Гауһар Әлімбекова күйеуімен ажырасып кеткенін айтты

Әнші Гауһар Әлімбекова «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірінің сырын ашты. Үш жыл бұрын тұрмыс құрған әнші қазір жолдасымен екі жаққа кеткен.
«Үш жыл бұрын тұрмысқа шықтым дедім. «Айырылысып кетті» деген адамдар жаман жаққа бұрып тұрады ғой. Бұрмалауды жақсы көреді. Әр адамның тағдыры әртүрлі ғой. Екеуміз екі жаққа кетіп қалды. Бірақ мен «айырылысып кеттім, ажырасып кеттім» деуден аулақпын. Бес жыл бұрын танысқанбыз. Ойламаған жерден туған күн кешінде, тауда, дастархан басында таныстық. Кейін әзіл-қалжыңымыз жарасты. Мен адамды тексеру үшін бірінші қалжыңдап тиісемін. Егерқалжыңды көтерсе, әрі қарай араласуға болады. Қалжыңдай алатын адам комплексі жоқ адам. Әндерімнің 90 пайызы бір адамға арналған. Ол оны білмейді де. Сол адамды ұнатып жүретінмін. Бірақ әйтеуір екеумізді тағдыр қоспады. Бір жағы мен оған ұнататынымды айтпадым. Қыз баламын ғой енді. Сөйтіп жүргенде екінші адамды жолықтырдым. Ол сол бірінші ұнатқан адамыма қатты ұқсайтын. Кейін мен оған қалжыңдап жүрдім. «Менің күйеуім болшы. Бәрі маған тиісе береді, журналистер хабарласып сұрай береді. Уақытша болса да күйеуім болшы» деп қалжыңдап жүргенмін. Екеуміз сондай рөлді ойнап жүріп, рөлден шыға алмай қалдық. Ол кісіге арнаған біраз әнім бар. Ең соңғы шыққан «Үміт» деген әнімді үнемі айтып жүремін. Сол әнді айтсам, бірінші Алла, екінші энергетика арқылы өзінебарып, екеуміз бақытты болып кетеміз» деп ойлаймын дейді әнші.

reactor.inform.kz