Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің жабылу рәсімі болып өтті

0

Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің жабылу рәсімі болып өтті

Бүгін, 21 қарашада, Алматы қаласында 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі болып өтті14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің жеңімпаздары тізімі төмендегідей.

«Жол түйісі» халықаралық конкурстық байқауда:

Гран-при ең үздік фильм – «Канделария» (Колумбия), режиссер Джонни Хендрикс Инестроса
Үздік режиссер  – Бенедикт Эрлингссон, «Соғыстағыәйел» (Исландия)
Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Күнбағыс» (Қытай), режиссер Чжан Лопин 

«Атабабалар мекені» түркі әлемі елдерінің конкурстық байқауында:

Гран-при ең үздік фильм – «Патша Құс» (Якутия, РФ), режиссер Эдуард Новиков
Үздік режиссер – «Талан» (Қазақстан), режиссер Болат Калымбетов
Үздік сценарий – «Шынар» (Туркия), режиссер Мустафа Карадениз
Қазылар алқасының арнайы сыйлығы– «Тұлғалық өсу дәрісі» (Қазақстан), режиссер Фархат Шарипов
Ең үздік актриса – Феруза Саидова «Әкем ауырып қалды» (Өзбекстан), режиссер Зульфикар Мусаков
Ең үздік актер – Акылбек Абдыкалыков, «Түңгі көлік апаты» (Қырғызстан), режиссер Темирбек Бирназаров 

НЕТПАК арнайы жүлдесі«Тұлғалық өсу дәрісі» (Қазақстан), режиссер Фархат Шарипов

Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін арнайы жүлдеСердар Гёкхан, актер (Туркия)

Салтанатты кеш Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. Жабылу рәсіміне әлемдік және қазақстандық кинематоргафтың жарқын жұлдыздары қатысты.