Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Ақшалардың есебі мен ішкі аудиті
Мазмұны
Кіріспе —————————————————————-
1 — тарау. Ұйымдағы бухгалтерлік есеп және аудит
жұмысының ұйымдастыруы —————————————————————-
1.1 Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі ———-
1.2 Ұйымны экономикалық саясаты ———————————-
2 — тарау. Ұйымдағы ақшалардың есебі ———————————
2.1 Ұйымдағы касса операцияларының есебін ұйымдастыру ————
2.2 Есеп айырысу шотындағы ақшалар есебі —————————
2.3 Валюталық және банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар есебі —
2.4 Аударылған жолдағы ақшалар ————————————
3 — тарау. Ақша қаражаттарының ішкі аудиті ———————-
3.1 Ұйымның ақшаларын аудиторлық тексерудің маңызы мен мақсаты ———————————————————
3.2 Ақша қаражаттарының қозғалысын ішкі бақылау ————
3.3 Ақшалардың ішкі аудиті ——————————————
3.4 Ақша қозғалысын талдау ————————————-
Қорытынды ————————————————————
Қолданылған әдебиеттер тізімі —————————————
Экономиканы нарықтық жолмен жүргізіп және өндірістің сапасын жетілдіру үшін елімізде бірқатар өзгерістердің қажет болғандығы белгілі. Біздің елімізде экономиканы нарықтық жолмен дамыту үшін көптеген реформалар жасалуда. Еліміздің нарықтық қатынастарға сапалы өтуін қамтамасыз ету үшін дамыған капиталистік елдердің және дамушы елдердің өтпелі кезенінің аспектілерінің оң және теріс жақтарын түбегейлі зерттеп, сонымен қатар нарықтық қатынастар жолымен экономикасы дамыған елдер қазіргі таңда қандай деңгейге жеткенін білу қажет болды.
Кез-келген өркениетті қоғамда нарық механизмі мен мемлекеттік реттеу іркіліксіз жұмыс істейді. Үкімет нарықтың барлық ұйымындары үшін орындауға міндетті экономикалық қатынастың айқын әрі лайықты ережелерін белгілейді. Мұның өзі қоғамға қажетті, әрі тұрақты экономикалық өсудің басты жағдайы болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау 1993-жылғы бухгалтерлік есепті енгізу мен қаржылық есеп беруді дайындаудың халықаралық тәжірибесін зерттеуден басталды. Соған сәйкес мына төмендегі үш жол сарапқа салынып таңдалынды:
— Лондондағы бухгалтерлік есептің халықаралық үлгілері жөнінде комитет (БЕХК) бекіткен бухгалтерлік есептің халықаралық үлгілерін мойындау;
— Еуропалық қауымдастық елдерінде есепті жүргізу ережелерін белгілейтін номері 4- және номері 7- директиваларды қабылдау;
— өтпелі экономиканың ұлттық заңдар жиынтығының және Бухгалтерлік есептің халықаралық комитеті бегіткен негізінде бухгалтерлік есепті жүргізудің қалыптасқан іс тәжірибесі ерекшеліктерін негізге ала отырып Бухгалтерлік есепті зерттеп және қайта өңдеп Қазақстан Республикасының ұлттық бухгалтерлік есеп үлгілерін құру.
Бұл таңдаудың қорытындысы бойынша жоғарыда аталғандардың үшінші жолы таңдалынып алынды. Халықаралық талаптарға сай бухгалтерлік есептің жаңа жүйесін әзірлеу үшін екі жарым жыл уақыт қажет болды. Ал 1995-жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті “Бухгалтерлік есеп туралы” номері 2732- заң күші бар жарлыққа қол қойды. Бұл заңға 2002-жылғы 24-маусымда толықтырулар енгізілді. Ол бухгалтерлік есеп жүйесін белгіледі және заңды тұлғалар үшін есепке алудың негізгі дәйектері мен жалпы ережелерін, ішкі бақылау мен сырттай бағалау талаптарын тағайындады. Сонымен бірге ол Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, заңды тұлғалары, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке түлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген резидент емес болып табылатын шаруашылық ұйымдарымен олардың өкілдіктері үшін де белгіленді. Тұңғыш рет егемендік алған өз елімізде осы заңға сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің дәйектері заңды түрде қабылданды. Бұл активтер мен міндеттемелердің, меншікті капиталдың, кірістермен шығындар (шығыстар) ретіндегі қаржылық есеп берудің элементтерін анықтай отырып, бухгалтерлік есептің нәтижесін пайдаланудың әдістері мен тәртібін орнықтыратын құжаттар есебінде дем берді. Бухгалтерлік есеп реформасы мақсаттарының бірі мемлекет өкілеттігін меншік иесіне міндеттемелер мен өзіндік капиталды, активтерді бағалау әдістерін пайдалануға беру болып табылады.
Ұйымның шаруашылық іс-әрекеттері барысында жабдықтаушылармен, олардан алған негізгі құралдар, шикізаттар, материалдар және басқа да товарлы материалдық құндылықтар және көрсетілген қызмет үшін, сатып алушылармен олардың сатып алған товарлары үшін, тапсырма берушілермен орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін, несие беруші мекемелермен ссуда және басқа да қаржылық операциялары үшін, бюджетпен әртүрлі шаруашылық операциялары үшін есептеседі.
Ұйымның ақшалары кассада қолма-қол ақша (түрінде) және ақша құжаттары түрінде, банк мекемелеріндегі есеп айырысу және валюталық шоттарында, сондай-ақ ашылған аккредитивтермен арнайы шоттарда, чек кітапшаларында сақталынады. Олардың кіріске алынуы мен жұмсалынуының және сақталынуының дұрыс жолға қойылғандығын есептеп, тіркеп отыру ұйымның бухгалтерия қызметкерлерінің басты мәселесі болып табылады. Шаруашылық ұйымдарының төлем қабілеттілігі, жұмысшы-қызметкерлермен еңбекақы бойынша дер кезінде есеп айырысуы, жабдықтаушы-мердігерлерге және бюджет пен бюджеттен тыс мекемелерге төленетін төлемнің уақытылы жүргізілуі ақша қаражаттары есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне байланысты. Сондықтанда қазіргі еліміздің нарықты экономикаға көшуді өзіне ұран етіп ұстаған тұсында қай шаруашылық ұйымында өз жұмысын жүргізуі барысында қаржыға, яғни ақшаға келіп кідіртектеп, ел бюджетіне немесе шетелдердің инвестициясына (қаржы салымына) қол жайып қарап отыруы қай экономистіңде жүрегін жаралап, ойландыратыны сөзсіз. Міне осы тұрғыдан алып қарағанда жоғарыдағы мәселелерді толық шешпегенмен, ол туралы ой қозғайтын, белгілі бір пікір тудыратын “Ақшалардың есебі мен ішкі аудиті” тақырыбына жазылған диплом жұмысының актуальды, күн талабына сай екедігі анық. Міне осы себептенде диплом жұмысына осы жоғарыда аталған тақырып таңдалынып алынды. Сонымен қатар бұл диплом жұмысын жазуда өндірістік іс-тәжірибеде болған “Бурда-Алатау Пресс” жабық акционерлік қоғамының материалдары пайдаланылды.
1-тарау. ҰЙЫМДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
1.1 Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі
“Бурда – Алатау – Пресс” Қазақ-Герман жабық акционерлік қоғамы 1996 жылығы 11 шілде тіркелініп, ал бұл ұйымды қайта тіркеу 1999 жылы 5-тамызда Алматы қалалық Әділет басқармасымен жүргізілді. Бұл ұйым Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келесідей қызметтер көрсетумен айналысады:
— редакциялық – баспа қызметі;
— жарнама – баспа қызметі;
— қайта – сатарлық қызмет;
Ал негізгі емес қызметтеріне:
— коммерсиялық – делдалдық қызмет;
— аударма қызметі;
— ақпараттық – делдалдық қызмет және т.б.
Жабық акционерлік қоғам “Бурда-Алатау-Пресс”-те басқарма органдарына:
— жоғарғы орган – акционерлердің жалпы жиналысы;
— қызмет көрсету органы – президент;
— бақылау органы – ревизиялық комиссия жатады.
“Бурда-Алатау-Пресс” жабық акционерлік қоғамда Астана қаласында өзінің филиалы бар. Бұл филиал 1998 жылы құрылды. Бұл филиалдың басты қызметі болып басты ұйымның функцияларын атқару болып табылады.
Жабық акционерлік қоғам “Бурда-Алатау-Пресс” 7 жыл қызмет етіп келеді, осы уақыт аралығында фирма көбінесе дилерлық қызмет атқаруда, яғни Қазақстан территориясы бойынша баспа өнімдерін таратумен айналысып келуде. Республиканың оңтүстік астанасы Алматы қаласынан баспа өнімдері Алматы облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы және Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы таратылады.
1998 жылы құрылған Астана қаласындағы филиал жабық акционерлік қоғам “Бурда-Алатау-Пресс” қазіргі таңда ең үлкен жеті облыстарды баспа өнімдерімен қамтамасыз еттіп келеді, яғни оларға Орталық, Шығыс және Батыс Қазақстан (Қарағанды, Ақмола, Петропавл, Өскемен, Павлодар, Ақтобе, Қостанай облыстары). Бүгінгі таңда Астана қаласындағы филиал фирманың 40% тауар айналымын өткізуде. Бұл бастапқы кезден 4 есе көбейгенің көруге болады.
Сурет 1
Товар айналымының географиялық бағыты
ЖАҚ «Бурда-Алатау-Пресс» 2001-2005 жж.
Ұйымның негізгі қызмет көрсету түрі баспа өнімдерін көтерме сауда арқылы сату болғандықтан, негізгі бағыты Қазақстан териториясында үлкен дилерлық сеттер ашу. Осыған байланысты Астана қаласында клиенттер аймақ бойынша 36 адамнан 2004 жылы 21 адамға 2005 жылы қысқарғаның көрдік. Сондықтан аймақтардағы ұсақ ұйымдарды біріктіруге тура келді.
Осындай оқиға Алматы қаласында да байқалды, яғни қала бойынша 2004 жылы 18 клиент болса, қазіргі таңда 2005 жылы 8 үлкен дилерлық мекемелер қалды. Оны төмендегі 2 суреттен көруге болады.
Сурет 2
Дилерлық сеть ЖАҚ «Бурда-Алатау-Пресс» 2004-2005жж
ЖАҚ “Бурда-Алатау-Прессте” 2005 жыл сәтті өтті, яғни оны 1.1 кестедегі негізгі қаржылық көрсеткіштерден көруге болады.
Кестеден көріп отырғанымыздай өнімді өткізуден түскен табыс 2004 жылы 38,9%-тен 2005 жылы 43,6% өскендігін байқауға болады. Бұл өнімнің өзіндік құның жоғарлату процесінде болып отыр. Табыс салығын салғанға дейінгі табыс кезені шығындарына өз әсерін тигізді, өйткені әкімшілік шығындар және өткізу шығындары 2005 жылы 8,2% өсті.
Орташа жұмыс істеу 2 адамға өсіргендігіне қарамастан, жұмыс өнімділігі 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 29,3% өсті.
Осы есептеген көрсеткіштер негізінде келесідей талдау жасауға болады:
— жалпы өтімділік коэффициенті 2005 жылы 1,44 болса, 2004 жылы 1,41 болған. Бұған барлық өтімділік активтердің көбейгендігін және міндеттемелердің азайғандығы өз әсерін тигізді;
— абсолюттік өтімділік коэффициентінің өсуі 2004 жылы 0,11-ден 2005 жылы 0,22-ге көбейген. Бұған ағымдағы активтердің көбейгендігі өз әсерін тигізді;
— аралық өтімділік коэффициенті 2004 жылы 1,31-ден 2005 жылы 1,65-ке көбейді, яғни жалпы өтімділік міндеттердің өскендігі ақша қаражаттарға ғана емес, сондай-ақ өткізілген товарлар негізінде де жабуға болады. Бұл коэффициентің орташа мөлшері 1 ден көп болмауы тиіс;
— жеке айналыммен қамтамасыз ету коэффициенті 2004 жылы 1,31 болса, ал 2005 жылы 1,65-ке өскендігін көруге болады. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайы жаман еместігін көрсетеді. Сондай-ақ көрсеткіш негізінен бірден көп болуы тиіс. Біздің жағдайымызда бұл орындалып отыр.
Қорыта айтқанда, “Бурда-Алатау-Пресс” жабық акционерлік қоғамының төлем қабілеттілігі және өтімділігі 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы жақсарғандығын көруге болады. Бұл көбінесе өнімді өткізумен байланысты болып отыр. Бірақ та меншікті капитал, ағымдағы активтер, дебиторлық және кредиторлық борыштар кәсіпорынның іскерлігінің төмендігін көрсетіп отыр.
1.2 Ұйымның экономикалық саясаты
Есеп саясаты есептің жүргізу жиындығын және қаржылық есептің ашылуын көрсетеді.
“Бурда-Алатау-Пресс” ЖАҚ-ның есеп саясаты осы ұйымды толық сипаттайтын, сондай-ақ бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшелігін қарастыратын негізгі және қосымша бөлімдерден тұрады. Бұлардың қатарына:
1. Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп” заңы 26-желтоқсан 1995-жылы №2732 (24.06.02.ж. өзгертулермен)
2. Қазақстандық бухгалтерлік стандарт.
3. Типтік есеп шоттары №438 18.09.2002 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бекітілген.
4. Есеп жүргізу бойынша методикалық нұсқаулар.
Бухгалтерлік есептің мақсаты болып ЖАҚ “Бурда-Алатау-Пресс” келесілер болып табылады:
— ұйым тұралы толық және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету, яғни кредиторлар, мердігерлер, сатып алушылар, салық органдары және т.б. үшін.
— нормаға және смета негізінде негізгі құралдарды, ақша қаражаттарды, материалдарды, жұмысшыларды және қаржы ресурстарын бақылау;
— негативті жағдайларды дер кезінде айту;
Ұйымның бухгалтерлік есебі жабық акционерлік қоғамда “Бурда-Алатау-Пресс” 1С-7.7. програмасымен жабдықталған. Сондай-ақ ұйымда 431, 432, 451, 441, 333, 121-125 шоттарға аналитикалық шоттар ашылған және бұл …