Екі таңбалы сандарды ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жіктеу. Массаны өлшеу. Килограмм
Сабақтың атауы: Екі таңбалы сандарды ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жіктеу. Массаны өлшеу. Килограмм
Мақсаты: Заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі – масса жайында түсінік беру және оның бірлігі килограмммен таныстыру, таразының көмегімен заттың массасын өлшеудің ерекшеліктерімен таныстыру; бір амалмен шығарылатын есептер құрастыруды және шығаруды пысықтай түсу; әріпті өрнек және оның мәнін табуды қайталау;
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Күзді қуана күтеміз,
Талмай еңбек етеміз.
Өнімді мол тереміз,
Пайдасын есептеп береміз.
Қызығушылықты ояту Ауыл іргесіндегі бау бақшаға бару жолы берілген, жол ұзақтығын қалай есептейміз?
— Қандай ереже қолдандың?
— Ұзындықтың қандай өлшем бірлігін пайдаландыңдар?
— Ұзындықтың қандай бірліктерін білесіңдер?
Ә) Бақты айналып, қоршау ұзындығын есептеп көр.
— Қоршау мен жол сызбасын қандай геометриялық фигура деп атауға болады?
Мағынаны тану
— Заттардың массасын өлшеуге бола ма?
— Сендер күнделікті өмірде массаны өлшеуді кездестірдіңдер ме?
— Сонымен, балалар, күзде қандай өнім аламыз? (Астық, көкөніс, жеміс, жидек…)
— Оны қалай тереміз, қайтіп жинаймыз?
Сонымен, қапшық — қапшық не алдық? Картоп, сәбіз,…….
жәшік — жәшік…………
себет — себет………….
шелек — шелек…………
— Балалар, берілген өрнектерді орындасақ, осы заттардың күнделікті өмірде қанша салмақ тартатынын білетін боласыздар.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
https://yadi.sk/i/BkFtMKSeg2u38Q