Халықаралық ұйымдардың тұлға құқықтарын қорғаудағы орны

0

КІРІСПЕ
Курстық жұмысымның өзектілігі: Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізуі мемлекет алдында маңызды келелі міндеттерді алға тартуда. Бұл саладағы атқаруылуы тиіс шаралардың ауыр жүгі заң ғылымын, оның конституциялық құқықтағы адамзаттың құндылығын анықтайды. Осындай мазмұнды тарихи контекстен тыс, құқықтық мемлекет тұжырымыдамасының мәні мен мақсатының ерекше тұстарын түсіну, санаға сіңіру мүмкін емес. Аталған тарихи тәжірибені ескеру арқылы ғана ресми жарияланған құндылықтарды жүзеге асырудың ақиқат мәні мен шарттарын ұғынуға, Қазақстан Республикасындағы нақты жағдайларды және еліміздің құқықтық мемлекетке шын мәнінде жету мүмкіншіліктерін парасатты бағалауға болады.
Адам құқықтарын бекiтуге, оларға кепiлдiк беру, қамтамасыз ету, қорғау және iске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттiң (қалыптасқан немесе ендi ғана қалыптасып келе жатқан) сипаты мен тегiне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманистiк бастаулардың, демократияландырудың күшеюiне, мемлекеттiк құрылымдардың халық бұқарасы үшiн ашықтығына байланысты. Құқықтық (немесе оны құруды аяқтап келе жатқан) мемлекет мәжбүрлеу және күш қолдану шараларын шектен тыс қолдана алмайды, өйткенi оның нәтижесi қолданылған тәсiлдерге барабар болып шығады.
Жақын болашақтағы міндет — жаңа ғасырдың мыңжылдық басындағы кезеңде басымдықтарды дамытудың жаңа перспективаларын есепке алып жүзеге асыру болып табылмақ.
Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғауға байланысты маңызды халықаралық құжаттарды мақұлдағаны жөн, өйткені бұл үкіметке ықпал жасау үшін халықаралық механизмдерді қолдануға, құқықтары мен мүдделері үшін аяққа басылып, ұлттық заңмен қорғалмаған адамдарға тиімді көмектесуге мүмкіндік береді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттiң қорғаушылық қызметiнен бөлген меншiктi, құқықтық тәртiптi, заңдылықты не т.б. қорғау қызметiнен ажыратқан және оларды басқа қызметтiң негiзiне алып, оның мазмұнын кеңейткен абзал. Бiздiң пiкiрiмiзше, мемлекеттiң адам құқықтары саласындағы қызметiн тек оларды қорғаумен шектеуге болмайды. Мемлекеттiң адам құқықтарын бекiту, қамтамасыз ету және оларға кепiлдiк беру, оларды iске асыруға жәрдемдесу жөнiндегi iс шараларының маңызы бұлардан артық болмаса, кем емес. Оның бергi жағында мемлекет қызметiнiң барлық аталған түрлерi бiр-бiрлерiне өте жақын, бағдарлары бойынша бiр-бірiне ұқсас, оларды бiр-бiрiнен ажыратуға, бөлек және дара қарастыруға болмайды. Өйткенi, сайып келгенде, олар белгiлi бiр бiрлiк пен тұтастықты құрайды
Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру барысында халықаралық және ұлттық институттардың түрлерін, мәнін және мазмұнын түсініп білу үшін, оның адам құқықтары мен бостандықтарының пайда болуы, түсінігі және түрлеріне шолу жасай отырып, аталған институттардың қазіргі кездегі жай-күйіне тоқталу қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты: жұмыс барысында қойылған негізгі міндет аталмыш тақырыптың мәні мен негізгі белгілерін қамту мен қатар зерттеудің жүйелігін және қамтылған проблемалардың мағынасын аша білу. Тұлға институтының құқықтық негізін дамытып, толықтыру мақсатында ұлттық және халықаралық конституциялық және нормативтік-құқықтық базасын және институттарын саралап, зерттеу арқылы тұлғаның құқықтық жағдайын қарастыру болып табылады.
Курстық жұмысымның негізгі міндеті төмендегі мәселелерді айқындайды:
-Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының пайда болуы, түсінігі және маңыздылығын ашып көрсету;
-Конституцияда бекітілген тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының түрлері және олардың айырмашылықтары мен ерекшеліктерін нақтылау;
-Халықаралық стандарттар жүйесіндегі адам құқықтары мен бостандықтары институтын талдау;
-Халықаралық ұйымдардың тұлғаның құқықтарын қорғаудағы орнын анықтау;
-Қазақстан Республикасындағы тұлға құқықтарын қорғаудағы Уәкілдің ролін анықтап, саралау.
Жұмыстың алдына қойған міндеттері оның теориялық және тәжірибелік маңыздылығын арттыра түседі. Зерттеу тұжырымдары мен ұсыныстарын адам құқықтарын қорғау мен қаматамсыз етуге бағытталған тәжірибелік және ғылыми қызметтерде қолдануға болады. Жұмыста көрсетілген тұжырымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасындағы ұлттық және халықаралық институттардың адам құқықтарын қорғау, сақтау, кепіл беру және қамтамасыз ету қызметін жетілдіруде қолдануға болады.
Курстық зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмысым кіріспе, үш тараудан, және қорытынды қосымшалар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ТАРАУ.ТҰЛҒА ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

І.1Тұлға құқықтары мен бостандықтарының пайда болуы және маңыздылығы

Құқықтық мәртебе- бұл субъектінің қоғамдағы заңды бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын белгілейді. Бұл адамның Конституцияда баянды етілген мемлекеттегі рөлі мен орны.
Тұлғаның құқықтық мәртебесі — бұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын бекітеді.
Құқықтық мәртебе дегеніміз — субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттіктерінің Конституция мен заңнамада танылған жиынтығы. Құқықтар мен міндеттер құқықтық мәртебенің негізін құрайды.
Құқықтық мәртебенің құрылымы төменгідей элементтерден құралған:
-құқықтар мен міндеттер;
-заңды мүдделер;
-құқық субъектілік;
-азаматтық;
-заңды жауапкершілік.
Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жеке-дара болып бөлінеді.
Жалпы мәртебе — бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі Конституцияда бекітілген мәртебесі.
Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады. Жеке — дара мәртебе жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым және т.б.) көрсетеді және тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді.
Құқықтық мәртебе субъектілердің Конституция және заңдармен танылған құқықтыры мен міндеттерінің жиынтығы. Сол сияқты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рөлдерін атқаруда пайдаланатын өкілеттіктері.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабы мемлекеттің ең қымбат қазынасы — адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары отырып мемлекеттің адам алдындағы жауапкершілігі қағидасына назар аударады.
Тұлғаның құқықтық мәртебесі төмендегідей элементтерден тұрады:
-Құқықтар мен міндеттер;
-Заңды мүдделер;
-Құқықсубъектілігі;
-Азаматтық;
-Заңды жауапкершілік;
-Құқықтық қағидалар және т.б.
Конституцияның II бөлімі адам мен азаматтың жеке, әлеуметтік- экономикалық және саяси құқықтары мен міндеттерін бекітеді. Адам құқығы — адамның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын ықтимал мінез-құлық өлшемі. Тұлғаның бостандығы- бұл да адамның ешқандай да бөгеті жоқ құқығы. Адамның жеке құқықтарының баянды етілуі(өмір сүру құқығы, жеке бас бостандығы, қадір- қасиетіне құқығы т.б.) Қазақстан Республикасында тұлғаның Конституциялық мәртебесінің өзгергенін білдіреді — адам алдымен өз мүддесі бар тұлға ретінде, содан кейін қоғамның мүшесі және мемлекеттің азаматы ретінде қарастырылады. Мәселен, әркімнің өмір сүруге құқығы бар- бұл адамның табиғи құқығы. Ешкімнің адам өмірін өз бетінше қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы аса ауыр қылмыстар үшін сотталушыға кешірім сұрау құқығын бере отырып қолданылатын айрықша жазалау шарасы (Конституцияның 15- бабы). Міндет — адамның қоғамдағы міндетті, қажетті мінез- құлықының өлшемі. Мәселен, әркім Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын сақтауға, басқа тұлғалардың құқықтары, бостандықтары, қадір- қасиеттерін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті, заңмен белгіленген алым- салықтарды төлеуге міндетті, Қазақстан Республикасын қорғау- оның әр азаматының қасиетті борышы әрі міндеті.
Құқықтар мен міндеттерді мазмұндарына байланысты былайша бөлуге болады:
-азаматтық немесе жеке (өмір сүру құқығы, ар-намысын қорғау, жеке бас құпиясына қол сұқпаушылық құқығы және т.б.).
-саяси (билік органдарына сайлау және сайлану құқығы, мемлекеттік қызметке кіруге тең құқықтары, бірлесу құқығы, бейбіт жиналуға, митинг, демонстрацияларға құқықтары т.б.).
Қазақстан Респуликасы азаматтарының саяси құқықтары мен бостандықтары:
-cөз және шығармашылық бостандығы (Қазақстан Республикасының Конституция 20 — бап)
-ақпарат алуға құқығы (Қазақстан Респукбликасының Конституция 20- бап 2 тармағы.)
-бірлесуге құқығы (Қазақстан Респукбликасының Конституция 23- бап)
Қазақстан Республикасының Азаматтарының ашық шаралар өткізуге құқығы (Қазақстан Респукбликасының Конституция 32- бап)
— Мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығы (Қазақстан Респукбликасының Конституция 33- бап)
-Экономикалық құқықтарға жеке меншікке құқығы, кәсіпкерлікпен айналысу құқығы, еңбек ету, демалу құқықтары жатады.

І.2 Конституцияда бекітілген тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының ерекшеліктері
Тұлғаның құқықтық мәртебесі-бұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын бекітеді.
Құқықтық мәртебе дегеніміз-субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттік-терінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы. Құқықтар мен міндеттер құқықтық мәртебенің негізін құрайды.
Құқықтық мәртебенің құрылымы төменгідей элементтерден құралған:
-құқықтар мен міндеттер;
-заңды мүдделер;
-құқық субъектілік;
-азаматтық;
-заңды жауапкершілік;
-құқықтық қағидаттар.
Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жеке — дара болып бөлінеді:
1.Жалпы мәртебе-бұл тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі Конституцияда бекітілген мәртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады.
2.Арнайы мәртебе-азаматтардың белгілі бір санаттарының (студенттердің, соғысқа қатысушылардың, зейнеткерлердің және т.б.) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді,олардың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жеке — дара мәртебе — жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас,отбасы жағдайы, лауазым және т.б.) көрсетеді және тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді.
Оқу және тәжірибелік мақсатта бір-бірімен өзара байланысты әлеуметтік нормалардың түрлерін ажырата білу керек. Әсіресе, құқық пен моральдың арақатынасын қарастыру қажет.
Құқық-бұл адамгершіліктің минимумы немесе заңи рәсімделген мораль болып табылады. Құқық қоғамның адамгершілік-гуманитарлық идеалдарды жүзеге асыратын құрал.
Мораль-бұл адамдардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Ол негізгі әлеуметтік институт. Бұл құбылыстың фактілік мазмұны мен құрылымы психологиялық кезеңдерді де-эмоцияны, мүдделер, ниет және т.б. қамтиды. Бірақ моральдың бастысы-жақсылық пен жамандық.
Құқық пен моральдың ұқсастықтары:
-әлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған, кешенді нормалар болып табылады.
-құқық пен моральдың мақсаттары мен міндеттері біреу қоғамдық өмірді қалыптастыруды, тұлғаның дамуы, адамның құқықтарын қорғау, әділеттілікті бекіту;
-құқық пен моральдың реттеу объектісі біреу қоғамдық қатынастар, олар белгілі бір адамдарға, таптарға, топтарға, ұжымға, олардың талап етулері бірдей болып келеді.
-құқық пен мораль нормативтік құбылыс ретінде субъектілердің жүріс-тұрысының шектерін анықтайды.
-құқық пен мораль түп негізінде қоғамның өзінен туындайды.
Құқық пен моралдың арасындағы ерекшеліктері:
1.Пайда болу негіздері бойынша: құқық тек мемлекетпен ғана пайда болады және мемлекетпен ғана жойылады,тоқтатылады немесе өзгертіліп тоқтатылады. Мемлекеттің құқықтың саяси жаратушысы ретінде болады, ал құқық шығармашылық мемлекеттің негізгі артықшылығы. Сонымен құқық тек халықтың еркін ғана емес, мемлекеттің еркін білдіріп, ерекше мемлекеттің реттеушісі болып келеді. Ал, мораль мемлекетпен және арнайы мақсатқа бағытталған қызметтің нәтижесінде пайда болмайды, ол адамдардың тәжірибелік қызметтерінің нәтижесінен құрылады.
2.Құқық пен мораль қамтамасыз ету әдістері бойынша ерекшеленеді. Егер құқық мемлекетпен шығарылып мемлекетпен қамтамасыз етіледі, қорғалады,сақталады. Құқықтық мәжбүрлеу аппараты қорғайды, яғни құқықтық нормалар сақталынбаса мәжбүрлеу аппаратының тарапынан жазалар қолданылады. Басқа сөзбен айтқанда заңи нормалар жалпы міндеттілік сипатқа ие. Құқық аса маңызды және өзі реттей алатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
3.Құқық пен мораль оның сипатталуымен ерекшеленеді. Егер құқықтық нормалар мемлекеттің арнайы заңды актілерінде (заңдарда, қаулыларда, жарғыларда) бекітіледі, салалар мен институттар бойынша топтастырылады, кодекс, жинақ, жарғы, заңдылық ретінде бір жүйеге келтіріледі.
Ал, адамгершілік нормалары осындай бір жүйеге топтастырылмайды, белгілі бір сипатты иеленбейді, ол қоғамдық өмірдің қатысушыларының-адамдардың санасында пайда болып, өмір сүреді. Олардың пайда болуы заң шығарушылар мен өзге де құқық шығарушылардың еркіне байланысты емес. Яғни мораль қоғамдық қатынастардан орын тапса, құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрініс табады. Моралдық нормалар тек жазылмаған тыйым салулар мен шарттар ғана емес. Олардың көпшілігі әр түрлі қоғамдық бірлестіктерінің бағдарламалық және жарғылық құжаттарынан, әдеби және діни ескеркіштерден орын алады.
және құқық теориясы ұғымдар жүйесін тек өзі үшін ғана емес, сондай-ақ оның әліппесі, іргетасы ретінде барлық юриспруденция үшін талдап шығаратынында қорытындылады.
Тұлғаның құқықтық мәртебесі төмендегідей элементтерден тұрады:
1.құқықтар мен міндеттер;
2.заңды мүдделер;
3.құқық субъектілігі;
4.азаматтық;
5.заңды жауапкершілік;
Мұндай ұғымдарға құқықты, құқықтың қайнар көздерін, құқықтық актілерді, құқықтың институтын, саласын және сала тармақтарын, құқықтың жүйесін және заңшығарушылықтың жүйесін, құқықтық қатынастарды, құқықтың субъектісі мен объектісін, құқық қабілеттік және әрекет қабілеттілікті, құқықтық деректі, құқықшығармашылықты, заңшығарушылықты, құқықты қолдануды және талдауды, құқықтық коллизиялар мен ақаулықтарды, құқықтық тәжірибені және құқықбұзушылықты, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, құқықтық құралдарды, субъективтік құқықтарды және құқықтық міндеттерді, тыйымдар мен тыйым салынбаған нәрселерді, құқықтық жауаптылықты және жазаны, құқықтық жеңілдіктерді және көтермелеулерді, құқықтық иммунитеттерді, құқықтық стимулдар мен шектеулерді, құқықтық реттеудің механизмін және құқықтық әсер етудің механизмін, құқықтық жағдайлар мен құқықтық режимдерді, құқықтық саясатты және құқықтық өмірді және т.б. жатқызуға болады.
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшелігі мемлекет пен құқық өзара байланыста, бір бірін толықтырушы әлуметтік институттар ретінде зерттелетіндігі болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстанда экономикалық және саяси жағдай тұрақтанған кезде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру және олардың жүзеге асырылуы маңызды болып отыр.
Құқықтар мен бостандықтар мәселесін қараған кезде құқықтар мен бостандықтардың барлығының толық көлемде жүзеге асуы нақты демократиялық құқықтық мемлекет болған жағдайда орын алатындығын атап өткен жөн.
Осы Конститутцияда азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі бекітілген. Оларға экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық, педагогикалық, тәрбиелік және сыртқы экономикалық кепілдіктер жатады. Әдетте, ғылыми әдебиетте адам құқығының экономикалық, саяси және идеологикалық кепілдіктері аталады.
Кейде жалпы кепілдіктердің басқа да түрлерін, атап айтқанда қоғамдық, әлеуметтік және рухани түрлерге бөлінеді:
-адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;
-өзін-өзі басқару;
-оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;
-еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;
-жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;
-өмір сүру координация қағидатына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);
-экономиканың көпжақтылығы;
-биліктің заңды және демократиялық сипаты;
-құқықтық мемлекет;
-адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
1) Мемлекеттік емес, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
2) Мемлекетпен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);
3) Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
4) Саяси партиялар мен қозғалыстар;
5) Тәрбилеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
6) Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;
7) Отбасы;
8) Шіркеу және т.б.
II ТАРАУ. АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

ІІ.1 Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі қағидалары
Жалпы, құқықтық мемлекет жөнінде азаматтардың санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін жете түсіндірмей, оны түбегейлі орнату мүмкін емес.
Бір сөзбен айтқанда, заңның дұрыс орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің кепілі болатын мемлекетті қалыптастыру- құқықтық мемлекетті орнату болып табылады.
Ал құқықтық мемлекет дегеніміз — жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.
Құқықтық мемлекетті қалыптастыруда қабылданып жатқан заңдар жоғары талапқа сай болуы керек. Заңның үстемдік етілуі міндетті түрде. Құқықтық мемлекетте азаматтардың бірде — бір құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс және заңдарда көрсетілген талаптардың, міндеттердің, құқықтардың жүзеге асырылуын мемлекет қамтамасыз етуі қажет.
Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әсіресе, ол ең алдымен биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз етілмек. Біздің мемлекетімізде құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер Ата заңымызда нақты көрсетілген.
Біздің зерттеуіміз адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидасының құқықтық мемлекетте іске асырылуына арналған. Мемлекет пен оның құрылымдарының қызметін жетілдіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматгардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің дамуының басты міндеттері болып табылады. Құқықтық мемлекет кұру, азаматтық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету — заңдылыққа негізделген, адам құқықтарын қорғауға бағдарланған мемлекеттің ролін күшейтуді талап етеді.
Осыған байланысты барлық мемлекеттік аппарат қызметінің қағидасын іске асырушы әрбір мемлекеттік органның ролін, оның міндеттері мен қызметтерін талдаудың қажеттілігі туындайды.
Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.
Құқықтық мемлекеттің дамуы биліктің адам құқықтары мен бостандықтарын тек мойындауын ғана емес, сонымен бірге оларды іске асыратын және қорғайтын шын мәнісінде әрекетті мемлекеттік механизмнің болуын қарастырады.

ІІ.2 Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ететін мемлекеттік институттар

Бұл мәселеде құқық қорғаушы құрылымдарға, оның ішінде ішкі істер органдарына ерекше орын беріледі.
Құқық … жалғасы