің психологиялық-педагогикалық мәселелерімен
А.Е. Голмшток, Е.А. Климов, Л.И. Божович, Е.П. Ильин және т.б. айналысты.
Еліміздегі саралап және тұлғаға бағыттап оқыту көзқарастары
А.Е. Әбілқасымова, Ә.К.Қағазбаева, Ж.А.Қараев және т.б. еңбектерінде
кеңінен қарастырылады.
Химия пәні бойынша мектептегі білім беру үрдісін жаңа қөзқарас
тұрғысынан Қ.А.Аймағамбетова қарастырса, химиялық білім мен тәрбие беру
мәселелерін теориялық тұрғыдан негіздеп, оған ғылыми-әдістемелік талдауды
И.Н.Нұғманов, Ж.Ә.Шоқыбаев, У.М.Маканов және С.Ж. Жайлаулар жасады.
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру мәселесінде Н.К. Ахметовтың,
ал бейінді оқыту жағдайларындағы мектеп пен ЖОО-дары арасындағы байланысты
анықтауда К.А. Сарманова, Қ.О. Шайхеслямова еңбектерінің маңызы зор.
Жоғарыда көрсетілген қайшылықтарды шешудің тиімді жолдары мен әдістерін
іздестіру мақсатында диссертациялық жұмыс тақырыбын Сыни тұрғыдан оқыту
технологиясын химияны оқыту үрдісінде қолдану жолдары деп таңдадық.
Зерттеудің мақсаты – орта мектеп химиясын оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан
оқыту технологиясын қолдану.
Зерттеу нысаны – орта мектепте химияны оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні – орта мектеп химиясын сыни тұрғыдан оқыту технологиясын
қолдану арқылы жетілдіре оқыту үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер орта мектеп химиясын оқыту үрдісіне
жаңа инновациялық технологияларды қолданып, химия пәнінің базалық
мазмұнымен тығыз байланыста құрылса, соның ішінде сыни тұрғыдан оқыту
технологиясын қолданып, оны жүзеге асырудың жолдары мен әдістері білім беру
үрдісіне енгізіліп қолданылса, онда оқушылардың химиялық білім-білік,
дағдылары сапасының жоғарылауына және болашақ бейінін саналы түрде
таңдауына тиімді ықпал етілер еді.
Қойылған мақсатқа қол жеткізіп, болжамды тексеру үшін келесі міндеттер
қойылды:
– сыни тұрғыдан оқыту технологиясын орта мектептерде пәндерді
оқыту тәжірибесінде қолдану туралы ғылыми әдебиет материалдарын
сараптаудан өткізу;
– сыни тұрғыдан оқыту технологиясын химияны оқыту үрдісіне
қолдану принциптері мен қойылатын талаптарды анықтап, қажетті
дидактикалық материалдарды құрастыру;
– химияны сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданып оқытудың
әдістемесін әзірлеу;
– орта мектеп курсында химияны сыни тұрғыдан ойлау технологиясын
қолданып оқыту әдістемесін педагогикалық эксперимент арқылы
тексеру.
Қойылған міндетттерді шешу үшін келесі зерттеу әдістері мен іс-әрекет
түрлері қолданылды:
– ғылыми-педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттер
мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау, білім берудің қазіргі
заманғы қоғамда даму стратегиясына арналған құжаттармен танысу,
оқыту үрдісін жобалау және модельдеу;
– практикалық: ҚР-дағы орта мектептердегі химия пәнінің оқытылу
жағдайымен танысу; сыни тұрғыдан оқыту технологиясын ұйымдастыру
және жүргізу бойынша алдыңғы қатарлы педагогтардың озық іс-
тәжірибесімен танысу;
– педагогикалық эксперимент, арнайы бақылау, мұғалімдермен және
оқушылармен сұхбаттасу, сауалнама алу, эксперимент нәтижелерін
өңдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Орта мектептің химия курсында сыни тұрғыдан оқыту технологиясын
қолдану жағдайлары анықталып, ғылыми тұрғыдан негізделді.
2. Орта мектепте химия пәні бойынша сыни тұрғыдан оқыту технологиясын
қолдану арқылы оқушылардың білімі тереңдетіліп, қызығушылықтары
артатыны тәжірибеде анықталды.
Зерттеудің сарамандық маңыздылығы:
– Сыни тұрғыдан оқыту технологиясын химия сабақтарында қолдану
бойынша оқушыларға білім берудің әдістемесін орта мектептің химия
пәні мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибелерінде қолдана алады;
– Химия сабақтарында сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолданып
оқытудың әдістемесі орта .мектептің жұмыс практикасына енгізілді.
– 1 ХИМИЯ ПӘНІН ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудың қазіргі жағдайы

Қай ұлттың болмасын, бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның
білімділік деңгейімен анықталады. Қазақстан Республикасының Білім
туралыЗаңында Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы
адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті
жағдай жасау,- деп айқын көрсетілген. Осы міндеттерді шешу, негізінен,
мұғалімнің идеялық сенімділігіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Біз
инновациялық оқуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз
бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты даярлауымыз керек.
Осы орайда атақты педагог В.Ф.Шаталовтың: Ұстаз еңбегінің
күрделілігі – әрбір оқушының жүрегіне жол табуда, әрбір баланың бойындағы
қабілетті дамыту үшін жағдай жасауда. Ең бастысы, мұғалім оқушының өзін
тұлға ретінде сезінуіне көмектесу керек,- деген сөзі еске түседі. Ал
инновациялық оқыту дегеніміз – оқушылардың мүмкіндігі мен шамасына қарай
байыбына барып, тағылымдық жолдары қабылдау, оған сын көзбен қарап,
шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету. Бұрынғы әдетке айналған оқыту
үрдісінде мұғалімге басымдық рөл берілсе, қазіргі технологияларда оқушы
белсенділік көрсетуі тиіс, ол өздігінен оқып, ізденіп білім алуы керек. Ал
мұғалім әрбір оқушының жеке қызығушылығын және қабілеттерін ашуға
көмектеседі.
Оқушының өз бетінше еркін ойлай алуының маңыздылығы мынада:
− таным мақсатына жеткізетін сұрақтар және оларды анықтау;
− оқушылардың еркін ойлау қабілетін дамыту арқылы таным мақсатына
жеткізу және жаңа білімді игеру жолдарын іздестіру;
− іздену,шешу және дайындық-шығармашылық жаттықтыру жүйесінде
оқушылардың жаңа білімді игеру кезіндегі пайдаланатын ойлау әдістерін
сезінуі және меңгеруі.
Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін арттыру үшін сын
тұрғысынан ойлау технологиясын қолдануға болады. Бұл бағдарламаның түпкі
мақсаты – білімге құштар, ой-өрісі еркін дамыған ашық қоғам азаматын
тәрбиелеу. Ол үшін:
− оқушы мен оқытушы арасындағы өзара сыйластық,бір-бірінен
үйренудегі және біріне-бірі үйретудегі көмегінің маңыздылығы;
− оқушыны өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін құрметтеу;
− оқушының ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру;
− әрбір оқушының білім дәрежесін басқа оқушымен салыстыру
арқылы емес,оқушының өзінің кешегі нәтижесін бүгінгі және
ертеңгі нәтижелерімен салыстыру арқылы белсенділіктерін
арттыру керек.
Оқушылардың белсенділігін іске қосып, одан туындаған ойды шешуге
бағыттау үшін, сол ойдың белгілі бір жақтары болуы керек және де
шығармашылық ізденуге ойлануға итермелейтін бастапқы мәліметтері болуы
тиіс. Топтастыру стратегиясы, түртіп алу жүйесі, эссе стратегиясы арқылы
оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға болады. Топтастыру стратегиясында
кубик жасалып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Кубты ортаға
лақтырып, қай қыры жоғары қарап түссе, сол қырындағы тапсырмаға жауап
беріледі. Бұл берілген тапсырмаларды сан қырынан тануға мүмкіндік береді.
Сонымен бұл технологияның принциптері – оқытуды ізгілендіру және
демократияландыру жағдайында өздігінен даму бағдарын анықтап, дамитын және
өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші,
тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру.
Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2006
жылғы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында атты
Жолдауында еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына
кіру стратегиясын белгіленген болатын [1].
Қоғамның қарқынды дамуы үшін түрлі салада табысты еңбек ете білетін
жаңа тұрпаттағы (формациядағы) мамандар талап етіледі. Қазіргі таңда
мамандарға қойылатын талаптарды еңбек нарығы анықтайды. Қойылатын
проблемалық жағдаяттарды өз бетімен шеше білу, командада жұмыс істей білу,
дұрыс мақсат қоя білу, оған тиімді жолмен жете білу, тәуекелшілдік,
бастамашылдық, білім деңгейін арттыруға талпыну қабілеті т.б. ерекше
құндылық болып есептеледі. Сонымен қатар адамның жауапкершілік,
орындағыштық тәрізді жеке сапалары да қажет етіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі
қалыптастасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар
жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.
Я.А.Каменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект–субъектілері педагогикасының
орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде , өзін өзі
өзектілендірудге, өзін танығуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын
жазушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің
манызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық –
бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен
дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі- баланың тұлғалық
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы [2].
Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу–тәрбие процессін
ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің,
мазмұнынң, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр
позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды
жағдайлар жиынтығын құрайды.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру
технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы,
В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде
қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту
технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульды оқыту технологиясы,
В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың
технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту
технологиялары белсенді түрде қолданылуда [3].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заныңда оқыту формасын,
әдістерін, технологиялар таңдауда көп нұсқулық қағидасы бекітілген, бұл
білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны
қолдануға, педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық
үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның қазіргі білім беру жүйесі елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуына қажетті кадрлармен толық қамтамасыз ете алмай отыр. Жеке тұлғаны
дамыту мен оқушыны біліммен, кәсіптік тұрғыдан өз орнын анықтауына қажетті
өзін-өзі анықтай білу және өзін-өзі тани білу қабілеттерімен қамтамасыз ету
міндеттері шешімдерін табуды талап етеді.
Қазіргі мектеп түлегі әлі де өзінің білімін жалғастыру бейінін нақты
бағдарлай алмауынан болашақ кәсіби қызметін мемлекеттің экономикалық,
технологиялық және қорғаныс әлеуетімен байланыстыра алмайды. Осы мәселені
шешудің жолы мектептің жоғары сынып оқушыларының болашақ кәсіби бағдарын
айқындау жұмысына елеулі өзгеріс енгізу болып табылады.
Жалпы орта білім берудің жоғарғы сатысы қазіргі білім берудегі негізгі
орынға ие бола отырып, кәсіби білім беру жүйесінің мүмкіндіктері мен
жастардың бейіндік әрекетінің сапасын анықтайды. Жоғарғы саты жеке тұлғаның
әлеуметтік, кәсіби және азаматтық тұрғыдан өзін-өзі анықтау аясында өтетін
ерекше білім беру кеңістігін құрайды. Жасөспірімнің азаматтық және
адамгершілік бағытта өзінің білімдік әрі кәсіби таңдауын жасауы қоғамда
білікті кәсіби маман ретінде қалыптасуына тікелей байланысты [4].
Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекет алдында тұрған негігі мақсаттардың
бірі – дүниежүзілік білім әлеміне ену болып отыр. Бұл салада білім беру
ісінің мазмұны жаңа бағытқа бұрып, құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер
енгізу – білім реформасын жүзеге асыру алғышартта тұрғаны баршамызға аян.
Демек, болашақ мұғалім мамандарын кәсіби қызметке даярлау мәселесі – кезек
күттірмейтін өзекті қоғам талабы .
Мұғалімнің кәсіби даярлығы, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, мұғалімнің
жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы жайы кеі ауқымда Ресей ғалымдары
В.А.Сластениннің, О.А.Абдулинаның, Б.С.Гершунскийдің, Н.В.Кузьминаның,
А.И.Пискуновтың зерттеуінде талданған болса, бұл бағыттағы сан алуан
жұмыстардың ішінде қазақстандық Қ.Қ.Құнантаева, Ш.Т.Таубаева, Н.Д.Хмель,
Т.А.Уманов, Г.Қ.Нургалиева, К.С. Успанова және т.б. есімдерін атауға
болады.
Ал педагогикалық тұрғыда қарастырғанда, кәсіби дайындық дегеніміз –
ұстаздың теориялық білімдерімен іс-тәжірибелік әрекеттерінің бірлігі, оның
тікелей нәтижесі, дамыған педагогикалық ой-санасы, шығармашылық өзіне тән
ерекшелігі және жеткілікті деңгейде беретін пәннің материалын меңгеруі.
Бұлар оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Мұғалімдерді даярлау жүйесінде жалпы кәсіптік және арнайы даярлық өте
маңызды әрі күрделі қызметтерді атқарады, сондықтан оған қойылатын талаптар
жоғары және ерекше мәнге ие бола отырып, төмендегідей мәселелерді қамтиды
[5]:
– психологияны ғылым ретінде түсіну және оның құрылым үрдісін, тәлім-
тәрбие психологиясының даму сатылары, психологиялық зерттеу әдістері;
– қазіргі педагогиканың әдістемелік негіздерін, міндеттерін, салаларын,
педагогикалық зерттеу әдістерін, Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесін, дамудың жалпы заңдылықтарын;
– педагогика ғылымдар жүйесіндегі қазақ этнопедагогикасының алатын
орнын, халықтық педагогика бойынша тәрбие нысандары мен әдістерін;
– өмірдегі жағдайларда адам психикасы заңдылықтары туралы теорияны,
түсінікті қолдана білуді, әр кезеңдегіжеке тұлғаның дамуы бойынша
тәжірибе жүргізіп, нәтижесін қорытындылай білуді,мектеп оқушысының
дамуын және қалыптастыруын бақылауы;
– педагогикалық зерттеу әдістерін, педагогикалық әдебиеттерді талдай
білуді, диагностиканы қолдана білуді;
– құжаттар реквизиттерін ресмилеу және келіп түскен, жөнелтілген
құжаттарды өңдеу және индекстеуді, оргтехникамен жұмыс істеу
тәрбиесін;
– қиын балалармен жұмыс істеудің басты мәселелерін, тәрбиесі қиын
балалардың ерекшелігін, құқықтық тәрбиенің мазмұны мен міндеттері;
– халықтық әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлерді қолдану, тәрбие
жұмысын жоспарлай білу, сыныптар мен топтардың, балалардың бір –
біріне деген қарым – қатынасын қалыптастыру;
– мұғалім мен оқушы арасында болатын педагогтік тактінің маңызы туралы;
– оқушыларға педагогтық әсер ету мөлшерін, мұғалім тарапынан оқушының
рухани дүниесін түсіне білу;

Мұғалімдердің ғылыми-теориялық даярлықтарына қойылатын талап ерекше
болады, яғни болашақ мамандар балалар ағзасының жасқа байланысты құрылысы
мен қызметінің, жүйке жүйесінің жасқа байланысты құрылысы мен қызметінің
ерекшеліктерін, жас ерекшелігіндегі ағзалардың қызметін, анализаторлардың
физиологиясын; қазақ тілі, оның құрылымдық ерекшеліктері, грамматикалық
құрылысы, сөздің құрамы, тіл мәнерлілігін, сөйлеу мәдениетінің тарихын және
теориялық алғышарттарын; бастауыш сыныпта оқыту және тәрбиелеу
бағдарламасының мазмұны, міндетін, мақсатын, мектеп жасындағы балаларды
көркем шығармалармен таныстырудың міндеттері мен мақсаттарын; балалр
әдебиеті шығармаларының идеялық мазмұнымен көркемдік сапасын,
кейіпкерлерін, олардың бейнелерінің типтерін ,көркемдік құралдарын,
бағдарламада көрсетілген жазушылар өмірбаяны туралы мәліметтер мен әдеби
шығармалардың мазмұнын; оқушылардың сөйлеу мәнерлілігін жетілдіру
жқмыстарының тәсілдерін; қарапайым математикалық ұғымдарын
қалыптастыруәдістемесінің мазмұнын, құрылысын, оның мақсаттары мен
міндеттерін, пәнді оқытудың негізгі құралдарын қолдануды, мектеп жасындағы
балалардың математикалық дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарын; жалпы
физикалық географияның элементтерін, жердің литосферасы, атмосферасы,
гидросферасы, биосферасы,пайдалы қазбалары, Қазақстан территориясы,
табиғаты, жер бедері, Қазақстан табиғатын қорғау туралы ұғымдарын;
бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасының мазмұнын,
міндетін, мақсатын, сабақ барысында қолданатын әдіс – тәсілдерін,
дидактикалық материалдарды дұрыс қолдануды, табиғатты қорғаудың тәрбиелік,
білімдік маңызын, экологиялық білім берудің міндеттерімен әдістерін;
музыканың қарапайым теориясын, орыс, шетел, классик сазгерлерінің
шығармаларын; Қазақстан сазгерлерінің шығармаларын; бейнелеу өнерінің
негіздері, бейнелеу өнерінің теориялық негіздерін, бейнелеу өнері сабағының
мазмұнын, міндеттерін; бастауыш сыныптағы тәрбие берудегі іс – әрекет
түрлері – музыка тыңдау, ән салу, балалардың музыкалық аспабында ойнау,
ырғақтық қимылдық қозғалыстарды өткізудің әдіс – тәсілдерін; музыка
сауатының негіздерін, халық билерінің шығу нормасын, даму жолдарын білу,
балалар билерінің репертуарын; халықтың қолөнер түрлерін, қолөнердің шығу
тарихын, әртүрлі заттармен, тадиғи материалдармен шығармашылық деңгейде
жұмыс істей білуді; балаларға жан – жақты тәрбие берудегі дене тәрбиесінің
рөлін, дене тәрбиесі нысандарын, құралдарын, оқыту тәсілдерін, міндеттерін,
дене жаттығуларының жіктелуі, атауы, орындалу технологиясын қарастырылады
[6].

1.2 Модульдік оқыту технологиясы

Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұйымның нықталатын, біршама
дербес бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен
тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.
Кіріспе бөлімінде тәрбиеші балалармен оқу модулінің жалпы құрылымымен,
оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы модулінің
барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде),
сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) өсу бағытымен
–қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық
сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше
мәрте қайта оралып отыру   әр балаға оқу материалымен жұмыс істей отырып,
өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, тілін дамытады. Психологтардың
пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады:
·  кіріспе –қызықтырушылық;
·  опериационалдық-танымдық;
·  рефлексиялық-бағалау.
Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін
балалардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін мақсат оның мағынасы нақты
айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек [7].
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға
түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін
бастаған тиімдірік.
Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік,
меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін,
психолог Л.В.Шешневтің пікірінше, біріншіден, алғашқы түсінбеушілік сезімі
жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді
қорғау қапшығына, берік жабылған орамаға салып сақтауы және ұсынуы тиіс.
Мұндай орама қызметін белгілік жүйе атқарады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс балаларды 2-6 адамнан шағын
топтарға бөлу арқылы негізінен олардың өзара әрекет етуінен құрылған.
Балалардың танымдық қызметі әрбір баланың әр сабақта үш күрделік деңгейде
берілген оқу материалын тыңдау, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп
құрылған.
Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру және әр түрлі белсенді формаларды
қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде
алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды
қалыптастыру мақсатында кейінен – алынған білімді талдау, жинақтау және
бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады. Оқу модулінің
сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші – операциялық-танымдық
кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді қарастыру үшін біз Л.Фридманның төмендегідей ережелеріне
негізделген тұжырымдамасына сүйенейік [8]:
1. Бала жеке, топтық,  ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызмет жүйесі
ретінде қаралады. Олар баланың қисынды ойлауын, қабілеттерін көзге елестету
қабілетін, жадын, шығармашлық және тағы да басқа дамытуға , яғни білім
берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға
бағытталған.
2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түрі-ең алдымен баланың
қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай
жасау.
3. Басқару икемді болуы тиіс. Балалардың іштей өсуі жүргенде ғана білім
дәрежесінің артылуына  мүмкіндік болады.
4. Балалар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы
керек, яғни басқару тұлғалыққабағытталған болуы тиіс.
5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне
негізделіп жүруі тиіс.
Оқу модулінің сөйлесу білімін даярлағанда тәрбиеші оқу материалынның
негізгі мазмұның бөліп, құрастырады. Мұнда балалар оқу материалына қайта
оралып, пысықтап,  бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні
есепке алу керек, бұл бөліктерде қызқаша сыйымды түрде тұтас тараудың
мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін материалды тәрбиеші үш күрделілік деңгейінде
дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның
бір маңызы-күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез-
келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын
орындаған балаға , яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда тәрбиеші  балалардың өзара
сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл аударады.
Тәрбиешінің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын
даярлық құрылымы қалыптасады.
1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу.
2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, өсу бағытымен беру.
3. Тақырып бойынша жеңілдететін деңгейдегі және  білім стандартының
талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.
4. Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.
5. Балалардың пәнге қызығушылығын және креативтігін дамытуға арналған
шығармашылық сипаттағы материал дайындау.
 Қорытынды бөлім тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін
анықтайтын соңғы бөлім. Ол балалардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі
барысында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бақылауға, тексеруге және
бағалауға арналған. Осы бөлімде балалар өз қызметін талдайды – яғни, баға
алады, бұл сонында әр баланың танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін
анықтайды. Оқу модулінің қорытынды бөлімі –бақылау [9].
Қорытынды бөлімінде бақылаудың бірнеше түрі бар. Біріншісі, міндетті –
диагностика өткізу. Тәрбиешінің өз тандауы бойынша тапсырмалар, бақылау
жұмысы, диктант.
Модульдік оқытудың құрылымында педагогикалық технология негізінде оқу
циклін қайта жаңғырту идеясы алынған. Оның мазмұнына:
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:
4. Оқу әрекетінің жиынтығы;
5. Нәтижені бағалау.
Осының арқасында оқу үрдісі модульдік сипат алып, құрылымы ортақ,
бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу
циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу
бөлімінен және қорытынды:
∙ Кіріспе бөлім (модульге, тақырыпқа енгізу);
∙ Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу
негізінде ұйымдастыру);
∙ Қорытынды бөлім (бақылау).
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі – тәрбиешінің даярлық жүйесі.
Тәрбиеші  бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның
мақсатын, мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын
ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды [10].
Бұл технология:
− баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға:
− танымдық поцестерін дамытуға
− жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
− белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға:
− тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын,
танымдық, қауіпсіздік, сыйласу,  шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру,
өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді.
Кіріспе бөлімінде ақпараттық технологияның Қарша – әдісі бойынша
өткізуге болады. Оның негізгі ерекшелігін қарастырайық.
Сұхбат бөлімінің 2-ші сабағында педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ж.А. Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланады.
Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі:
1. Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі
тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда
алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.
2. Алгормитмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған
жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдеибеттерді пайдалана
отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой
белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының
дамуын қамтамасыз етеді.
Технологиялық картаның негізгі ерекшелігі биоақпараттық технологиялық
процесс үшін пәндердің логикалық және құрылымдылық тиімділігін анықтауда
технологиялық картаның маңызы зор. Бұл орайда, сынып оқушылары үш-үштікке
бөлініп отырады. Әр үштік өз дәрежесіне қарай қызмет атқарады:
1) «Рухтандырушы” – ол есеп шығару кезінде басты идеяларды айтушы.
2) «Практик” – есептің берілуі мен шығару жолдарын бақылайды.
3) «Сыншы” – шығарылған есептің қате, дұрыстығын қадағалайды.
Модульдік оқыту технологиясы – баланың белсенді оқу қызметін
ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өзін-өзі бақылай білуге
үйренеді [11].

1.3 Жобалар әдісі − білім беру  ресурсы

Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: оқушылардың танымдық,
шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу
икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын
тұрғыдан ойлауын дамыту.
Жобалар әдісінің  мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды
болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы  шешімін табуды алдын-ала
ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған
білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды
(сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат
ойлаудың үрдісін бақылайды.
Рефлекторлы  ойлау мәні – фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы,
олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын
табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген
сенімділікті қалыптастыру.
Жобалар әдісі  біріншіден – қандай бір мәселені шешуді, екіншіден – 
 нәтижеге қол жеткізуді болжайды. Жобалар әдісі – қандай да бір түрде
безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс
мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға  жетудің  тәсілі.
Жобалар әдісінің негізіне жоба ұғымының мәні, оның қандай да бір
тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын
нәтижеге деген прагматикалық   бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты
тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәсенің шешімі
бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды
алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан,
техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану
икемінің, білімнің  интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған
жобалардың нәтижелері көрнекі болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе
болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса – қолдануға дайын
нақты нәтиженің болуы. 
Жобалап оқыту түзу болып табылмайды, және бұл жерде тек нәтиже ғана
емес, көп шамада үрдістің өзі құнды. Жобалармен жұмыс істеу студенттерге
дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын білім алуға мүмкіндік бере
отырып,  жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады.  Бұлай болуы
мүмкін, өйткені студенттер өздері өз таңдауларын жасайды және өздері
талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның тәжірибелік құндылықтары болуы;
− студенттердің өзіндік зерттеулерін жүргізуінің  болжауы болуы;
− онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей
мөлшерде болжаусыз болуы;
− оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы;
− өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы;
− студентке өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі;
− кең спектрлі тапсырмаларды шешуде студенттің қабілеттерінің ашылуына
көмегі болуы;
− студенттер арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы
тиіс. 
Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ,
онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің
жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар
әдістері – тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа
білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық
технология [12].
Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және  құрылымдалған
компоненті болып табылады. Жобалар әдісінің танымалдығы нақты мәселелерді
шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының
үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Жобаларды түрлерге бөлудің негізі болып келесі белгілер табылады: 
− Жобада басты іс-әрекет: зерттеу, іздеу, шығармашылық, рольдік,
қолданбалы (тәжірибелік бағытталған), таныстырулық бағытталған  және
т.б. (зерттеу жобасы, ойын, таныстырулық бағытталған,  шығармашылық);
− Жобаның пәндік-мазмұндық ауқымы: моно жоба (білімнің бір саласында);
пәнаралық жоба;
− Жобаны үйлестіру сипаты: бір беттілік (бұлжымайтын, иілгіш), жасырын
(анық емес, телекоммуникациялық жобаларға тән, жобаға қатысушыны
имитациялау);
− байланыстың сипаты: бір ЖОО, факультет, қала, аймақ, елдің және әр
түрлі елдер арасындағы қатысушылар үшін;
− жобаға қатысушылардың саны;
− жобаның ұзақтығы.
Жобалар әдісінде жобамен жұмыс жасаудың келесі кезеңдері анықталады: 
іздеу, конструкторлық, технологиялық, қорытынды [13]. 
Іздеу кезеңі:
− Мәселені іздеу және талдау.
− Жоба тақырыбын таңдау.
− Кезеңдер  бойынша  жобалау іс-әрекетін жоспарлау.
− Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу.
Конструкторлық кезеңі:
− Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу.  
− Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу.
− Дайындау технологиясын таңдау.
− Экономикалық баға беру.
− Экологиялық сараптама жасау.
− Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру.
Технологиялық кезең:
− Жобаны тәжірибеде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажет
материалдарды, құралдарды және құрылғыларды таңдау.
− Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау.
− Сапаға ағымдық бақылау жасау.
− Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу.
Қорытынды кезең:
− Жобаның орындалуының сапалық бағасы.
− Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау.
− Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу (көрме,
сату, жобалар банкіне қосу, жариялау).
Оқушылардың барлық іс-әрекеттері келесі кезеңдерге шоғырланған:
дайындалу, жоспарлау, зерттеу, нәтижелер немесе тұжырым, нәтижелер мен
үрдістерді бағалау [14]. 
Дайындалу:
− мәселені және одан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді анықтау;
− мәселені шешудің болжамдарын беру;
− зерттеу әдістерін талқылау.
Жоспарлау:
− ақпарат көздерін анықтау;
− ақпаратты жинау және талдау тәсілдерін анықтау;
− нәтижелерді көрсету тәсілін анықтау;
− нәтиже мен үрдісті бағалаудың іс жосығы мен критерилерін орнату;
− топ мүшелері арасында міндеттерді бөлу.
Зерттеу:
− ақпараттарды жинау;
− аралық тапсырмаларды шешу.
Нәтижелер және қорытындылар:
− алынған көрсеткіштерді талдау;
− қорытындыны тұжырымдау.
Нәтижелер мен үрдісті бағалау:
− соңғы нәтижелерді рәсімдеу;
− қорытынды  жасау, түзету енгізу, соңғы қорытындылар.  
Жобалар әдісін қолдану қиыншылықтары мен шекаралары: Жобалар әдісі оқу
үрдісінде шешімі үшін әр түрлі салалардан білімнің шоғырлануын, және де
зерттеу әдістерін қолдануды қажет ететін қандай да бір зерттеушілік,
шығармашылық тапсырмалар пайда болған жағдайда қолданылады  (мысалы,
әлемнің әр түрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу; белгілі
бір тақырыпты: қоршаған ортаға қышқылдық жаңбырлардың әсері мәселесі,
әртүрлі аймақтарда өндірістің әртүрлі салаларының орналасу мәселесі, т.б.
ашатын бір мәселеге мемлекеттің әртүрлі аймақтарынан, жер шарының басқа
мемлекеттерінен репортаждар сериясын құру). Жобалар әдісінің кең таралуын
тежейтін басты мәселе – жобалық  тапсырмаларды білім стандарттарының
талаптарымен үйлестіру қиындығы болып табылады. Жобалық тапсырмаларды
студенттер орындағанда стандартты білімін, икемін, дағдысын (нақтырақ
айтқанда – олардың қажеттілігі туындайтындай) қолданатындай етіп құру
тәжірибе жүзінде мүмкін емес.

1.4 Case-study (кейс-стади) әдісі

Кейс әдісі  нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды
көрсетуге мүмкіндік береді. Ол оқушыларды пәнді оқуға, білімді терең
меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға
мүмкіндік береді.
Case-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды
анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат
көздерін белгілеу, Case – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама
жасау, oны  қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу
процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:
1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені
сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе
шешімді ұсыну);
2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен
жұмыс.
3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері
және тәжірибе нәтижелері [15].
Case study әдісі келесі дағдыларды дамытады:
1. Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің
мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра
білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды
тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық
ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте
маңызды.
2. Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен
салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда,
әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге
мүмкіндік береді.
3. Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз  Case-пен мәселе шешілмейді.
Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының
шығармашылық дағдылары өте маңызды.
4. Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға
болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу.
Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарғабірлесу, өз
көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп
дайындау.
5. Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында Case-те нақты әлеуметтік
дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін – өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу,
дискуссияны қолдау немесе қарама – қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін
өзі ұстау және т.б.
6. Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және
өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған
моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік
дағдыларынқалыптастыруды талап етеді.    
Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік
құрылымы болады [16].
Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады:
− Жағдайлар  – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға.
− Жағдайдың контексті  –  хронологиялық, тарихи, орын контексті.
− Әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.
− Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.
− Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
− Қосымшалар. 
Кейсті құрастыру сатысы:
− Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау.
Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу.
− Жағдай моделін құру немесе таңдау.
− Сипаттауды құру.
− Қосымша ақпараттарды жинау.
− Ақырғы мәтінді даярлау.
− Кейстің тұсаукесері, талқылауды  ұйымдастыру.
Кейспен жұмыс істеуді  ұйымдастыру нұсқалары өте көп, бұл оқытушының
шығармашылығы үшін мүмкіндік. Біз жұмыс ұйымдастыруға болатын, максималды
жалпыланған сабақ үлгісін ұсынамыз. 
Кесте-1.1
Кейс- әдісін қолдану кезіндегі әр түрлі анализ түрлері

Аналитикалық Оларға сипаттама Негізгі түрлері
қызметтің
көптүрлілігі
Проблемалық Проблемаларды атап 1. Жағдайдың проблемалық  мазмұнын
анализ көрсету, проблемалық талдау.
өріс қалыптастыру, 2. Жағдайдың проблемалық шарттарын
олардың квалификациясы талдау.
3. Жағдайдың проблемалық нәтижесін
талдау.
Жүйелі анализ Құрылымымен  және 1. Дескриптивті анализ, яғни бар
функцияларымен құрылымдар негізінде, функция
сипатталатын кейбір қалыптасады.
жүйелер сияқты 2. Конструктивті анализ яғни,
объектіні жүйелік жол берілген функциялар негізінде
жағынан қарастыру. құрылым құрылады.
ПраксеологиялыҚызметтік процесстерді 1. Қызметті оптимизациялау жолдарын
қ анализ оптимизациялау талдау.
көзқарысына байланысты 2. Қызметті алгоритимизациялау  және
қарастыру.  үлгілеу.

Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу
әдісі ретінде де белсенді қолданылады. Сонымен қатар, оқудағы оқу, білім
және ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін
жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу
әдістерімен оңай  байланысуы мүмкін. 1.1-кестеде кейс-әдісін қолдану
кезіндегі әр түрлі анализ түрлері көрсетілген.
Кейс-стади әдісінің категориялық аппаратын құру оны қолдану
тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі
технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады. Кейс-әдісте
қолданылатын негізгі ұғымдар жағдай және анализ, сонымен қоса олардан
туатын – жағдайды талдау ұғымдары болып табылады [17].
Кейс оқытушы қызметінің бейнелік нәтижесі болып табылады. 
Интеллектуалды азық ретінде оның өзінің бастаулары бар. Кейстердің бастауы
– өмір деген тезис біреуге күмән келтіруі мүмкін емес. Қоғамдық өмір өзінің
әртүрлілігімен кейстің сюжетінің, түйінді мәселесінің және деректік
базасының бастауы болады.
Білім келесі бастау болып табылады. Ол кейс – әдіске үйлескен басқа
  оқыту мен тәрбие әдістерінің мақсаттары мен  міндеттерін анықтайды.
Ғылым  – бұл бейнелік кешен  ретіндегі  кейстің үшінші бастауы. Ол
аналитикалық іс-әрекетпен және жүйелік  жақындасумен, сонымен қатар, кейске
және оны талдау үрдісіне үйлестірілген көптеген басқа ғылыми әдістермен,
екі негізгі әдістемелерді ұсынады.
Кесте-1.2
Кейс-әдісінің басқа әдістермен үйлесу мүмкіндіктері

Кейс-әдісімен Оның кейс – әдістегі ролінің сипаты
үйлескен әдіс
Үлгілеу Жағдайдың үлгісін құру
Жүйелі талдау Жүйелік ұсыныс және жағдайды талдау
Ойша тәжірибе Жағдай туралы білімді ойша түрлендіру арқылы  алу
тәсілі.
Сипаттау әдістері Жағдайдың сипатын құру
Проблемалық әдіс Жағдайдың негізінде жатқан түйінді мәселені ұсыну.
Жіктеу әдісі Жағдайды құрастыратын қасиеттер, тараптардың
реттелген тізімін құру.
Ойын әдістері Жағдай кейіпкерлерінің жүріс-тұрысының нұсқаларын
ұсыну.
Миға шабуыл Жағдайға қатысты ойларды  генерациялау.
Пікірталас Түйінді мәселе және оны шешу жолдары жайлы
көзқарастармен алмасу.

1.2-кестеден көрініп тұрғандай, білім беру үрдісін ұйымдастырудың әр
түрлі әдістері  кейс – әдіспен сәтті үйлесуі мүмкін.
Кейстің негізгі детерминация бастауларының ара қатынасы әр түрлі болуы
мүмкін. Кейстерді құраудың шынайы тәжірибесінде әдетте бастаулардың біреуі
басым болуы  байқалады. Осылай қарастыру негізгі бастауларының әсер ету
дәрежесіне қарай кейстерді топтауға негіз болуы мүмкін. Бұл жерде даусыз
шынайы өмір жағдайларын бейнелейтін, тәжірибелік кейстерді, негізгі міндеті
оқыту болып табылатын оқыту кейстерін, зерттеулік іс-әрекетті іске асыруға
бағытталған ғылыми-зерттеулік кейстерді ерекшелеуге болады [18].
Сабақты  ұйымдастыру сатылары:
1) Бірлескен іс-әрекетке жұмылу сатысы. Бұл сатының негізгі міндеті:
бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың
бастамаларының айқындалуы. Бұл сатыда келесі жұмыс нұсқалары болуы мүмкін:
Кейс-стади мәтіні студенттерге өз бетімен зерделеу және сұрақтарға жауап
дайындау үшін сабақ басталғанға дейін таратылып берілуі мүмкін.
Сабақ басында тыңдаушылардың кейс-стади материалдарын білуі және 
талқылауға қызығушылығы анықталады. Кейс-стади негізінде жатқан басты
мәселе анықталады, және ол курстың сәйкес бөлімімен үйлестіріледі.
2) Біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы. Бұл сатының негізгі міндеті:
мәселелені шешуге арналған  іс-әрекетті ұйымдастыру. Іс-әрекет кішігірім
топтарға біріктірілуі және жеке болуы мүмкін. Тыңдаушылар  оқытушы  берген
қандай да бір анықталған уақыт көлемінде сұраққа ұжымдық жауап дайындау
үшін уақытша кішігірім топтарға бөлінеді. Әрбір кішігірім топтарда (басқа
топтардан тәуелсіз) жауаптарды салыстырулар, оларды өңдеу, тұсаукесер үшін
рәсімделетін жеке бір көзқарасты өндіру жұмыстары жүреді. Әрбір топта
шешімді жеткізетін спикер таңдалады немесе тағайындалады. Егер кейс
сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері сәйкес келмеуі керек.
Спикерлер топтардың шешімін таныстырады және сұрақтарға жауап береді.
Оқытушы  жалпы дисскусияны ұйымдастырады және бағыттайды. 
3) Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлексиясы сатысы. Бұл сатының
негізгі міндеті: кейспен жұмыстың нәтижелерімен білімдік және оқытулық
нәтижелерін айқындау. Сонымен қатар, бұл сатыда сабақтың ұйымдастырылуының
тиімділігі талданады, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың түйінді
мәселелері анықталады, ары қарай жұмыс жасау үшін міндеттер қойылады.
Оқытушы әрекеттері келесідей болуы мүмкін: оқытушы кейс-стадиді талқылау
үрдісін және барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды,
оқиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады
[19].

1.5 Қашықтан оқыту технологиясы

Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен
оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың
негізгі көлемін  оқып үйренушілерге жеткізуді  қамтамасыз ететін, оқылған
материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып
үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық
технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық
технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру
үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі
және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады.
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте
бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы
құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта,
телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар,
күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа
бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды.
Қашықтан оқыту білім жүйесі жоқшылыққа, географиялық немесе уақытша
оқшаулануға  қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны жоқ және дене бітімі
жетілмеуіне байланысты білім мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ немесе
өндірістік және жеке жұмыстары болу себебінен, ешкімнің оқуға мүмкіндігін
шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаларға жауап береді.
Қашықтан білім беру – жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық
жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың
элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі. Қазіргі замандағы
телекоммуникациялық және  электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің
барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік
береді [20].
Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша
мынандай жетістіктерге ие:
− Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;
− Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша);
− Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;
− Оқу ақпаратына қол жеткізу, оны жедел жаңарту;
− Экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың шығынын
қысқарту есебінен);
− Жаңа технологияларды қолдану;
− Оқып үйренушілердің  әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын
жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан);
− Барлық елдегі ақпараттық-оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;
− Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату
ыңғайлылығы;
− Оқып  үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.
Ақпараттық технологиялармен оқытудың айрықша тиімділігі, қашықтықтан
оқыту үрдісін автоматтандыру үшін, барлық қажетті компоненттерді
шоғырландырушы қашықтан оқытудың арнайы ақпараттық жүйесі бағдарламаларын
қолдану болып табылады [21].
Кез-келген қашықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды сипаттары:
− Құрылымының ашықтығы. Жүйе ашық жүйе үрдісіне сәйкес құрылуы тиіс.
− Сәйкестілігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау форматы сәйкес келуі
тиіс. Халықаралық стандартты қолдану керек.
− Кеңейгіштігі. Жүйенің құрылымы модульді болуы керек және жүйенің
функционалды компоненттерін өсіруге мүмкіндік беру.
− Жан-жақтылығы. Жүйе көп функциялы және қолданыста жан-жақты болуы
керек.
− Сенімділігі. Ақпараттар ресурстарын сақтау сенімді болуы керек.
Мүмкін болатын қауіптер әсерінен ақпараттар жоғалмауы тиіс.
− Үлестірімділігі. Жүйе әр түрлі желі конфигурациясы жұмысына
бағытталуы керек (әртүрлі жедел жүйелерді басқаруға негізделген
Интранет, Интернет) және үлестірілген ақпараттық ресурстарды сақтауды
қолдауы керек.
− Масштабталуы. Әр түрлі конфигурация жұмысы үшін жүйенің құрылымы
масштаб жүйесін өзгерте алуы тиіс.
− Қолданушының ортақ интерфейсі. Қолданушының интерфейсі қарапайым,
түсінікті болуы тиіс.
− Өңдеудің қарапайымдылығы. Өңдеу жылдам және  тиімді болуы тиіс.
… жалғасы