Ерлан мен Баян бірінші некелерінен туған балаларын неге көрсетпейді?

Қазақ эстрадасындағы жарасымды жұп Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышеваның бірінші некелерінен бір-бір ұлдары бар. Бірақ қос әнші де өздерінің екі ұлдарын ғана көрсетіп, алғашқы некелерінен туған балаларын көрсете бермейді. Желіге суретін салмайды. Көпшіліктің осы орайдағы сұрақтарына олар «Әңгіме болсын» бағдарламасында жауап берді.
«Ескі жараның бетін қасудың ешқандай қажеті жоқ. Өйткені өткен нәрсе жайлы бір ақпарат берсең ол халыққа телесериал сияқты болады. Келесі сериясын көргісі келеді. Ол не себепті олай болды деп тереңнен қаза береді. Одан бетер бықсытып, үлкен талқыға салғанды жақсы көреді. Бір айтылған әңгімені қазбалай берудің қажеті жоқ. Бізге көп журналистер хабарласып, сұхбатқа шақырады. Мен «Өткен өмір жайлы сұрайтын болсаңдар аулақ жүріңдерші» деп бірден айтамын»-дейді Ерлан Орынбасаров.