Денсаулыққа өте пайдалы спорт түрлері

0

Спорт – салауатты өмір салтының негізгі бөлігі. Физикалық белсенділік денсаулыққа ғана емес, адамның психологиялық жағдайына да әсер етеді екен. 

1. Теннис.
Зерттеулерге сәйкес, ол ағзаға ең үлкен пайда әкелетін спорттың түрі. Бұл ойын кезінде өкпе және бұлшықеттер үнемі жұмыс істеп отырады. 
2. Велосипед спорты.
Велоспорт – аяқ бұлшық еттері, жүрек және өкпені күшейтетін спорттың түрі. Велосипедпен жүргенде, біздің өкпеміз толық күшпен жұмыс жасайды. Нәтижесінде оттегі қанға барып, ары қарай миға жеткізіледі. 
3. Жүзу.
Жүзу барысында иық және жамбас буындары күшейеді. 10 минут ішінде, 60 калорий «жанып» кетеді. Өйткені, жүзу кезінде көп күш жұмсалады. 
4. Аэробика.
Оның ішіне – жүгіру, би және гимнастика кіреді. Аэробика жүрек-тамыр ауруының болу мүмкіндігін төмендетеді.

reactor.inform.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз