Доңыз жылы не сыйламаған дұрыс?

0

Доңыз жылы не сыйламаған дұрыс?

Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Адамдардың басым көпшілігі жақындарына сыйлық іздеп, үйді безендіріп мерекелік көңіл күймен жүр. Дегенмен, кейде сыйлық таңдар сәтте де келер жылдың иесіне де мән берген жөн. Мысалы, биыл жақындарыңыз доңыз жылы сыйға тартуға болмайтын заттардың тізімін біз былайша ұсынамыз:

Күтінуге арналған заттар:

Доңыздың иіс сезу мүшесі қатты дамыған. Ол ылғи шалшыққа малынып өмір сүреді. Сондықтан, сабын, сусабын, тарақ секілді гигиеналық заттарды сыйлау орынсыз болады.

Алқа түрлері:
Бұндай аксессуарлар қарғыбауды (ошейник) еске түсіреді. 2019 жыл белгісін ашуландырып алмай, қыз баласына қуантқыңыз келсе,  сақина, сырқа мен білезік сыйға тартсаңыз да болады.

Иіссу:
Доңыздың өткір иісті жақсы көрмейтінін де естен шығармаңыз. Сол себепті, иіссу сыйлауды ойыңыздан шығарып тастаңыз. Өйткені, доңыз жылы иіссу алсаңыз шаруашылықта қиындыққа тап болуыңыз мүмкін.

Пышақ:
2019 жылы пышақ секілді кесетін, өткір заттарды сыйлаудан бас тартыңыз.  Өйткені, бұл сәтсіздіктерге алып келеді. Доңыз бұны қауіпке балап, сыйлық алушыға қиындық тудыруы мүмкін.

Қолөнер бұйымдары:
Доңыз қолдан жасалған сыйлықтарды бағаламайды. Ол шаруашылыққа жақын. Сондықтан, істе, жұмыс пен шаруашылықта пайдасын тигізетін сыйлықтарды жоспарлаңыз.


Дереккөз: https://massaget.kz/