Геморрагиялық желінсауды емдеу | Скачать Дипломдық жұмыс
Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігі
Коммерциялықемес акционерлік қоғам
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ВЕТЕРИНАРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Карибаев Ерболат
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 5В120100 — Ветеринарлық медицина
Алматы 2018 ж
Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрлігі
Коммерциялықемес акционерлік қоғам
Ветеринария факультеті
Акушерлік, хирургия және малдардың өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сиырдың іріңді-катаралды желінсауы
Беттер саны _______________
Сызбалар мен көрнекі
Материалдар саны _________
Қосымшалар _____________ — — —
Орындаған Карибаев Ерболат
2018 ж. «____» _____________ қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі б.ғ.к., профессор Е.С. Усенбеков
Жетекшісі б.ғ.к., профессор О.Т. Туребеков
Норма бақылау қауым. профессор Ә. С. Ибажанова
Сарапшы BioVetSan ҒӨКЖШС
бас директорының орынбасары Л.Т. Абдибекова
Алматы — 2018 жыл.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
мамандығы Ветеринарлық медицина
Акушерлік, хирургия және малдардың өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент Карибаев Ерболат
Жұмыс тақырыбы Сиырдың іріңді-катаралды желінсауы
Университет бойынша 2018 ж __________________ № _____ бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2018 ж мамыр
Жұмыстың бастапқы деректері шаруашылықтағы сиырлардың желін патологиясын және оның ішінде іріңді-катаралды желінсауын анықтау және емдеу іс — шараларын жүргізу және патологияға ұшыраған мал топтарын құру және осы патологияның түрлеріне сәйкес емдеу әдістері туралы арнайы әдебиетке шолу жасау.
___________________________________ _______________________________
Дипломдық жұмысты 2017-2018 жылдары шаруашылықта жұмыс жүргізу жоспарлануда және алғашқы сатысында шаруашылықтағы сиырлада сиырлардың іріңді-катаралды желінсауын анықтау және емдеу іс — шараларын жүргізу , балау ем жасау техникасын меңгеру, дифференциальдық балау жасау және емдеу жүргізу
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Студенцов А.П., Шипилов В.С., Субботина Л.Г., Преображенский О.Н. Ветеринарное акушерство и гинекология.Москва., Агропромиздат., 1986
Никитин В.Я., Миролюбов М.Г., Гончаров В.П., Храмцов В.В., Преображенский О.Н. Практикум по акушерству, гинекологии и биотехнике размножения животных. Колос., Москва., 2004
Жоланов М.Н., Қойбағаров Қ.У., Туребеков О.Т., Мадияров М.А. Мал акушерлігі, гинекологиясы және көбею биотехнологиясы., Практикум Алматы., Агроуниверситет 2005;
Туребеков О.Т. Сиырдың акушерлік-гинекологиялық аурулары. Алматы 2010
Шипилов В.С., Зверева Г.В., Родин И.И., Никитин В.Я. Практикум по акушерству, гинекологии и искусственному осеменению сельскохозяйственных животных. Москва., Агропромиздат, 1988.
Жұмыстын арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Ескерту
Арнайы әдебиетке шолу
Туребеков О.Т.
Қазан 2017ж
Өзіндік зерттеулер жүргізу
Туребеков О.Т.
Қазан 2017-сәуір 2018 жылдары
Өзіндік зерттеулерді талдау және қорытындылау
Туребеков О.Т.
Мамыр 2018 ж
Экология, еңбекті қорғау
Бабалиев С.У.
Мамыр 2018 ж
Кафедра меңгерушісі б.ғ.к., профессор _____________ Е.С. Усенбеков
Жұмыс жетекшісі б.ғ.к., профессор О.Т. Туребеков
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент _______ Е. Карибаев
Дипломдық жұмысты орындау
ГРАФИГІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескерту
1
Арнайы әдебиетке шолу
Қазан-желтоқсан 2017 ж
2
Зерттеу топтарын құру
Қазан 2017 сәуір 2018 ж
3
Өзіндік зерттеулер жүргізу
Қазан 2017 сәуір 2018 ж
4
Өзіндік зерттеулерді талдау және қорытындылау
Сәуір-мамыр 2018 ж
5
Дипломдық жұмыстың қолжазбасын жетекшіге ұсыну
Мамыр 2018ж
Кафедра меңгерушісі б.ғ.к., профессор _____________ Е.С. Усенбеков
Жұмыс жетекшісі б.ғ.к., профессор О.Т. Туребеков
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент _______ Е. Карибаев
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР … … … … … … . … … … … … … …
АНЫҚТАМАЛАР … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
БЕЛГІЛЕРМЕН ҚЫСҚАРТУЛАР … … … … … … … … … … … …
1.
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
2.
ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ … … … … … … … … … … …
2.1
Қарастырылып отырған мәселенің кәзіргі ахуалын бағалау … .
2.2
Қарастырылып отырған мәселені теориялық негіздеу … … …
3.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ … … … … … … … .. … … … … … … … … … … … ..
3.1
Зерттеу материалдары мен әдістері … … … … … … … … … … ..
3.2
Шаруашылыққа сипаттама … … … … … … .. … … … … … … … … .
3.3
Зерттеу нәтижелері және оны талдау … … … … … … … . … … … … … … … … … .
3.4
Еңбекті қорғау және экология мәселелері … … … … … … . … … ..
4.
ҚОРЫТЫНДЫЛАР … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
5.
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР … … … … … … .. … … … … … … …
6.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … … … … … … … .
7.
ҚОСЫМШАЛАР
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
ТШ 42-102-63
Қайшылар
МЕМСТ 7852-65
Резеңкелік тығын
МЕМСТ12026-66
Сүзгі қағаз
МЕМСТ 6709-72
Дистилденген су
ТШ 480-11-10-73
Шыны қарандашы
МЕМСТ2029274Е
Шыны пипетка
МЕМСТ 20292-74
Колбалар
МЕМСТ 9284-75
Заттық шыны
ТШ ОСЧ 25-6
Дистилденген су
МЕМСТ 22 967
Шприцтер
МЕМСТ25336821
Зертханалық ыдыстар
МЕМСТ 4.452-86
Вазелин майы
Анықтамалар
Анамнез — ветеринарлық практикада ауру малға балау жасау мақсатында жануардың ұстауы мен азықтануы, аурудың дамуы туралы мәліметтер жинау.
Галактогендік жол — сүт бездеріне патогендік микробтардың желіннің үрпі арқылы түсуі.
Гематогендік жол — сүт бездеріне патогендік микробтардың қанмен келіп түсуі.
Желінсау — механикалық, химиялық, температуралық және биологиялық факторларының әсерінен болатын сүт бездерінің қабынуы.
Жасырын желінсау — клиникалық белгілері білінбей немесе өте әлсіз білінетін сүт бездерінің қабынуы және сүт түзілуі мен сапасының төмендеуі
Желінсау жіктелуі — А.П. Студенцовтың жіктеуі сәйкес аналық жануарларда желінсаудың алты клиникалық формасы және бір асқыну бар, өтуі бойынша желінсау — жіті және созылмалы болады.
Желінсау этиологиясы — сүт бездерінің қабынуына алып келетін зиянды биологиялық, химиялық, температуралық және механикалық фаторлар жиынтығы.
Лимфагендік жол — сүт бездеріне патогендік микробтардың лимфамен келіп түсуі.
Моцион (серуендету) — аурудың алдын алу мақсатында жануарларға серуендету ұйымдастыру.
Новокаиндік тежеулер — жануарларорганизмінде жіті формада өтіп жатқан қабыну үрдістерінде новокаин ерітіндісін жүйке жүйесінің қызметін қалыптастыру үшін пайдаланатын ветеринарлық тәжірибеде кең тараған патогенетикалық емдеу әдісі.
Окситоцин — физиологиялық жағдайда аналық жануардың жатыры мен сүт бездерінің миоэпителийінің жиырылуын қамтамасыз ететін гормон.
Патогенетикалық емдеу — малдәрігерлік практикада жиі қабынудың жіті формасында пайдаланатын организмде өтіп жатқан патологиялық процесстердің өту механизмін бәсеңдетуге бағытталған емдеу тәсілдері, соның ішінде новокаиндік тежеулер.
Симптоматикалық емдеу — патологиялық үрдістердің клиникалық белгілерін жоюға бағытталған емдеу әдістері.
Сервис кезең — туғаннан ұрықтанғанға дейінгі кезең
Туғаннан кейінгі кезең — туудан кейін жыныс органдарының инволюциясы болғанға дейінгі кезең
Этиотроптық емдеу — қабыну үрдістерінің себептерін жоюға бағытталған емдеу әдістері (антибиотиктік, сульфанильамидтік емдеулер)
Дипломдық жұмыста кездесетін белгілермен қысқартылған сөздер
АСД — Дороговтың антисептик стимуляторы
АСД — 2 — Дороговтың антисептик стимуляторы, 2 фракциясы
ӘБ — әлемдік бірлік
әб — әсер бірлік
ТБ — тышқан бірлігі
ФСГ — фолликулстимульдеуші гормон
СБП — сутті бақылау пластинкасы
1. КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі : Бүгінгі таңда сүт өндіретін шаруашылықтар Қазақстан Республикасы бойынша өз жұмысын жандандыра бастады. Солардың ішінде бірнеше ірі сүт өндіретін шаруашылықтарда бар атап айтсақ: Ақмола облысындағы Родина шаруашылығы, Астана-өнім; Алматы облысында Адал, Фудмастер, Аиршир, Байсерке-АГРО, СПХК Алматы АШӨК, Амиран, Медеу- Коммерц және тағы басқалар, сонымен қатар бірнеше шаруа қожалықтары бар.
Осы күнге дейін мал шаруашылығында, атап айтсақ сүт өндіретін шаруашылықтарда сиырлардың желінсауы жиі кездеседі. Соның салдарынан жоспарда белгіленген сүт өнімі ойдағыдай алынбай келеді. Аталған аурулар жұқпалы емес, бірақ антисанитарлық жағдайда асқынып кетуі әбден мүмкін, сонымен қатар індетті ауру салдарынан да асқынып, малды істен шығаруға тура келеді. Ғылыми әдебиеттегі мәліметтерге сүйенетін болсақ желінсаулар 15 — 20 % туғаннан кейінгі кезеңде кездеседі. Сондықтан бұл аурулар шаруашылыққа орасан зор зиян шектіреді.
Жоғарыдағы жағдайды ескеріп, Біз дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде: Сиырдың іріңді-катаралды желінсауының алдыналу іс-шараларын ұйымдастыруды алдымызға мақсат етіп таңдап алдық.
Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегі міндеттерді таңдадық:
1. Шаруашылық бойынша желінсаудың таралуын анықтау
2. Шаруашылықтағы сауынды сиырлардың желінсауға шалдығуын жыл мерзіміне байланысты зерттеу
3. Желінсау түрлеріне байланысты ауру мал басын топқа бөліп емдеу іс-шараларын жүргізу
4. Желінсаудың әр түріне тиімді емдеу әдісін анықтау
5. Өзіндік зерттеу нәтижесі бойынша шаруашылыққа ұсыныс беру
2. ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Қарастырылып отырған мәселенің кәзіргі ахуалын бағалау
Желінсау — желіннің қабынуы. Көбінесе жаңа туған малды, сиырларды суалтқан, қойды қозысынан айырған кезде кездеседі.
Шаруашылықта малдың бағып — күтімі, азықтандыруы нашар болып, сауу ережелері дұрыс сақталмайтын болса, желін аурулары кең таралып кетуі мүмкін. Сөйтіп, шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Сиырдың бір емшегі (ширегі) ауырғанының өзінде оның сүттілігі 10 — 20 %-ға кемиді. Желінсау болған сиырлар (әсіресе сүтті асыл тұқымды сиырлар) мезгілінен бұрын жарамсыздыққа шығып, етке өткізіліп жіберіледі.
Жасырын (субклиникалық) желінсау кезінде ауру сиырдың сүті таза сүтпен араласып кетеді де, оның сапасы төмендетеді. Одан жақсы, дәмді айран ұйытуға, ірімшік — май жасауға болмайды. Ондай сүтті ішкен бұзаудың іші жүруі мүмкін, адам да ауырады. Желін ауруларының ішіндегі ең көп кездесетіні де, ең көп зиянын тигізетіні де желінсау аурулары және олардың асқынған түрлері. [2]
Организмде пайда болған желінсаудың негізгі жіктелуі ол организмнің резистенттілігіне, ауру тудыратын себептерінің түрлеріне байланысты болып келеді.
Серозды желінсау — клиникалық көріністері: ауру басталғанда желінде гиперемия болады және серозды экссудат жиналады (1 суретте). Сүттің құрамы өзгере қоймайды. Малдың дене температурасы көтеріледі, тәбеті және сүт өнімділігі төмендейді. Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайған, тығыз, ыстық және ауырсынады. Желін үсті безінің көлемі ұлғайған. Серозды желінсауды уақытында дұрыс емдесе, мал көп ұзамай жазылып кетеді. [3]
Катаральды желінсау — катаральды желінсау кезінде сүтте ірімтіктер пайда болады. Қабыну процесі екі түрде өтеді: а) цистерна және сүт жолдарының катары; б) альвеола катары.
Малдың жалпы жағдайы орташа. Емшек үрпісінің үстіңгі жағынан ұстап көргенде тығыздалған жерлері байқалады. Олар іріп — ұйып қалған сүттің жиналып, емшек каналын бітелуінің белгілері. Оны сауып тастағаннан кейін сүт тазара бастайды, бірақ ондай сүтті пайдалануға болмайды (2 суретте).
Фибринозды желінсау — кезінде малдың жалпы жағдайы төмендеп, мал күйзеледі. Малдың азыққа тәбеті және сүт өнімділігі нашарлап, дене температурасы көтеріледі. Желіннің қабынған бөлігінің көлемі ұлғайып қызарады, жергілікті температурасы көтеріледі, ауырсынады, соның салдарынан мал артқы аяғынан ақсап басып жүреді. Желінді қолмен ұстап зерттегенде қабынған жерлерден қытырлаған дыбыстар естуге болады. Мұндай белгілер фибринозды қабынудың негізгі белгілері болып табылады.
Іріңді желінсау — іріңді — катаральды желінсау — қабыну процессінің өту уақытына байланысты: жіті және созылмалы болады. Жіті іріңді — катаральды желінсау кезінде малдың дене температурасы көтеріңкі, желіннің қабынған бөлігінің көлемі үлкейеді, қызарады, жергілікті температурасы көтеріліп, ұстап көргенде ауырсыну байқалады. Сүттің құрамында ірің және сарғылт-қызыл қойырпақ кездеседі. Іріңді — катаральды желінсаудың созылмалы түрінде желіннің, емшектің көлемі кішірейіп кетеді, сүттің мөлшері азайып құрамында іріңді шырыш болады [4]
Геморрагиялық желінсау — малдың жалпы жағдайы төмендеп, температурасы көтеріліп, тыныс алуы, тамыр соғуы жиілейді. Желіннің қабынған бөлігін ұстап көргенде ауырсынады, жергілікті қызуы көтерілген, терісі қызыл-күрең түсті. Сүті су тәрізді түсі қызғылт және ұсақ қосындылар болады.
Тәнді желінсау — бұл белгілі бір аурулардың салдарынан болады.
Желін аусылы — мал аусылмен ауырғанда желінде, емшектерде көңкңлдеп суға толған күлдіреуіктер пайда болады және олар жарылып жараға айналады.
Желін актиномикозы — желінге сәулелі саңырауқұлақтар енгенде пайда болады. Зақымдалған жерлер іріңдңп жазылмайтын жараға айналады. Желінсаудың пайда болу себептері: желінсауды тудыратын себептер өте көп, кейде оның қайсысы негізгі себеп, қайсысы қосалқы себеп екендігін ажырату қиын болып келеді. Ғалымдар желінсаудың пайда болуына 80 % жағдайда микробтың үлесі бар деп есептейді.
ШАРУАШЫЛЫҚТАРДА КЕЗДЕСЕТІН ЖЕЛІНСАУ
ТҮРЛЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЕМДЕУ ІС-ШАРАЛАРЫ
Желінсауға қолданылатын жалпы терапиялық әдістер:
Барлық жіті желінсау кезінде (серозды, катаральды, фибринозды, геморрагиялық, іріңді — катаральды) тамыр ішіне 40 %-дық глюкозаны 150 — 200 мл, 10 %-дық хлорлы кальций 150 — 200 мл, 2 — 3 г кофеинді, бұлшықетке окситоцинді 40 — 50 бірлікте енгізу ұсынылады. Ерітінділер стерильді түрде болуы тиіс.
Микробқа қарсы (антимикробты) әдістерді қолдану
Ішке ақ түсті стрептоцидті 4 күн күніне 3 рет: 1-ші күні 15 г, 2-ші күні — 12 г, 3-ші күні — 9 г, 4-ші күні — 6 г беру керек. Бұлшық етке экмоновоциллин — 3-4 бірлікте 1 рет күніне егу керек. Және де тамыр ішіне 150-200 мл 10 %-дық норсульфазол натрийді егу керек. Сонымен қатар, желінсау кезінде арнайы препараттар: мастикур, мастисан А, В, Е және де келесі медикаменттерді қолдануға болады: фурациллин — 1:5000, риванол — 1:2000, 2-3 % ихтиол. Микробқа қарсы препараттарды желіннің үрпісі арқылы енгіземіз. [11]
2.2 Қарастырылып отырған мәселені теориялық негіздеу
Серозды желінсауды емдеу
Желінді астынан жоғары қарай сылап сипайды, жиі-жиі сауып тастайды, бұлшық етіне 8-10 мың ӘБ антибиотиктерді қолданады. Сонымен қатар аузынан 10-12 г стрептоцид ұнтағын 3 рет бөліп ішкізеді. Д.Д. Логвиновтың әдісі бойынша қысқа блокада жасайды (7 сурет). Желінді камфора майымен майлап, 2-3 сағатқа озокерит жапсырады. Малдың рационындағы шырынды жем шөпті, суды азайтқан жөн.
Катаральды желінсауды емдеу
Алғашқы күндері 6 сағат сайын 8-10 мың ӘБ антибиотиктер қоспасын бұлшық етке салады. Желінді жоғарыдан төмен қарай сылап сипайды және жиі-жиі сауып отырады. Сауар алдында сүт жолдарын экссудаттан оңай тазарту үшін емшек үрпісіне 1-2 %-дық сода ерітіндісін, немесе 5 %-дық мүсәтір қышқылының жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жіберіп, уқалап массаж жасаған соң тазалап сауып тастайды.
Сонымен қатар, 1-2 рет Д.Д. Логвиновтың қысқа блокадасын жасау керек. Желінді камфора майымен сылап сипайды және жылылап орап тастайды (8 сурет).
Фибринозды желінсауды емдеу
Айырған малды жеке жерде ұстап, бұлшық етіне әрбір6 сағат сайын антибиотиктер егеді. Вена тамырына 40 %-дық глюкоза ерітіндісінің және 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін қосып жылы күйінде жібереді. Сүтті сауып болған соң желін үрпісіне 100-150 мл фурациллиннің 1:5000 ерітіндісін, этакридин лактаттың 1:3000 ерітіндісін немесе 2-3 % стрептоцидтің ерітіндісін жібереді. Желіннің ауырған бөлігіне камфора немесе ихтиол майын жағып, жылылап, орап тастайды.
Іріңді желінсауды емдеу
Желінді патологиялық экссудаттан босатудан басталады. Сүт цистернасында қатып қалған ұйындылардан жібіту үшін желін үрпісіне 1-2 %-дық соданың жылы ерітіндісін 150-200 мл шамасында жібереді, сонымен қатар, тері астына немесе бұлшық етке окситоцин, питуитрин салады. Желінді экссудаттан тазартқаннан соң емшек үрпісіне мастикур, мастисан дәрілерін және антисептикалық ерітінділерін жібереді. Мал дене қызуы түспесе венаға 10 %-дық норсульфазолдың ерітіндісін 150 мл шамасында жібереді. Егер іріңді желінсау абсцесс немесе флегмонаға айналып кетсе, оларды жуан инемен тесіп іріңді сорып шығарады да, орнына антимикробтық препараттар жібереді. Мал организмінің жалпы тонусын көтеру үшін 40 %-дық глюкозаның ерітіндісін 100-150 мл, 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін 100 мл шамасында және 10-15 мл кофеиннің ерітіндісін жібереді. Сонымен қатар, малдың бағып күтуін жақсартып азығының сапасын жоғарылатады. [13]
Геморрагиялық желінсауды емдеу
Малды бөлек оқшаулап жиі-жиі сауып, тері астына 10 мл кофеинді, венаға 200-250 мл 40 %-дық глюкозаны, 100 мл 10 %-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін жібереді. Желіннің сыртынан ихтиол, камфора майын жағып, жылы орап, байлап тастайды. Д.Д. Логвиновтың қысқа блокадасын немесе Башкиров және Магда әдісі бойынша блокадалау пайдаланылады (9-10 суреттер).
Тәнді желінсауды емдеу
Желін аусылының емі: жара болған жерлеріне йод немесе йод-глицерин жағады. Шаруашылықта аусылды жою мақсатында тиісті жазылмайтын ойық жараға айналады. Желін актиномикозын емдеу үшін іріңді және өлеттенген ұлпадан механикалық тазартып, дезинфекциялық ерітінділермен жуып-шаяды және күре тамыры арқылы 40 % глюкоза ерітіндісін 250-300 мл, 20 % хлорлы кальцийдің ерітіндісін 100-150 мл, 10-15 мл кофеинді араластырып жылы күйінде жіберген жөн 2-3 күнде бір рет, сонымен қатар 1 кг тірі салмағына 8-10 мың ӘБ антиюиотикті енгізеді және тривитамин, тетравитті пайдаланған дұрыс. [17]
Желін туберкулезіне күдік туғанда қосымша туберкулезге альтуберкуллин мен зерттеу жүргізіп, лабораторияға материал жіберіледі. Кешенді зерттеу нәтижесі бойынша малды 3 күннің ішінде санбойня арқылы сойдыртқан жөн.
ЖЕЛІНСАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Лактациялық кезеңде:
* өнімділігіне байланысты малды топтастыру;
* сауар алдында желінді 0,3 % дезмолдың ерітіндісімен зарарсыздандырады, дезинфекциялық ерітіндімен ылғалданған орамалмен сүртеді;
* сүттің үлесін жеке сауып алады;
* желіннен дер кезінде сауу стақандарын алған дұрыс;
* желінді зақымдайтын технологиялық жабдықтарды қолданған дұрыс;
* малды күнделікті 4-5 км дейін серуендеткен жөн;
* сауу құрылымдарын және жабдықтарын жұмысын әрдайым бақылап отырған дұрыс;
* машинамен сауу ережелеріне сәйкес малды таңдап алу;
* сауу аппаратын күнделікті бұзып-бөлшектеп, жуып-тазартып, дезинфекциядан өткізген дұрыс және резеңке бөлшектерінің пайдалануға жарамдылығын бақылап отырған жөн;
* желінсаумен ауырған сиырларды уақытында емдеп тұрған жөн.
Сиырды суалтқан кезде:
* буаз сиырларды екі апта бойы асықпай сауалтады және міндетті түрде бұзауларына 30-60 күн алдын ала суалтқан дұрыс;
* мал азығының рационының құрамынан шырынды азықты және жемді алып тастайды;
* буаз сиырларды бұзауларға 10-14 күн қалғанда, немесе суалту мерзімінің 14 күні өткенде желінсауға тексерген жөн;
* желінсаумен ауырған сиырларды емдеген кезде желін цистернасы арқылы антимикробтық препараттарды жібереді.
Бұзаулағаннан кейін:
* сиырдың желінін жылы сумен жуып, калий перманганатының 1:3000 ерітіндісімен шайып-зарарсыздандырады;
* бұзауды алғашқы емізуге жіберместен бұрын, сиырдың сүт безін желінсауға тексереді,
* туғаннан кейінгі алғашқы 12-24 сағатта бұзауды анасына жіберіп, емізіп тұрған дұрыс;
* шуды дер кезінде түсіру;
* мал қораның, малдың үсті-басын таза ұстау керек.
Бірқатар зерттеушілердің атауынша желінсауды жоюға бағытталынған шаралар, өзінің қаржылық және материалдық салымдарына қарамастан қажетті профилактикалық сенімді әдістерін құрастыруға көмектескен жоқ, ал желінсаумен күресуден келтірілген шығындар ауқымды болып қала беруде (Аппоп А, 1987).
Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары организмнің жалпы резистенттілігі — н төмендетеді, бұл желінде патологиялық үдеріс дамуына әкеліп соқтырады. Бірмезгілде зақымдаушы әсер ететін факторлардан туындалатын бұзылыстар организмнің өзімен қалыпқа келтіріледі, ал аз қарқындылықтағы созылмалы үдерістер сүт безінде морфофункционалдық өзгерістерге әкеліп соқтырады. Табында болатын сиырлардың бір жағдайда ұсталынуына қарамастан барлығы бірдей желінсаумен ауырмайтыны осыдан болуы керек.
Г.В. Казеев (1994), В.Г.Васильев (1996) сүтті сиырларды ұстаудың заманауи жағдайларында сиырлардың желінсаумен ауырыуы себептерінің бірі саууға байланысы бар технологиялық және техникалық бұзылыстар болып табылады деп санайды. Дұрыс жұмыс жасамайтын аппаратура желіндегі патоло — гия үдерістер дамуына әкеліп соқтырады. Осы кезде желінсаумен ауырған сиырлардың саны 40% жетеді (Париков В.А., Сапожникова H.A. 1998).
Емшек үрпісі цистернасы кілегейлі қабатының тітіркену дәрежесіне вакуум ауқымы, оның әсер ету ұзақтығы, сауын аппаратурасының жағдайы мен соғу жылдамдығының жиілігі әсер етеді. Машинамен сауу кезінде вакуум ауытқулары сүт ағысының бағытын өзгертуі ықтимал, нәтижесінде ол кері емшек үрпісі каналына түсіп, микробтар имплантациясын тудыруы мүмкін (В.А.Париков, 1990).
Мұнымен қатар, жоғарылаған вакуум емшек каналын кеңейтеді де кілегейлі қабаттың, сфинктердің бұлшықет тарамдарының микрожарақаттануын тудырады (В.И. Слободяник, 1982; А.Я.Батраков, 1991).
Желін қабынуында, өзге жұмсақ ұлпа қабынулары тәрізді қан айналысының, иннервация мен лимфатикалық жүйе айналысының бұзылыстары маңызды орын алады. Егер микробтар гематогендік, галактогендік жолмен және лимфатикалық жүйе арқылы түссе, қабыну тері асты клетчаткасында (шелінде) немесе аралық дәнекерұлпада басталады. Мұндай желінсаулар бастапқыда патологиялық үдерістің интерстициалды дәнекер ұлпасында орналасып, сірі қабыну типінде өрбиді. Құрамында ақуыз бен қанның жасушалаық элементтері көп мөлшерде болатын сұйық құрамдас бөліктерге қатысты капиллярлық мембраналар мен тамырлардың өткізгіштігін күшейтеді. Ұлпалардағы биохимиялық үдерістер өзгереді. Жедел қабынудың басында лимфа тамырлары кеңейіп, лимфа ағысы күшейеді (A.A.Алиев, 1982). Лимфа тамырларына уыттық өнімдер өтуіне кедергі келтіретін бөгеттер пайда болады (В.В.Куприянов, 1983; И.И.Русньяк, 1967; В.Г.Васильев, 1996; A.B.Гайдуков, 1971). Егер қабыну кезінде күрт функция өзгерулері байқалмаса, уыттық өнімдер лимфа ағысымен қоса шығарылады, ал домбығу мен ұлпалық алмасу бұзылыстары дами алмайтын сипатта өтеді. Лимфа түйіндері қабынудың бірінші сағаттарында инфекциялық қоздырушыларды қармап ұстап, жоюға байланысты өз функцияларын орындайды. Кейіннен лимфа тамырлары екіншілік инфекция ошақтарына айналады, мұнда микробтар қарқынды түрде дамиды (В.М.Воскобойников, 1990; Б.А.Башкиров, 1968; В.П.Гончаров, 1980).
Көптеген органдар мен ұлпалардың зақымдалмаған қан тамырлары молекулярлық массасы 20000 жоғары заттарға аз өткізгішті қасиетте болады және керісінше, лимфатикалық капиллярлардың өткізгіштігі айтарлықтай жоғары болады. Сол себептен ірі молекулярлық заттар, атап айтқанда ақуыздар, сонымен қатар, ірі дисперсті заттар ұлпалардан басым түрде лимфа тамырлары арқылы шығарылады. Дәл осыған ұқсас түрде лимфа тамырларына ұлпаларға енген микроорганизмдер, олардың уыттары мен кейбір вирустар де өтеді (Р.Т.Панченков, 1982; Д.А.Жданов, 1952).
Домбығып ісінген қабыну ошағынан лимфаға көп мөлшерде ағып келіп түсетін медиаторлар болуы, және олардың қан ағысы бойына түсуі бастапқыда тамырлық жүйенің жалпы реакциясын тудырады (Jonsson Р., 1982; А.К.Кузнецов, 1977; В.И.Коржов 1980).
Зерттеулер көрсеткеніндей, лимфа жүйесімен қанға көп мөлшерде биллирубиндердің некроздық ыдырау өнімдері мен ақуыздар жеткізіліп отырады. Лимфадан осы заттарды оны сорбциялаушы заттектерімен өткізу әдісі көмегімен шығарған соң организмнің интоксикациялану симптомдарынан арылуға болады (Р.Т.Панченков, 1981; Ю.Е.Выренков, 1981).
Қабыну кезінде лимфада ыдырау өнімдерімен қатар метастаздалынатын қатерлі жасушалар да болуы мүмкін (А.К.Кузнецов, 1975; B.C.Конд — ратьев, 1958).
Патологиялық жағдайларды зерттеу кезінде лимфа туындалуының жеткіліксіздігінің рөлі көп, оның белгі беруінің жалпы клиникалық сипаты — домбығып ісіну. Себептеріне қарамастан, домбығып ісіну пайда болуы орнында әрдайым Старлинг тепе-теңдігі бұзылады, оған сәйкес аралық ұлпаға жеткізілетін сұйықтықтар мен ақуыздың көлемі олардың элимина — циясынан (шығарылуынан) асып түседі, ал бұл өз алдына домбығып ісіну пайда болуы орнында лимфаның туындалу сәтінің басталуына байланысты болады. Лимфа туындалуының басталу үдерісі капиллярлардың артериалдық тізбегінен аралық ұлпаға сұйықтық пен плазма ақуыздарының ультрафильтрленуімен байланысты болатындығы мәлім (Д.А.Жданов, 1952; В.В.Куприянов, 1983; П. Русньяк, 1967).
Сұйықтықтар мен плазма ақуыздарының транскапиллярлық жолмен күштеп шығарылуының ең жиі білінетін себебі түрлі себептерден байқалатын қабыну сипатындағы аурулар. Лимфа капиллярларының эндотелиі қабыну сипатындағы ауруларға айтарлықтай төзімді келетіні белгілі. Сондықтан лимфа жүйесінің қабынудың бірінші сатыларындағы білтелік (дренажды) функциясы үнемі күшейген сипатта болады, бұл ауқымды домбығып ісінулерге жол бермей тежеп отыратын фактор болып табылады.қабыну ошағында ақуыздар концентрациясы жоғарылауының себебі олардың күшті қарқынмен транскапиллярлық жолмен интерстиций бойына шығуы мен ұлпа ыдырауы өнімдерінің жинақталуы болып саналады (Д.Д.Зербино, 1974). Қан капиллярларынан ақуыздық молекулалар мен сұйықтықтар шығуына гуморалдық факторлармен қатар, микротамырлық жүйе бойындағы гидростатикалық қысым жоғарылауы да ықпал етеді. Тамырлардың өткізгіштігінің жоғарылатушы факторларға гистамин және әсер ету механизмі бойынша оған жақын заттектерін жатқызу керек (И.Е.Мозгов, 1985).
Сонымен, лимфаның биохимиялық құрамын зерттеу мен оның иммунологиялық сипаттамасы түрлі органдардағы патологиялық үдерістер дамуына қатысты толыққұнды ақпараттар бере алады.
Соңғы жылдары әдебиет көздерінде лимфа түзілуінің белсене түскені жайындағы мәліметтер көптеп кездесуде, тиісінше биологиялық белсенді заттармен лимфа ағымы да күшейіп, қабыну аурулары кезінде капиллярларда гидростатикалық қысым өзгеріске ұшырайтыны баяндалады. Бұл сұрақ лимфа ағысының бұзылуының барлық түрлері аралық ұлпа мен паренхимада трофика жағдайының нашарлауына әкеліп соқтыратына орай туындалып отыр. Дәнекерұлпа аурулары өздігінен лимфа түзілуі мен лимфа айналымы бұзылыстарының себебі бола алатынын да естен шығармауымыз керек (И.К.Медведев, 1972; Р.Т.Панченков, 1982).
Антибиотиктерді жүйелі түрде қолдана беру инфекциялық асқыну оқиғаларының азаюына әкелмейді. Антибиотиктерді енгізудің дәстүрлі тәсілдерінде олардың лимфа түйіндерінде жинақталуы байқалмайды, сонымен қатар лимфада олардың ұзақ уақыт бойғы терапиялық концентрациясы жинақталмайды (Б.А.Башкиров, 1979). Сәйкесінше, дәстүрлі тәсілмен ішке енгізілген антибиотиктер лимфа түйіндерінің бөгеттік функциясын әрдайым дерлік күшейте алмайды, мұнда инфекция кезінде бактериялардың қармалып ұсталуы мен фагоцитозы байқалады. Осы тұрғыдан алғанда бағытты түрде желінге олардың жоғарғы концентрациясын құру үшін антибиотиктерді енгізу бойынша Б.А. Башкиров (1968) өткізген зерттеулер өзектілігін сақтап қалуда.
Лактация өскен сайын сиырларда жалпы ақуыз бен ақуыз фракцияларының лимфадағы саны да көбейеді (Б.Н.Атрашков, 1971). Осы Б.Н. Атрашковтың (1971) сүт безі секретінде және қанда жалпы ақуыздың мөлшері туралы мәліметтерімен И.К.Медведев, И.Л.Калантар (1972) зерттеулері де үндеседі. Олар сүт безі секретінде суалым мерзімінің басында жалпы ақуыз лактациядағы сиырлармен салыстырғанда көп болатының көрсеткен, лактациядағы сиырларда бұл көрсеткіш шамамен алғанда 1,92 ден 3,14 г% шамада ауытқыған, жалпы ақуыз концентрациясы лактациядағы сиырларда артериалды және венозды қан сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшерінің 37% шаққанда лак — тациядағы сиырларда — 6,82 ден 7,37 г% , суалымдағы сиырларда тиісінше 18,1 және 8,07 г% құраған. Авторлар сандық мәліметтерді келтірместен желіндегі лимфа ағысы күшеюіне орай секретте ақуыздың азаятына меңзейді.
Қан сарысуы мен сиырлардың желін секретінде қабыну кезіндегі жалпы ақуыз мөлшеріне қатысты біз сараптаған әдебиет көздерінен тек Ю.А. Забелин мен E.H.Абрамов (1979) еңбектерінде ғана мәліметтер жедел желінсауға қатысты баяндалған. Авторлар сектер сынамаларын антибиотиктерді қақпалық венаға енгізгенге дейін және енгізгеннен кейін 30 минут, 1, 3 және 6 сағаттан соң зерттеген. Сектеррегі жалпы ақуыз мөлшері қан сарысуынан көрі 60% аз болған және аталған уақыт ішінде тиісінше мына шамаларды құраған: 4, 98, 4, 74, 4, 75 г%. Ал, альбуминдік-глобулиндік коэффициент өзгерістері аз дәрежеде білініп, мына шамаларды көрсеткен: 0,43, 0,43, 0,49 және 0,41 бірлік. Қандағы және желін секретіндегі глюкоза нақты қант мөлшері туралы A.B. Гайдуков (1970, 1973, 1974), И.К.Медведев, И.Л. Калантар (1972) зерттеулерінде деректер бар.
Сүт секретінде сыртқы ұятты венадан, тері асты құрсақ венасы мен көк тамырдан алынған қан сынамасына қарағанда қанттың тиісінше 4 — 16, 15 — 36, 8, 19 мг% көп болатыны анықталған. Алайда, лактопоэз барысында лимфадағы глюкоза мөлшері аса көп ауытқымайтыны жайлы мәліметтер бар (A.B.Гайдуков, 1971).
Лактациядағы қысыр және буаз сиырларға жасалған тәжірибелерде осы топтардың артериалдық қанында 53,7 — 70 мг%, вена қанында 49,1 — 53,3 мг% және лимфада 65,3 тен 88,1 мг% дейін қант болатыны анықталған. Ал, лактопоэз барысында қысыр, сондай-ақ буаз сиырларда сауған соң 3 сағаттан соң сүт безі секретінде қант мөлшері төмендейді де оның деңгейі 12 сағаттық шамаға қарай қайтадан ұлғаяды. Артериалды қан көрсеткіші 56,1 ден 83,1 дейін болса, вена қанында төменгі шаманы көрсетіп, 50 ден 69,5 мг% дейін өзгеріп отыратын болған. Сиырларда сүт безінің қантты сіңіру дәрежесі біркелкі болмаған, ол жануарлардың физиологиялық күйіне (буаздылыққа) байланысты өзгеретін болған. Сиырлардың сүт безі секретіндегі қант мөлшері қан көрсеткіштерінен асып түсетін болған, сонымен қатар жануарлардың физиологиялық күйіне тәуелді болған. Автор, сондай-ақ, сүт безі секретіндегі қант концентрациясы мен оның сүт безінен ағып шығатын вена қанындағы мөлшері арасында тікелей коррелятивтік тәуелділік болатынын аңғарып, көрсеткен (A.B.Гайдуков, 1973, 1974).
И.К. Медведев пен И.Л. Калантар (1972) мәліметтеріне сүйенер болсақ вена қанындағы және сүт безі секретіндегі қант мөлшері тиісінше 48,3 — 65,6 және 45,1 — 66,6 мг% шамасында өзгеретін болған, бұл көріп отырғандарыңыздай алдыңғы автор мәліметтерімен ептеп сәйкеспейді.
Сонымен, лактациялық желінсау кезінде сүт безінің төлдеу алды домбығып ісінуіне көп көңіл бөлінеді, нәтижесінде желін ұлпаларының тырысуы жоғарылап, олардың тұтастығы мен трофикасы бұзылады. Сүт жиналу орындарында сүттің тқырап тұрып қалуы орын алады, олар бактериялардың әсерінен ыдырап, бұзылады. Қоршаған орта бактериялары емшек үрпісі арқылы енеді. Бұған желін терісіне микроорганизмдер қонуы себеп болып, ықпал етеді. Қан және лимфа тамырларының көп болуы, олардың анастомоздарының көп болуы микробтар мен саңырауқұлақтардың жылдам таралуына ықпал етеді. Осыған орай қабыну үдерістері жылодам таарлып, бірден барлық желін төрттіктерін, желіннің жартысын немесе тұтас желінді шалдықтырады. Қазіргі уақытта сиыр желінсауларына қатысты мәселелермен айналысатын алдыңғы қатарлы дамыған елдердің ғалымдары аталған ауру дамуы кезінде организм мен желін резистенттігі мәселелерін алға тартады. Алайда желінсау патогенезінің бірқатар тұстары (аспекттері) бірқатар келіспеушілктер мен қайшылықтар тудырады. Осы күнге дейін лимфа динамикасы мен оның желінсау кезіндегі құрамы зерттелмеген. Құрастырылатын препараттардың терапиялық тиімділігі де сұрақтар тудыруда, ол ауру рецидивтеріне, қабынудың созылмалы ағымға ауысуына, кейіннен зақымдалған желін бөліктерінің атрофиялануына қатысты мәселелер.
Қазіргі уақытта сүт шаруашылығы дамыған көптеген елдерде жануарлардың желінсаумен ауыруын төмендетуге қатысты тиімді заманауи әдіс-тәсілдерді іздестіру бойынша көптегшен зерттеу жұмыстары өткізілуде маститов (Юрков В.М., Демидова Л.Д., 1995; Chanings R., Board М.М. 1983; Gill R., Howard W.H., 1990; Kunkel J.R., 1985; О’ Rourke D., 1986; Robinson T.C., 1985).
Өткізілген зерттеулер нәтижесінде (Milk Producer, 1987; Fox Ь., 1990; Howard W.H., 1991; Hamenn J, 1989) сиырлардың желінсауымен күресу бойынша Ұлттық бағдарламалар құрастырылған, олардың негізгі құрамдас бөліктері ретінде келесі шараларды атауға болады:
Сауар алдында міндетті түрде желінді гигиеналық өңдеу;
Сауып болған соң желін үрпілерін дезинфекциялау;
Сиырларды суалым кезеңінде антибиотиктермен өңдеу;
Сауын аппаратурасы жұмысын белгілі бір тәртіпте бақылап отыру;
Созылмалы ауру жануарларды сойысқа жіберу.
Желінсаумен күрес ретінде Ұлттық бағдарламаны толық көлемде пайдалану АҚШ сиырлардың желінсаумен аурыуын бірнеше жыл ішінде 50 ден 32% төмендету мүмкіндігін берді (G.A.Oakley, 1984), ал Англияда 15 — 20 жыл аралығында сиырлардың желінсауға шалдығу оқиғалары 65% жетті (J.M.Booth, 1988).
Алайда желінсаумен күресу бағдарламаларын ендіру әрдайым оның деңгейін төмендету кепілдігін бермейді (Э.К.Бороздин, 1993; Т.Honkanen-Buralski, 1996; К. Plym Forshell, 1996).
Осылайынша, Финляндияда сиырларда желінсау қабынуы оқиғалары 1975 ж. 33% дан 1988 ж. 45% дейін жоғарылаған (Т.Honkanen-Buralski, 1996).
Табындағы желінсау деңгейінің анағұрлым төмендеуіне ықпал ететін негізгі шаралар қатарына сиырлар желінін суалым кезеңінде антибио — тикалық препараттармен өңдеу болып табылады (Н.Г.Гасанов, 1999; Francis Р. G., 1986; Jonsson P., 1987).
Бұл шараны өткізудің қажеттілігі ретінде осы жағдайларда антибиотиктердің ұзақ уақыт бойы желінде болып, желінсау қоздырушысына әсер ететіндігін атауға болады (Н.К.Оксамитный, 1988; P. G.Francis, J.M.Wilesmith, C.D.Wilson, 1986).
Мұнымен қатар, суалту және суалымның бірінші кезеңінде емдік және профилактикалық мақсатта антибиотик препараттарын енгізудің үлкен гигиеналық және экономикалық маңызы бар, өйткені, олар желіннен бұзаулағанға дейін шығарылады да дәрілердің қаплдық мөлшерімен сүттің ластануы болмайды, айта кетері осы кезеңде белсенді әсерде әрекет ететін аса тиімді препараттарды да қолдануға болады (В.М.Карташова, 1988; А.Н.Andreews, 1985; McQueen R.D., 1984; А.Д.Абаимова, 1999).
Бұл шараның лактация кезіндегі емдік шаралармен салыстырғандағы тиімділігі зор (И.И.Валковой, 1979; Н.Т. Климов, 1994; Ю.И.Полянцев, 1986; И.Г.Конопельцев, 1994; О.Н.Новиков, 1996; Phelps А., 1988).
Осылайынша, суалым кезінде клиникалық желінсауы бар сиырларды емдеудің өзі ауруға шалдығу деңгейін 55 тен 22% дейін төмендету мүмкіндігін берді (Е.М.Князева, 1999; F.H. Austin, 1983).
Ал, лактация кезеңіндегі емдеу тиімділігі тек қана дәрілік заттың тиімділігіне ғана емес, профилактикалық шаралардың орындалу шартына да байланысты болады (O’Rourke D., 1986).
Суалым кезеңінде емдеу әсіресе стафилококктық желінсауда (90%) тиімді, ол лактация кезінде (50%) құрар еді (М.Г.Миролюбов, 1980; Н.Т.Климов, 1994).
Өткізілген зерттеулер көрсеткеніндей (В.И.Мутовин, 1974; В.М. Юрков, Л.Д. Демидова, 1994; Ю.Н.Полянцев, 1986; Н.Г.Гасанов, 1980) суалым кезіндегі сиырлардың антбиотикотерапиясы кейінгі лактацияда сүт өнімділігінің бақылау тобы жануарларымен салыстырғанда шамамен 15% қалпына келуіне ықпал етеді.
Бұл шаралар шет елдерде кеңінен қолданылады. Мысалы, Виржиния штатында (АҚШ) суалым кезеңінде барлық жануарларға ем қолдану табынның 86% (Jones G.M., 1986), Канадада — 60 — 81% (Howard W.H., 1998), ал Англияда — 78% (Howard W.H., 1991) қамтыған.
Суалымдағы сиырлар желінін антибиотиктермен өңдеудің тағы бір маңызды тұсы — инволюция кезінде сүт безі патогендік мик — роорганизмдер әсеріне аса сезімтал келеді, онда бар немесе желінге ендірілген микроорганизмдер қабыну үдерісін тудырады (Smith K.L, 1985; Полянцев Ю.Н., 1985; EberhartRJ., 1982; Ebmondson P.W., 1989; EganJ., 1986).
Лактация кезеңінде желінсаумен күресу үлкен қиындықтар тудырады, себебі осы кезеңде жануарлардың тиімді ем қолданылмауында бірнеше мәрте ауруға шалдығуы қабыну үдерісінің созылмалы ағымға ауысуына ықпал етеді. Созылмалы сипаттағы ауру сиырларды емдеу барлық жағдайларда дерлік нәтиже бере бермейді, себебі
3. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Зерттеу материалдары және әдістері
Дипломдық жұмысты орындау барысында зерттеу материалы ретінде шаруашылықтағы бағылып жатқан 768 бас сауынды сиырлар болды. Ал сиырларды желінсауға әртүрлі әдістермен тексердік оның ішінде клиникалық зерттеулер — ұстап-көру, көру, лабораториялық әдістер — димастин, тұндыру және мастидин сынамасын пайдаландық, сонымен қатар анамнез жинау.
Желінді көріп зерттеу арқылы терісінің түрін, тығыздығын анықтайды. Ұстап көргенде ауыршаңдығын, тітіркенуін, ісінгенін анықтауға болады және желіннің температурасын анықтайды.
Желінсауға лабораториялық әдістермен диагноз қою
1) Димастинмен тексеру:
Димастиннің 5 — 10 % судағы ерітіндісін дайындап алады. Сиырдың әр емшегінен жеке-жеке арнайы ыдысқа 1 мм секрет сауып алып, оған сондай көлемде димастин ерітіндісін қосып араластырады, егер сиыр ауру болса, сүттің түсі алқызыл түске боялып ұйынды пайда болады. Сүт таза болса, түсі сарғылт тартады, ұйынды болмайды.
2) Бромтимолмен тексеру:
Бромтимолдың 0,5 %-дық спиртті ерітіндісін дайындап алады (50 мл дистиллденген су + 50 мл спирт + 0,5 г бромтимол). Арнайы ыдысқа әр емшегінен жеке-жеке 1 мл сүт сауып алып, оған 3-4 тамшы реактив қосып араластырады, егер сиыр ауру болса, сүттің түсі қою жасыл-көкке боялады. Сүт таза болса, тек сарғыш тартып қана қояды.
3) Сүтті тұндыру:
Кәдімгі бактериологиялық пробиркаға 10 — 15 мл сүт сауып алып, қай емшегінен алынғанын алып, қай емшегінен алынғанын белгілеп, тоңазытқышқа (+4° — +6°) келесі күнге дейін салып қояды. Сиыр ауру болса, пробирканың түбіне тұнба түседі, бетінде қаймағы өте аз 0,1 — 0,2 см) болады. Сүт таза болса, пробирканың түбінде тұнба болмайды, қаймағының қалыңдығы 0,5 — 1 см болады (6 суретте көрсетілген).
4) Уайтсайд әдісімен тексеру:
Пробиркаға 5 мл сүт сауып алып, араластырады. Оған 2 мл натрий сілтісінің 4 %-дық ерітіндісін құйып араластырады, егер сиыр ауру болса, алғашқы 20-30 секундтың ішінде-ақ сүт ұйып, қойыртпаққа айналады. Ол сүттің құрамында лейкоциттердің көбейіп кеткендігін көрсетеді.
5) Бактериологиялық әдіспен тексеру:
Залалсызданған пробиркаға әр емшегінен жеке-жеке сүт сауып алып, бұрыннан белгілі микробиологиялық әдістермен тексереді. Онда сүттің 1 мл-ндегі микробтың жалпы санын және олардың тегін (стафилококк, стрептококк, саңырауқұлақтар немесе ішек таяқшаларын іздейді. Микробтардың әртүрлі антибиотикке сезімталдығын анықтайды.
Бұдан басқа қан (эритроциттерді, лейкоциттерді, гемоглобинді анықтау) және зәр құрамында талдау жүргізу үшін жабдықтар мен реактивтер қажет. Қан сарысуына биохимиялық талдауды ветеринариялық лабораторияда жүргізеді, содан кейін осы деректерді желінсаумен ауырған сиырларға рацион құрғанда пайдаланады.
Мастидиннің 10 % ерітіндісімен сынама жасағанда түсінің өзгеруіне және қойыртпақ болуына назар аударады.
Тұндыру сынамасын жасағанда әр емшектен пробиркаға 10 мл сүт алып, тоңазытқышқа 16-18 сағатқа қояды. Дені сау малдың сүтінде тұнба түспейді, қаймағы бетіне шығады, ал ауру сиырдың сүтінде тұнба пайда болады.
Желінсауды диагностикалау
Клиникалық зерттеу Лабораториялық зерттеу Экспресс бағалау
Көру Сүтті бақылау табақшасында СБТ МИМ ПӘДМ
Ұстап көру
Димастин сынамасы
Тұндыру сынамасы
Мастидин сынамасы
Қосымша бактериологиялық зерттеулер жүргізеді
Ескерту:
СБТ — сүтті бақылау табақшасы
ММИ — маститтің механикалық индикаторы
МЭДП — маститті экспресс диагностикалау приборы.
Желінсауды балау
Сиыр желінсауымен нәтижелі күресу үшін оны дер кезінде және дұрыс балау қажет. Ол үшін балауды кешенді түрде жүргізген жөн, сондықтан анамнез мәліметтерін, клиникалық және лабораториялық зерттеу нәтижелерінің қортындысын біріктіріп пайдаланған дұрыс.
Анамнез жинау кезінде шаруашылықтың індетті және жұқпалы емес аурулардан аман екенінін ескеріп, сонымен қатар акушерлік-гинекологиялық ауруларды ескерген дұрыс, малды суалту кезіндегі азығының сапасын, бағып-күтілуін ескереді. Сиырларды күнделікті серуендету ұйымдастырылған ба, әлде жоқпа. Соңғы төлдеген уақытың және суалған уақытын ескереді, туу және туғанға дейінгі кезіндегі малдың организмінің жалпы жағдайын, аурудын алғашқы клиникалық көрінуі. Өткен жылдардағы желіннің жағдайын және сүт өнімділігін ескереді, машинамен сауу технологиясын, сауу құрлымдарының техникалық және санитарлық жағдайын біледі. Желінді көріп зерттеу арқылы терісінің түрін және тығыздығын, (түк-жүн) өсуін кейбір бөлімшелерінің емшектерінің түрін, біркелкілігін зеттейді, сонымен қатар тері асты қан тамырларының жағдайын білген дұрыс. Сүт безің ұстап көру арқылы оның ауыршандығын, тітіркенуін тексереді, тығыздығын, ісінген жерлерін оның сипатын анықтайды, сонымен қатар желін ұлпасынын, цистернасынын, емшек каналындағы морфологиялық жағдайын анықтайды. Сүт безін тек сауылғаннан кейін ғана ұстап көрген абзал. Желін терісінін температурасын алақан сыртын жанастырып, басқа жағының температурасымен салыстырады.
Желінсауды балау
Клиникалық зерттеу
Лабораториялық зерттеу
Экспресс- балау
Көру
Сүтті бақылау табақшасында
С Б Т
МИМ-1 ПЭДМ
Ұстап — көру
Димастин сынамасы
Тұндыру
Сынамасы
Мастидин сынамасы
Егер зерттеулер оң нәтиже бергенде
Қосымша бактериологиялық зерттеулер жүргізіп, микрофлораның антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.
Ескерту
СБТ — сүтті бақылау табақшасы
МИМ — маститтін механикалық индикаторы
ПЭДМ — маститті экспресс диагностикалау приборы
Әрбір желін бөлімшесінің ісігін, тығыздығын, ауыршандығын анықтау үшін, оларды жеке-жеке ұстап — көру арқылы аса қатты баспай зерттейді.
Қалыпты жағдайда сүт безінің терісі: нәзік, жақсы … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz