Дипломдық жұмыс: Қаржы | Бөлім Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар бойынша әдебиеттерге қабылданған заңдар мен актілерге шолу

0

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………
1.Бөлім Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар бойынша әдебиеттерге қабылданған заңдар мен актілерге шолу.
1.1 Бағалы қағаздар туралы әдебиеттер және қабылданған заңдармен нормативтік актілерге шолу…………………………………………………. ………………………
1.2 Халық Банкісінің бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларының ережелері…………………………………………………………………………
1.3 Бағалы қағаздар рыногы…………………………………………………………….
2. Бөлім Бағалы қағаздар мен операциялардың есебі.
2.1 Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі……………………
2.2 Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін келісім алу тәртібі………………………………………………………………………………………..
2.3 Бағалы қағаздар мен жүргізілетін операциялардың есебі……………
1.4. Сыртқы және ішкі бағалы қағаздар базарында (рыногында) бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру жолдары………………………………….
Қорытынды…………………………………………………………………………………………
Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………………………..
Қосымшалар.

Нарықтық сипаттағы қазіргі заманғы экономиканың толыққанды қызмет етуі дамыған қор рыногынсыз (оның барлық компонеттерін – борыштық құралдар рыногын, мемлекеттік те, корпоративтік те акциялар рыногы мен туынды бағалы қағаздар рыногын қамтитын) мүмкін емес. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда жоғарыда аталған үш сегменттің алғашқысы ғана қалыптастырудың сәті түсті, ал солардың ішіндегі ең маңыздысы – акциялар рыногының “көгілдір фишкалар” бағдарламасын жүзеге асыруға әлденеше рет әрекет жасалғанымен, әлі күнге дейін нашар дамып отыр. Акциялар рыногын дамыту жөніндегі негізгі міндет – бағалы қағаздардың ауқымды ұсынымын жасауға және оларға деген төлем қабілетті сұранысты қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер болуы керек. Бұл орайда негізгі мміндет отандық эмитенттердің акциялар ұсынымын қамтамасыз ету болып табылады. Эмитенттер бірқатар объективті және субъективті себептерге байланысты әлі күнге дейін ашық қор рыногына шығуға мүдделілік танытпай келеді.
Мыналар рынокты акциялармен толықтыру жөніндегі негізгі бағыттар бола алады:
1 жекешелендірілген кәсіпорындардың мемлекеттік меншікте қалып отырған акциялар пакетін сату;
2 ұлттық және мемлекеттік компанияларды акционерлендіру және олардың акцияларын биржалық айналысқа шығару. Мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін осы компаниялардың жарғылық қоры мөлшерін алдымен олардың активтерінің құнын және рыноктағы жағдайы тура көрсететіндей көлемге дейін ұлғайту қажет, ал бұл қайта бағалауға танымал шетелдік аудиторлық компанияларды тарту керек;
3 еліміздегі орта және шағын компаниялардың қор рыногына шығуын ынталандыратын жағдайлар жасау.
Қазақстандық эмитенттердің акцияларына төлем қабілетті сұранысты қамтамасыз ету жөніндегі негізгі бағыттар мыналар болуы керек: а) институттық инвесторлар топтарын, ең бірінше кезекте — өзара қорлар қалыптастыру үшін жағдайлар жасау; ә) Қазақстан рыногына шетелдік портфельді инвесторлар тарту; б) қор рыноыгна жеке инвесторлардың қаржысын тарту.
Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесінде ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.
Біріншіден, бағалы қағаздар өз кезегінде меншік титулы нысанында мүліктік құқты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер), немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы қарыздық қатынасты куәландыратын ақша құжаты.
Екіншіден, бағалы қағаз қорларды инвестициялау туралы куәландыратын құжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рөль ойнайды.
Үшіншіден, бағалы қағаздар – бұл нақты активтерге (акцияларға, чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына), талап етуді көрсететін құжаттар.
Төртіншіден, бағалы қағаздардың экономикалық мәнін түсіну үшін маңызды сәті – олардың табыс әкелуі болып табылады.
Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттерімен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.
Өтімділіктің астарында бағалы қағаздардың сатылуы нәтижесінде ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр. . Себебі бағалы қағаздар – бұл тек меншік титулы, табыс алуға құқық беретін, бірақ нақты капитал алуға құқығы жоқ құжат.
Сонымен, бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданылатын әр түрлі құжаттардың жиыны.
Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар,кредиттік операциялар, вексельдерді есепке алу, қайта есепке алу операциялары , өз есебінен және тапсырмалар бойынша бағалы қағаздарды сату-сату алу операциялары, бағалы қағаздар айналысына қызмет көрсетулер ретінде топтастыруға болады.
Банктер бағалы қағаздар рыногындағы тиісті операцияларын тек уәкілетті мемлекеттік орган беретін лицензия негізінде жүзеге асыра алады.
Бағалы қағаздар нарығындағы банктер өз клиенттеріне қызмет көрсету процесінде аталмыш нарыққа байланысты коммерциялық және операциялық қызмет құпиясын құрайтын мәліметтердің жарияланбауына , сондай-ақ бөтен тұлғалардың пайдалануына жол бермеуге мүмкіндік беретін талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бағалы қағаздар туралы әдебиеттерге шолу жасайтын болсақ ,С. Мыржақыпованың “Банктегі бухгалтерлік есеп” оқулығында толық мәлімет жазылған.
Диплом жұмысы тақырыбының мақсаты — “Халық банкінің” бағалы қағаздар операцияларын жетілдіру және дамыту, сондай-ақ бағалы қағаздарды сатуда табыс алу және бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру жолдары болып табылады.
Менің диплом жұмысымның тақырыбы — “Халық банкі” Мақтаарал бөлімінде бағалы қағаздар операцияларын жетілдіру жолдары. Бұл жұмыс “Халық банкінің ” мәліметтері негізінде жазылды.
Бірінші бөлімде – Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар бойынша әдебиеттерге және қабылданған заңдар мен заң актілеріне шолу,”Халық банкінің” бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларының ережелері, сондай-ақ бағалы қағаздар қоры мен нарығы қарастырылған.
Екінші бөлімде – Бағалы қағаздар түрлері мен олардың жіктелуі , бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін келісім алу тәртібі туралы , бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың есебі , сыртқы және ішкі бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру жолдары жан- жақты қарастырылған.
1-бөлім Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар бойынша әдебиеттерге қабылданған заңдар мен актілерге шолу.

1.1 Бағалы қағаздар туралы әдебиеттер және қабылданған заңдармен нормативтік актілерге шолу.

Қазақстан Республикасында заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналыста болуы және өтелу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің құрылуы мен қызметінің ерекшеліктерін реттейді, бағалы қағаздар рыногының қауіпсіз, ашық түрде және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, инвесторлар мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын, бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының адал бәсекесін қорғау мақсатында бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалау тәртібін айқындаиды.
Қазақстан Республикасында заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
• агенттік облигация – қаржы агенттігі шығаратын облигация;
• андеррайтер – бағалы қағаздар рыногының брокерлік – диллерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушысы;
• эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою – эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектісі ретінде өмір сүруін тоқтату;
• құжатсыз бағалы қағаз – құжатсыз нысанда ( электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаз;
• оқшаулау – бағалы өағаздарды ұстаушылар тізімі жүйесінде және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде бағалы қағаздар мен жасалған азаматтық – құқық мәліметтерді тіркеуге бағалы қағаздардың сақталуына кепілдік беру мақсатында жүзеге асырылатын уақытша тыйым салу;
• брокер – бағалы қағаздар рыногрының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялау бағалы қағаздар мен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушысы;
• ішкі құжаттар – бағалы қағаздар рыногы субъектісінің, оның органдарының, құрамдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілеттіліктерінің,) қызметкерлерінің жағдайлары мен тәртібін, қызмет көрсетуін және оларға ақы төлеу тәртібін реттейтін құжаттар;
• бағалы қағаздардың қайталама рыногы – орналастырылған бағалы қағаздардың айналасы процесінде бағалы қағаздар рыногының субъектілері арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;
• жеке шоттан үзінді- бағалы қағаздар болып табылмайтын, тіркеуші несие нақтылы үстаушы беретін және тіркелген тұлғаның эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша белгілі бір уақыт кезіндегі құқықтарын растайтын құжат;
• эмиссиялық бағалы қағаздар шығару – эмитентінің эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектісі ретінде пайда болуына бағытталған іс- әрекетті, немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығы; эмиссиялық бағалы қағаздардың мелекеттік тізілімі – уәкілетті орган қалыптастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттері туралы мәліметтердің жиынтығы; [3, 3 бет]
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын қарыз алуға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
• делистинг – бағалы қағаздарды сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімінен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау;
• қаржы құралдарын материалсыздандыру – құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдары орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі электрондық жазбалармен реттеу арқылы өзгерту;
• өтініш беруші – бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру мақсатымен уәкілетті органға құжаттарды табыс еткен заңды тұлға;
• инвестициялар – лизинг шартын жасасқан кезден бастап лизинг шарттарын қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрі, сондай-ақ оларға қызмет үшін пайдаланатын тіркелген активтерді көбейту;
• жеке инвестор – инвестициялық инвестор болып табылмайтын инвестор;
• институциалдық инвестор – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға;
• ипотекалық облигация – ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құығы кепілімен ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда сондай-ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтың актісімен белгіленетін өзге де жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген облигация;
• қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг – қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу нәтижесінде жүзеге асырылатын есеп айырысуға қатысушы тараптардың өзара талаптарымен міндеттемелерінің есебі;
• айырбасталатын бағалы қағаз – акционерлік қоғамның шығару проспектісінде айқындалған талаптармен және тәртіппен оның басқа түрдегі бағалы қағазына айырбасталуға жататын бағалы қағазы;
• мүдделер қақтығысы – бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларымен олардың клиенттерінің мүдделері бір – біріне сай келмейтін жағдай;
• биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы – акционерлік қоғамның ұйымдық – құқықтық нысанында құрылған, осы сауда – саттықты ұйымдастырушы клиенттерінің арасында баға белгілеу арқылы сауда – саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
• левередж-эмитенттің міндеттемелері мен өз капиталы мөлшерінің ара қатынасы;
• листинг – қор биржасының сауда жүйесінде эмиссиялық бағалы қағаздарды айналысқа жіберу рәсімі;
• жеке шот – бағалы қағадарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүиесінде бар, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзгеде қаржы құралдары боиынша мәмілелерді тіркеу және құқықтарын есепке алу мақсаты мен тіркелген тұлғаны сөсіз бірдеилендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;
• ұлттық бірдейлендіру нөмірі – эмиссиялық бағалы қағаздарды бірдейлендіру және есепке алуды жүйелеу уәкілетті орган беретін әріптік-сандық код;
• мелекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар ҚР-ның заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған, мермлекеттік емес ұйымдар шығаратын акциялар, облигациялар және өзге де бағалы қағаздар;
• ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы – бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құралдарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылмайтын саласы;
• қамтамасыз етілген облигация – эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілі мен, кепілдік беру мен және ҚР-ның азаматтық заңдарына сәйкес өзге де тәсілдермен қамтамасыз етілген облигация;
• облигациялық бағдарлама – эмитент бірнеше облигациялар шығаруды, оның ішінде шығарылымның тиісті проспектісі белгілейтін әртүрлі құрылыммен шығару мен жүзеге асыруға құқылы болатын шетке облигациялар шығару;
• эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы – қайталама бағалы қағаздармен азаматтық құқықтық мәмілелер жасау;
• жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылуын уәкілетті орган тіркеген бағалы қағаздар;
• сауда-саттықты ұйымдастырушы – қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы;
• ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы, — мәмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен қзге де қажы құралдарының айналыс саласы;
• бастапқы бағалы қағаздар рыногын – эмитенттің бұрын қайталама бағалы қағаздар рыногында өзі сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрі орналастыруын қоспағанда, эмитнттің (андеррайттердің немесе …

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!