Дипломдық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасында лизингтің дамуы

0

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………….1-4
1 — тарау. Лизингтік қатынастардың қалыптасуының тероиялық негіздері………………………………………………………………….5
1.1. Лизинг және елімізде лизингтік қатынастардың пайда болуы …………….5-10
1.2. Лизингтік операциялардың негізгі элементтері …………………………………11-14
1.3. Лизинг түрлерінің жіктелуі және лизингтік операциялар …………………..15-22
1.4. Лизингтік келісімдердегі тәукелділіктерді ескере отырып лизингтік қатынастарды басқару мәселелер………………………22-30
2 — тарау. Қазақстан Республикасында лизингтің дамуын талдау………………………………………………………………………31
2.1. Лизингтік қатынастарының коммерциялық ортасын талдау………………..31-36
2.2. Қазақстан Республикасында лизингтік қатынастарының қазіргі жағдайы……………………………………………………………….37
2.3. Лизингтік опрацияларын жасауда тәукелдіктерді басқару ( «ТемірБанк» АҚ мысалында) …………………………………………..
3 — тарау. Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі жағдайында лизингтің даму перспективалары……………………………………….
3.1. Экономиканың қазіргі жағдайында лизингтік операцияларын жүргізуінде негізгі проблемалар …………………………………………………..
3.2. Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары…………
Қорытынды …………………………………………………………………………………..
Қосымшалар …………………………………………………………………………………

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалық сипат беру. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында «экономиканы әртараптандыруға бағытталған Индустриалды – инновациялық стратегияны іске асыру қажет» деп айқындалып берілуі бекер болмаса керек.
Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі өндіріске ғылым және техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде оған қызмет көрсететін негізгі қорлардың сапалық деңгейін жоғарылату болып табылады. Себебі, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі қорларының технологиясы қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына сай екендігіне байланысты. Сондай – ақ бізге ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің классикалық факторларының бірі өндірістік база немесе өндірістік аппарат болып саналатындығы белгілі. Сондықтан да, бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты Қазақстан Республикасының тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негізгі қорларының шамамен 50-70 % дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмаслып отырған инвестициялар көлемінің өте төменгі деңгейі отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соғады. Қазіргі кезде еліміхдің ұлттық банк жүйесінің экономика салаларының несиелік ресурстарға деген қажеттіліктерін мүмкіндіктері жылдан – жылға жоғарылағанымен, банктік несие есебінен кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін емес. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек еліміздегі кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту үшін қазіргі таңда 800 млрд. теңгеден көп мөлшерде инветициялар талап етіліп отыр. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш барлық коммерциялық банктерден бөлінген несиелер көлемінен екі есеге жуық жоғары. Осындай тығырықтан шығудың негізгі жолы, біздің ойымызша, лизингтік қатынастарды негізгі қорларды инвестициялаудың тиімді, ыңғайлы құралы ретінде дамыту болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде, лизингтік несиелеу экономиканың нақты секторына инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі бола отырып, прогрессивті технологиялар негізінде ескірген өндірістік базаны жаңартуға және өндірістік қорларды сатып алуға мүмкіндіктер беретін инвестициялық қызметтің ерекше түрі ретінде кең түрде танылуда. Лизингтің басқа қаржылық құралдармен салыстырғандағы артықшылықтарына қарамастан, экономикалық қатынастардың бұл нысаны Қазақстан Республикасында өте баяу қарқынмен дамуда және бұл мәселе біздің республикамызда әзірге кешенді зерттеулер объектісіне айнала қойған жоқ. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі лизингтік операциялардың үлесі бүгінгі таңда тек 1,9 % ғана құрап және Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі үшін лизингтік қатынастарды дамытудың өте өзекті болып табылатындығын ескерсек, сол қатынастарды дамыту жолдарын айқындау және оларды басқару тетіктерін жетілдіруді ғылыми негіздеу қажеттілігі туындайтыны түсінікті. Осы мақсатта еліміздегі лизингтік қатынастар нарығындағы төменгі іскерлік белсенділіктерді және Қазақстан экономикасы үшін лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін зерттеу объектісіне айналдыру қажет.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Лизингтік қатынастар туралы теориялық және тәжірибелік сұрақтарға М.Гордон, Т.М.Кларк, Ф.Фабоцци, Э.Рид, Р.Коттер, Э.Гилл, Р.Смит, В.Хойер және тағы басқа көптеген шетелдік авторлар терең зерттеулер жүргізген. Сонымен қатар, осы мәселеге Е.Н.Чекмарева, В.Д.Газман, В.А.Горемыкин, Е.В.Кабатова, А.Л.Смирнова, сияқты тағы басқа көптеген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің ғалымдарының еңбектері де арналған. Бірақ экономикалық жүйелердің даму деңгейлерінің әртүрлілігі лизингтік қызметтер аясындағы шет мемлекеттердің тәжірибелерін ұлттық лизингтік қызметтер нарығының қалыптасу ерекшеліктерін ескермей пайдалануға мүмкіндіктер бермейді.
Қазақстанда лизингтік қатынастарды басқаруды реттеу мен дамыту мәселелері де жан – жақты зерттеуді қажет ететіндіктен туындаған ғылыми ізденістер мен жарық көрген жұмыстар да баршылық. Солардың ішінде О.Б.Баймұратов, К.А.Сағадиев, Ә.С.Смағұлов, Л.Б.Айманова, Б.К.Баишев, А.Желдібаев, Ғ.С.Сейтқасымов, А.Омаров, Б.А.Көшенова, С.Б.Мақыш сынды және тағы басқа да отандық экономист – ғалымдардың еңбектерін еліміздегі лизингтік қатынастарды жетілдіруге мүмкіндік беретіндіктерін атап өту орынды. Дей тұрғанмен, жоғарыда аталған авторлардың еңбектерінің көпшілігі халық шаруашылығының белгілі – бір салаларындағы лизингтік қатынастарды дамыту мәселелерін зерттеуге арналғандықтан, лизингтік қатынастардың дамуының тұтастай алғандағы мәселелері көбінесе ғылыми назардан тыс қалып келеді. Сондықтан бүгінгі күні, әсіресе лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру және реттеу бойынша бірқатар сұрақтар әлі де болса терең зерттеулер жүргізуді талап етеді. Осы мәселе бойынша дипломдық тақырыбын таңдап алуға және оның мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты лизингтік қатынастардағы өзгеру үдерістерін кешенді түрде талдау негізінде оларды басқару тетіктерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:
— лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескеру;
— әлемдік тәжірибедегілизингтік қатынастардың қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін жете талдау арқылы олардың кейбір тиімді жақтарын Қазақстандық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
— лизингтік қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі нысандарының экономикалық артықшылықтары мен іске асырылу ерекшеліктерін жан – жақты зерделеу;
— лизингтік келісімдегі тәуекелділіктерді ескере отырып, лизингтік қатынастарды басқару мәселелерін зерттеу;
— Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні ретінде Қзақстан Республикасы экономикасының әртүрлі салаларындағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдары анықталады.

1 — тарау. Лизингтік қатынастардың қалыптасуының тероиялық негіздері
1.1. Лизинг және елімізде лизингтік қатынастардың пайда болуы
Қазіргі кезде коммерциялық банктер қызметтері саласында лизингтік операциялар пайда бола бастады.
Лизингтік операциялар ежелден белгілі. Тарих көрсеткендей, олардың дамуы б.д.д. 2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда лизинг XX ғасырдың 60 — жылдыры АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және т.б. дамыған индустриалды елдерде пайда болып, кейін Шығыс Еуропаның көптеген елдерінде өз дамуын жалғастырды.
Басында АҚШ-та лизингтің кең тараған объектісі қоршаған ортаны қорғауға арналған мамандандырылған құрал-жабдық болды. Лизингтік қатынастардың ерекшклігі құрал-жабдықты жалға алу және мерзімі ұзартылып сатып алу арасында нақты шектеудің жоқтығы, оны пайдаланудағы төмен проценттік төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала белгіленген бағамен сатып алу мүмкіндігі (көп жағдайларда лизинг мерзімі аяқталысымен) болып табылады. Қазіргі уақытта АҚШ-та лизинг жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың техникалық қайта жарақтануының және құрылып жатқандардың жабдықталуының нақты құралдарының біріне айналды (құрал-жабдыққа жұмсалатын қаражаттардың 20 пайызы лизинг есебінен өтеледі).
ХХ ғасырдың 60 — жылдары ұзақ мерзімді жалдың лизингтік мәмілелері әлемнің көптеген индустриалды дамыған, ең алдымен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен дами бастады. Алғашында бұл елдерде өнеркәсіптік кәсіпорындардың лизинг көмегімен құрал – жабдықты сатып алудағы қаржыландыру үлесі АҚШ-пен салыстырғанда төмен болды. Бірақ қазіргі кезде Ұлыбританияда өндірістік құрал – жабдықтарды жалға беру салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қамтамасыз етудің негізгі формасы болып табылады (өнеркәсіпте қолданылатын құрал-жабдықтың жалпы көлеміндегі жалға алатын құрал-жабдықтың үлесі 60%-ға жетті). Францияда соңғы жылдары лизингтің экспанциясы байқалуда. Батыс Еуропа елдеріндегі лизингтік операциялардың өсуі оның өндіріс пен өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру, салықтарды төлеудегі жеңілдік мүмкіндіктерімен байланысты. Сонымен қатар лизинг құрал-жабдықты жалға беруші фирмалар үшін де, жалға алушы фирмалар үшін де, әсіресе ол өндірістің техникалық дамуының жалғыз мүмкіндігі болып табылатын орташа және шағын кәсіпорындар үшін аса тиімді болып табылады. Лизинг уақыты қолданылатын еңбек құралдарының қызмет атқару мерзімінің 40-90 пайызын құрайды және иемдену сипатында болмайды. Жапонияда жыл сайынғы лизингтік операциялардың өсу көлемі 30 пайызды құрайды.
Лизиег ағылшын тілінен аударғанда “жалға беру”деген мағынаға ие. Экономикалық категория ретінде лизинг машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік сипаттағы құрылғылардың ұзақ мерзімге жалға берілу негізіндегі қатынастарды білдіреді. Лизинг қажетті құрал-жабдықты көп ақшалай қаражат шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге жаға алуға мүмкіндік береді. Машиналарды, құрал-жабдықтарды, ЭЕМ-ді жалға алу өндіріс құралдарының моральдық тозуымен байланысты жоғалтуларды болдырмайды.
Лизингтік компания құрал-жабдықты сатып алып, жалға алушы фирмаға 5-8 жыл мерзімге жалға береді. Ал ол өз кезегінде мүлікті қолдана отырып біртіндеп қарызын өтейді.
Лизингтік қызметтер стратегиялық меңызды салалардың тез дамуына жағдай жасай отырып, экономиканың өндірістік секторын нығайтады. Сонымен қатар, лизинг несиелендірудің баламалы формуласы ретінде банктер мен лизингтік компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді, несие процентінің төмендеуіне әсер етеді, ал бұлардың өзі өндірістік салаға капитал ағымын ынталандырады.
Дәстүрлі жалға алумен салыстырғанда лизингтік операциялардың ерекшекліктері қандай? Біріншіден, мәміле нысанын лизинг беруші емес, өз есебінен құрал-жабдықты иеленетін лизинг алушы таңдайды. Екіншіден, лизнг мерзімі құрал-жабдықтың физикалық тозу мерзімінен (1-20 жылға ) аз және салықтық амортизация мерзіміне (3-7 жыл) жақын. Үшіншіден, келісім- шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін клиент жеңілдетілген ставкамен жал мерзімін ұзарта немесе қалдық құнымен сатып ала алады. Төртіншіден, әдетте лизинг беруші қаржылық мекеме – лизингтік компания болып табылады.
Жалдық төлемдер ай сайын, әр тоқсан немесе жарты жыл сайын жүзеге асырылады. Жал төлемінің ставкасы әдеттегі коммерциялық қызметтер жағдайындағы сатып алу бағасының жоғары және жабдықтың сипаты мен келісім – шарт мерзіміне байланысты белгіленеді.
Қазақстанда лизингтің дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше шикізат ресурстарының әлемдік бағаларына тәуекелді және бұл тәуекелділік көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді болашақта сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлем 3 млрд.. АҚШ долларынан асатын ұлттық қор қалыптастырылды.
“Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз қажет ”, — деп атап көрсетілген Президенттің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында.[1;15]
Қазақстан экономикасын шикізат ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан қорғаудың тағы да бір тетігі отандық өндірістің дамуы болып табылады. Бұл жағдайда елдегі құрал – жабдықтардың 80 пайызы тозғанын, алдағы бірнеше жылда оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн. Осы мәселені шешудің бір жолы жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы – экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.
Жалпы, лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарға өз қызметтерін жетілдіруге мүмкіндік береді және орта бизнестің дамуына көмектеседі.
Біздің еліміздегі несиелеудің лизингтік нысанының дамуында екі кезеңді атауға болады. Бастапқы кезеңде материалдық құндылықтарды жалға берумен мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар айналысты. Мұндай операциялардың барлығы да өндірістік кәсіпорынның мүлкін жалға беру қызметін атқарумен байланысты болып келеді.
Еліміздің арнайы маманданған лизингтік ұйымдардың пайда болуы – немесе жалға берудің екінші кезеңі. Лизингтік фирмалар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде, Жапонияда, Австралияда, Жаңа Зеландияда кеңінен тараған. Лизингтік компаниялардың қызметтері ұлттық деңгейде шектеліп қоймай, халықаралық сипатқа ие болуда.
Лизинг – бұл машина,құрал-жабдық, автакөлік құралдарын, құрылыс және ауыл шаруашылық техникаларын, түрлі өндірістік ғимараттарды және интелектуалдық меншік құқықтарын (компъютерлік бағдарлама, ноу-хау т.б.) орта және ұзақ мерзімге жалға беру болып табылады. Лизинг өндірістік процеске қатысушыларға несиелік – қаржылық қызмет көрсету құралдарының бірі. Лизингтік қызмет көрсетудің басты ерекшелігінің өзі сонда, жалға алу үшін жабдықтарды табу және қаржыландыру мәселесі қолданылатын құралдардың есебінен бір мезгілде шешіліп отырады.
Әлемдік тәжірибеде “лизинг” өндіріске қатысушылардың қаржылық – несиелік қызмет көрсету құралдарының бірі болып келеді.
Аренда келісімі жасалатын мерзімге байланысты арендалық операциялардың үш түрін ажыратады:
-қысқа мерзімді аренда (рентинг)-1күннен 1жылға дейін
-орта мерзімді аренда (хайринг)-1 жылдан 3 жылға дейін
-ұзақ мерзімді аренда (лизинг)-3 жылдан 20 жылға дейін
Лизинг — әдетте ұзақ уақыт пайдалануға болатын тұтыну тауарларымен және жылжымайтын мүлікті жабдықтау үшін бөлінетін қаржының түрі. Мүлікке иелік ету құқымен қатар, келісілген шарт бойынша белгілі бір уақытта үшінші біреуге жалға береді. Лизингтік қызмет көрсетудің басты ерекшелігінің өзі, арендатор үшін жабдықтарды табу және қаржыландыру мәселесі қолдану құралдарының есебінен бір мезгілде шешіліп отырады. Сонымен қатар, жабдықтардың бір мезгілде өткізілетін бұл түрі жабдықтаушы үшін де өте тиімді.
Сатып алу – сату келісімінен ерекше, лизингте аренда мүлкін иелену құқына аренда беруші ие болады, ал лизингте алушы тек уақытша пайдалану құқына ие болады.Лизингтік келісім мерзімі аяқталған соң лизинг алушы келісілген баға бойынша келісім объектісін сатып алуына болады, лизингтік келісімді ұзартуына болады немесе келісім шарт мерзімі біткен соң қайтарып беруіне болады.
Өзінің заңды нысаны бойынша лизингтік келісім инвестициялық құндылықтарын ұзақ мерзімді арендасының түрі болып табылады.
80-жылдардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебінен, несиелік қаржыландыру элементтері бойынша есеп айырусылар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылды . Лизингтік операция бүгінгі күні Қазақстандық экономикаға өте қажеттік банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.
Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласын ұсынады. Лизингті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тынысы болуы мүмкін.
Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.
1998 жылы Оттавада қабылданған халықаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: ”Халықаралық тәжірибеде лизинг үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықтың сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін.”
Әр түрлі белгілеріне қарай лизингтік операцияларды келесі тәртіппен топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып бөлінеді:
— тура лизинг – бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім);
— жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг ) – бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінде елімізде құқықтық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбейгелі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің нарықтық эканомикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі — “лизинг” терминінің кең орын алуы.
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң: икемің және ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт, фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне төзе алмай , өмір сүруден қалып, тоз-тоз болып кетті. Яғни, белшесінен борышқа батып, банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда , олардың құрал-саймандары, яғни техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз.
Өз қызметін қалыпты жүзеге асырғысы келетін кәсіпорындар өздерін қандай да болсын мүлікпен қамтамасыз ету үшін оларға екі мүмкіндік беріледі:
1. Сатып алу (өз қаражаттары есбінен):
2. Жалға алу.
Қазіргі кезде кәсіпорындардың көпшілігі сатып алуға қаражаты жетіспеушілігінен жалға алуға келіп жүгінері сөзсіз. Мұндай жағдайда туындайтын бір мәселе, осы қажетті мүлкі бар және оны ұзақ мерзімге жалға беруге дайын кәсіпорынды табу. Әрине, бұл мәселені шешу қиынға түседі, себебі мүлікпен иемденетін кәсіпорындар оны жалға беруге емес, көбінесе сатуға тырысады. Мұндай қиындықтан шығу жолдарының бірі – мүлікті үшінші тұлғаның мүддесі үшін сатып алатын және оны жалға беретін адамды табу.
Осыған сәйкес, лизингтік қатынастардың міндеті өзінің клиентіне қажетті мүлікті сатып алып, келісілген мерзімге тиісті ақыға жалға беру болып табылады.
Қазігі кезде лизинг дегеніміз кәсіпкерлік қызмет деген әр түрлі ойлар бар. Мысалы, Ресей ғалымы В.А. Горемыкин лизингті банкілік немесе коммерциялық қызметтерге қарағанда кәсіпкерлік қызметтің жоғарғы деңгейіне жатқызады, өйткені ол қаржылық бизнесте, өндірісте және құрал-жабдықпен мүлік нарқында кең көлемді білімді қажет ететінін айтады.
Лизинг — әлем экономикасында шапшаң дамып келе жатқан қызметтер шеңберіндегі коммерциялық, кәсіпкерлік қызметтің салыстырмалы жүйеде жаңа түрі деп атауға болады.
Көптеген ғалымдардың ойы бойынша қазіргі мағынадағы лизинг 1952 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында ең бірінші Лизинг компаниясының ашылуымен тұспа-тұс келеді.
Босх мырза Калифорния штатындағы азық-түлік өндірісімен айналысатын кішігірім фирманың басшысы-тұғын. Әскери ведомстваның үлкен тапсырмасын орындау үшін оған автокөлік паркін ұлғайту кепек болады. Бұл фирманың капиталы шағын болғандықтан бұл мақсатта қолдану үшін қаржы көздері жоқ еді. Сонда Босх кепекті машиналарды арендалауды жөн көрді, сонымен оларды алу процесін қаржыландырады. Мұндай операцияның өте тиімді екенін байқап және кейбір фирмалар оның жасаған операциясын қайталағысы келетінін естіп, Босх 20 мың доллар капиталы бар лизинг фирмасын құрды. Екі жылдан кейін бұл фирма құны үш миллион доллардан асатын машиналар мен құрал-жабдықтарды жалға беріп отырды. Осыдан кейін Босх мырза 400 мың доллары бар екінші бір лизинг фирмасын ашады.
Қазақстан мен Ресейде, сонымен қатар ТМД елдерінде лизинг өзінің дамуын 1989 жылдан бастады деп айтуға болады. Шетел елдегі лизингтік ұйымдық нысандарының ішінен мұнда әзірше тек қана қаржылық лизинг компаниялары және лизинг операцияларымен айналысатын коммерциялық банктер дамып отыр……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!