ь дыбысы, ь дыбысын таныту, меңгерту, бастауыш сыныпқа сабақ

0

Сабақтың тақырыбы: ь дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: ь дыбысын таныту, меңгерту
Сабақтың міндеті:
1. ь дыбысы бар сөздерді буынға бөлдіріп үйрету, ь дыбысының жіңішкелік белгісі екенін меңгерту
2. ь дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жаза алуға, сөз ішінде жіңішкелік белгіні дұрыс пайдалануға дағдыландыру
3. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту
Сабақтың түрі: жаңа
Әдісі: түсіндіру, жұмбақ жасыру, көрнекілік
Көрнекілігі: ь белгісі кездесетін заттар суреттері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
— Оқушылармен амандасу
— Сабаққа зейіндерін аудару
— Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу
II. Өткенді пысықтау
— Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
— Ч дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
— Ч дыбысы бар қандай сөздерді білеміз?
III. Жаңа сабақ
Мақсаты: жаңа ь дыбысын таныстыру, оның орыс тілінен енген дыбыс екенін айтып өту
1) мағынаны тану
— ь – жіңішкелік белгісі деп аталады. Ол сөздің ортасында және соңында кездеседі. ь дыбысы бар сөз жіңішке айтылып айтылады. ь дыбысы орыс тілінен енген дыбыстардың бірі.
2) жұмбақ жасыру
— Темір аяқты,
Ағаш таяқты (циркуль)
3) ь дыбысы кездесетін сөздермен таныстыру
Мақсаты: ь дыбысы кездесетін сөздердің айтылу ерекшелігін меңгерту
— лагерь, рояль, альбом, циркуль, фильм, рельс, коньки, компьютер
— Сөздердің мағыналарын түсіндіру
Лагерь – балалардың демалыс орны
рояль – музыкалық аспап
альбом – сурет салатын арнайы дәптер, фото сақталатын арнайы жабдық
циркуль – өлшеуіш құрал
фильм – кино
рельс – пойыз жолы
коньки – сырғанақ жабдығы
компьютер – техника
— ь дыбысы ортада айтылып тұрған сөзді тапқызу
— ь дыбысы аяғында кездесетін сөздерді тапқызу
— осы сөздерді буынға бөлдіру
— 1 буынды сөзді тапқызу
— 2 буынды сөзді тапқызу
— 3 буынды сөзді тапқызу
4) Суретпен жұмыс
Мақсаты: сөздік қорларын байыту, ойлау кеңістіктерін кеңейту
Сурет бойынша әңгіме құрастыру: Лагерь суреті беріледі. Осы суретке байланысты мәтін құрату
— мәтінде неше сөйлем бар екенін анықтату
5) Оқулықпен жұмыс
Мақсаты: Өлең жаттату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту
— «Лагерь жыры» өлеңін оқу
— Өлең не туралы екенін түсіндіру
— Өлеңді жаттату
6) Дәптермен жұмыс
— ь әрпінің жазылу түрін көрсету
— Ауада жазу
— Тақтаға жазу
— ь әрпіне берілген сөздерді жаздыру
— диктант жаздыру
ь, лагерь, альбом, фильм, коньки, циркуль, компьютер. Балалар жазда лагерьге барды. Оқушылар лагерьде қызықты ойындар ойнады.
IV. Сабақты қорытындылау
— Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
— Оның жазылу түрін кім көрсетеді?
— ь дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
— Дидактикалық ойын: «Жоғалған буындар»
….. – бом, ла -….., ро -…..,….. – ки
Мадақтау

Кері қайту