Ғалымдар склероздан қандай өнімнің қорғайтынын айтты

0

Ғалымдар склероздан қандай өнімнің қорғайтынын айтты

Жүйке жүйесі қалыпты жұмыс істеуі үшін D дәрумені және B тобының дәрумендері аса маңызды.


 
Автралиядағы Кертина университетінің ғалымдары қызыл еттің склероздан қорғайтынын анықтады. Мамандар ұзақ уақыт бойы 840 тұрғынды бақылап, зерттеу жүргізген. Осылайша күн сайын жеген 65 грамм қызыл еттің склерозға шалдыққан адамдарға көмектесетінін анықтаған.

Себебі қызыл еттің құрамында протеин, темір, мырыш, калий, D дәрумені мен В тобының дәрумендері бар. Олар жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін маңызды.

Дереккөз: Life

reactor.inform.kz