Грузия тарихындағы тұңғыш әйел президент Саломе Зурабишвили стилі

62
- Жарнаманы баса кетіңіз -

Грузия тарихындағы тұңғыш әйел президент Саломе Зурабишвили стилі

Грузияда өткен президент сайлауында алғаш рет әйел адам сайланғаны белгілі болды. Саломе Зурабишвили бұған дейін Грузия Сыртқы істер министрі, Грузиядағы Франция елшісі қызметтерін атқарған.

Елді әйел бастағанын қабылдауы қиын біз секілді шығыстық менталитеттегі жердің қыздарын Зурабишвилидің талғампаз стилі оның саяси амбициясынан кем қызықтырмайды.

Сол себепті бүгін саясаткердің киіну стиліне тоқталып  өткенді жөн көрдік. Саломе ханымға қатысты «Саясаткер стилі» деген түк сай келмейтіні рас, талғамы басын мемлекетаралық мәселелерге «қатырмай», тек президент жолдасының сәнін келтіріп, бар қымбатты киетін бірінші ледилерден кем емес. Тіпті, Макрон, Трамп ханымдардан да асып түседі. Мәлкім бұған себеп оның сән астанасы Парижде дүниеге келуі шығар… 

Париждік сән-салтанат

Саломе Грузиядан Францияға қоныс аударған саяси эмигранттар отбасында дүниеге келген. Париждегі Саяси зерттеулер институтында білім алған, Римдегі және Вашингтондағы Франция елшілігінің хатшысы ретінде және Францияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің бас хатшылығының халықаралық істер жөніндегі бөлімшесінде жұмыс істеді.

2003 жылы Зурабишвили Грузияның Франциядағы елшісі болып тағайындалды. 2005 жылы Грузия Сыртқы істер министрлігіне басшылық ету үшін өзінің тарихи отанына көшті.

Десе де оның стилі Париждік сән-салтанатқа жақындығын жоғалтпады. Ол нағыз париждік сұлулардай мінсіз көрінуге қорықпайды. Бойындағы мінін құдды оның өзгелерден ажырататын ерекшелігі секілді көрсетудің шебері.  

Non-political style 

Біз саясаткерлердің ақ-қара костюм киетініне үйреніп қалдық. Жазылмаған заң секілді бәрі соны ұстанады. Ал Саломе ханым түстермен тәжірибе жасағанды жақсы көреді. Француз қыздары сияқты  көгілдір, күлгін, жасыл және қызыл жолақты жейделер киюге әуес. Ашық қызғылт көйлек, түрлі принтті белдемше де оған жат емес. Енді БАҚ Грузия президентінің тек саяси мәлімдемелерін ғана емес, киген киімін де жиі талқылап отыратын шығар. Мынадай сұлу бәсекелестің қасында Брижит Макронның нысанадан тыс қалуы әбден мүмкін. 

Шығыстық ару 

Президент ханым көзге іліге бермейтін «ұстамды» костюмдер кигеннің өзінде жұрт назарын қалай аудару керектігін біледі. Себебі, мұндай классикалық киімді ірі әшекейлер арқылы сәндей түседі.

Мысалы, көйлек түсіне сай көлемді сырғалар, ірі гаухар тасты білезіктер, әдемі сақиналарға деген махаббат оның шығыстық тамырынан хабар беретіндей.

Загрузка...