Головкиннен жеңілген боксшы 3 жылдан кейін шаршы алаңға оралады
Орта салмақта бақ сынайтын америкалық кәсіпқой боксшы Доминик Уэйд (18-1, 12 КО) үш жылдан шаршы алаңға қайта оралмақ. Ол соңғы рет қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан.
2016 жылдың сәуір айында өткен жекпе-жекте GGG Доминикті екінші раундта-ақ нокаутқа түсірген болатын. Алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татқан боксшы одан бергі аралықта бірде-бір рет шаршы алаңға шықпады.
Доминик Уэйд мансабын қайта жалғайды. 1 ақпан күні Рочестерде (Нью-Йорк, АҚШ) аргентиналық боксшы Мартин Риоспен (23-18-4, 13 КО) IBO интернационалдық чемпиондық белбеуіне таласады.
Дереккөз: https://massaget.kz/