Футзалдан Қазақстан кубогын «Ақтөбе» командасы ұтып алды

0

Футзалдан Қазақстан кубогын

Футзалдан Қазақстан кубогын «Ақтөбе» командасы ұтып алды. Бұл атаққа клуб өз тарихында алғаш рет қол жеткізіп отыр.

Ақтөбелік команда Щучинск қаласында өткен финалда Рудныйдың «Аят» клубын 2:1 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда сенсация жасап, «Қайратты» жарыс жолынан шығарған болатын.

Алматылық клуб үшінші орын үшін өткен ойында Талдықорғанның «Жетісуін» жеңді. Осылайша 7 жыл қатарынан ел кубогында жеңілмей келген клуб биылғы жарыстан да құралақан қайтқан жоқ.

«Ақтөбе» келер маусымда Чемпиондар лигасына қатысады.


Дереккөз: https://massaget.kz/