Ғылыми дерек: күлкі қалай пайда болады?

0

Ғылыми дерек: күлкі қалай пайда болады?

Күлкі – әрбір адамға тән физиологиялық ерекшелік. Біздің ерекше қабілетіміздің бірі. Күлкі – адамдағы жағымды эмоциялардың көрсеткіші. Күлкі механизмі тек әзілдескен уақытта немесе оқиғаның күлкілі болуынан туындамайды. Адамдармен жақсы қарым қатынас құру үшін, жағымды әсер қалдыру үшін де адам күледі.

Күлген кезде мида қандай үрдіс жүреді?
Күлкі физиология тұрғысынан дифрагманың қысылуы мен дауыс толқынан туатын әрекет. Күлкі мидың көпір аймағында туындайды. Күлкінің туындауына адамның әр қимылына жауапты мишық, аралық ми мен мидың ең күрделі құрылымы гипаталамус қатысады.  

Гипоталамус ортылық ми жүйесімен байланысты жүйке талшықтарымен байланысты. Күлкі туралы белгі маңдай және самай бөліктерінің қатысуымен ми қабығында түзіледі. Самай бөлігі іс-әрекетті тануға мүмкіндік береді. Яғни, күлкі физиологиясы мидың үздіксіз атқаратын қиын жұмысы екенін түсінуге болады.

Неге күліп отырып жылаймыз?
Күлкіге жақын феномен – көз жасы. Өйткені, жаңа туған бала жылайды және күледі. Көз жасының туындауы мен күлкі механизмі бір-біріне ұқсайды. Қатты күлген кезде, ми қабығының белсенділігі артады да, жүйке жас каналдарын ашады. Сондықтан, бір уақытта жылап, бір уақытта күлуге болады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз