Ғибратты әңгіме: Үшбұрыш пен Төртбұрыш
Үшбұрыш пен Төртбұрыш тәжікелесіп қалды.
— Текке таласып қайтесің! Бәрібір сенен менің бір бұрышым артық! – деді Төртбұрыш.
— Одан не пайда? – деді Үшбұрыш. – Керісінше, бұрышың неғұрлым көп болса, соғұрлым өзіңе қиын болады.
— Міне бұл тауып айтылған сөз! – деді домаланған Жұмыр Шар. – Маған жұрт қай жағымнан келерді білмейді. Мысалы… «Сегіз қырлы, бір сырлы» болам деп армандаудың заманы баяғыда өткен. Меніңше қырлылар емес, қырсыздар бақытты бүгінде!
— Круглый Дурак! – деді ыза болған Төртбұрыш, қалай орысша сөйлеп кеткенін өзі де байқамай.

(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)