Есті зерттеудің ассоциативті бағыты | Скачать Реферат

0

Мазмұны

І Кіріспе
1.1 Ес туралы жалпы ұғым
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Есті зерттеудің ассоциативті бағыты
2.1 Г. Эббингауздың ұмыту қисығы
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер
Ес туралы жалпы түсінік

Біздің түйсінген және қабылданған заттарымыз бен құбылыстарымыз ізсіз жоғалып кетпейді, бірақ белгілі дәрежеде есте қалдырылады, бекітіледі, есте сақталады және қолайлы жағдайларда немесе қажет болған кезде қайта жаңғыртылады.
Сонымен қатар біздің ойымыз, сөйлеуіміз, бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз бекітіледі, одан кейін бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз қайта жаңғыртылады. Бұл әрбір адамға күнделікті тәжірибеден белгілі. Мәселен, мектепте әртүрлі ғылым негіздерінен берілген білімді шәкірттер есте сақтайды және қайта жаңғыртады.
Жеке тұлғаның тәжірибесін есте қалдыру, есте сақтау және кейін есте қайта жаңғыртуын ес деп атаймыз. Естің физиологиялық негіздеріне уақытша жүйкелік байланыстар, оның құрылуы, есте сақталуы жатады. Ес дегеніміз бұынғы тәжірибені бейнелеу болып табылады. Адамның өмірінде естің мәні орасан зор. Естің арқасында біздің санамызда бүгінгі жағдайлар ғана бейнеленіп қоймайды, сонымен қатар өткендегі біздің қабылданған және бұрын бастан кешкен көңіл-күй жағдайлары да бейнеленеді.
Егер де ес болмаса, онда біз қазіргі қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана есте сақтаған болар едік. Бүкіл қабылданғанның бәрі бізге жаңа сияқты көрінер еді. Адам есті болуының арқасында ептіліктер мен дағдыларды меңгереді, білімін байытады, өзінің ой-өрісін кеңейтеді.
Ес іс-әрекет және басқа психикалық үрдістерді дамыту үшін мәні орасан зор. Ес үрдісі біздің қабылдауларымызды байытады. Неғұрлым адамда елестетулер мен бекітілген білімдер бай болса, соғұрлым қабылдауларымыз мазмұндырақ, толығырақ және дәлірек, қиялдың, ойлаудың, сөйлеудің және ерік-жігердің қызметі жемістірек болады.
Ес адамзат қызметінің барлық түрлерінде маңызды рөл балаларда кейбір білімдердің, ептіліктердің және дағдылардың болуын қажет етеді. Кез-келген еңбек — дене, ақыл-ой еңбегі қажетті білімнің, икемділіктердің және дағдылардың болғанында ғана мүмкін. Әсіресе, оқыту үрдісіңде естің мәні ерекше. Мектепте оқытудың бірінші және негізгі міндеті оқушыларды білім негіздерімен қаруландыру болып табылады.
Ес адамға қажетті күрделі үрдіс, бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістерден тұрады. Ол адамға жеке өмірлік тәжірибені жинақтауға, есте сақтауға және кейін пайдалануға көмектеседі. Барлық бекітілген білімдер мен дағдылар естің жұмысына жатады.
Психология ғылымы өзінің алдына ес үрдісін зерттеу туралы бірнеше күрделі мәселелерді қойып отыр.
Ес психологиясы төмендегі мәселелерге жауап беруді қажет етеді: қаншалықты бұл іздер адам есінде ұзақ сақталады, қысқа және ұзақ мерзімдерге іздерді сақтаудың амалдары қандай, адамның таным үрдістерінің іске асуына қалай әсер етеді?
Ес психологиясы психология ғылымының жан-жақты зерттелген бөлімдерінің бірі ретінде саналады. Бірақ, қазіргі кезде естің заңдылықтарының одан әрі зерттелуі оның психология ғылымының әлі де өзекті проблемасы екендігін дәлелдейді. Ес проблемасын белгілі дәрежеде зерттелінуі әртүрлі ғылымдардың дамуы, оның тілінде психологиядан қашық делінген ғылым салаларымен (ең алдымен техникамен) байланысты екені белгілі.
Ертедегі гректерде есті ерекше қастерлеген. Естің құдайы әйел адам Мнемозина болған. Ол өнер мен ғылымның жаратушы анасы деп есептелген.
Бұл қарапайым түсініктерде терең ой жатыр: ес барлық жаңаны жасаудың, демек, шығармашылықтың негізі шарты.
Адам үздіксіз қандай да болсын жаңаны ойлап табады: ол автомобиль немесе станоктар, музыка немесе кинофильм, ғылыми теориялар немесе жердің жасанды серіктері. Жеке адамдардың жасаған тәжірибесі іс-түссіз, сақталмай жоғалып кетуі мүмкін емес. Тек қана шығармашылық емес, сонымен қатар жалпы кез-келген адамзат қабілеттіліктерінің дамуынсыз, адамның алға қарай қозғалысы мүмкін болмас еді. Адам ешнәрсеге үйренбеген болар еді. Үйрену дегеніміз — белгілі бір тәжірибені меңгеру, оны сақтау, болашақ өмірде қолдану. Ал бұл тәжірибені ес үрдісі сақтайды.
Адамның есін жануарлардың тәжірибе жинақтауға қабілеттілігімен салыстыруға болмайды. Олар әртүрлі, демек, ес ағза дамуының, оның ішінде адам ағзасы дамуының қажетті шарты болып табылады. Демек, ес — кез-келген іс-әрекеттің қажетті шарты. Ес жұмысының физиологиялық негізі жүйке жүйесінде жүйке қозуларынан қалатын іздерболып табылады. Бұл іздер өзара байланысты, жүйке жүйелерінің аяқталуы іске асады.
Ұлы орыс физиологі И.П.Павлов бұл жүйке байланыстарын ұйымдастыру заңдарын, оның негізінде ағзаның қызметі заңдарын зерттеді.
Балаларда естің жоғары түрін алғаш рет бір жүйелі зерттеуде психология ғылымының көрнекті өкілі Л.С. Выготскийдің еңбегі орасан зор. Ол 20-жылдардың аяғында алғаш рет естің жоғары түрінің дамуы туралы мәселені зерттеуге кірісті болатынды және өзінің шәкірттерімен бірге естің жоғары түрі психикалық қызметтің күрделі турі екендігін көрсетіп берді.
А.А. Смирновтың және П.И. Зинченконың зерттеулері естің жаңа және күрделі заңдарын ашып көрсетті.

Есті зерттеудің ассоциативті бағыты.

Ассоциативті теория — негізгі ұғымы ассоциация. Ассоциация байланыс орнату деген сөз. Дүниедегі бір-бірімен байланысты заттар немесе құбылыстар адамның есінде де байланысып сақталады. Ассоциация бойынша бір затпен негізделіп, онымен байланысты басқасын еске түсіре аламыз. Ассоциация түрлері (сыбайлас, ұқсастық, мағыналық). Эббингауз — есті зерттеу ғылымы психологиясында ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті қолданды. Есте қалдыру ерекшеліктері мен ақпаратты сақтау, қайта жаңғыртудағы негізгі өзгерістердің ерекшеліктерін Г. Эббингауз (1850-1909) қарастырды. Ес процестерін Эббингауз ассоциациялардың жасалуы ретінде түсінді, мағынасыз әріп буындарын жаттата отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін бөлді. Ассоциативті (байланыс) теория оның заңдылықтарын түсінуге көмектеседі. Осы теория негізінде әртүрлі қайталау ретінде элементтердің есте сақталу саны өзгереді. Неміс ғалымы Эббингауз естің ассоциативті теориясында мәліметтер ретін алды және есте қалдыруды ашты, онда есте қалдыру үшін мағынасыз буындар қолданды. Ақпараттың жекелеген элементтері есте қалады, сақталады, жаңғырады. Естің ассоциативті теориясына сәйкес, яғни белгілі логикалық құрылымды-функционалды байланыстар негізінде уақыт өте ассоциативті теория проблемалармен соқтығысты, олардың біріншісі, адамзат есінің таңдамалығы. Асоциациялар кездейсоқ негізде жасалады, ал ес адам миына келген және сақталған белгілі бірақпаратты таңдайды. ХІХ ғ. аяғында ассоциативті теорияның орнына есті зерттеуші гештальт психология келді. Ес феноменін түсіндірудегі негізгі принцип, олардың бастапқы, тұтас ұйымы-гештальт тұтас, құрылым, жүйе деді. Гештальт теориясында материалдың құрылымы, оны тұтас ету, есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды жүйелі ұйымдастыру мәні белгіленген. Ең басты материалды есте қалдыруда тұтас құрылым түрінде жүреді. Ассоциативті теория шеңберінде Эббингауздың ұмыту заңы ашылды. Ол ақпаратты ұмыту заңын ұмыту қисығы түрінде берді, яғни уақыт өте келе ақпараттың жойылу үрдісін бейнелейді.
Тәжірибе барысында бұндай буындарды бірінші қатесіз қайталаудан кейін бастапқыда ұмыту өте тез жүреді. Бір сағат өткеннен кейін барлық алынған ақпараттың 60%-і ұмтылады, ал 6 күннен кейін алғашқы жатталған буындардың есте 20%-і ғана қалады. Сонымен қатар ол сәйкесінше қарапайым, бірақ адамға үлкен әсер қалдыратын оқиғалар адам есінде тез сақталып, ұзақ уақыт болады. Және де күрделі, қызықты оқиғаларды адам бастан бірнеше рет кешуі мүмкін, … жалғасы