Дипломдық жұмыс: Философия | Тоталитаризмнің табиғаты мен философиясы

0

Мазмұны

КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
1 ТОТАЛИТАРИЗМ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ –
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ КОНТЕКСТІ………………………………
1.1 Коллективизм және индивидуализм………………………….
1.2 Қоғам және адам туралы тоталитарлық концепциялар…
1.3 Тоталитаризм мәнін ашудағы әдіс- тәсілдер………………
2 ТОТАЛИТАРЛЫҚ РЕЖИМ ҚОҒАМЫ МЕН АДАМ
САНАСЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ТАБИҒАТЫ…….
2.1 Тоталитаризм – сананы тотальды бақылау ретінде……….
2.1.1 Еркіндік және оның практикада игерілуі…………….
2.1.2 Адамның саналы және бейсаналы қызметі…………..
2.1.3 Адам болмысының субъект пен объектіге жаттануы………………………………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………….

КІРІСПЕ
Адамзат пайда болып, оның өзіндік сана- сезімі оянғалы бері өмір бойы қойылып келе жатқан жалғыз проблема бар. Ол – адамның өзі. Қалған мәселелердің барлығы осы проблемадан туынды. Адамдар өздерінің қоғамдық табиғатына сай бірлесіп өмір сүрді, өмір сүріп жатыр және өмір сүре береді. Алайда, оның екінші табиғаты бар. Ол – оның индивидуалдылық табиғаты. Белгілі бір дәрежеде, тарихи тұтас көзқараспен алғанда адамдар өмірі осы екі табиғаттың бір- бірімен күресі деп айтсақ жаңылмаймыз. Бір де біреуі басым түссе, бірде екіншісі басым түседі.
Қоғам болып өмір сүрген соң олардың әрқайсысының жеке табиғаттарына сай қоғамда іркіліс, жанжал болмай тұрмайды. Кейде осындай қоғамдық дағдарыстардың бірі адамдардың шектен тыс еркіндікке ұмтылуы арқасында, қоғамда қатаң тәртіп орнатуға алып келеді. Ал өз кезегінде тарихта мұндай қатаң тәртіптер қоғам мүшелерінің түгелдей бақылауға алынуына, олардың жеке еркіндіктерінің тарылуына жиі алып келді. Мұндай кезде қоғамда адамның жеке тұстарына қарамайтын, жалпы билік орнайды, яғни, қазіргі тілмен сөйлегенде , тоталитарлық тәртіп орнайды. Мұндай қоғамдар бұрын да өмір сүрген, қазір де өмір сүріп жатыр. Бұлай деп айтуымның себебі, олар әр дәуірде әртүрлі формада, тіпті бір дәуірдің ішінде әртүрлі формада қатар өмір сүруі.
Кеңестік қоғам ыдырағалы бері, біз өзімізді тоталитарлық тәртіптен азат болдық деп еркін сезінгендей болғанбыз. Дегенмен, мұның бәрі осылай деп айтуға болмайды. Тоталитаризмнің адамға табыну түрінен біршама азат болғанымызбен, енді товарлы тоталитаризмге көшкен сыңайымыз бар. Біз кімбіз? Қайдан келеміз? Қайда барамыз?
Ендеше, бұл еңбек тоталитаризмді, оның түрлерін зерттеуге арналады.
Зерттеу жұмысын объектісі: тоталитаризм құбылысы.
Зерттеу пәні: тоталитаризмнің философиялық алғы шартта қалыптасуы.
Жұмыстың мақсаты: тоталитаристік қоғамның рухани күйін ашып көрсету.
1. Берілген мақсатқа жетуде келесі міндеттер қаралды: филисофиялық әдебиеттер бойынша теориялық анализ жасау.
2. Тоталитаристік қоғамның басқа қоғамдардан ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: қоғамның өз өткенін түгендеп, қазіргі тұрған орнын анықтап, келешекке жол татуы, бағдар алуы, өз өзіне ой толғауынсыз мүмкін емес. Мұндайда қоғамда дұрыс ой — пікір қалыптастыра алу керек.
Тек өзіндік дұрыс сана – сезім қалыптастыра алу арқасында ғана қоғам дұрыс бағыт ала алады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: дәстүрлі түсініктегі тоталитаризмнің басқа да түрлерін көрсету.

1 ТОТАИТАРИЗМ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ — МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ КОНТЕКСТІ

КОЛЛЕКТИВИЗМ ЖӘНЕ ИНДИВИДУАЛИЗМ
Жер бетінде адамзат пайда болғалы бері оның өз көлеңкесіндей адамдарлың қоғам болып бірігіп өмір сүру процестері де қатар жүріп келеді. Негізінен, жалпылай отырып адамзат қоғамының екі басты типін көрсетуге болады. Олардың біріншісі- коллективистік қоғам, екіншісі- индивидуалистік қоғам. Адамзат тарихы әрбір дәуірге сай ерекше түрлері бар коллективистік және индивидуалистік қоғамдардың текетіресі. Әрбір жаңа дәвір коллективизм мен индивидуализмді олардың жаңа формалары арқылы қайта тудырып отырады. Бұл адамзат тарихының барысы түзу сызықты қозғалыс емес екенін көрсетеді. Онда бірыңғай емес өте көп қимылдар, артқа шегіністер мен қайта жаңғырулар, күрделенген іс- әрекеттер болып жатады. Басты тақырыбымыз кллективизм және оның түрлері болғандықтан, бұған мен көбірек көңіл бөлуге тырысамын.
Әрбір тарихи дәуірде – аграрлы дәуірді, аграрлы- өнеркәсіпті дәуірді, индустриальды дәуірді- жоғарыда аталған екі қоғамдық типтердің біріншісі- коллективизм тарихи түрлі формаларда түлеп келіп отырды. Біріншісі, көне дәуір коллективизмі; екіншісі Орта ғасыр коллективизмі; үшіншісі қазіргі заманғы индустриальды қоғам коллективизмі (соңғысын тоталитаризм деп атап жүрміз).
«Коллективизм» термині белгілі бір коллективтің, мысалы, қоғам мен мемлекеттің, ұлт пен кластың жеке адам басына абсолютті басымдығын білдіреді. Ол кез – келген құралдар арқылы, керек болса күштеу арқылы да жек адамның автономиясына қарамай қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыратын әлеуметтік жүйе.
Коллективизм коллективистік қоғам жобасы түріндегі теориялық та болуы мүмкін және нақты коллективистік қоғам түрінде өмір сүретін практикалық та болуы мүмкін. Практикалық коллективизм варианттары- ұлтшыл Германия мемлекеті мен коммунистік Совет мемлекетін атауға болады. Мұның екеуі де коллективті қоғамға лайықталған теориялық жоба формасында өмір сүреді. Платонның жетілген мемлекет теориясы көне дәуір коллективизмінің айқын концепциясы. Платон «Мемлекетінде» билік философтарға тиісті, бірақ олардың өздері де билікте шектелген. Олардың билік етуі коллективті болып табылады. Платон бүкіл мемлекет мүддесін көздейді. «Олар уақытының көбісін философияға арнайды, ал кезектері келгенде, адамзаттық құрылым орнатуға кіріседі және мемлекеттік қызметтер атқарады. Мұның бәрін олар бұл бір жақсы нәрсе болғандықтан емес, тек мемлекет үшін қажет болғандықтан осылай істейді» /1;126/
Философтар шығарған заңдар тек философтар мүддесіне сай емес, керісінше, тек бүкіл мемлекет мүддесіне келуі керек. «Заңның мақсаты халықтың белгілі бір бөлігінің амандығын емес, бүкіл мемлекет игілігін қамтамасыз ету. Заң барлық адамзаттардың бүкіл қоғам үшін және бір – біріне пайдаларын тигізетіндей етіп істеп, біресе күш арқылы , біресе сендіру арқылы олардың бірлігін қамтамасыз етеді. Жоғарғы парасатты адамдарды ол мемлекет басына олар білгендерін істеу үшін емес, керісінше, мемлекетті нығайту үшін оларды пайдалануға бола алып келеді» /1;186/
Ал Платонды қатты сынға алған ХХ ғасыр философы К.Поппер болса былай дейді: «Меніңше, бұл программаны толықтай тоталитарлық деп атауға болады. Адамгершілік жағынан алғанда Платонның саяси программасын тоталитаризм шеңберінен шықпайтын және негізіненде ол программа тоталитаргизмге теңбң- тең деп есептеймін. Мен Платонның тоталитаризмге шын берілгендігіне күмәнім жоқ» /2;124. 127/
К.Поппер өз еңбегінде жабық қоғам мен ашық қоғам айырмашылығын көрсетеді. Платон теориясын сынай келіп, ол тағы былай дейді: «Жабық қоғам , яғни, коллективті қоғам мүшелері жартылай биологиялық байланыстар- туыстық, жалпы өмір, жалпы жұмыстарға қатысу , бірдей қауіп- қатерлік, жалпы апаттар арқылы біріккен жартылай органикалық тұтастық болып табылуы арқылы табынға немесе қауымға ұқсайды. Бұл – бір- бірімен тек товар алмасу және еңбек бөлінісі секілді абстарктілі әлеуметтік қатыныстар арқылы ғана емес, сондай- ақ көру, сезу, иіс сезу сықылды нақты физикалық қатынастар арқылы да, байланысқан нақты индивидуумдардың нақты тобы» /2;218/
Индивидуализмге қарсы тұрған коллективистік жүйелердің ажлпы белгісі, ол- білгілі бір қоғамдық мақсаттарға жету үшін қоғамның өндіргіш күштерін саналы ұйымдастыруға ұмтылу болып табылады. Коллективизмнің әртүрлі формалары қоғамның барлық күшін жұмылдыруға тиіс ортақ мақсаттың табиғатын өз ерекшеліктеріне сай анықтаса да, дегенмен, басқа бір философ Ф.А.Хайек мынаны айтады: «Әйтседе олардың барлығы либерализм мен индивиализмге ұқсамайды, олар қоғамды тұтастай етіп ұйымдастыруға ұмтылады және оның қоғамның, барлық ресурстары бір мақсатқа бағындырылады. Олар индивид пен оның еркі мақсат болып табылатын қандай да бір автономиялық сфераны мойындаудан бас тартады» /3;143/
Коллективизм кез- келген бәсекелестікті ығыстырып шығыратын жоспарлы экономиканың болуын көздейді. Коллективизм енгізетін бірорталықтанған жоспарлау бірізді ойдың диктатурасына, құндылықтардың ерекше жүйесіне алып келеді,- дейді Хайек: «Коллективистік ойдың трагедиясы ол- басында ақылды дамудың басты факторы ретінде көкке көтере отырып, аяғында сол ақылды бұзып – жаншуға келеді, өйткені ақыл қозғалысының негізі болып табылатын процесті дұрыс талқыға салмайды» /3;110/
Коллективизм орта ғасырларда да орын алды. Аспан әлемін сатылап тастаған монотеистік діндер пайда болып, басымдыққ ие бола бастады. Коллективті құндылықтар индивидуалды құндылықтардан асып түсіп, рациональды негізделе бастады. Орта ғасыр кезеңінде адамдар өмірінде шіркеу басты орын ала бастады. Барлық құбылыстардың мәні құдайжан ізделді.
Адамзат өмірінің жоғары, көктегі өмірі және төменгі жердегі өмірі туралы түсінік әмбебеп мәнге ие бола бастады. Шіркеудің қолдауына ие болған бірорталықтанған күшті мемлекеттер пайда болды. Билеуші топтың қалған тобырдан бөлінуі сақталды және шіркеу ілімдері арқылы тобыр азғантай топтың айналасына үйіріліп отырды. Шіркеу өзінің теологиялық ілімдері арқылы тобырды коллективті ойлауға үйретіп, іс жүзінде оны әлсіз, әрекетсіз жеке басын жоғалтқан жеке адамдардың тобыры етіп ұстады. Адам жанын талдаған З.Фрейд былай деп жазады: «Шіркеу де, әскер де қлдан жасалған тобырлар. Ол жерде тобырларды шашпай ұстап тұру үшін және олардың құрылымын бұзбай ұстау үшін белгілі бір дәрежеде сырттан мәжбүрлеп отыру қажет. Ережеге сай ешкімнен ешнәрсе сұрамайды немесе ол осындай тобырдың мүшесі болғысы келе ме әлде жоқ па бұған ешкімге таңдау бермейді. Шығуға тырысу танытқандар қудаланып, қатаң жазаланады» /4;278/
Кітапханалар жабық ұсталды. Оған кез – келген адамның қолы жете бермеді. Адамдар, «Құдай қаласын» іздеуде ес- түссіз жаттанып кеткендерін де білмей қалды. ХХ ғасырда тоталитаризм деген атқа ие болған ол- индустриальды қоғам коллективизмі. Бұл жерде адамдар енді «Құдай қаласын» іздемей – ақ жақсыз, жалқылығынан айрылған жай жиынтық тобырға айналып, жаттанып жатыр. Бұған менің өзім де куә бола аламын. Қазіргі заман тоталитаризмі жағдайында біз енді құдайдың өзін былай қойып, адам мен затты да құдайға айналдырып үлгердік.
К.Маркс өзінің «Капитал» атты еңбегінде товар фашизмнің мәнін жан – жақты ашып көрсетеді. Адам еңбегі арқылы жасылған заттардың құндарының қатынасы және осы қатынас түрінде көрінетін товарлы форма заттардың физикалық табиғатына және осы табиғаттың келіп шығатын заттардың қатынасына ешқандай қатысы жоқ. Бұл – бар болғаны олардың көз алдарында заттар арасындағы қатынастардың фантастикалық формасына ие болатын адамдардың өздерінің белгілі бір қоғамдық қатынасы. Бұның аналогиясын табу үшін бізге дін әлемінің тұманды облыстарына өтуге тура келген болар еді. Бұл жерде адам миының өнімдері бір – бірімен және адамдармен белгілі бір қатынастарда тұратын, өз меншікті өмірі бар жеке тәуелсіз тірі жан болып көрінеді. Дәл осы жағдай адам қолымен жасалған заттар әлемінде де болып жатыр. Дәл осыны мен товарлы өндірістен бөле- жара қарауға болмайтын және товар ретінде шығарылатын адам еңбегі заттарына тән фетишизм деп атаймын» /5;82/
К.Маркстің осы айтқандары қазіргі тоталитаризмнің батыстық типі түрінде іс жүзінде болып жатыр. Алайда, коммунистік коллективизмнің басты идеологы К.Маркстің өзі де «тоталитарлық тұлғаның» пайда болуын көз алдына елестете алған жоқ. Бұған қоса, ол коммунистік қоғам бұндай тұлғаны жоққа шығаратын біртұтас жан – жақты дамыған адамның қоғамы болады деп пайымдады.
Сонымен, біз кімбіз? Коллективизм бе әлде индуализм бе? Индуализм орнаған деп жүрген батыста шынымен бар ма? Біз ше? Жарты ғасырдан астам текетірестен соң құлағын Кеңес одағы адамдары болған мына біз шынымен саяси бостандыққа ие болдық па әлде жоқ па? Кеңес Одағы кезіндегі жеке тұлғаға табынудан арылған соң (шын мәнінді әлі күнге дейін арыла алмай келеміз) басқа құдай ойлап тауып соған жаттанып кеткен жоқпыз ба? Бұл жағдайдың мәнін ұғыну тарихи оқиғаға айналған құбылыстарды да, қазіргі қалыптасқан жағдайда да вертикальды және горизонтальды жан – жақты талдау жасауды талап етеді.

ҚОҒАМ ЖӘНЕ АДАМ ТУРАЛЫ ТОТАЛИТАРИСТІК КОНЦЕПЦИЯЛАР

Антика дәуірінде өмір сүрген Платонның жетілген мемлекет
теориясы ең бірінші анық жазылған, біршама аргументтелген коллективистік қоғам концепциясы болып табылады. Бұл концепция оның «Мемлекет» диалогында жақсы баяндалған. Платон жетілмеген индивид идеясын және сол индивидтің жалпылықтың, біртұтастықтың мүддесіне бағындырылған идеясын негіз етіп алады. Бұл — нақты өмір сүрген және теориктер айлап тапқан барлық коллективистік қоғамдардың орталық идеялары.
Платон айтуы бойынша, индивид іштей шектелген табиғатты бар болуы себепті ол жетілген бола алмайды. Адамның жетілуі әртүрлі сатыда болады.Керек десеңіз, жетілген адамдардың өздері де басқаларға тәуелді демек, қоғам мен мемлекетке де тәуелді. Жетілген адамдардың өздері де тек қана мемлекет шеңберінде ғана өніп- өсе алады. Дәл содықтанмемлекетті индивидтен жоғары бағалау керек. Мемлекеттің құлауы мен іріп- шіруінің себебі оның өзінде жатқан жоқ . Керісінше, мұның себебі индивидтің өзінде, оның жаны мен табиғатының жетілмегендігінде жатыр. Адамзат тегінің кері қарай жүріп , тоз- тоз болуында. Сондықтан, индивмд емес тек қана мемлекет қана жетіле алады, ал жеке индивидтер жалпыға біртұтастыққа қызмет етуі тиіс. «Біз басында, мемлекет негізін салып жатқанд, тек біртұтастық үшін ғана қимыл — әрекет жасау керек екенін бекіттік. Міне, осы біртұтастық әділдік болып табылады немесе оның көптеген түрлерінің бірі болып табылады. Және біз әрбір жеке адам мемлекетке қажетті істердің біреуімен ғана шұғылдану керек екенін бекіттік, және мұның өзінде де ол өзінің табиғи қабілеттілігіне сай лайық іспен шұғылдануы тиіс» /1;224/
Платон осылайша, барлық жеке адамдарды жай жиынтық қосылыс емес, біртұтасқа ерітуді көздейді. «Біз мұнымен азаматтардың әрбіреуін табиғи қабілеттері сәйкес келетін сол бір істі істеу керек екендіктерін көрсеткіміз келеді. Оларға тән іспен шұғылдана отырып, олардың әрқайсысы жай жиынтық емес, бірліктің мүшесі болып табылады: Осылайша, бүкіл мемлекет жиынтық емес, біртұтас бірлікке айналады» /1;211/….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!