Фрэнк Синатра салған суреттер сатылымға шығады

0
233

Фрэнк Синатра салған суреттер сатылымға шығады

Атақты Sotheby’s бәссауда үйі әйгілі музыкант Фрэнк Синатра салған суреттерді сатылымға шығарады. Суреттерден бөлек, онда Синатраның жеке және жинаған топтама заттары да болады. Сауда Нью-Йорк қаласында 4-6 желтоқсан аралығында өтеді.

Музыкант бұл суреттерді 1986-1991 жылдар аралығында салған. Пит Мондриан жұмыстарына еліткен абстрактілі картиналарда геометриялық фигуралар бейнеленген. Ал, көгілдір фонда клоун секілді көрсетілген ақ шар Синатраның автопортреті екен. Суретті сүйіктісі, атақты Голливуд актрисасы Ава Гарднермен қатынасы үзілген кезде салған.

Ава Гарднер

Негізгі лоттар қатарында Фрэнк Синатра салған суреттермен қатар, Пабло Пикассо, Норман Роквелл сынды шеберлер картиналары бар. Өнер туындыларынан бөлек, Синатраның жұбайына тиесілі қымбат әшекей бұйымдар мен ерекше дизайндағы мүліктері де сатылады. Топтама жалпы саны 300 лоттан тұрады. Sotheby’s бұйымдар шамамен $ 3,5 миллионға өтеді деп жоспарлап отыр.