Ғажайып пішіндер

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Ғажайып пішіндер

Автор: Насиева Фая Хисметуллаевна

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-06


Материал туралы қысқаша түсінік

тәрбиешілермен тәжірибе алмасу




Бекітемін: 20.12.2018 ж

Ортаңғы топта ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Өтпелі тақырып «Менің Қазақстаным»»

Ай апта Желтоқсан III-апта Мақсаты

Білім саласы

«Таным»

Сан және санау: саны бірдей түрлі заттардың арада тепе-теңдік орнату.Пішін:Сипап қозғай отырып, дөңгелек,үшбұрыш,тіктөртбұрыш айырмашылықтарын таба білуге жаттықтыру.

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы

Ғажайып пішіндер

Әдістер

Көрсету,түсіндіру,санау,салыстыру,теңестіру.

Керекті-құралдар

Тақырыптық суреттер,сандар,ойыншықтар,текше,кесте

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Жылулық шеңбері.-Балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап жылулық шеңберін құрайық. Осы жылулық шеңберінде тұрып бүгінгі күнге жақсы тілектерімізді білдіріп,амандасамыз.-Қанекей,жылы сөздер айтайық. 

Отбасының гүліміз,Көңілді өтер күніміз.“Қайырлы таң” деп айтамыз,Бір болып, кеште қайтамыз.-         Бүгінгі күн жақсы болсын!

Ұйымдастырушылықізденістік

Ой-қозғау:-Қазір жылдың қай мезгілі?-Қыс мезгілінің ай аттары қалай аталады?-Аптада неше күн бар?-Бүгін аптаның нешінші күні?-Аптаның төртінші күні қалай аталады?-Жарайсыңдар,балалар.Менің сендерге қойған сұрақтарыма толықтай жауап бердіңдер.-Балалар 1ден 3 ке дейін санайық.-Енді тақтаға осы 1 ден 3 ке дейінгі сандарды кім орналастырып береді?-Дұрыс 1 ден 3 ке дейінгі сан таңбаларын тани біледі екенбіз.-Ендеше барлығымыз мына заттарға назар аударайық.-Үстел үстінде неше машина,неше қуыршақ?-Ойыншықтар әртүрлі,ал ойыншықтар саны бірдей ме?-Дұрыс бұл ойыншықтар санының тең екендігін білдіреді.-Енді үстел үстінде екі кішкентай кітап бір үлкен кітап?-Кітаптар саны тең бе?-Кітаптар саны тең болу үшін үлкен кітапқа неше кітап қосу керек?Ал енді қарайық,екі үлкен кітап,екі кішкентай кітап.-Кітаптар саны тең бе?

Сергіту сәті: АКТ қолдану.-Балалар,сендердің алдарында қандай пішіндердің суреттері бар?

Дөңгелек-қолмен сипап қарасақ,бұрыштары жоқ,шеңбермен шектеледі. Ұшбұрыш — үш нүктеден, үш қабырғадан және үш бұрыштан тұрады Тік төртбұрыш — барлық бұрыштары тік болып келетін параллелограммды тік төртбұрыш деп атайды.-Балалар,біз енді үш топқа бөлінеміз.I-топ балалары дөңгелекке,II-топтың балалары ұшбұрышқа,III-топтың балалары тіктөртбұрышқа ұқсас заттарды атауларыңыз керек.

Дидактикалық ойын: «Дауыстап санау»Шарты: Тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады. Балалар іштерінен санайды. Тәрбиеші 2-3 баладан қанша рет соғылғанын сұрайды, балалар тақтаға цифрымен көрсетеді.

-Қыс мезгілі-Қаңтар,ақпан,наурыз-Аптада жеті күн бар-Бүгін аптаның төртінші күні-Аптаның төртінші күні бейсенбі

1 ден 3 ке дейін санайдыТақтаға 1 ден 3 ке дейінгі сандарды орналастырады

Үстел үстіндегі заттарды санайды.Заттарды теңестіредіЗаттардың тең болатындығына көз жеткізеді

Теледидардан әуенмен сергіту сәтін орындайды

Кестеде көрсетілген пішіндерді атап көрсетеді.

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.

Суретке назар аударады

Суреттен пішіндері ұқсас заттарды атайды.

Ойында қызығушылық пайда болады.

Рефлексивтікжинақтаушы

Қорытынды:-1 ден 3 ке дейін кім санап береді?-Заттарды теңестіруге бола ма екен?-Мына кестеден дөңгелек,ұшбұрыш пен тіктөртбұрыш пішіндерін кім бояп көрсетеді?Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

Бағытталған сұрақтарға жауап береді.Кестеден аталған пішіндерді бояп көрсетеді.

Күтілетін нәтиже

Білу керек

1 ден 3 ке дейін санауды,заттарды теңестіруді,заттардың тең болатындығын;

Түсінеді

Заттарды теңестіру арқылы теңдік ұғымын,куб және шар пішіндес заттарды ажыратауды

Қолдана біледі

Салыстыруды,теңестіруді,сұраққа жауап беруді.

Тәрбиеші: Насиева Ф.Х.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.