Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі әлеуметтік саясаттың негізі

0

ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … 4

1 ХАЛыҚТы әлеуметтік қОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛыҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы, қағидалары мен
қызметі … … … 8
1.2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі әлеуметтік саясаттың
негізі … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … …14
3. Халықты әлеуметтік қорғаудың шетелдік
модельдері … … … … … … . … 20

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСыНДАҒы ХАЛыҚТы әлеуметтік қОРҒАУ ЖҮЙЕСІ
2.1 Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі
жағдайы … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … ..27
2.2 Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі
әлеуметтік сараптама
ерекшеліктері … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … 32
2.3 Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару органдарымен
көрсетілетін әлеуметтік көмек пен төленетін негізгі әлеуметтік төлемдер
түрлері … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … …36

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСыНыҢ ХАЛыҚТы әлеуметтік қОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
және ОЛАРДЫ жетілдіру бағыттары
3.1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі
мәселелері … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … ..43
3.2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін
жетілдіру
жолдары … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … …47
3.3 Мемлекеттің халықты қолдаудағы қайырымдылық іс-
әрекеттері … … … … .54

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … ..61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ … … … … … … … . … … … … … ..64

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясының
бірінші бабында, біздің мемлекетіміздің ең қымбат құндылығы – адам, оның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені көрсетілген. Экономиканы
реформалау шарттарында адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету
мәселесі неғұрлым өткір тұрды. Олардың арасында әлеуметтік құқықтар ерекше
орын алды. Адам құқықтарын мемлекет тарапынан қорғау сұрақтары тіпті
өткірлей түсті. Құқықтарды тікелей қозғайтын көптеген құбылыстар
мемлекеттік әсер ету және құқықтық реттеу аясынан тыс болып шығады.
Әлеуметтік диференциялаудың өсуі және басқа да құбылыстар азаматтардың
әлеуметтік құқықтарын қауып астына қояды.Адам мен мемлекет арасындағы өзара
қатынаста айқындық жоқ, бұл да жағдайды тереңдетеді. Біздің мемлекетіміздің
әлеуметтік бағытындағы Конституцияда бекітілген, онда мемлекет аз
қамтылған халықты әлеуметтік қорғауды өзіне алады, сонымен қатар тұлғаның
тең және әділ мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілуін міндеттенеді.Қазақстанда
жүргізіліп жатқан түбегейлі экономикалық және саяси реформалар қоғамда
терең өзгерістер туғызды. Алғашқы кезде әлеуметтік шиеленістер қалыптасты.
Осындай жағдайда халықты әлеуметтік жағынан қорғаудың тиімді жүйесін жасау
қажеттілігі туындады. Жалпы адамзаттық құндылықтар ең өзекті әлеуметтік
мәселелердің біріне айналып, жеке дербес өзгешеліктерінің көрінуі
ерекшелене бастады. Қазақстан Республикасы азаматтарының әрбір топтары мен
мемлекеттік дәрежеде қызмет көрсетудің негіздерін дүниежүзілік озат
тәжірибе тұрғысындағы саяси-әлеуметтік маңызы бар өзекті мәселеге айналды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының халықты
әлеуметтік қорғау жүйесінің мазмұнын ашу, негізгі мәселелерін талдау.
Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
— халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің теориялық негіздері;
— Қазақстан республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі;
— Қазақстан республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің
мәселелері және оларды жетілдіру бағыттары.
Зерттеудің обьектісі. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі.
Зерттеу пәні. Халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік қолдаудағы
қайырымдылық, іс-әрекеттің мазмұны, мәні мен мәселелері, оларды шешу
жолдары.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Батыс әлеуметтанушылардан әлеуметтік
қорғау мәселесін зерттеуге Э. Дюркгейм, О. Конт, П. Лафарг, К. Маркс, А.
Маслоу, П. Сорокин, Г. Спенсер секілді ғалымдар үлес қосқан. Әлеуметтік
мемлекеттің құрылымын, мәселесін М. Вебер, Р. Дарендорф, Ш. Монтескье, Д.
Норт, К. Поппер, Л. Фуко, С. Холланд және т.б. шетелдік ғалымдар
қарастырды.
Қазақстандық бірқатар саясаттанушы ғалымдардың еңбектерінде әлеуметтік
қорғау жүйесінің мәселелерін, табиғатын, құрылымы мен қызметін, жүзеге
асырылу механизмдеріне талдау жасалынған. Мұндай ғылыми зерттеулердің
қатарына А. Абдрахманованың, Н. Аитовтың, М. Ахметованың, Р. Әбсаттаровтың,
Р. Жарқынбаеваның, Л. Зайниеваның, А. Каримовтың, Н. Мұстафаевтың, А.
Мұқажанованың, Н. Нығматулиннің, Қ. Нұғманованың, И. Тасмағанбетовтың, М.
Тәтімовтің және т.б. саясаттанушылардың еңбектері табылады.
Зерттеудің әдістері. Оқып-талдау, сипаттау, салыстыру, қорыту,
сараптау, бақылау, әңгіме әдістері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңыздылығы.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан түбегейлі экономикалық және саяси
реформалар қоғамда терең өзгерістер туғызды. Алғашқы кезде әлеуметтік
шиеленістер қалыптасты. Осындай жағдайда халықты әлеуметтік жағынан
қорғаудың тиімді жүйесін жасау қажеттілігі туындады. Жалпы адамзаттық
құндылықтар ең өзекті әлеуметтік мәселелердің біріне айналып, жеке дербес
өзгешеліктерінің көрінуі ерекшелене бастады. Қазақстан Республикасы
азаматтарының әрбір топтары мен мемлекеттік дәрежеде қызмет көрсетудің
негіздерін дүниежүзілік озат тәжірибе тұрғысындағы саяси-әлеуметтік маңызы
бар мәселеге айналды. Әлеуметтік жұмыстың қазіргі мәселелері
экономикалық, саяси, рухани өмірдің бұзылуы, халықтың үлкен бөлігінің өмір
сүру деңгейінің төмендеуі, қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуі жағдайында
жүргізіліп жатыр. Бұл жолда біріншіден, үкімет, ғалымдар біздің еліміздің
ертеректегі әлеуметтік жұмыстағы тәжірибесін жинақтаса, екіншіден, халықты
әлеуметтік жағынан қорғау мәселелеріне көңіл бөлуге тырысты.
Әлеуметтік қызмет – бұл әлеуметтік өлшем жүйесі, сонымен бірге
мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдасқан құрылымдардың халыққа
әлеуметтік қызмет көрсету және олардың өміріндегі қиын жағдайларына көмек
көрсету, азаматтардың ауыр жағдайларды жеңіп өздерін жігерлендіруіне
ұмтылдыру. Әлеуметтік қызмет көрсету қазіргі кезде мемлекеттік жүйенің
халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің ажырамас бөлігі, әлеуметтік саланың
нағыз бір жетекші дамыған қозғалыстың компоненті. Қазіргі әлеуметтік қызмет
көрсетудің құрылған жүйесі – бұл қоғамның әлеуметтік маңызды саласы,
миллиондаған адамдардың көшпелі кезеңіндегі қиындықтарын әр түрлі
әлеуметтік-адамгершілік қызмет тәсілдерімен бейімделуге бағытталған,
әлеуметтік оңалдыру немесе жекелеген адамдарды, отбасыны кіріс жиынтықтары
қиын, ауыр жағдайларға тап болған адамдарға көмектесу.
Әлеуметтік сферада қабылданған негізгі заңдар: Халықты жұмыспен қамту
туралы Заңы(1991), Семей ядролық полигонында зардап шеккен азаматтарды
әлеуметтік қорғау туралы Заңы (1992), Арал өңіріндегі экологиялық
апаттардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңы (1992),
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңы (1991), Кемтар балаларды
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңы
(2002), Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы
Заңы(1997) т.б. Халықты әлеуметттік қорғаудың ең басты құқықтық базасы —
Ата-Заңымыз. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясында әлеуметік
саясаттың негізгі бағыттары айқын көрсетілген. Әлеуметтік саясат еліміздің
экономикалық реформаларының толыққанды жүзеге асырылунда маңызды рөл
атқарады.
Сонымен, жоғарыда, көрсетілгендей азаматтарға әлеуметтік қорғау мен
көмек көрсету мемлекеттің әлеуметтік саясатының қорғау мен көмек көрсету
бағыт-бағдарын көрсетіп, қоғамның әлеуметтік даму дәрежесін оңтайландырады
да әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғалар мен топтардың құқықтық база
негіздерінде мүддесін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік кепіл жүйесі
болып табылады.
Зерттеудің тәжірибелік базасы. Халықты әлеуметтік қорғау мәселелерiн
шешу мақсатында көптеген қайырымдылық қорлары жұмыс iстейдi. Ол қорларды
атқарып жатқан қызметi мен алдына қойған мақсат, мiндеттерiне қарай
төмендегiше топтастыруға болады.
1. Балалар қайырымдылық қорлары:
— Республикалық »Бөбек» балалар қайырымдылық қоры;
— Елiмiздiң облыс орталықтары мен iрi қалаларда ашылған балалар
қайырымдылық қорлары.
2. Мүгедектерге қайырымдылық көмек қорлары:
— Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау Жалпы ұлттық қайырымдылық қоры;
— Республикалық “Бибi-Ана” мүгедек әйелдер қоры.
3. Рухани қорлар:
— “Шапағат” қоғамдық қайырымдылық қоры;
— »Иман» қайырымдылық қоры;
— »Қазығұрт» қайырымдылық қоры.
4. Халықаралық қайырымдылық қорлар:
— “Сорос-Қазақстан” қоғамдық қайырымдылық қоры;
— Халықаралық американ қайырымдылық корпусы.
5. Тұрмысы төмен азаматтарға қайырымдылық көмек қорлары:
— Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi жалпы ұлттық қор.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптық өзектілігі,
зерттелу жайы, зерттеу мақсаты, міндеттері, әдіснамалық негізі, зерттеу
әдісі, ғылыми болжамы, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі, оның тәжірибеге
енгізілуі тұжырымдалады.
Бірінші бөлімде – әлеуметтік қорғаудың жалпы түсінігі, құрылымы,
қағидалары сипатталған. Халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қорғау
және қолдау мәселелері талқыланып, әлеуметтік қорғаудың шетелдік модельдері
қарастырылған.
Екінші бөлімде – Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау
жүйесінің қазіргі жағдайы туралы мәліметтер берілген, әлеуметтік сараптама
ерекшеліктері мен жергілікті басқару органдарымен көрсетілетін әлеуметтік
көмек пен төленетін негізгі әлеуметтік төлемдер түрлері қарастырылған.
Үшінші бөлімде – халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мәселелері,
жетілдіру бағыттары, халықты қолдаудағы қайырымдылық іс-шаралары
талқыланған.
Қорытынды бөлімінде – әлеуметтік қызметтің белгіленген мақсатқа жете
алмауының себептері айқындалып, әлеуметтік қорғау жүйесінің іс-әрекеттердің
тиімді жолдары қарастырылды. Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет
деген тұжырым жасалды.

1. ХАЛыҚТы әлеуметтік қОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛыҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы, қағидалары мен қызметі.

Жеке тұлға, топтар мен қауымдастықтардың құқығы мен бас бостандығы
әлеуметтік салада қорғау еліміздегі әлеуметтік саясат әлеуметтік сфераның
кез-келген бағытын айқындап, мазмұны мен басқаруы, жетілдіру мен
функцияларын анықтауды қамтамасыздандыруға негізделген, өйткені әлеуметтік
саясат басқа да саясат түрлерінің шоғырланған нүктесі десек, онда
әлеуметтік саясат мемлекет тарапынан іске асырылады. Қазақстан қазіргі
жағдайда өтпелі мемлекет типіне жатады. Ол мемлекетіміздің негізгі
институттары, органдары мен ұйымдары арасында әлеуметтік салада әр түрлі
қайшылықтар кездесіп қалатын. Политологтардың тұжырымына сүйенсек, жалпы
саясат экономиканың концентрацияланған көрінісі десек, онда әлеуметтік
саясат өзіндік ерекшелігі мен шоғырлану арқылы әлеуметтік сфераға
байланысты жүйелерді толық жинақтап өз бойына сіңірген.
Отандық және жақын, алыс ғалымдар зерттеулерінде мемлекеттің әлеуметтік
саясатын жүргізу екі блок бағытта қарастырылып жүр.
Әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттарын ескере отырып оларды тиімді
жүзеге асыру, әлеуметтік диагностика, профилактика, адаптация, тұлғаға
әлеуметтік қорғау т.б.
Әлеуметтік жұмыста әлеуметтік қорғауды қажет ететін негізгі
объектілеріне бағыттау, кемтарлар мен мүгедектер, көп балалы отбасылар мен
жалғыз басты аналар, жетім балалар мен өмір сүру қоржыны төмен отбасылар,
Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен жалғыз басты қарттар т.б. жатады.
Бұл әлеуметтік жұмыстың бағыттары өзара тығыз байланыста қарастырылып,
мемлекеттің тікелей және жанама түрде, бұл әлеуметтік қорғауды қажет ететін
топтарына әлеуметтік-экономикалық көмек беру арқылы олардың тұрмысын,
дәрігерлік, құқықтық мүдделерін қорғап әр түрлі қиындықтарды шешіп отыруына
қамқорлық жасайды. Ескеретін факт, мемлекеттің әлеуметтік саясаты әр түрлі
өлшемде алынатыны – экономикалық-ұйымдастырушылық, экологиялық, тұлғалық
т.б. Осы көрсеткіштерді негізге ала отырып мемлекеттің жүргізіп отырған
әлеуметтік саясатының сандық және сапалық сипатын объективті түрде
айқындауға болады. Әрине, ең басты көрсеткіштер ретінде мемлекетіміздегі
әлеуметтік әділеттіліктің әлеуметтік қорғау мен қызмет көрсету барысында
қатаң сақталынуы, әр түрлі топтар мен тұлғалардың нақтылы қажеттіліктерін
өтеу, әлеуметтік қажетсінетін топтарға уақтылы көмек беріп отыру т.б. [17]
Халықты мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғаудың ірге тасы, әрине,
құқықтық базасы, халықаралық және отандық заңдар мен заң актілері,
жергілікті әкімшіліктердің шешімдері, нұсқаулары мен ұсыныстары. Демек,
республикамызда азаматтарымызды әлеуметтік қорғаудың ең басты құқықтық
базасы – Ата-Заңымыз болып табылады. Сондықтан да әрбір әлеуметтік
қызметкер өз жұмысы барысында мұқтаж тұлғалар мен топтардың әлеуметтік
мәселелерін шешу барысында, сол азамат мүддесін қанағаттандыруға
мемлекеттік саясат негізінде құрастырылған құқықтық, ведомствалық
құжаттарды әлеуметтік көмек беру, құқықтық қорғау мен қызмет көрсету
сфераларының негізгі принциптері қамтылған, айталық азаматтардың құқығын
қатаң сақтау, әлеуметтік жұмыстың сабақтастығы, әлеуметтік жұмыстың әрбір
мұқтаж тұлғаның жеке мүддесін қанағаттандыру, басқару әкімшілік органдардың
жауапкершілігі т.б.
Сонымен, мемлекеттің әлеуметтік саясаты мен ол жүргізетін әлеуметтік
жұмыс сферасы бір-бірімен тығыз байланыста. Өйткені, мемлекеттің әлеуметтік
саясаты әлеуметтік жұмыстың күре тамыры, бағыттаушысы. Әрине, саясат
әлеуметтік жұмысқа қарағанда тұрақты қалыптасқан жүйе, ал әлеуметтік жұмыс
мазмұны, формалары, құралдары, әдістері мейлінше бай, өзгермелі де әр
түрлі, бірақ әлеуметтік саясат барысында негізгі мақсаттар мен міндеттерді
шешетін процесс.
Мұнда, ең алдымен халықтың әр түрлі топтарын әлеумлеттік қорғау
саласындағы жұмыс екі аспектіде қарастырылатынын айту керек. Әлеуметтік
жұмыс кәсіптік іс-әрекетінің түрі ретінде тіршіліктің қиындығына кездескен
тұлғаларды қолдап, қорғау міндетін атқару барысында олардың әлеуметтік
мүдделерін шешеді.
Екіншіден, бұл процестің нәтижелі іске асырылуы әр елде, әр кезеңде
ұқсас әдіс, құрал, тәсілдерімен жүргізілгенімен әр түрлі сипатта болуы.
Айталық, Қазақстандағы өтпелі кезең қиыншылықтары республикадағы әлеуметтік
көмек пен қорғауға мұқтаж азаматтармен жұмыс жүргізуді материалдық база
мүмкіндіктерімен шеше отырып іске асырады.
Сонымен, жоғарыда, көрсетілгендей азаматтарға әлеуметтік қорғау мен
көмек көрсету мемлекеттің әлеуметтік саясатының бағыт-бағдарын көрсетіп,
қоғамның әлеуметтік даму дәрежесін оңтайландырады да әлеуметтік қорғауды
қажет ететін тұлғалар мен топтардың құқықтық база негіздерінде мүддесін
қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік кепіл жүйесі болып табылады.
Себебі, кез-келген іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері, сипаты оның
мақсаты мен беретін нәтижесіне тікелей байланысты. Егер іс-әрекетті жүмыс
жүйесінің жиынтығы деп түсінсек, сол жүйе әлеуметтік жұмыста әрбір тұлғаға
көмек пен қызмет көрсету барысында олардың әлеуметтік қорғалуында
қамтамасыздандыру керек. Сондықтан да әлеуметтік қорғаудың ғылыми-құқықтық
құрылымы ықпал ететін элементтері мен өзіндік функциялары бар. Зерттеулерде
бұл іс-әрекеттер жүйесін кешенді жүйе ретінде қарастырып жүр. Бұл кешенді
жүйе құрылымын бір-біріне тығыз қатынасты компоненттермен тұжырымдайды. [1]
Сонда, әлеуметтік қорғау субъектісінен басталған элементтер жұмыстың
мазмұны, басқару мен мақсат, құрал, функцияларының объектіге дейінгі іс-
әрекеттену жолын қамтыған.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәнін түсінуде, әлеуметтік топтардың
мүдделері мен қажеттіліктері, олардың қоғамдағы орны мен тікелей
байланыстығы туралы қоғамдық ғылымдар жинақтаған қорытындылар шешуші роль
атқарады. Әлеуметтік қызмет — әлеуемттік қатынас саласында адамдарға кәсіби
көмек көрсету үшін құрылған құрылым. Әлеуметтік қызмет – бұл әлеуметтік
өлшем жүйесі, сонымен бірге мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдасқан
құрылымдардың халыққа әлеуметтік қызмет көрсету және олардың өмірлеріндегі
қиын жағдайларына көмек көрсету, азаматтардың ауыр жағдайды жеңіп өздерін
жігерлендіруіне ұмтылдыру. Әлеуметтік қызметтің жұмысы болып әлеуметтік
қызмет көрсету болып табылады, әлеумет қызметтер бір-бірімен арасында және
ақырында клиентерге әлеуметтік қызмет көрсетуге қол жеткізу.
Әлеуметтік қызмет көрсету қазіргі кезде мемлекеттік жүйенің халыққа
әлеуметтік қызмет көрсетудің ажырамас бөлігі, әлеуметтік саланың нағыз бір
жетекші дамыған қозғалысының компоненті. Қазіргі әлеуметтік қызмет
көрсетудің құрылған жүйесі – бұл қоғамның әлеуметтік маңызды саласы,
миллиондаған адамдардың көшпелі кезеңдегі қиындықтарын әр түрлі әлеуметтік-
адамгершілік қызмет тәсілдерімен, бейімделуге бағытталған, әлеуметтік
оңалту немесе жекелеген адамдарды, отбасыларды кіріс жиынтықтары белгілі
қиын, ауыр жағдайға тап болған адамдарға көмектесу.
Әлеуметтік қызмет көрсету әлеуми-экономикалық қолдау, әлеуметтік-тұрмыстық,
медициналық-әлеуметтік, психологиялық-педагогтық, құқылық қызмет көрсету,
қиын, ауыр жағдайларға тап болған жекелеген адамдар мен отбасыларды
оңалтумен олардың әлеуметтік бейімделуін жүзеге асыру деп түсіндіріледі.
[45]
Р. Баркердің әлеуметтік жұмыс сөздігінде әлеуметтік қызмет көрсету
өздеріне-өздері қажет қызмет көрсете алмайтын, біреудің көмегін қажет
ететін адамдардың қажеттілігінің орындалуына, олардың дұрыс жетілуіне нақты
әлеуметтік қызмет көрсету делінген.
Ресей федерациясының заңында “әлеуметтік қызмет көрсету аталған
азаматтардың қажеттілігіне әлеуметтік қызмет көрсету”. Әлеуметтік қызмет
көрсету әлеуметтік қызмет көрсету жиынтықтарын құрайды, жасы келген адамдар
мен мүгедектер үйде не болмаса мекемелерде қандай меншік түрінде болмасын
әлеуметтік қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет жұмыстарын реттеп отыру
үшін негізгі болып, заңнама – нормативті актілер табылады:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 1993 жылғы 17-
қарашадағы № 57 “Жалғыз басты қариялар мен еңбекке жарнамсыз азаматтарға
үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің ережесін бекіту туралы”
бұйрығы.
“Жалпы типтегі мүгедектер мен қариялардың интернат – үйлерінің Ережесі
туралы” еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі 1997 жылы 13-
тамызда бекіткен бұйрығы.
“Психо-неврологиялық интернаттық Ережесі туралы” еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау Министрлігі бекіткен 1997 жылы 23-тамыздағы бұйрығы.
Әлеуметтік қызмет көрсету мынандай принциптерге негізделеді: атаулы, өз
еркілік, адамгершілік, приоритеттілік қиын жағдайға тап болған кәмелетке
толмағандарға кәрі адамдар мен мүгедектерге қызмет көрсету құпияны
жарияламау, аурудың алдын-алу бағыты: адам мен азаматтың құқығын сақтау;
әлеуметтік қызмет көрсету тәртібінің барлық түрлерін ұстану.
Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің әр түрлі айтылып, әр түрлі
көрінуіне қарамай олардың бәрін де екі топқа бөлуге болады жалпы профилді
және арнаулы.
Жалпы профилдіге жататындар болып, белгіленген аумақтағы-әкімшілік
(шағын аудан, кент және т.б.) бірлікпен тұрғындарға қызмет көрсету үшін
ашылған мекемелер жатады.
Халықтың тұратын жеріне жақын жерге орналасқанда олар көмек қажет көмек
сұраған адамдарға бірінші әлеуметтік қолдау көрсетеді.
Қазіргі кезде жалпы профилді әлеуметтік қызмет көрсететін болып,
қасында үйде әлеуметтік қызмет көрсететін, шұғыл түрле әлеуметтік көмекке
келетін бөлімшелері бар еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету
бөлімдері табылады.
Арнаулыларға жатын болып халықтың анықталған бөлігіне қызмет көрсететін
(кәрі адамдарға, жалғыз бастыларға, мүгедектерге, көшіп қонғандарға)
мекемелер табылады немесе құқықтық, психологиялы-педагогтық, медициналық
сияқты қызмет көрсететіндер жатады. Оларға жататындар:
-кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік оңалту орталықтары;
-ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға көмек көрсету орталығы;
-балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік приюттер;
-үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары;
-қариялар үшін арнайы үйлер;
-әлеуметтік қызмет көрсету стационарлық мекемелер.
Әлеуметтік қызмет көрсетуде стационарлы мекемелердің маңызы зор:
мүгедектер мен қарияларға арналған интернат үйлері, психо-неврологиялық
интернаттар, балалар үйі мен дамуы артта қалған балалар үйі және т.б.
Әлеуметтік қызметтің негізі әлеуметтік жүйе ретінде түр құрылымын
түсіну, әлеуметтік қызмет көрсетудің түр мен тәсілдерін анықтау, халыққа
жекелеген мекеме құрылымдарында әлеуметтік қызмет көрсету; аумақтық және
ведомстволық элемент жүйлерімен әлеуметтік қызмет; әлеуметтік қызмет
көрсетуді ұйымдастыру; әлеуметтік қызмет көрсетуде ресурстық қамтамасыз
ету. [47]
Айтылған жүйелік және әлеуметтік қызмет көрсету элементтерін тұрақтылық,
нақтылық, сапалы айқындылық, халықты тиімді әлеуметтік қолдауға
бағытталған. Сондықтан да әлеуметтік қызмет көрсетудің мәні мекемелердің
халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуі, нақты аталған әлеуметтік қызмет әр
түрлі субъектілердің әлеуметтік жұмыстары. Әлеуметтік қызмет құру мәселесі
аумақтық сонымен бірге ведомствалық позициядан қаралу керек. Әр түрлі
министерствпен ведомоствалардың әлеуметтік қызметі аумақтық әлеуметтік
сеттің ажырамас бөлігі болады. Бұндай аймақтық бүгін жиі болып саналмайды.
Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің мекемесі екі әкімшілік бағынышта
болады және көп қаржыландыру көрсету көздері болады. Алайда тәжірибе
жүйелік әлеуметтік қызмет төңірегінде бөлек ведомствалар барын айта алады:
денсаулық сақтау, білім беру, МВД, халықты жұмыспен қамту және т.б.
Қазіргі заманда мүдделі болып ресми құжаттар мен әр түрлі министрліктер мен
ведомостволардың әлеуметтік қызметке бар қатысы бар мәселелер бойынша
болады. Оларды сарапатау әлеуметтік қызметті дамыту мен ұйымдастыруда екі
ерекшелік барын көрсетеді. [2]
Әлеуметтік қызметті халықтың жекелеген санаттарына – жастарға, балаларға,
әйелдерге, отбасыларға және т.б. сет құру қажеттілігіне талпынысқа
негізделу. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі қызметінің екі тобы бар:
-қызмет-жұмыстарының негізгісі (профилактикалық, әлеуметтік-оңалту,
бейімделу, қорғап-күзету, әлеуметтік қамқорлық);
-мәдени-адамгершілік қызметтері (жеке тұлға ретінде адамгершілік).
Бұндай тәжірибелік жүзеге асыру әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық
элементтерімен түр деңгейлерімен тығыз байланысты. Әлеуметтік қызмет
көрсетудің қызметтері макро және микро деңгейлерімен әлеуметтік қызмет
көрсетудің негізінде көрінеді. Әлеуметтік қызметтің негіздері олардың
мақсаттық бағыттарына, қызмет саласы мен әрине әлеуметтік қызметтің
клиенттерінің контингент спецификасы байланысты бөлінеді. Әлеуметтік
жұмыстың мақсаты — бір адамға немесе отбасындағы барлық адамдарға, әдеттегі
жағдайды жасау туралы көмек көрсету. Әлеуметтік қызметкерлер адамдарға
төмендсгі жағдайларды бастарынан өткерген кезде керек болады:
— әлеуметтік және психологиялық қақтығыстар, стрестік жағдайлар;
— кедейшілік пен жоқшылық:
— алкоголизм мсн машақорлық;
— зорлық-зомбылық пеп алалау:
— ұлттық мәселе;
— қылмыс жасау жопс құқық бұзушылық;
— жұмыссыздық ісін мамандық адаптация;
— мүгедекгік және қарттық;
— пәтер мәселссі;
— қамқорлыкқа алу, бала асырау;
— ата-ана қатыгездігі және т.б.
Әлеуметтік жүмыстың ерекше қүндылықтары:
— жақын адамға дегеп сүйіспеншілік, жан ашу, қиыншылықта бірге болу;
— жағдайды өзгертуге деген мүмкіндікке сену;
— көмек жасау тисті мсн жәрдемі;
— білім жинау;
— тәжірибе алу;
— әлеуметтік шыгармашылық;
Әлеуметтік жұмыстағы манызды бір кезен — адамдар үшін, біздер барлық
мәселені шешуіміз қажет, олар өздерін қанағаттандыратын жолды тауып алуы
тиіс. Адамдарды еріксіз көндірмеу керек. Адамдарға билік жүргізбей
көмекшісі керек. Олар үшін барлығын шешуіміз тиіс. Қазіргі кезде көптеген
мемлекеперде әлеуметтік қызметкерлердің 10 рөлін айқындай беріп отыр:
— қиындықты басынан кешірген, мәселелері бар адамдар тобын айқындау:
— жиналған ақпаратты бағалау мен бір жүйеге келтіру;
— клиенттер туралы алынған мәліметтерді талдау және топтау;
— олардың мәслесіп шешетін мекемелер, үйымдар табу;
— адамдар арасындағы жанжал ксзіндс сарапшы болу, олардың бірге жұмыс
жасауына, уағдаластықты шешуге көмек көрсету;
— адамдардың қорғаушысы болуға, олардың қөқығы үшін
күресуге, заңға өзгертулер енгізу;
— адамдарға білім беру үшін, мұғалімдік қызмет атқару, оларға
психологиялық қолдау көрсету;
— басқа да әлеуметтік қызметкерлерге көмек көрсетіп, кеңесші болу;
— әлеуметтік жұмысты құру;
— басқару, қабылданған басқару шешімдерін жүзеге асыру.
Әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық жүйесін құру қажеттілігіне
негізделген олар мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық және жекелеген мекемелер
мен кәсіпорындардың әлеуметтік қызмет көрсетуде олардың ведомостволық
бағыныштылықтарына қарамай үйлесуге және өз қызметтерін жөндеп отыруға
талпыну.
Қазіргі кезде халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің орнығуына
әлеуметтік қызмет көрсетуді әлеуметтік – гуманитарлық бағалылық деп
тұжырымдауға бүкіл негіз бар, құрылған жүйе деп, әлеуметтік қызмет ету мен
мұндай бөлігі спецификалық қызмет нәтижесі халықтың әлеуметтік қорғалуының
маңызды бөлігі мен оның ұйымдасқан — құқылы түрі.
Әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің экономикалық қызметіне: жоспарлау
мен қаржыландыру, кадрлық саясат, қызметкерлерді ұйымдастыру мен еңбек ақы
төлеу жатады.
Әлеуметтік қызметтендірудің қаржыландыру көзі болып табылатындар:
-бюджеттен сәйкес деңгейде нормативті есептеу;
-мақсатты бағдарламаның жарғылы тапсырмаларының орындалуына
Республикалық бюджеттен қаражат.
Нәтижесінде қаражатты комитеттер мен әр түрлі деңгейдегі қызмет
бөлімдеріне аумақтық, облыстық, қалалық және аудандық бағдарламалардың
жүзеге асырылуына бөлу. Облыстық бюджнтпен жергілікті бюджнттің қосымша
қаражатын мақсатты іс-шараларға халықтың кірістеріне өмірдегі бағаның
өсіуіне бейімделуіне қамтамасыз ету. [10]
Қызмет ететін кәсіпорындар мен мекемелердің шаруашылық жұмыстарын және
ақылы қызмет көрсетулерінен түскен кірістер; қоғамдық ұйымдар мен жеке
адамдардан қайырымдылық акциясында түскен қаражаттар.

1.2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі әлеуметтік саясаттың негізі

Әлеуметтік саясат – мемлекеттің ішкі саясатының құрамдас бөлігі. Ол
халықтың негізгі әлеуметтік топтардың мүддесіне деген қоғамдық
көзқарастарды реттеп, әлеуметтік бағдарламалар мен тәжірибені жинақтайды.
Әлеуметтік саясат — өзінің пайда болу жағынан барлық әлеуметтік мәселелерді
шешудің материалдық негізі болып, экономикадан кейін тұратыны белгілі.
Сол сияқты еліміздегі әлеуметтік саясатты дамытудағы мемлекет және
партиялардың, адамдардың қоғамдық, топтық, жеке мүдделерін үйлестіру мен
экономикалық, әлеуметтік саяси-идеологиялық жағынан қамтамасыз ету
жөніндегі қызмет:
• Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал жасау;
• Жұртшылықтың еңбек және қоғамдық белсенділігінің артуына көмектесу;
• Қоғамдағы қатынастарын үйлестіру;
• Қоғамдық құрылыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• Мүмкіндігі шектеулі топтарды әлеуметтік қорғау;
Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясындағы әлеуметтік саясаттың
негізгі бағыттары екі негізгі мақсатқа бағытталған. Біріншіден, Қазақстан
егеменді, тәуелсіз мемлекет болды, соны нығайту қажет. Екіншіден, ауқымды
әлеуметтік саяси және экономикалық реформаларды толыққанды жүргізу. Осыған
байланысты әлеуметтік саясаттағы модельдік басым бағыттары төмеңдегідей
қарастырылуда:
• Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес;
• Ішікі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірлігі;
• Нығайту жолымен экономикалық өркендеуге жету;
• Барлық әлеуметтік реформаларды аяқтау, ең алдымен бюджет саласындағы
реформаларды аяқтау, оның нәтижесінде зейнетақыларды және әлеуметтік
жәрдемақыны толық көлемінде уақытылы төлеу;
• Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік саясаттың аса маңызды мақсаты – жаңа
Үкімет пен мемлекет қызмет реформаларын жеделдету.
Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:
• Кіші кредиттер жүйесін енгізу;
• Шағын және орта бизнесті дамыту;
• Еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдылықпен дамыту;
• Шарттар мен контракттар және бюджеттің сатып алулар кезінде
жұмыспен қамту проблемаларын қатаң тұрғыдан келу. [3]
Дегенмен, жоғарыда аталған міндеттердің іске асырылуын қадағалайтын
әлеуметтік қызметкерлер екендігін мойындайтын уақыт жеткен сияқты.
Қазақстан 2030 стратегиясында халық арасындағы экономикалық дағдарыс,
жастар мәселесі жалпы халықты жұмыспен қамту оған қарасты мекемелердің
материалдық, әлеуметтік көмек көрсетілуін атап көрсетті.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын ретке келтіріп отыратын халықтың тұрмыс
жағдайы, ғылыми-техникалық процесс мәселелерімен адамның еңбек әрекеті
саласын өзгерту мәселесі де тығыз органикалық байланыста болады. Саясаттың
гумандық осы жағдайы осы жерде ерекше көрінеді. Әлеуметтік-экономикалық
мінез-құлықтың жаршысы бола алатын ортаңғы тапты қалыптастыру.
Әлеуметтік саясаттың функциялары:
а) әлеуметтік тұрақтылықты сақтау;
ә) адамдық күш қарымды (адамдарды) толықтырып отыру үшін қажетті
жағдайлар туғызылуын қамтамасыз ету.
Экономикалық белсенділікті ынталандыру саясаты әлеуметтік жіктелудің
артуына және, мұның салдары ретінде, әлеуметтік шиеленістің өршуіне сөзсіз
әкеліп соқтыратындықтан, әлеуметтік саясаттың бұл функциясын әлеуметтік
тұрақтылықты сақтау және адамдық күш-қарымды толықтырып отыру функциясымен
теңдестіру мейлінше қиын міндет. Бұл аса шиеленісті проблема.
Әлеуметтік қызмет көрсету критерийінің негізін әлеуметтік қызмет етудің
ұзақтығы мен қиыншылық деңгейі құрайды, әр түрлі жағдайдағы халықтың
мұқтаждығы мен әлеуметтік қажеттіліктеріне дұрыс қарау деңгейі. Басқарманың
көзқарасы бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуде әлеуметтік қызметтің даму
деңгейін есепке алу маңызды, әлеуметтік қызмет көрсетудің жинақтылығы мен
нақтылығы, олардың басқаруы, өздерін-өздері басқаруы мен елдегі
өзгерістерге бейімделулері. Әлеуметтік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын
қызмет жүйесіне мыналар жатады:
-мемлекеттік (республикалық, облыстық)
-жергілікті;
-аралас (мемлекеттік-қоғамдық)
-жеке меншікті.
Әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі түрлеріне жататындар:
-материалдық көмек (ақшалай және азық-түлік товарлы);
Үйде, стационарлық мекемелерде әлеуметтік қамқорлық:
-уақытша дамылдайтын үй ұсыну;
-әр түрлі консультативті көмек;
-оңалту қызметтері.
Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің әр түрлі айтылып, әр түрлі
көрінуіне қарамай олардың бәрін де екі топқа бөлуге болады жалпы профилді
және арнаулы. [6]
Жалпы профилдіге жататындар болып, белгіленген аумақтағы-әкімшілік
(шағын аудан, кент және т.б.) бірлікпен тұрғындарға қызмет көрсету үшін
ашылған мекемелер жатады. Әлеуметтік жіктеліс пен әлеуметтік ұтқырлық
процестерін ұдайы қадағалап отыру, табыс деңгейі, әлеуметтік көңіл-күйі
және т.б. бойынша әртүрлі әлеуметтік топтарды болжап сипаттап отыру осы
проблеманы шешудің қажетті шарты болып табылады. Мұның өзі әсіресе біздің
жағдайымызда айрықша өзекті мәселе, өйткені қоғамдағы бетбұрыс сәттерде
әлеуметтік саясат функциялары арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы ауыр
зардаптарға әкеп соғуы ықтимал. Сол себепті әлеуметтік топтардың әл-ауқат
деңгейі мен көңіл-күйін үнемі өлшеп отыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік
мониторингті ұйымдастыру, осы мақсат үшін әлеуметтік саясаттың
нәтижелілігін оның ақырғы шығысы — тіршілік сапасы мен қоғамның
әлеуметтік құрылымының өзгерісі бойынша бағалауға мүмкіндік беретін
әлеуметтік пайымдау жүйесін әзірлеп, енгізу қажет [8].
Ғылыми базаның болмауы әлеуметтік саясатты жағдайдың ығымен
жүргізілетін берекесіз іс-шаралар науқанына айналдырып жіберді. Нарыққа
қарай жылжи алмай, бүлдіру мен сындырудан аса алмай қалуымыз да – осындай
саясаттың салдары.
Әлеуметтік саясаттың ұтымды моделі стратегияның үш түрі: әлеуметтік
ынталандыру, әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік бейімдеу арқылы жүзеге
асады.
Ынталандыру стратегиясы барлық әлеуметтік топтардың өз мүдделерін
білдіруіне, қандай да бір формада өздерінің әл-ауқатына қатысты мәселелерді
шешуге ат салысуына мүмкіндіктер беретін жағдай жасауға бағытталады. Сайып
келгенде ынталандыру стратегиясы халықтың, ұйымдардың, отбасылардың өзін-
өзі дамытуға деген күшін жандандыруға бағытталады. Ол экономикалық саясатқа
қолдау көрсетеді, экономиканы реформалауды жеделдетудің де қуат көзі болып
табылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру стратегиясы қоғам мүшелеріне әлеуметтік
кепілдіктер, сондай-ақ мемелекет пен мекемелер тарапынан жәрдемге мұқтаж
топтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған. Ол экономикалық саясаттың
келеңсіз, зардаптарын азайтуды, экономикалық тиімділік пен әлеуметтік
әділеттікті астастыруды мұрат тұтады.
Әлеуметтік бейімдеу стратегиясы әртүрлі топтарға өзінің тұрмыс жағдайы
мен әсіресе экономика саласында шапшаң өзгеріп отыратын нақтылы ахуалды
ескере отырып, әл-ауқатты қалыптастырудың өзіндік нұсқаларын таңдау үшін
жағдай туғызуға бағытталады.
Өтпелі кезеңде стратегиялардың ара салмағында ынталандыру
стратегиясының рөлі шұғыл артады, өйткені бұл стратегия әлеуметтік саясат
құралдары арқылы экономиканы реформалауға жәрдем жасап, әлеуметтік
топтардың әл-ауқат деңгейінің өздерінің экономикалық дамуға қосқан үлесіне
барынша тәуелді болуы үшін жағдай жасауды көздейді.
Перспективалық әлеуметтік саясаттың елеулі ерекшелігі – халықтың еңбек
және шаруашылық белсенділігін ынталандыру, еңбекке жарамды әр адамға өз
еңбегімен, алғырлығымен өз отбасының әл-ауқатын қамтамасыз етуге, ақша
жинап, оны тиімді инвестициялауға мүмкіндік беретіндей жағдай туғызу
негізінде азаматтардың тұрмыс деңгейі мен сапасын жоғарылату. Бұл ретте
мемлекет зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы отбасылар, еңбекке жарамсыз
азаматтар алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толығымен сақтап
қалады. Әлеуметтік қолдау ең алдымен халықтың онсыз өмір сүре алмайтын
тобына көрсетіледі, әрі мақсатты, нысаналы сипатта болады.
Ортаңғы тапты қалыптастырудың мақсатты, нысаналы әлеуметтік саясаты:

• республиканың ғылыми, зиялы күш-қарымын сапалық тұрғыда нығайтудың
іріктеу тетіктерін қалыптастыру үшін білім беруді, ғылымды, денсаулық
сақтау ісін, мәдениетті нысаналы қаржыландырудың үкіметтік
бағдарламасын;
• ортаңғы таптың кәсіби еңбек аясының беделін (бұқаралық ақпарат
құралдарының, насихаттың көмегімен) идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз
етуді;
• салалық институттарды, әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру саласын кеңейтуді және іріғылыми
институттар мен ұйымдар базасында жеке, соның ішінде акционерлік
меншік құқығымен шаруашылық есептегі шағын фирмалар құруды;
• жоғары халық шаруашылық мәртебесі бар салалардың қалыпты жұмыс істеуі
үшін қажетті аса зәру мамандықтарға ынталандыру шараларын;
• кадрларды даярлау, қайта даярлау мен қайта бағдарлаудың тиімді жүйесін
құруды;
• қоғамдық өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін:
• халықты үкімет жоспарлары мен шешімдері жайынан, оларды қоғамдық
талқылау және түзету құқын бере отырып, күнілгері хабардар ету;
• қоғамдық пікірді есепке алу жолдары мен ұйымдық түрлерін, оны
әкімшілік шешімдер тіліне көшіру тетіктерін (шешімдер қабылдау
құрылымының өзгерістерін) пысықтау;
• халықтың ұйымдасуының үкіметтік емес түрлеріне (қоғамдық қозғалыстар,
партиялар және т.б.) ресурстық жәрдем жасау тұрғысында ұдайы қамқорлық
көрсету жолымен жандандыруды көздейді [11].
Ортаңғы тапты қалыптастырудағы әлеуметтік саясаттың тиімділігі жаңа
құндылықтар мен жаңа мінез-құлық үлгілерінің иелері және оларды жасаушылар
ретінде өмір сүре бастайтын азаматтық қоғам ұяларының, балама тұрмыс салты
деуге тұрарлық ортаның және демократияның пайда болуы арқылы айқындалатын
болады.
Жастармен іске асырылып жатқан кәсіпкерліктің дамуын талдау оның
заңнамалық реттелуінде бірқатар проблемалардың бар екендігін көрсетеді.
Жастар кәсіпкерлігі заңды түрде, кәсіпкерліктің бір түрі болып
бекітілмеген. Республикада жас азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау
туралы нәтижелі мемлекеттік шаралар жеткіліксіз жүргізілуде. Аталмыш
мәселер өз шешімін тапқан жағдайда, жастар арасындағы жұмыссыздық үлесінің
азаятындығы сөзсіз.
Осыған сәйкес, жастарды жұмыспен қамту мәселері мемлекет алдында тұрған
басты міндеттердің бірі болып саналады. Осы орайда, жастар саясаты
бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп, жоспарлануда. Еңбек нарығын
кеңейтудің, жаңа және қосымша жұмыс орындарын құрудың бірден-бір жолы –
кәсіпкрлік қызметін дамыту.
Болашақта бүгінгі таңда өз ісін бастауға ниет білдірген жас адамдарды
оқыту және оларға несие беру жөніндегі іске асырылып жатқан жобалар, шағын
бизнес объектілерін қолдау, бағдарламалар шеңберіндегі өзіндік
жұмысбастылық және аймақтық жастар бағдарламаларының жобалары республикада
жұмыссыздық деңгейінің қысқаруына оң ықпалын тигізеді. [18]
Осы бағытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13 ақпан 2003 жылғы №155
қаулысымен бекітілген жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған
Бағдарламасында әлеуметтік маңызды жобалар конкурсы негізінде жас ғалымдар
мен студенттерді тарта отырып, технологиялық бизнес-инкубаторлар құру үшін,
кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша жастарға арналған үйрететін
бағдарламалар ұйымдастыру және жүргізу үшін, бастаушы кәсіпкерлік үшін
сарапшылық-бағалау экономикалық қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтерді
құру үшін 2003-2004 жылдарға республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, іске
асырылуда.
Сондай-ақ, 2003-2004 жылдардың жазғы еңбек уақытында студенттік құрылыс
отрядтарының қызметін ұйымдастыру бекітілген. 2004 жылы жоғарғы оқу
орындары және орта кәсіптік оқу орындары студенттерінің ішінен олардың
кейіннен жұмысқа орналастырылуы мен кадрларды іріктеу және мақсатты
дайындау үшін ірі компаниялар мен кәсіпорындарды тарту жобаларын әзірлеу
алға қойылған.
Кедейшілік пен жастар арасындағы жұмыссыздық мәселелерін қарастыра
келе, төмендегідей қорытындылар шығаруға болады:
— республикадағы кедейшілік деңгейін, тұрғын
халықтың ең төменгі күнкөріс табысын,
тұрмыс жағдайы нашар жас отбасыларының
деңгейін анықтау мемлекет тарапынан
көрсетілетін әлеуметтік көмектермен
қамтамасыз етуге елеулі ықпалын тигізеді;
— кедейшіліктің алын алу шараларының
нәтижесінде ғана тұрғын халықтың тұрмысын
түзеуге бағытталған іс-шараларды
жүргізуге, әсіресе жұмыссыз жастарды
жұмыспен қамту жолдарын іздестіруге,
олардың күрделі әлеуметтік-экономикалық
жағдайдан шығу жолдарын анықтауға
мүмкіндік туады.
Мемлекеттің тиімді қызмет атқаруының негізгі факторлары қоғам мен
мемлекеттің арасындағы байланыстырушы элемент болып табылатын жүргізіліп
отырған әлеуметтік саясатқа байланысты. Әлеуметтік саясат негізгі мынадай
міндеттерді атқарады:
— әлеуметтік әсер ету және бақылау
механизмдері арқылы әлеуметтік процестерді
реттеу;
— әлеуметтік әділеттілік принциптері
негізінде материалдық қорларды бөлу;
— тұрғындардың анықталған өмір сүру деңгейін
ұстап тұруға қажетті жағдайларды
қалыптастыру;
— тұрғындарға әлеуметтік кепілдемелер беру.
Қазіргі кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының шешетін міндеттері:
— кедейлікпен күрес;
— тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету;
— медициналық көмек көрсетудің сапасы мен
қолдану мүмкіндігін арттыру;
— білім беру саласын дамыту және реформалау;
— зейнетақы реформасын одан әрі жетілдіру
және төлемшілердің зейнетақы қорының
сақталуына кепілдеме беру;
— тұрғындардың жұмысбастылығы мәселесін
шешу;
— ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығын
қолдау;
— азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін
қолдау;
— баға мен инфляцияның өсуін бақылау;
— тұрғындардың кәсіпкерлік қызметін қолдау
және ынталандыру;
— мәдениет саласын реформалау, бұқаралық
сипаттағы шаралар жүргізу;
— демографиялық жағдайды жақсарту;
— спортты дамыту .
Әлеуметтік саясаттың тиімділігінің критерийлеріне мемлекеттің
экономикалық даму деңгейі, тұрғындардың табысына байланысты теңсіздіктің
өсуі немесе төмендеуі, жұмыс күшінің мобильділігінің жоғары не төмендігі,
зейнеткерлердің жағдайының жақсаруы не төмендеуі жатады. Осы критерийлердің
жиынтығы Қазақстан азаматтарының өмір сүру деңгейінің не өскенін, не
құлдырағанын көрсетеді. Сондықтан да мемлекет саясатының міндеті тек қана
экономикалық көрсеткіштерді ғана жақсарту емес, қазіргі заманға сәйкес
тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің болуында. [34] Әлеуметтік қорғау
дегеніміз – азаматтардың өмірлік қажетті қорларға қол жеткізудің белгілі
деңгейін және жағажайларға, кәрілікке, денсаулық жағдайына, асыраушысынан
не жұмысынан айырылуына байланысты экономикалық белсенді және ақылы еңбекке
қатысу арқылы өзін табыспен қамтамасыз етуге бағытталған жүйе. Әлеуметтік
қорғау жүйесі төрт элементтен тұрады:
1) мемлекеттік жәрдемақылар;
2) міндетті түрдегі әлеуметтік сақтандыру;
3) жинақталған зейнетақылық қамтамасыз етілу;
4) әлеуметтік көмек.
Қазақстан Республикасының тұрғындардың әлеуметтік қорғау концепциясында
жұмыс істеу қабілеттілігінен айырылған және асыраушысынан айырылғандар,
жұмысынан айырылғандар, кәрі адамдар, аз қамсыздандырылған топтарды
әлеуметтік қорғау мәселелері жеке көтерілген. Бұл концепцияда кедейлікті
азайтудың жолы ретінде жаңа жұмыс орнын құру және жалақының деңгейін өсіру
мәселесіне зор маңыз беріледі. Сонымен қатар, адрестік көмек берудің
ақшалай және натуралдық түрде болатындығы сипатталады. Натуралдық көмек тек
қана жұмыс істеуге қабілетсіз топтарға, атап айтқанда, балаларға,
зейнеткерлерге, мүгедектерге көрсетіледі. Жұмыс істеуге қабілетті
тұрғындарға әлеуметтік көмек қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру жолымен,
қайта дайындау бағдарламалары арқылы және жұмысқа орналасуға көмектесу
жолымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бұл құжатта үйі жоқ азаматтарға
арналған үйлер ашу, әлеуметтік мейманханалар ашу, аз қамсыздандырылған
топтарға арналған асханалар ашу мәселесі де қарастырылған. 2001 жылы 17
шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік адрестік көмек
туралы Заңында мемлекеттік адрестік көмек дегеніміз айлық орташа табыс
деңгейі облыстарда, Астана және Алматы қалаларында бекітілген кедейлік
шегінен төмен азаматтарға, отбасыларына мемлекеттің ақшалай түрдегі төлемі.
Бұл Заңда мемлекет тарапынан адрестік көмек алуға құқығы бар азаматтар
ретінде оралмандар, босқындар статусы барлар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ
адамдар, және табыc деңгейі кедейлік шегінен жоғары емес Қазақстан
Республикасында тұрақты мекен етушілер есептеледі.

1.3 Халықты әлеуметтік қорғаудың шетелдік модельдері.

Әлеуметтік жұмыс, қоғамдық құрылыс ретінде қалыптаса отырып, қоғамдық
институт болып табылады және адамдардың қызмет сферасы біртіндеп жан- жақты
ғылыми зерттеудің, объктісіне айналды, және ХХ ғ. соңына қарай қоғамдық
өмірдің осындай құбылыстарының ғылыми түсінуі және теория тарихы туралы
айтуға болады, бұл тарих тек қана қоғамның “әлсіз” топтарын әлеуметтік
қорғау практикасы мәселесінің теориялық меңгеруімен ғана емес, сонымен
қатар теориялық білімнің өзіндік дамуымен, эвалюция және жеке ғалымдардың
қызметімен тікелей байлансты.
Шетелдің ғылыми дәстүрінде көптеген жұмыстар бар. Мүнда әлеуметтік
жұмыстарды теориялық зерттеу тарихы мәселесі қарастырылған, және ол туралы
ғылыми ойлар эвалюциясы көрініс алады. Белорусяда қайырымдылықты зерттеудің
фактологиялық, тарихи – библиографиялық дәстүрі анықталып, қызметтің
қоғамдық формаларана талдау жасалынғанымен әлеуметтік жұмыстың теориялық
түсіну тарихы әлі де жасалмаған. Тіпті әлеуметтік жұмыстың теориялық
түсініктерінің эвалюциялық ерекшеліктері мен кейбір маңызды этаптарын және
ХІХ –ХХ ғғ. оның ғылыми зерттелелуін елестету өте маңызды. [58]
Осы тұрғыдан әлеуметтік жұмыстың ғылыми ретіндегі екі өзара байланысты
құбылыстарын салыстыра кетен жөн: бір жағынан, оның тарихын, яғни
әлеуметтік тарихының даму барысында әлеуметтік жұмыстын орнын анықтау, ал
екінші жағынан- зерттеудің арнайы объектісі ретінде әлеуметтік жұмысты
ғылыми зерттеудің тарихын әлеуметтік жұмыс теориясын эвалюциясының, оның
адам және қоғам туралы өзге де ғылымдармен өзара байланысы.
Шетелдердегі әлеуметтік жұмыс тарихына шолуларда оның мамандық ретінде
қалыптасуы қайырымдылық қоғамдардың дамуы және қалыптасуымен
байланыстырылады. ХІХ-ХХ ғғ. ІІ жартысындағы әлеуметтік жұмысқа байланысты
ерте кездегі теориялық еңбектерде тұлғаның әлеуметтік – тұрмыстық және
материалдық жағдайын жақсарту, түзету қабілетіне әлеуметтік көмек
субъектісінің әсер ету тиімділігі қарастырылады. Отбасына көмек көрсету,
қоғамның, мемлекеттің, соңдай-ақ тұлғаның моральді міндеті ретінде болады.
[60]
ХІХ–ХХ ғғ.- әлеуметтік жұмыстың ғылыми зерттеу тенденцияларының дамыған
кезі және оның шетелдерде теориялық қатынасқан шағы болып саналады. Осы
кезеңде “Ғылыми әлеуметтік жұмыс” дамыды, осыған 1915-1920 жж. Мерри
Ричмондтың еңбектері мысал бола алады. Мерри Ричмонд әлеуметтік жұмыс
сапасын зерттеудің, бағалаудың үлкен жүйесін, және әлеуметтік жұмыскер
шешуші қажет әлеуметтік мәселелерді диагностауды ұсынды, әлеуметтік жұмыс
теориясының даму тарихындағы бұл дәстүр қайырымдылықтың түрлі формулаларын
түсінуге сүйене отырып, этикатерапевті болып ұсынылуы мүмкін.
Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің ғылыми қалыптасу деңгейін көтеруге талпыныс
негізінде, 20-30 жж. өзінде 3. Фрейд және оның ізбасарларының
психоаналитикалық идеялары әлуметтік жұмысты теориялық түсіндіруде
психоаналитикалық құрылыстарды алдынғы орынға қойды. Бұл батыстың белді
мамандардың, психоаналитикалық көзқарас – моральды – терапевті дәстүр,
қайырымдылық әлеуметтік жұмысқа өте көп ғылыми емес соған жақын
түсініктерді әкелуінің барысында өсті деп тұжырымдауларына мүмкіндік
туғызды. Ал, бұл өз кезегінде адамдардың тәртібін басқаруға, олардың
денсаулығын реабилитациялау және сақтауға байланысты туындайтын
қиындылықтармен байланысты әлеуметтік көмектің көптеген міндеттерінің
шешілуіне кедергілер келтірді, сонымен, әлеуметтік жұмыскер қызметінің
қиындауы, оның кәсіби шеберлігінің артуы, фрейдизімді жақтаушылардың, оның
ішінде 3. Фрейдтің жетістіктері және бұл тәжірибелерін 20-30 жж өзінде-ақ
медициналық және әлеуметтік реаблитациялауға кең қолданылуы.
Әлеуметтік жұмыс моделінің психодинамикалық ориентацияларын теориялық,
әдістемелік құрылуына әкеп соқты. Олар 50 жылға дейін бір жағынан, эго-
психологияның жетістіктерінен, екінші жағынан — әлеуметік, жүйелік
зерттеулердің өсуі және кеңестік алуы әсерінен ығыстырылды.
Эго-психологияның өсуі әлеуметтік топтарға көмек көрсетудің теориялық
түсініктеріне назардың өсуі өмір сүрудің микроортасында индивидке көмек
көрсету, құрулардың активизациялануына әкеп соқты. Бұл терапевтік
мүмкіндіктерді талдауды, қауымдастықтардың әлуметтік- педагогикалық
потенциалын, сондай-ақ қызмет ету ортасын, өмір сүрудің жақсы жағдайларды
сақтап қалуды,салауатты өмір салтын сақтауды активизациялады. Осыған
байланысты, әлеуметтік жұмыс аумағындағы ғылыми білімнің теориялық дамуының
екі негізгі аспектісі үлкен маңызға ие болды. Бұның алғашқысы тәртіптің
психологиялық түсіндіру жүйесінің мәні мен қызығушылықты арттыруға,
стимулдарға сәйкес келетін танымдық ориентацияларды доминациялануға және
таным теориясына негізделген бихлористік бағытқа бағытталған . Бұл
қызығушылық әлеуметтік жұмыстағы психоанализм мүмкіндіктерінің шектеулігін
біртіндеп түсіндірумен және психодинамикалық теорияның өзінің дамуыменен
байланысты болды.
Екінші аспектісі әлеуметтік жұмыс дамуының, әлеуметтік теорияларының және
әлеуметтік тәжірибелердің зерттеліуінің теориялық тұрақтау сферасының
қызығушылығы мен әсерінің өсуімен тығыз байланысты. Әлеуметтік ойлау
парадигмасының модернизациялануын ғана емес, сонымен қатар жаңа
концепциялардың негізін қалыптастыруға мүмкіндік берген әлеуметтік
зерттеулердің айтарлықтай жетістіктері, әлеуметтік жұмыс теориясындағы
біршама өзгерістерді анықтап берді.
Дегенмен, орта ғасырдағы және оның үшінші тоқсанындағы Марксистік
әлеуметтік парадигмасының үлкен әсерін назарға алу керек. Әсіресе Еуропада,
көптеген индустриалды дамыған мемлекеттерде сол жақтағы күштің
доминациялануы күшейеді. Бұл әлеуметтік проблематикаға үкіметтің
қызығушылығының артуына, қоғамның әлеуметтік құрылымының идеологиясына әсер
етуіне, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс туралы теориялары қажетті
деңгейде басқаруда негіз болды. Осы кезеңде АҚШ- та кедейшілікке қарсы
бағдарламалар жасалынды, қауымды және жергілікті өзіндік басқару деңгейінде
қайта құрулар басталды. Әлеуметтік жұмыстың жаңа модельдері Швецияда,
Канадада, Францияда, одан кейін Германияда, Сингапур және Оңтүстік Кореяда
қалыптасты. [49]
Бұрынғы Социалистік мемлекеттерде сауатсыздар мен жұмыссыздарды жоюдың
маңызы зор болды. Сонымен қатар деквизациялану процессі және “үшінші әлем”
мемлекетінің өзіндік деколонизациялануы қоғамдық құбылыс ретінде
қабылданды. “Үшінші әлемнің” дамушы мемлекеттерінде “сол көңіл- күй ”,
әлеуметік орентацияны кең етек жайды. Бұл түсініктер жергілікті
идеологимен, әлуметтік мәдениетпен және қоғамдық- саяси тәжірибемен
байланыстырылды. Олар халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік формасына,
өмірлік іске асырулардың ұштық мәдени ерекшеліктеріне, дамудың қиын
кезеңдерінде халықты қолдауға көп көңіл бөлді.
Дәл осы кезде аталмыш процесс әлеуметтік қайырымдылық жүйесінің мемлекеттік
бағдарламадан бөлінуіне әкеп соқты әлеуметтік көмектің орталықтануы
байқалды және әлеуметтік жұмыстың қоғамдық, ұлттық – аймақтық
спецификациясына үлкен назар аударды.
Халықаралық қоғамдастық мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелеріне
жақында ғана назар аударды. 70-жылдардың аяғына дейін арнаулы қорғау
шараларынсыз мүгедектердің барлық негізгі құқықтарын мойындау тұжырымдамасы
басты орын алды. Адам құқықтары туралы жария етілген адамгершілік қадір-
қасиетті кемсітпеу және құрметтеу қағидаттары мүгедектер үшін жеткілікті
деп саналды. Алайда мүгедектік проблемасын зерделеу және мүгедектердің
құқықтарын қорғау жөніндегі практикалық іс-әрекет олардың құқықтарын
қорғаудың жекелеген халықаралық жүйесін құру қажеттігін анықтады.
Мүгедектердің жағдайын жақсартуға бағдарланған дамыту мәселелері БҰҰ
ұйымдастырған жоғары деңгейдегі конференциялар мен … жалғасы