Ғылыми жоба

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Ғылыми жоба

Автор: Үсен Меруерт Амиржанқызы

Бағыты: Экология Бөлімі: Эссе, шығарма, мазмұндама Сыныбы: Басқа

Жарияланған уақыты: 2019-01-06


Материал туралы қысқаша түсінік

Студенттерге




Тыңайтқыш дегеніміз — өсімдіктің қоректенуін жақсартып, жердің құнарлылығын арттыру нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жоғарылату мақсатымен жерге берілетін зат. Топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштар беру оның физикалық, физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартады, жоғары сапалы өнім алуға көмектеседі. Тыңайтқыш ауыл шаруашылығы дақылдарының ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болуына (үсік, құрғақшылық), өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы тұруына көмектеседі.Тыңайтқышты пайдаланудың басты мақсаты — топырақ құнарлылығын жоғарылату, соның нәтижесінде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім жинау. Соңғы жылдары ғалымдар минералдық тыңайтқыштарды азайтып, жер өңдеудің биологиялық тәсіліне көшуді ұсынуда. Бұл сұрақты шешуде негізгі рольді егіндік жерлер мен органикалық тыңайтқыштар атқарады. Сондықтан, өсімдік тектес тыңайтқыштарды, мысалыға, тұрмыстық қалдықтықтың өнімдерін қолдануға болады. Үлкен көлемдегі қалдықтар мен жергілікті руданы ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану Арал регионындағы экономикалық жағдайды ғана емес, экологиялық проблемаларды да шешуде де көп көмегін тигізеді. Қазіргі кезеңде өндірістік биотехнология қарқынды дамып келеді. Оның жетістіктері экологиялық проблемаларды шешуде жиі қолданылуда. Экологиялық экотехнологияның әдістемелері мен процестерін пайдаланып ауыл шаруашылығының көптеген экологиялық проблемаларын шешуге болады: ластанған және тұзданған жер ресурстарын рекультивациялау; экологиялық таза биогаз бен биотыңайтқыштар алу үшін өсімдіктер қалдықтарын қайта өңдеу және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқасында жердің құнарлығын арттыру; Биотыңайтқыштарды алу және пайдалану ауыл шаруашылығы экологизациясының алдына қойған міндеттеріне бірнеше себептер бойынша сәйкес келеді: минералдық тыңайтқыштар пайдаланудың көлемін азайтады, егін шаруашылығының өнімдерін арттырады және де ауыл шаруашылық өнімдерінің құрамындағы нитраттарды азайтады. Осындай минералды тыңайтқыштар жетпей жатқан кезде, тауық қиынан алынған биокомпост, ауыл шаруашылығын арзан және жоғары сапалы тыңайтқыштармен қамтамасыз етеді. Тауық қиын, органоминералды тыңайтқыштар алу үшін пайдалану, ауыл шаруашылығы экологизациясы проблемаларын іс жүзінде шешудің, нақты мысалдарының бірі болып табылады. Тауық қиымен күріш қауызын оңтайлы , ластанған алаңдарды тазалаумен қатар, топырақтың құнарлылығын арттырады және де жер ресурстарын биорекультивациялау арқылы ауыл шаруашылығы егіншілігінің өнімділігін жоғарылатады. Сонымен қатар экотыңайтқыштарды пайдалану минералды фосфаттарды тиімді қабылдауына және атмосфералық азоттағы нитраттардың синтезіне қолайлы жағдай жасайды. Бұл минералды тыңайтқыштарды пайдалану мөлшерін азайтады немесе олардың әсер ету уақытын ұзартады. Қазіргі уақытта осындай жолмен жасалған экотехнологияны қолданып мал және құс шаруашылығының қалдықтарын микробиологиялық өңдеп, дәстүрлі емес әртүрлі өнімдер алуда. Бұл мал және құс шаруашылығы бар өндірістік аудандарды экологиялық таза аумаққа айналдыруда және әртүрлі биоөнімдер шығаратын кәсіпорындар салуға мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған жұмыстар, «Абылай хан» колледжінің жылыжайына арнаймыз. Химиялық тыңайтқыштарға қарағанда, біз Үсен Меруерт және Рахымжанқызы Азиза тұрмыстық қалдықтар (көкөністер, жеміс-жидектерді) арқылы жерді рекультивациялауды ұсынамыз, яғни экотехнологиялық тыңайтқыш.

Қосымша сөздік:РекультивацияЖерді қайта құнарландыру, бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны халық шаруашылығына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін жүргізілетін кешенді жұмыс.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігіҚызылорда облысының білім басқармасы

«Абылай хан» атындағы колледж Колледж имени «Абылай хана»

Тақырыбы: ЭкоТыңайтқыш Орындаған: Үсен Меруерт Қабылдаған: Мусагалиева А.М. >







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.