Дүниетану сабағы «Менің үйім»

0
Пәні: дүниетану Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 1 Қатысқандар: Қатыспағандар: Сабақ тақырыбы: Менің үйім Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты 1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады Өз үйінің мекен жайын, қай жерде орналасқанын біледі. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Өз мекенжайын сипаттай алады. Көне заманмен қазіргі заман баспаналарын салыстыра алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Фигуралардан үйдің жобасын құрастыра алады. Бағалау критерийі *Өз үйінің мекен жайын біледі.*Көне заманмен қазіргі заман баспаналарын салыстыра алады.*Үйдің жобасын құрастыра алады. Тілдік мақсаттар Баспана,мекенжайБаспана дегеніміз не?Мекенжайды қалай анықтайды? Құндылықтарды дарыту -Өз үйінің ішкі ережесін берік ұстануға(таза ұстау, күту, жаңартуға ) тәрбиелеу.-Өз үйінің тәртібіне мойынсұну.-Өз үйінің мекенжайын есте сақтау. Пәнаралық байланыс Математика, сауат ашу АКТ-ны қолдану дағдылары Ерте замандағы үйлер мен қазіргі заман үйлеру туралы бейне баян. Бастапқы білім Баспана не үшін керек екенін біледі.Өз үйі туралы айта алады. Жоспар Сабақтың жоспарланған кезеңі Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың басы. 2минут

3минут

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілей отырып,дайындалған баспана суреттерінің түрлері бойынша топқа бірігеді.1-топ киіз үй2-топ жер үй3-топ көп қабатты үйҚызығушылықты ояту.Балалар мына суреттерде не бейнеленген?Бүгінгі тақырыбымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар? Оқушылар өз ойларын ортаға саладыСабақтың мақсаты:Оқушылар бүгін біз сабақта баспана түрлерімен танысып, өз мекенжайларыңды анықтайсыңдар. Баспана суреттер,

АКТТүрлі кезеңдегі үйлер суреттері

5 минут

«Мекенжайды анықтау» тапсырмасы. Топтық жұмыс. Оқушыларға жергілікті үйлердің түрлі фотосуреттерін көрсетемін. Сол суреттерге қарап өздері тұратын үйдің типін анықтайды.

Суреттер,фотосуреттер

Дескриптор *Үйлердің түрін анықтай алады.*Өз үйінің мекенжайын біледі. 2минут «Сен білесің бе?» айдарыШаңырақ-бұл отбасының белгісі . Ертеде дәстүр бойынша киіз үйдің шаңырағы әкеден балаға мұраға қалған. Шаңырақсуреті 5минут «Өз үйін сипаттау» тапсырмасы.Әр оқушы өз үйі қалай көрінетінін және де өздеріне ол жерден ненің көбірек ұнайтындығын сипаттай отырып, өз үйлерін талқылайды.

Маркер ,плакат

5минут «Баспаналарды салыстыру» тапсырмасы. Топтарға түрлі баспана бейнеленген суреттерберіледі, ең көне үйлерден бастап, қазірге дейінгі үйлерді сурет бойынша реттік қатарымен орналастырады.Қазіргі заманғы үйлерді ең соңында орналастырады.Оқушылар үйлердің уақыт өте келе өзгергенін түсіне отырып, сол суреттерді салыстыра отырып, зерделейді. Көне үйлермен қазіргі үйлер суреттеріПлакат Дескриптор *Өз үйлерінің ерекшеліктерін біледі.*Өз үйінің қандай тұстары ұнайтындығын біледі.*Ең көне үйлер туралы біледі.*Қазіргі уақыттағы үйлердің сипатын айта алады. 7 минут «Үйдің жобасын жасау»тапсырмасы.Түрлі –түсті геометриялық фигуралардан үйдің жобасын құрастыру.Қандай фигуралар түрлерін қолданғанын атау.Оқулықтағы берілген суретпен жұмыс жүргізу Геометриялық фигуралар Дескриптор *Геометриялық фигураларды ажырата алады.*Фигураларды дұрыс пайдалана алады. 5 минут Кері байланыс-Шаңырақ дегеніміз не?-Үйдің мекенжайы деген не?-Үйдің мекенжайында не көрсетіледі? Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? «Мекенжайды анықтау» тапсырмасы.Мақсаты: Өз үйінің мекен жайын, қай жерде орналасқанын біледі.«Өз үйін сипаттау» тапсырмасы.Мақсаты: Өз мекенжайын сипаттай алады. Көне заманмен қазіргі заман баспаналарын салыстыра алады.«Үйдің жобасын жасау»тапсырмасы.Мақсаты: Фигуралардан үйдің жобасын құрастыра алады. Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Критериалды бағалаудың қалыптастырушы бағалау түрі. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері Қайшымен, желіммен жұмыс барысында көзге, қолды қиып алмауды назарда ұстау.