Ең ықпалды 100 адам рейтингі

0
180

ArtReview: Ең ықпалды 100 адам рейтингі

Британиялық ArtReview журналы өнер саласындағы ең ықпалды адамдар рейтингін шығарды. Жыл сайын анықталатын Power 100 тізіміне галеристер, суретшілер, дизайнерлер мен әлеуметтік қозғалыстар енді.

Рейтингті Дэвид Цвернер есімді арт-дилер бастап тұр. Оның Нью-Йорк, Лондон және Гонконг қалаларында өз галереялары бар. Цвернердің арт-империясына биыл 25 жыл толып отыр. Былтыр ол осы рейтингтің 5-ші сатысын місе тұтқан болатын.

Одан кейін кіші Керри Джеймс орналасты. Танымал афроамерикалық суретшінің   Past Times (1997) аталатын картинасы бәссаудада  $ 21,1 миллионға өтіп, рекорд жаңартты. Бұл оны 68-ші сатыдан  екінші орынға көтерді.

Past Times (1997)

Үшінші орын #MeToo қоғамдық қозғалысына бұйырды. Өнер саласында әйел адамдарға қатысты жасалатын әділетсіздіктерге қарсы ұйымдастырылған шара бар әлем бойынша жалғасын тапты.

Өнердегі 100 ықпалды адам тізіміне атақты қытай суретшісі Ай Вэйвэй (5-ші орын), Serpentine галереясының кураторы әрі директоры Ханс-Ульрих Обрист (7-ші орын), фотограф Вольфганг Тильманс (11-ші орын), жапон суретшісі Яёи Кусама (16-ші орын), Тейт галереясы директоры Мария Бэлшоу (17-ші орын), фотограф Нан Голдин (18-ші орын),  Миучча Прада дизайнері (20-шы орын) және т.б. енді.

Толық тізімді көргіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз.