Фармакокинетика және фармакодинамиканың негізгі параметрлері

0

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы
Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Фармакокинетика және фармакодинамиканың негізгі параметрлері

Орындаған:Аралбай А.Ә
Тобы: 310 А ЖМ
Қабылдаған: Айткулова Л.А

Шымкент 2018
oo Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
oo 1) Фармакокинетиканың негізгі параметрлері
oo 2)Фармакодинамиканың негізгі параметрлері

III.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

I.Кіріспе
Фармакалогияда дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары қарастырылады.

Дәрілік заттар деп — химиялық және физикалық құрылымнан құралған, емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік сипаты бар заттарды атайды
ФАРМАКОКИНЕТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ
Фармакокинетика — ДЗ ағзаға енгізілуі, сіңірілуі, таралуы, байланысуы, биотрансформациясы және ағзадан шығарылуын зерттейтін клиникалық фармакологияның бір саласы.
Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары
ДЗ әсер ету орнына түсуі (мысалы: қабыну ошағына), жалпы емнің тиімділігі оның енгізу жолына байланысты. Барлық енгізу жолдарының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Көбінесе ДЗ ағзаға энтеральды жолмен енгізеді:
* ішке (per os);
* сублингвальды;
* буккальды;
* ректальды (per rectum).
Бұл енгізу жолының парентеральды енгізу жолымен салыстырғанда өзіндік артықшылықтары бар. Атап айтқанда, қолдануға ыңғайлы (медициналық персоналдың көмегін қажет етпейді), салыстырмалы қауіпсіз, ДЗ парентеральды қолданғанда дамитын асқынулардың болмауы. Энтеральды жолмен енгізілетін ДЗ жергілікті (кейбір микробқа қарсы, саңырауқұлақтарға қарсы ДЗ) және жүйелі әсер көрсетеді

Ағзаға парентеральды жолмен енгізілетін ДЗ ас қорыту трактысын айналып өтеді, атап айтсақ:
* көктамыр ішілік (кесте 3);
* артерияішілік;
* бұлшық етке (кесте 4);
* тері астына(кесте 5);
* интратекальды (эндолюмбальды, интравентрикулярлы, іш құрлысына, плевра ішіне т.б);
* перидуральды;
* трансдермальды (кесте 6);
* интраназальды (кесте 7);
* ингаляционды.

Дәрілік заттардың сіңірілуі
Сіңірілу дегеніміз — бұл ДЗ енгізілген жерінен қанға түсуі. Сіңірілу үрдісі ДЗ енгізу жолына, липидтерде ерігіштігіне, енгізген жердің қан айналымына байланысты. ДЗ артерия немесе вена ішіне енгізген кеде, әрине, сіңірілу туралы сөз болмайды, өйткені, препарат тікелей қанға түседі.
Сіңірілудің механизмдері:
* пассивті диффузия — липофильді (липидтерде еритін) ДЗ тән;
* фильтрация — гидрофильді ДЗ (суда еритін) тән;
* кейбірДЗ белсенді тасымалдану жолымен сорылады.
Сіңірілудің көрсеткіштері
Сіңірілу толықтығы — сіңірілген ДЗ пайызбен () алғандағы мөлшері.
Максимальды концентрацияға қол жеткізу үшін қажетті уақыт (Тmax) — ДЗ сіңірілу жылдамдығы мен терапевтік әсердің даму жылдамдығы.
Абсорбция жылдамдығының константасы (Ка) — ДЗ енгізген жерден қанға түсуі.
Жартылай абсорбциялану кезеңі (Т12а) — ДЗ енгізген жерден препарат мөлшерінің жартысының қанға тусуі.
Дәрілік заттың сіңірілуіне әсер ететін факторлар
Әлсіз электролит болып табылатын ДЗ сіңірілуі олардың иондану дәрежесіне байланысты: диффузия жолымен диссоцацияланбаған молекулалар сіңіріледі; препараттың иондарға диссоцациялануы диффузия үрдісін тоқтатады, бірақ мұндай жағдайда препарат фильтрация жолымен сіңірілуі мүмкін.
ДЗ сіңірілуіне АІТ әр түрлі үрдістер әсер етеді: мысалы үшін, АІТ ферменттер белоктар мен полипептидтердің белсенділігін төмендетеді (АКТГ, вазопрессин, инсулин және т.б.).
ДЗ сіңірілуіне АІТ моторикасы, тағамның көлемі мен құрамы, препарат пен тағам қабылдау арасындағы интервал әсер етеді
Дәрілік заттардың таралуы
Дәрілік заттардың таралуы — бұл ДЗ әр түрлі тіндерге, мүшелерге, ағзаның сұйық орталарына өтуі, жинақталуы. Фармакодинамикалық әсердің қарқындылығын ДЗ тіндерде жинақталу дәрежесі анықтайды.
Таралу көрсеткіштері
Алғашқы концентрация (Со) — көктамыр ішіне енгізген соң, сол мезетте мүшелер мен тіндерге таралған, қан плазмасындағы препараттың концентрациясы.
ДЗ қандағы максимумды концентрациясы (Сmax) — парентеральды немесе пероральды енгізген соң дамыған қан айналым жүйесіндегі препараттың максимальды концентрациясы.
Стационарлы (тұрақты) концентрациясы (Css) — ағзаға үздіксіз, тұрақты жылдамдықпен түсіп отырғандағы препараттың қан плазмасындағы концентрациясы.
ДЗ таралу көлемі (Vd) — бұл қан плазмасынан препараттың тіндермен ұсталыну дәрежесі. Таралу көлемін Vd=DCo формуласымен есептейді, мұнда Vd — қан сарысуындағы препараттың бастапқы концентрациясына тең (Co) концентрацияны алу үшін, ағзаға түскен ДЗ мөлшерін (D) ерітуге қажетті, сұйықтықтың салыстырмалы көлемі.
Дәрілік заттардың таралуына әсер ететін факторлар:
* регионарлы қан айналымның қарқындылығы;
* ДЗ қан плазмасындағы белоктармен және тіндік құрылымдармен байланысу дәрежесі;
* ДЗ липидтерде ерігіштігі.
ДЗ таралу көлемін (Vd) білу — препаратты ағзаға енгізу жолы мен мөлшерін таңдауға көмектеседі.
ДЗ көп бөлігі сіңірілген соң, қанмен жақсы қамтамасыз етілетін мүшелер мен тіндерге түседі, олар:
* бүйрек, өкпе, ми, бүйрек үсті безі, қалқанша безі (перфузия жылдамдығы -1млмин);
* бауыр, жүрек, көк бауыр (перфузия жылдамдығы — 0,1-1млмин);
Содан кейін, қанмен нашар қамтамасыз етілетін мүшелер мен тіндерге түседі:
* бұлшық ет, кілегей қабаттары, тері және майлы тін, сүйектер (перфузия жылдамдығы — 0,1млмин төмен).
Дәрілік заттардың қан және тін белоктарымен байланысуы
ДЗ қан плазмасындағы әр түрлі белоктармен, әсіресе, альбуминдермен байланысқа түседі. Белоктармен байланысқа түскен ДЗ фармакологиялық белсенділігі болмайды. ДЗ бос және байланысқан фракциялары динамикалық тепе-теңдік жағдайында болады: қан плазмасындағы бос фракциялар концентрациясы төмендеген сайын, ДЗ байланысқан фракциялары белоктан босап отырады. Плазма белоктарымен препараттың байланысу дәрежесі ДЗ таралу көлемі мен терапевтік эффектінің пайда болу жылдамдығына әсер етеді:
* плазма белктарымен жоғары дәрежеде байланыспайтын ДЗ (50), ағзада тез таралып, терапевтік әсерін көрсетеді, бірақ, тез элиминацияға ұшырап, әсері ұзақ уақытқа созылмайды;
* плазма белоктарымен жоғары дәрежеде байланысатын ДЗ (90) керісінше, тіндерде баяу жинақталып, әсері бірте-бірте дамиды. Мұндай ДЗ ағзадан баяу шығарылып, терапевтік әсері ұзаққа созылады.
Дәрілік заттардың ағзадан шығарылуы
Шығарылу (элиминация) — ДЗ биотрансформация немесе метаболизм салдарынан бейтараптанып, ағзадан шығарылу үрдісі.
Шығарылу (элиминация) көрсеткіштері:
Элиминация жылдамдығының константасы (Kel) — биотрансформация және экскреция жолдарымен препараттың ағзадан шығарылу жылдамдығы.
Жартылай шығарылу периоды (Т(12)) — қан плазмасында ДЗ концентрациясының екі есе азаюына қажетті уақыт мөлшері, ол элимимнация жылдамдығының константасына тәуелді (Т12= 0,639Кel).
Дәрілік заттың жалпы клиренсі (Сlt) — бүйрек, бауыр арқылы, уақыт бірлігінде қан плазмасының препараттан тазару көлемі (млмин).
Жалпы клиренс бүйрек және бауыр клиренсінің жалпы қосындысынан тұрады.
Бүйректік клиренс (Clr) — ДЗ зәрмен шығарылуы.
Бүйрек сыртылық клиренс (Cler) — ДЗ басқа жолдармен (өтпен) шығарылуы.
Экскреция жылдамдығының константасы (Kex) — ДЗ зәрмен, нәжіспен, сілекеймен т.б. жолдармен шығарылу жылдамдығы.
Биотрансформация
Биотрансформация (метаболизм) — ДЗ ағзадан шығарылуын қамтамасыз ететін, нәтижесінде суда еритін полярлы заттар (метаболиттер) түзілетін, физико — химиялық, биохимиялық үрдіс. ДЗ биотрансформациясы (метаболизімі) екі жолмен жүреді:
* синтетикалық емес реакцияларға:
микросомальды — эндоплазматикалық ретикулум ферменттері арқылы катализацияланатын реакциялар;
микросомальды емес — арқылы катализацияланатын реакциялар. Синтетикалық емес реакцияларға тотығу, қалпына келу реакциялары және гидролиз жатады.
* синтетикалық реакциялардың негізінде ДЗ эндогенді субстраттармен немесе кейбір химиялық топтармен (глюкоурон қышқылы, сульфаттар, глицин, глутатион, метильды топтар т.б.) конъюгациясы жатады. Конъюгацияға көптеген ферменттер (мысалы: глукоуронилтрансфераза, метилтрансфераза, сульфотрансферазалар) қатысады. Реакция біткен соң ДЗ молекуласы полярлыға айналып, ағзадан оңай шығарылады.
Микросомальды биотрансформация бауырда өтеді. Гепатоциттерде толық ферменттік жүйелер шоғырланған, олар әр түрлі ксенобиотиктерді (грек xenos — басқа, bios — өмір), яғни адам ағзасына түскен бөгде заттарды тотықтырады. Микросомальды өзгеріске, көбінесе, липофильді заттар ұшырайды, өйткені, олар эндоплазмалық ретикулумның мембранасы арқылы жеңіл өтіп, цитохромдар жүйесінің Р446 — Р455 бірімен байланысады (көбінесе цитохром Р450 ферменті). Бұл цитохромдар тотықтырушы ферменттер жүйесінің алғашқы компоненттері болып табылады. Аралас типті оксидаза жүйесімен препараттардың биотрансформациялану жылдамдығы, Р450 концентрациясымен, басқа цитохромдардың санымен және олардың субстратқа ұқсастығымен анықталады.
ДЗ микросомальды ферменттер белсенділігіне әсер ету қасиетіне байланысты төмендегідей бөлінеді (кесте 10):
* метаболизмнің ингибиторлары, олар … жалғасы