Дүние қалай етсең табылады? Кәсібінен нәсіп тапқан

0
Сабақ : әдебиет Мектеп: Күні : Мұғалім: Сынып: 5 Қатысқан оқушылар саны:24 Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?». Кәсібінен нәсіп тапқан / 3сағат/ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И / анализ интерпретация/Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап, авторға хат жазуЖ5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазуО1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау Сабақ мақсаттары Барлық оқушы орындайды:Жазушының көзқарасын өмірмен байланыстырады Адам өміріндегі еңбектің ролін аша алады Оқушылардың көпшілігі орындайды:Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды қолдана отырып мәтін құрайдыЕңбегімен мақсатқа жеткен жандар туралы мәліметтер келтіре алады Кейбір оқушылар орындай алады:Шығармада көтерілген мәселені саралайды, өзіндік пікір айтады, дәлелдейді

Бағалау критерийлері

Хат жазуға қойылатын талаптарды біледі. — Негізгі ақпараттарды пайдалана отырып мәтін құрай алады -Жазушы еңбегіне өзіндік пікір білдіреді -Жеке тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттері бағаланады

Тілдік мақсат Пәнге байланысты сөздік қор мен терминдер: еңбек, адалдық, ынта Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестерНәсіп тапқандар, еңбегі жанғандар, ата өсиетіТалқылауға арналған тапсырмалар« Табыс кілті»,. Еңбектің маңыздылығы Құндылыққа баулу Адалдыққа, еңбекқорлыққа баулу, еңбекті бағалай білу Пәнаралық байланыс Өзін- өзі тану , қазақ тілі Тақырып бойынша алдыңғы оқу Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармалары жайлы біледі Жоспар Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту Миға шабуылОқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып, өткен сабақта Ы.Алтынсарин әңгімелерінен оқығандары бойынша бір-бірімен пікірлеседі. Реттік сандар арқылы топқа бөлу.. Топқа бөлу: «Еңбек» тобы« Адалдық» тобы«Ынта» тобы Слаид материалдары Сабақтың ортасы

Үйгетапсырма

Рефлексия

Қосымшаақпараттар

Үй тапсырмасын сұрау:Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады». Адал еңбекпен дүние табудың үлгісі.«Табыс кілті неде?» . Оқушылар баюдың 5жолы туралы мәліметтер тауып келеді.Жеке оқушылармен жұмыс.« Басбармақ» әдісі арқалы бағалайды.Жаңа сабақ: Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады». Кәсібінен нәсіп тапқанІ топ.Тапсырма: Балғожа бидің баласына жазған хатының жазылу тарихымен танысыңыз. Хат құрылысының ерекшелігіне назар аударыңыз. Хаттағы атасының немересін оқуға бергендегі мақсатын және қосымша деректі пайдаланып, ата үмітінің орындалған не орындалмағанын анықтаңыз. Жазушы еңбегіне өз көзқарастарыңыз бойынша баға беріңіз.

Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болып, ата-анасын асырауы. Балғожа бұл ойын Орынборда оқып жүрген жасөспірім Ыбырайға жолдаған өлең-хатында былайша білдіреді.Балғожа бидің баласына жазған хатыҮміт еткен көзімнің нұры балам,Жаныңа жәрдем берсін құдайтағалам;Атаң мұнда анаңмен есен — аман,Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.Атаңды сағындым деп асығарсың,Сабаққа көңіл бөлсең басыларсың;Ата — анаң өнер білсең асырарсың,Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың.Шырағым, мұнда жүрсең нетер едің?Қолыңа құрық алып кетер едің.Тентіреп екі ауылдың арасындаЖүргенмен не мұратқа жетер едің.

ІІ топ:Тапсырма: «Авторға хат». Жазушы еңбегіне өз көзқарастарыңыз бойынша баға беріңіз.

ІІІ топ.

  • Егер Антонға «орта бойлы арықтау кісі жолығып ақыл айтпағанда не болар еді?. Болжам жасаңыз.
  • Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы

    Жұппен жұмыс.Сөйлемдердің жалғасын тап. Мәтінмен жұмыс.

  • Сен қарауға еп- есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бар көрінеді,…………………………..
  • Мен өзім де сендей кедей едім,…………………………………
  • Бай болғың келсе, ………………………………………………….
  • Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып,…..
  • Жасым жас, ісіме нық, жинақы және…………………………..
  • Фабрикамды балама бердім,………………………………………
  • Себебі баламды да жасынан ………………………………………
  • Осы айтқанымдай, машақаттанудан қашпасаң,
  • Антон бұл сөздерді естіген соң………………………..
  • Тіленші деген сөз қандай мағына білдіреді?
  • Машақаттану сөзінің мән- мағынасы.
  • Реуішті сөзі қандай мағынада қолданған?
  • «Смайликтер арқылы» бағалау.

    Жеке жұмыс

  • Әр топ мүшелері топқа берілген тақырыптың мәнін бір сөзбен немесе сөйлеммен ашады.
  • «Сағат тілі» әдісімен сұралады.«Еңбек» тобы: Еңбек бәрін жеңбек. Еңбек етсең ерінбей, тояяды қарның тіленбей.«Адалдық» тобы: Адалдық- адал қасиет. Адал тапқан дәм сіңімді болдаы.«Ынта» тобы: Ынтаң болса, мақсатыңа жетесің.Ынталы бала еңбекқор болады.

    Бағалау критерийлері:

  • Сөздің мағынасын түсінеді.
  • Сөзді орынды қолданады.
  • Сөйлемдер тізбегін жасайды.
  • «Бүгінгі заман ерлері». Кәсібінен нәсіп тапқандар туралы ізденіп келу.

    Кері байланысБүгінгі сабақта не қызық ,не қиын, не жеңіл болды?«Даналық ағашына» оқушылар жауаптарын іледі.

    Ы.Алтынсариннің өзі жазған хаттарымен таныстыру.Еңбегімен бақытқа қол жеткізген мүмкіндігі шектеулі жандар туралы бейнероликтер көрсету.

    Қосымша ақпарат Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

  • Біріншіден, оқушыларға сенім білдіріп отырамын. Сен көп оқысаң, көп ізденсең мұратыңа жетесің сенен жақсы азамат шығады деп жылы сөздер арқылы қызығушылықтарын арттырамын.
  • Қабілеті жоғары оқушыларға ғылыми тұрғыдан зерттеуді қажет ететін тақырыптарды ұсынамын.
  • Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Оқушылардың барлық жұмыстарымен толық танысып шығуға тырысамын. Ерекше жауап берген оқушылардың сұрақтарына келесі сабақта уақыт тауып тоқталып кетуді мақсат етіп қомын. Тақырыпты толық меңгермеген оқушыларға жеке тапсырмалар дайындаймын. Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)Әрбір сабағымды міндетті түрде тәрбиемен ұштастыруға тырысамын.Еңбектен бақыт тапқан адамдар туралы және атаның немереден күтетін үміті туралы, жазушының өмір шындығын суреттеудегі Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? ОйланСабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. Жалпы бағаСәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?1.Топпен және жұппен жұмыс түрлері сәтті өтті.2.Шығармашылық жұмыс түрлерінің алуан түрлілігіҚандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  • Үнемі шығармашылық ізденіс
  • Оқушыларға сенімділік
  • Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?