Еуропада ең көп тіл білетін елдер
Жер бетінде ең көп тіл білетін халықтардың басым бөлігі Еуропа құрлығында тұрады екен. Оған себеп те жоқ емес. Қарт құрлық жаһандану мен қарқынды көші-қон ортасына айналғаны қашан?! Eurostat дерегі бойынша еуропалықтардың 60 %-ы ана тілдерінен өзге тағы бір тілді біледі екен.
Еуропадағы ең көп полиглоттар Швеция тұрғындары. Скандинавия түбегіндегі ел халқының 97%-ы екі не үш тілді еркін меңгерген. Дания, Латвия және Литва (96 %), сондай-ақ Люксембург (95 %), Финляндия, Мальта (по 92 %) мен Эстония (91 %) халқы да ең көп тіл білетін адамдар қатарында.
Люксембург елінің тең жартысынан көбі (51,2 %) үш және одан да көп тілде сөйлей алады. Себебі бұл елде люксембург, француз және неміс тілдері ресми болып саналады. Финляндия (44,9 %) мен Словения (37,7 %) халқы да кемінде үш тілді біледі екен.
Eurostat статистикасы бойынша Ұлыбритания халқы ең аз тіл білетін шыққан. Ересектердің 65 %-ы өзге тілде сөйлей алмайтын көрінеді. Тек 20 %-ы ғана бір тілді білетін болып шыққан.