Ғалымдар зерттеуі: Қар жеуге бола ма?

0

Ғалымдар зерттеуі: Қар жеуге бола ма?

Румыния университеті ғалымдары жаңа жауған қарды жеуге болады деген тұжырымдама жасады. Бұл туралы Associated Press хабарлайды. 

Ғалымдар 2017 жылы зерттеу жүргізген. Оның қорытындысы бойынша, жерде жатқанына жарты күн болмаған қардың адам ағзасына зияны жоқ екен. Олар қарды қатты аяз күндері жеген дұрыс деп санайды. Бірақ, екі күннен асып кеткен қарды ауызға салмаған жөн.

«Жаңа жауған қарда бактерия саны көп болмайды»,-дейді Трансильваниядағы венгриялық «Сапиента» университетінің профессоры Истван Мате. Тәжірибе Румынияның ең суық қаласында жасалған. Ғалымдар қар құрамын -1,1 °C температурадан -17,4 °C аралығында зерттеген. Ақпанда қар құрамындағы бактерия қаңтардағыдан 4 есе көп болып шықты.

«Мен сіздерге қар жеуге кеңес бермеймін. Жай оның зияны жоқ екенін білгім келген. Мұндай зерттеу жасау идеясы өз балаларымның қар жеп жүргенін көрген кезде пайда болды «, — деді профессор.