Ежелгі адамдар күн жүйесін қалай зерттеген?

0

Ежелгі адамдар күн жүйесін қалай зерттеген?

Гозек шеңбері – Саксония-Ангальт жеріндегі Бургенландкрайс аймағында орналасқан ежелгі құрылыс. 1991 жылы бидай алқабын тікұшақпен бақылап жүрген ұшқыш жердегі кездейсоқ сызылған сызықтарды байқап қалып, мамандарға хабарлаған. Өкінішке орай, мүлдем бұзылған, алайда қайта қалпына келтірудің арқасында бастапқы қалпына келді.

Гозек шеңбері 2 қатар бөренемен дөңгеленіп қоршалған. Сол бөренелердің арасын нық салынған үш жол бөліп тұр. Кей күндері үш жол арқылы бөренелердің арасына күн сәулесі түсіп тұрады. Осы сияқты ерекшеліктерді ғалымдарымыз зерттеп, ежелде әлемнің ең үздік расытханасы болған (обсерватория) деген болжамға келді.

 

Қазу жұмыстарын Галл-Витенберг университетінің сарапшылары жүргізді. Олар шеңберді оңтүстік жағынан бөліп тұрған өткел қыс пен жаздағы күннің теңелуіне сәйкес келетінін анықтады. Расытхананың сапалылығы мен нақтылығы ежелгі адамдардың «аспан күнтізбесін» жасауда, аспан асты денелерін белгілі деңгейде зерттеуде мықты маман болғандарын байқатады. Бірақ, мықты мамандар қалай зертеу жүргізгені әлі де белгісіз.

Шамамен есептегенде расытхана б.з.д. 4900 жылы салынған және ең алғашқысы болуы да мүмкін. Еуропа елдерінде «күнге табыну» кең етек жайғандықтан, құрылыс салған кезде ерекше салт-жораларды да пайдаланған. Мұндай ғимараттарды салмас бұрын адамдарды құрбандыққа шалған. Оған дәлел осы аймақты зерттеу барысында археологтар басы жоқ сүйекті тапқандығы. 

Гозектен 25 шақырым жерде қазіргі Күн жүйесі туралы суреттер бейнеленген дискі табылған. Ол диск Гозектің кіші үлгісінде жасалған. Жас шамасы жағынан 14-15 жылға кіші расытханадан табылған. Дискіде бейнеленген космостық сызбанұсқаның көп бақылаудың жемісі екені анық.

Бізден ақылды емес деп жүрген адамдардың сол заманның өзінде Жер шарынан өзгесін зерттеуге ұмтылғандығы таңдай қақтырады. Ал оларды зерттеуге не итермелегендігі жұмбақ.


Дереккөз: https://massaget.kz/