Гуманизм — дүниетану принципі | Скачать Материал

0





Жұмыс түрі: 
Материал

Көлемі: 4 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге

Таңдаулыға:   




Гуманизм — Қайта Өркендеу дәуірінің ерекше белгісі ретінде
Гуманистік ой — пікірлер адамзат қауымымен байланысты шығып, дамып, өзгеріп, жетіліп отырғанымен, Гуманизм терминін алғаш рет ХІХ ғасырда неміс педагогі Ф.Нитхаммер енгізді. Содан бері Гуманизм терминіне ғалымдар әр түрлі анықтамалар беріп келеді.
М.М. Розентальдің жетекшілігімен шығарылған философиялық сөздікте: Гуманизм (латынша Нumanitas — адамгершілік (адам табиғаты)) — адамның қадір-қасиетін құрметтеуді, адамдардың игілігіне, олардың жан-жақты дамуына қамқорлық көрсетуді, қоғамдық өмірде адамдарға қолайлы жағдайлар тудыруды білдіретін көзқарастардың жиынтығы — делінген.
Ресей философы А.Ф. Лосевтің пайымдауынша, гуманизм — философия, тарих, филология тұрғысындағы білімдердің ерекше қасиеті, еркін ойлауға деген бұрылысы.
Этика туралы сөздікте: гуманизм — тұлғаның қадір-қасиетін қорғау және бостандығын талап етуге, оның қабілеттерін жетілдіруге және адамның мүмкіндігінің шексіздігіне, адамның бақытты болуға құқығы, оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру қоғамның басты мақсаты екендігін сендіруге негізделген көзқарастардың қағидалары — деп жазылған.
Ал, Р.Нұрғалиевтің құрастырған философиялық сөздігінде: Гуманизм — адамның қадір-қасиеті мен құқығын құрметтеуге, оның жеке тұлға ретіндегі бағасы, адамның игілігі, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы — деп анықтама берілген [1].
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: Гуманизм — дүниетану принципі. Оның негізінде адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін — өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады.
Гуманизм қайта өрлеу дәуірінде ХІV-ХVІ ғ.ғ. қоғамдық ой- пікірде, әдебиетте, өнерде, ғылымда алдыңғы қатарлы прогресшіл идеялық ағым ретінде қалыптасқан. Бертін келе адамды барынша ардақтайтын, адамгершілік қасиеттерін, бас бостандығын қорғайтын біртұтас көзқарастар жүйесіне айналады.
Сонымен гуманизм ұғымын әр ғалым өзіндік ерекшеліктерімен сипаттағанын байқауға болады.
Гуманизм — образды түрде Батыс деп аталатын, қазіргі индустриалды-технологиялық өркениттің негізінде жатқан, жалпы филосфиялық принцип. Күнделікті өмірде гуманизмнің принциптеріне жалпыадамзаттық құндылықтар, адам құқығы, үйлесімді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаның мұраттары жатқызылады. Қазіргі таңда гуманизм алдыңғы қатарлы идеология болып табылады, ол кез келген халықтың өркениеттілігінің маңыздылығын көрсетеді.
Гуманизмде адамның табиғатын анықтау, дамыту, жақсарту оның құндылықтарын жалпы болмыс құндылықтарын жетілдіру әрқашан метаміндет болып табылған. Гуманизм әрқашан өзінің рухына сай ағартушылық ілім болып отырған, өйткені оны ешуақытта адамның еркін, зерделі ақиқатқа, қайырымдылыққа, әдемілікке және сұлулыққа шаршамай самғай беретін жаратылыс ретіндегі, қасиеттері мен сенімдері жойылмаған. Гуманизмдегі барынша анық ол үшін бөлшектенбейтін құндылық — адамның өсуі мен дамуы. Өмірде өз-өзімен бола отырып, өмір сүруді үйренудің, әлем мен адам туралы ескірген өзінің айрықша тұлғалық өлшемін табудың, ішкі біртұтастықты қалыптастырудың және өсудің перспективалары туралы көптеген тәсілдер бар. Гуманизм оларды адамзаттың құзырына толығымен береді. Позитивті өзгерістер үшін жасалған әрекеттер адамның күшіне сәйкес табиғилас, әсіресе ол адамның қалыптасу кезеңінде үлкен рөлге ие.
Ғылыми еңбектерге шолу жасай келе, біз гуманизм идеясы адамзат қоғамының пайда болуымен байланысты шығып, алғашында тек адамдардың күнделікті іс-әрекеті, тіршілігі үстіндегі қарым-қатынасы, туыстарына деген сүйіспеншілік, қамқорлық ретінде көрінгенін байқаймыз.
Алғашқы гуманистік пікірлер, яғни қоғамдағы адам мәселесі ежелгі грек философтардың еңбектерінде жарық көре бастады.Бұл мәселеге алғашқылардың бірі болып үн қосқан софистер еді. Протагордың Адам дүниедегі бар және жоқ заттардың өлшемі деген қағидасы адам туралы ілімнің іргетасын қалаған негізгі гуманистік ұстаным.
Міне, … жалғасы

Ұқсас жұмыстар


Пәндер