Геометриялық пішіндерді ажырата білу
Бөлімі: Қ.М.Ұ.Қ.
Тақырыбы: Ғажайып математика әлемі.
Мақсаты: Тура және кері санауды үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге дағдыландыру.
Балалар, бізде бүгін ерекше күн, бізге қонақтар келіпті біздің қандай тәртіпті және білімді балалар екенімізді білуге. Біз оқу қызметімізді шаттық шеңберімен бастап және келген қонақтарымызбен сәлемдесейік. Шаттық шеңбері. Қайырлы таң, көгім менің. Қайырлы таң, күнім менің. Қайырлы таң, бақшам менің. Қайырлы таң, досым менің.
Қайырлы таң, қонақтар. Good morning my sky. Good morning my san. Good moning kindergaden. Good moning my friend. Good moning my gyest.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Күз мезгілінің айларын атаңдар? Балалар біздің еліміз қалай аталады? Біз қай қалада тұрамыз? Біздің балабақша қалай аталады? Енді мына суретке назар аударайық, суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Ия, дұрыс айтасыңдар, суреттегі Н. Ә. Назарбаев атамыз. Біздің елбасымыз. Осы еліміз туралы, отанымыз туралы кім тақпақтар айтып береді? Тақпақтар. Бақыт. Отан деген — атамекен. Отан деген — туған жер. Отан ана, Отан пана. Қазақстан — туған ел. Медина. Барша әлемге әйгілі. Ел басымыз нұр аға. Мақтанышы елімнің. Нұрын шашқан, нұр қала.
Слайд. Балалар, біздің елбасымызда өздерің сияқты кішкентай бала болған, үлкендерді тыңдап, сабақтарын жақсы оқыған, сондықтан осындай елімізді басқарған үлкен азамат болып отыр. Сендерде жақсы оқып, үлкендерді тыңдасаңдар сендерде сондай жақсы азамат боласыңдар.
Музыка әуенімен Алдар көсе кіреді.
Сұрақтар: Жастарың нешеде? Жылдың неше мезгілі бар? Тәуліктің неше бөлігі бар? 1 тапсырма. 1ден — 4ке дейін тура және кері санап бер.(үш тілде) Инаят тура санау. Інжу кері санау. Сандарды тақтаға жазу.(Жанарыс, Байдәулет) 2 тапсырма. Санамақтар айту. (Жасмин, Медина)
Бір дегенім білім. Білім жарық күнің.
Екі дегенім еңбек, Еңбек бәрін жеңбек.
Үш дегенім үміт, Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім төзім, төзе білем өзім. Логикалық есептер. Қоянда неше құлақ бар? Сиырда неше мүйіз бар? Жылқыда неше аяқ бар?
3. тапсырма. Заттарды санмен сәйкестендір. Пішіндерді ата? Ертегілер елінің есігі ашылып Алдар көсе қоштасып кетеді. Пішіндерден Бәйтерек құрастырып, жапсыру. Сергіту сәті. Дидактикалық ойын. «Көршісін тап» Балалар мен сендерге тапсырма берген едім, жұмбақ есеп жаттап келіңдер деп. Қане кім жаттап келді? Жұмбақ.(Інжу, Байдәулет)
Нанбасаңыз сұраңыз, Бір аулада тұрамыз. 3 Ардақ, 2Бауыржан 4 медет 1Сабыржан Тез есепте дәл санын. Сонда біздер қаншамыз? Байдәулет. Атам, әжем, ағам, әкем, Інім және мен, анам. Отыр едік шәй ішіп, Әпкем, жеңгем кіріп келді майысып. Қорытынды сұрақтар. Балалар біздің елбасымыз кім?
Балалар бізге ертегілер елінен бізге кім келді? Біз геометриялық пішіндерден не құрастырып, жапсырдық? Оқу қызметі сендерге ұнады ма?
Жамбыл облысы Тараз қаласы
№18 «Еркежан» бөбекжай — бақшасы
Асилова Анипа Комекбаевна