Футболдан Қазақстан кубогының финалы Астанада өтетін болды

0

Футболдан Қазақстан кубогының финалы Астанада өтетін болды

Футболдан Қазақстан Республикасы кубогының финалы Шымкентте емес, Астанада өтетін болды.  Бұл туралы Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты хабарлады.

Қайрат пен Атырау клубтары арасындағы финалдық ойын Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтуі тиіс еді. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты алаңдағы жасыл желектің сапасы сын көтермеген. Финалға дейін қалпына келтіру мүмкін болмағандықтан қосалқы алаң саналған «Астана Аренаға» ауыстырылды.

Финалдық ойыннан кейін келесі жылы Еуропа лигасында ойнайтын төртінші клуб белгілі болады. Егер «Атырау» жеңсе, Қазақстан кубогының жеңімпазы ретінде аталмыш Еуропа лигасына қатысады. Ал «Қайрат» жеңсе, онда премьер-лигада төртінші орын алған «Ордабасы» клубы бақ сынайды.