Димаш Құдайберген ерекше дауысымен тағы да әлемді тамсандарды (фото, видео)

«Әлем аруы-2018» байқауында Димаш Құдайберген де өнер көрсетіп, әнші кезекті рет әлем жұртшылығын тамсандырды деп хабарлайды nur.kz.

Қытайдың Хайнань аралында өткен байқауда Димаш «Ұмытылмас күн» әнін орындаған.
Байқуадың ресми парақшасында хабарланғандай талантты қазақ баласы өзінің ерекше дауысымен көрермендерді тағы да таңғалдырған.
Айта кетесек, билығы «Әлем аруы-2018» байқауын 200 елден миллиардтан аса адам тікелей эфирде тамашалайды деп күтілген болатын. Олай болса Димаштың тыңдарманы еселене түстік десек болады.
Еске сала кетейік, 68-ші рет өткізіліп жатқан сұлулық байқауының тәжі биыл 26 жастағы мексикалық бойжеткен Ванесса Понсе де Леонға бұйырды.