Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Еңбекақы төлеудің есебі және аудитін жүргізу

0

Мазмұны

I-БӨЛІМ “КОНТАЛ” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТІҢ НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ –ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
1.1 “Контал” жауапкершіліг серіктестігінің қаржы шаруашылық жағдайын талдау
1.2 “Контал” жауапкершіліг серіктестігінде бухгалтерлік есеептің құрылымының ұйымдастырылуы

II-БӨЛІМ “КОНТАЛ” ЖАУАПКЕРШІЛІГ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСМТІГІНДЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ЕСЕБІ
2.1 Еңбекерлердің құрамының есебі
2.2 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны
2.3 Жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар
2.4 Жұмыс берушінің сеебінен төленетін жәрдем ақы. Демалыс ақысын төлеу
2.5 Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу есебі

III-БӨЛІМ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНЕ АУДИТ ЖҮРГІЗУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
3.1 Аудит негіздері және оны атқаратын қызметтері
3.2 Еңбекақы есебіне аудит жүргізу үшін түзетілетін аудиторлық бағдарлама
3.3 Еңбекақы есебіне аудиторлық талдау

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
Нарықтық экономикаға көшу кезінде экономиканың барлық салаларында түбегейлі өзгеріс болды. Сонымен қатар еңбек ақы төлеу жүйесі де өзгеріске ұшырады. Мемлекет пен кәсіпорындар және жұмысшылар арасында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруда жаңа қатынастар пайда болды. Нарықтық экономикаға көшу кезеңі еңбек қатынастарын реттеу формаларынада өзгеріс енгізді. Ендігі жерде еңбек қатынастарын реттеуші формалары заң арқылы тарифтік және ұжымдық келісімдермен реттелетін болды. Әрбір кәсіпорын өз алдында тұрған мақсаттарына жету үшін өзіне қолайлы еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауға құқылы. Еңбек ақы төлеудің өзекті мәселелері –ол еңбеккерлерге еңбек ақы төлеу мөлшерлерін төмендету және жоғарлатуға байланысты: еңбеккер әр уақтада жоғары еңбек ақы алуға ынталы, бірақ жұмыс беруші еңбекақыны төмендетуге сол жолмен өнімнің құнын арзандатуға әрекет етеді. Еңбек күшін тиімді пайдалануда бірінші әсер ететін фактор –ол еңбекке ақы төлеу жүйесі. Ал осы жоғарыдағы фактор еңбеккердің жұмыс орнына келуге негізгі себеп болып табылады. Сол үшін бұл мәселені күрделілігін бағалап болмайды. Еңбек және еңбекке ақы төлеу еңбектің сапалылығына және санына жедел бақылау жүргізуге және еңбек ақы фондына әлеуметтік төлемдер кезегінде өз алдына белгілі бір ерекешілігі болады. Еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі. Еңбеккерлерге материалдық көмек көрсетеді. Алынған табыстың құрамы негізінен еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауына байланысты болып келеді. Таңдап алынған тақырыптың маңыздылығына кез-келген мемлекеттің еңбек ақысына және өмір сүру кезеңіне байланысты болып келеді. Еңбек ақы көпшілік адамдардың негізгі табыс көзі болып есептелінеді. Сол себепті еңбек ақымен байланысты мәселелер маңызды болып есептелінеді.
Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты жауапкершілігі серіктестіктің есебін және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
• Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
• Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
• Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.
• Еңбек ақы есептеу сондай-ақ одан ұсталынатын ұсталымдар және аударылатын аударымдардың заңдылығын көріп шешу.
• Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүргізуін еңбек ақы төлеудің ұйымдастырылуының артықшылықтарын үйрену.
• Еңбек ақыны тексерудің методикасын ашып көрсету.
Зерттеудің негізгі мақсаты еңбек ақы төлеуде оның есебімен аудитін жүргізу. Зерттеудің объектісі “Контал” жауапкершілігі серіктестіктің жарғысы болып табылады. Жауакершілігі шектулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік тіркеуден 1998 жылы 12-ші мамырда өткен өзінің меншіктік капиталына ие. Сонымен қатар мүліктік есептеріне құқықтық иелігі белгіленген, жеке байланысы түзіледі.
Негізгі мақсаты табыс алу, өндірістің негізгі түрі қызымет көрсету. Сонымен қатар серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін кез-келген басқада қызымет көрсету мен шұғылдана алады. Серіктестіктің 1-ші қаңтар 2005 жылғы қаржы – шаруашылық жағдайына тоқталсақ, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтен түскен жалпы табыс 1503452 мың теңге болған сатылған өніңнң өзіндік құны 1227685 мың теңге болып,жалпы табыс 275757 тенгені құраған,салық салынғанға дейінгі табыс тенге көлемінде есептеліп 60313 мың теңге, салық салынған салық 18094 мың теңге болған, салық салынғаннан кейінгі табыс 42239, төтенше жағдайдан алынған зиян 42117 мың теңге,таза табыс 102 мың теңге Жалпы балансымен қаржы шаруашылық жағдайын талдауда анықталғанындай кооперативтің рентабілдік денгейі төмен екендігін байқаймыз. [27. 1-3 беттер]
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – барлық серіктестіктерде орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үрдістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда белгілі болып отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты — кәсіпорындағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Еңбек және еңбек ақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Еңбек және оған ақы төлеу есебінің міндеттеріне жататындар:
 еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
 бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
 шаруашылық жүргізуші субектінің әр бір жұмысшысына жалақыны уақтылы және дұрыс есептеу;
 белгіленген мерзімді еңбекақы бойынша есеп айырысу;
 жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызыметтің, өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
Еңбек және еңбек ақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. «Қазақстан Республикасы еңбек туралы» заңының 5 – ші бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті құқықтық актілермен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісім шартпен реттеледі.
Серіктестік дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және еңбекақы, сыйлықақы жүйесі белгіленеді.
Әр қызыметкердің еңбекақылық табысы кәсіпорын қызыметінің түпкілікті қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол салық пен реттеледі және ең жоғары көлеміне шектеу қойылмайды. Еңбекақы мөлшерін жұмыс берушінің өзі белгілейді және жұмыс беруші белгіленген еңбек ақы мөлшері Қазақстан Республикасы заңында белгіленген («Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңының 71 — бабы) ең аз шамадағы еңбек ақы мөлшерінен төмен болмауы керек.
«Қазақстан Республикасы еңбек туралы» Заңының 13 бабына сәйкес қызыметкерлердің еңбек ететінін растайтын құжаттарға мыналар жатады: еңбек кітапшасы (қолда болуы керек) немесе жеке еңбек келісім шарты сондай-ақ жұмысқа қабылданғаны жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі.

1-бөлім “Контал” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің нарықтық қатынастағы шаруашылық –қаржылық жағдайын талдау

1.1“Контал” жауапкершілігі серіктестігінің қаржы шаруашылық жағдайын талдау.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар , т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сон дай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Казахстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бестапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өтеді.
Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады).
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтер лік шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлерінде ЖО, ведомость, Бас кітап).
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, қаржылық шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т.б).
Төртінші кезең. Шаруашылық серіктестік қаржылық-шаруашалық қызметі талданады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнін басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:
№2 “Бухгалтер лік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету” (2 БЕС); “Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру” (3 БЕС) және “Ақша қаражатының қоғалысы туралы есеп беру” (4 БЕС) арқылы жүзеге асады. [27. 1-2 бет]
Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құралтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша); жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Серіктестіктердің шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп. тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бір інші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланс тар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуї тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтер мен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алу мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасмалдаудың, қайта сорталудың нәтижесінде …

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!