ғылыми — танымдық, тәрбиелік маңызы бар іс
Әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің биыл білім әлемінде желкен керіп келе жатқанына 35 жыл толады. Факультетте әлемнің әр елінен келген ұлт өкілдері қазақ және орыс тілдерін меңгеріп, қазақ халқының салт — дәстүрін, ата тарихынан білім алуда.
Біздің факультетіміз бүгінгі күні университеттегі бірден бір шетелдік жастардың басын қосатын, білім алғысы келетін әрбір шетелдік азаматқа өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, бағыт — бағдар беруші руханият ордасына айналып отыр. Ғылыми әрі кәсіби дәрежелері жоғары, білікті де білгір оқытушылардың тынымсыз ізденістерінің, қажырлы еңбектерінің нәтижесінде студенттердің әр түрлі деңгейдегі білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру, қызығушылық танытқан шетелдік азаматтардың таным көкжиектерін кеңейту бағытында әр түрлі іс — шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.
Университетте «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus» жобалары табысты жүзеге асуда. Бұл жобалар — жастарды азаматтық және рухани — адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге қосқан үлесі болып табылады.
Осы аталған жобалар аясында әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұйымдастыруымен бірнеше ғылыми — танымдық, тәрбиелік маңызы бар іс — шаралар өткізіп келеді.
Осындай маңызды жобалардың бірі «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында еліміздегі тарихи — мәдени ескерткіштерді жаңғырту, халыққа таныту, оларды насихаттау, заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыру мақсатымен бүгінгі күні факультетте Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи, киелі орындарға соның ішінде: Арыстан баб кесенесіне, Шәуілдір кентіндегі Отырар мұражайына, «Отырар опаты» болған көне Отырар қаласының орнына, еліміздің түркі тілдес халықтардың рухани орталығы әрі Қазақ хандығының саяси астанасы болған Түркістан қаласына, XV ғасырда Қ. А. Яссауиге арнап тұрғызылған кесенесіне, Рабия Сұлтан Бегімнің кесенесіне саяхаттар ұйымдастырып отырады.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ежелгі, тарихи, киелі орындарымен танысу елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихы, осы киелі орындары арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік студенттерге дәріптеу.
Ж. Е. Жаппасов., А. Е. Саденова.
Әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті