Ер азамат жұбайынан не күтеді?
1) Отағасы жұбайының бей-берекет бөгде ерлермен араласпағанын, егер қажеттілік бола қалған жағдайда орнымен сөйлеп, шектен шықпағанын;
2) жұбайының өзінің сырт келбетіне көңіл бөлгенін және үнемі таза әрі әдемі болып жүргенін;
3) өзіне керек екенін сездіргенін;
4) дөрекі сөйлемей, өзін құрметтеп, сыпайы қарым-қатынас жасағанын;
5) рухани қолдау көрсеткенін және өзіне сенгенін;
6) өзінің құпиялары мен кемшіліктері туралы ешкімге, тіпті жақын туысқандарға да айтпағанын;
7) өзін сыйламай, өзге ерлердің артықшылықтары туралы айтпағанын;
8) жұмыстан келгенде күлімдеп қарсы алып, жағдайын жасағанын;
9) ата-анасын құрметтегенін;
10) кішігірім кемшіліктеріне назар аудармай, кешірімді болғанын;
11) балалардың көзінше ұрыс-керіс шығармағанын;
12) отбасылық құпияны өзгелерге айтып, ерін жамандамағанын;
13) орынсыз қызғанбағанын;
14) балаларға білім мен дұрыс тәрбие бергенін;
15) өсек-аяңға, күмәнға себеп болатын әңгімелерден, артық ауыз сөздерден аулақ болғанын қалайды.