Ертеңгілік: «Төрлет,төрлет Жаңа жыл!»

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Атырау облысыҚұрманғазы ауданыМКҚК “Балауса” санаторлық бөбекжай балабақшасы

Төрлет,төрлет жаңа жыл!«Ақбота» ортаңғы топ ертеңгілігі

Дайындаған тәрбиеші: Насиева Ф.Х.

2018 жыл,желтоқсан

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,ырғақты сақтай орындауға төселдіру.Кейіпкерлер: Аяз ата,Ақшақар,Жаңа жыл-Доңыз,ескі жыл-Ит.

Жүру барысы:Жүргізуші:  Құрметті ұжымдастар,ата-аналар,бүлдіршіндер! Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға ортаңғы «Ақбота» топ бүлдіршіндерін ортаға шақырайық.. Балалар, қараңыздаршы шырша неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға сендер де өте әдемі киініп келген екенсіңдер.-Ендеше, Жаңа жылдық ертеңгілігімізді әнмен бастауға рұқсат етіңіздер.Ән: «Шыршаға бардық»-Балалар,біз мерекеге арнап ән салғанымызбен шыршамыз көңілсіз сияқты.-Сендер байқадыңдар ма,көңілсіз бе?Балалар: -Иә -Неліктен көңілсіз екен? (жүргізуші шыршаны айналып шығады?)-Мынау не? Өзі қозғалып қояды?Жезтырнақ: Пай-пай! Мына шырша керемет екен,мен шыршаның түбіне демалам ба деп едім. Мына шыршаны жұлып ,үйге алып кетпесем? (Осы кезде жезтырнақ төменге еңкейіп, шыршаны түбірімен жұлып алғысы келеді)Жүргізуші: Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! Жезтырнақ сөзге мән бермей, былай дейді: Туу! Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып.Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!Ит: гаф,гаф,гаф-Бұл менің кілтім.Жезтырнақ: Ой-ой-ой даусынның жаманың айИт (Ғ.Ақерке) : Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.Мен мына кілтті досым жаңа жылға табыстаймын. Жүргізуші: Балалар,ескі жылға ризашылығымды білдіреміз бе? Өткен жылға ризамыз Өсе түсті бойымыз Қандық талай сырға біз Ит жылға мың алғыс! (Томирис)Ескі жыл: Ауылдастарым, достарым, Алғысым көп айтар менің. Дәл осындай қуанышпен, Қарсы алыңдар доңыз жылын. (Ғ.Ақерке) (Ән әуенімен доңыз жылы келеді) Доңыз (Нұрдәулет) : Мен жаңа жыл –Доңызбын Жаңалыққа құмармын Мерекелі жыл болсын деп Ойын-сауық құрамын Биылғы жыл-жайлы жыл Жайлы жылды мен сыйлармын!Ит: Доңыз досым, жаңа жыл иесі өзіңсің, жаңа жыл кілтін қабыл ал!Доңыз : Рахмет, досым.Ит: Сау болыңдар, балалар! Келесі кездескенше!Жезтырнақ: Пай-пай мен дос болуды білмейді екенмін.Мен енді ешнәрсені бүлдірмеймін,тіпті мен сендермен бірге шыршаны да жарқыратып,көңіл күйін көтеремін.Жүргізуші:Сіз өзі кімсіз? Жезтырнақ: -Мен Жезтырнақ боламын.

Жүргізуші: Жезтырнақ сізге біздің кішкентай Маржан есімді бүлдіршініміз көмектессің.Маржан: Шырша, шырша Шамдарыңды жарқырат. Би билейміз, айнала, Балаларды таңырқат.-Міне,шыршамыздың да көңіл күйі көтерілді,енді біздің мерекеге кімдер жетіспейді? (Аяз ата,Ақшақар)Сайқымазақ: -Алақай,алақай келіп қалды,келіп қалды?Жүргізуші: Сайқымазақ саған не болған,кімдер келіп қалды?Сайқымазақ: Алақай Аяз ата,Ақшақар келе жатыр,олар тек ескі жылмен бірге кетіп қалама деп қорқамын ,себебі жаңа жылды әлі көрген жоқ қой?Жүргізуші: —Ендеше,сендер Жаңа жыл екеуін бізге көмектесіңдер, Аяз ата мен Ақшақарды ала келіңдер. (Сайқымазақ пен жаңа жыл шығып кетеді)Балалар біз Аяз та мен Ақшақар келгенше тақпақтарды есімізге түсіріп алайық.Іңжу : Мерекеге келдік. Тақпақ айтып бердік. Ойыншықтарын тізген. Шыршаныда көрдік.Осман: Әдемілеп біз ілген Ойыншықтар тізілген Қандай әсем шыршамыз. Ән шырқайық баршамыз.Гүлжанар: Қуантып енді, Жаңа жыл келді. Өсетін болдым, Бір жасқа енді.Фатима : Тамаша.тамаша! Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса. Ән: «Аяз ата»Жүргізуші: Балалар,біз Аяз ата мен Ақшақарды ортамызға шақыруға дайынбыз ба?-Ендеше,барлығымыз бірге дауыстап шақырайық. (Аяз ата,Ақшақар,Сайқымазақ,Жаңа жыл )Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым! Амаңсың ба,қыздарым! Қандай жарқын жүздерің. Қандай әсем жырларың. Асулармен алысқан  Асау желмен жарысқан. Аталарың сендерге  Шаршап келді алыстан !Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар, Жаңа жылдарың құтты болсын! Сүйсіндіріп маңайды  Ақшақармын арайлы  Жалт-жұлт еткен жүзімнен Күміс сәуле тарайды  Ата айналаға қараңызшы, мен жалғыз Ақшақармын ба десем,менің айналамда кіщкентай ұлпақарлар да бар екен. Мен мына ұлпақарлармен билегім келіп тұр. Би: «Ұлпақарлар»Ән: «Ақшақар»Жүргізуші: -Балалар,ендеше Аяз ата мен Ақшақарға өнерімізді аямай көрсетейік. Амирлан: Аяз ата келіп тұр, Бізге сәлем беріп тұр. Сақалының ұзыны-ай Кесіп алсам шіркін-ай!!!

Айбибі: Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағылған. Міне сұлу шыршамыз Көптен күтіп сағынған. Ақерке Р : Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып. Келді алыс сапардан, Аяз ата оралып.Мансур: Жаңа жылым мол болсын Басқан қадам оң болсын!Жүргізуші: Аяз ата қараңызшы бүгінгі мерекені көңілді өткізуге қоян,қасқыр,аю,түлкі де келіпті.Олар билеп көңіл көтергенді жақсы көреді екен,барлығымыз биді тамашалайық.

Би: «Шоколадные зверушки»Сайқымазақ: -Аяз ата мына таяғыңыз қатыра ма? Аяз ата: -Иә қатырады.Сайқымазақ: -Ендеше,кел екеуміз ата аналармен ойын ойнайық. Сіз мына таяғыңызбен қатырасыз, ал мен мына таяғыммен жібітіп күлдіремін. Кімнің таяғының қасиеті жоғары екен.Аяз ата:-Келісемін,меің таяғым қатырса,ешкім кері жібіте алмаған.Ойын: «Қатырмақ»Шарты: Ойыншылар әуенмен билейді,Аяз ата таяғымен түртіп қатырады. Ал Сайқымазақ таяғымен түртіп жібітіп күлдіреді.Сайқымазақ: -Міне көрдіңіз бе,менің таяғымның сиқыры сондай күшті,мен бәрін де жеңдім.Аяз ата:-Көрдім,көрдім « уф» мен шаршадым бір демалып балаларды тыңдайын.Мурат: У елки мы собрались, Все встали в хоровод, Мы весело и дружно Встречаем Новый год.Ботагөз: Тілеймін мен бар әлемге Дос көп болсын жаңа-жыл Ата-әже, әке — шеше Құтты болсын Жаңа жылӘсем:  Тақпақ, өлең жаттадық, Би үйрендік көрсін деп. Аяз Ата шаттанып, Бізге риза болсын деп.Айша: Жаңа жыл келгенде Қуанып қарсы аламыз. Аяз Ата келгенде Билейміз, ән саламыз.Сайқымазақ: Қандай көңілді,қандай жақсы балалар,ән де,тақпақ та айтады,билеп те біледі.Мен де кішкентай сайқымазақтарыммен билегім келіп тұр.Сайқымазақтарым қайдасыңдар,келіңдер біз де билеп өз өнерімізді ортаға салайық.Би: «Сайқымазақтар»Ән: «Шырша»Аяз ата: -Жарайсыңдар балаларым,барлықтарың өнерлі екенсіңдер. Аталарыңды бір қуантыңдар.Ақшақар қызым маған көмектес,балаларға сыйлықтарын берейік. (Балаларға сыйлықтарды таратады)Енді біз жолға шығайық.Қош сау болыңдар!Жүргізуші: -Осымен құрметті қонақтар жаңа жылға арналған мерекелік шарамыз өз мәресіне жетті дей келе,деңіміз сау, аспанымыз ашық ,әрбір отбасында қуаныш болсын дейміз.

Соңы


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.