«Досым саған сенемін» Мұқағали Мақатаев
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Бағыты: Қосымша білім беру Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 9 сынып
Мұқағали таңдау курсы бойынша сабақ жоспарымның үлгісі
Сабақтың тақырыбы: «Досым саған сенемін»
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: оқушыларға ұлы ақын мұрасы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету; 2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;3. Тәрбиелік:Мұқағали тағылымы негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі жасау.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Пәнаралық байланыс: Музыка , қазақ әдебиетіСабақтың барысы.І Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру; 3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;ІІ Жаңа сабақ.Дос болам десең, Досыңды сыйла, қымбаттым! Досыңа сонда, Досыммен ғана қымбатпын. Дос болам десең, Мендегі доспен достасқын, Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын. Достарың көп пе? Апырау неткен жақсы едің? Досым аз менің… Досым-ау менің, тапшы емін? Достарыңменен достастыр мені, асылым, Достастыр мені? Болайын құлың нақ сенің! Достыққа жүрмін, Достыққа жүрмін құмартып! Өлгелі жүрмін, Өзіме-өзім мін артып… Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан, Достардың барып, ауласында өлген мың артық. Досым, саған сенемін. Сеніп өтем! Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен. Достық деген — адамның көрігі екен, Достық деген ақылдың серігі екен. Қыран күлкі-тамаша — бәрі осында, Отырмын думан-тойдың арасында. Береке бойдан асып жатқанымен, Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба? Ұйытқып жатыр көңілде құйын-дауыл, Heгe сен келе алмадың жиынға бұл?! Жыраққа жалғыз мені жібермеші Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр! Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі, Өзімсіп: — Ей! — деседі,- өй! — деседі. Шіркіндер-ай, даурығып тыңдар емес! Есіме ап, тост көтертсем, кейде сені. Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба? Сенсіз думан — қызықсыз бос қырманда. Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп, Сенің орның құлазып, бос тұрғанда.ІІI Сабақты бекіту:Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.1.Өлең не жайында?2.Өлеңнен алған әсерлерің қандай?3.Өлең не жайыында айтылған?4. Өлең неше шумақтан тұрады
IV Сабақты қорытындылау:VI Үйге тапсырма: 1.Өлеңді оқып келу2.Мазмұндау
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.